Flipped Learning негізінде компьютерлік графиканы оқыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 18 мая, печатный экземпляр отправим 22 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №19 (414) май 2022 г.

Дата публикации: 11.05.2022

Статья просмотрена: 59 раз

Библиографическое описание:

Хаймулданов, Е. С. Flipped Learning негізінде компьютерлік графиканы оқыту / Е. С. Хаймулданов, Ж. А. Динмухамедов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 19 (414). — С. 550-553. — URL: https://moluch.ru/archive/414/91291/ (дата обращения: 04.05.2024).



Flipped Learning негізінде компьютерлік графиканы оқыту

Хаймулданов Ерлан Сеилханович, Ph. D.

Динмухамедов Жандос Аймухамедович, магистрант

І. Жансугуров атындағы Жетісу университеті(Талдықорған қ.)

Қазіргі таңда оқыту үрдісінде қолданылып жүрген аралас оқытудың бір түрі ол — төңкерілген оқыту (Flipped Learning) әдісі. Онда обілім алушы оқыту үрдісінде іске асырылатын жаңа сабақтың мазмұнын заманауи гаджеттердің көмегімен Интернет арқылы немесе оқытушы жіберген(жергілікті) құжаттардың көмегімен меңгере алу мүмкіндігіне ие бола алады. Бұл мақалада информатикада кәсіби компьютерлік графика тақырыптарын меңгеру үшін, төңкерілген оқыту әдісі қолданылады және зерттеу жұмысы барысында оның дәстүрлі оқыту жүйесі көмегімен оқыту нәтижелері салыстырылады.

Түйін сөздер: төңкерілген оқыту әдісі, дәстүрлі оқыту, әдіс, компьютерлік графика, оқыту.

Одним из видов комбинированного обучения, используемым в настоящее время в учебном процессе, является метод перевернутого обучения (Flipped Learning). С помощью метода перевернутого обучения учащийся смогут освоить содержание нового урока в процессе обучения через Интернет используя современные гаджеты или (локальных) документов, присланных учителем. В данной статье для освоения тем профессиональной компьютерной графики в информатике используется метод перевернутого обучения, а также в ходе исследования результаты обучения сравниваются с традиционной системой обучения.

Ключевые слова: метод перевернутого обучения, традиционное обучение, компьютерная графика, обучение.

Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты әлемдік білім түбегейлі және динамикалық өзгерістерге ұшырауда. Сонымен қатар, бірнеше жылдан бері білім беру үрдісінің тұрақты даму үшін білім берудің инновациялық формасына көшу процесі жүріп жатыр. Ал, білім беруде үлкен жетістіктерге әкеліп жатқан заманауи әдіс-тәсілдердің бірі — Flipped Learning(«төңкерілген оқыту»). Flipped Learning(«төңкерілген оқыту»)- бұл тікелей оқыту топтық оқыту кеңістігінен жеке оқыту кеңістігіне ауысатын және топтық кеңістік динамикалық интерактивті оқыту ортасына айналатын педагогикалық тәсіл [1]. Төкерілген оқыту алғаш рет 2007 жылы Колорадо штатындағы екі ауыл химия пәнінің қолданылуымен пайда болды. Олардың пікірінше, кейбір жағдайларға(олимпиада, жарыс, спорттық жарыс) байланысты білім алушылар сабаққа уақтылы қатыса алмайтын жағдайлары болады. Сол кезде өтілген материалды білім алушы меңгеруден тыс қалмау үшін, барлық сабақ барыстарын бейне жазбалар түрінде сақтап, YouTube платформасына орналастырған. Демек, білім алушы кез-келген уақытта, кез-келген жерде осы бейне жазбаларды көре отырып, өтілген материалды меңгере алу мүмкіндігіне ие болған.

Төңкерілген оқытуды білім берудің кез келген жүйесіне оңай ендіруге болады. Сол сияқты бұл мақалада кәсіби компьютерлік графика, атап айтқанда градиентті логотип құру тақырыбын оқыту ретінде қолданылу мүмкіндіктері көрсетіледі. Демек, мақаланың мақсаты- кәсіби компьютерлік графиканы оқыту барысында Flipped Learning әдісін қолдану және нәтижесін талдау.

Төңкерілген оқыту жүйесін онлайн аралас және қашықтықтан оқытумен салыстырылады, бірақ айқын айырмашылықтар бар. Мысалы, онлайн оқыту тек қашықтан жүреді, ал мұғалім мен оқушы ешқашан бетпе-бет кездеспейді. Төңкерілген оқыту жүйесінің икемді оқу ортасы, оқыту мәдениеті, мақсатты мазмұн және кәсіби оқытушы сияқты төрт тірегі бар деп тұжырымдалады(Сурет 1).

Сурет 1. Төңкерілген оқыту жүйесінің тіректері

Осы аталған төрт тірек толыққанды орындалу барысында «төңкерілген сынып» өз мақсатына жетеді. Оқыту процесінде пайда болған жаңа «төңкерілген сынып» түсінігі білім алушылардың гаджеттердің көмегімен бейне сабақтарды тыңдауы және көруі, сондай-ақ қосымша ақпарат көздерін меңгеру үшін оқу процесін жүзеге асыру технологиясы ретінде берілген. Бұл оқылған материалды «бекітуге» және алған білімдерін практикада қолдануды үйренуге мүмкіндік береді. Төңкерілген оқыту әдісінің тиімділігін қарастыру мақсатында білім алушыларға тәжірибелік жұмыс жүргізілді. Төңкерілген оқыту әдісі ерекше құрылымға ие. Онда жаңа материал бейне дәріс көмегімен үйде меңгеріледі.

Тақырыбы: градиентті логотип құру.

Ең алдымен, жаңа сабақты өтуге бірнеше күн қалғанда оқытушы бейне ақпаратты топтық барлық қатысушыларына жіберіледі. Бейне дәрістік ұзықтығы- 3–10 минутты құрайды. Одан кейін, білім алушылар бейнені қарай отырып, жаңа ақпаратты алдын ала меңгеру мүмкіндігіне ие болып дайын келеді.

Сурет 2. Градиентті логотип құру

2 Білімді белсендіру. Сіздер бейне дәріс көмегімен жаңа материалды өз беттерінше орындадыңыздар. Енді сабақта осы тақырыпқа байланысты практикалық жұмыстар жасаймыз. Ол үшін ең алдымен сіздердің білімдеріңізді тексерейік. Студенттер смартфондардың көмегімен Kahoot платформасында тест тапсырмаларын орындайды. Одан кейін оқытушы тест тапсырмалары бойынша қорытынды талдау жасайды. Студенттердің қаншалықты сапалы түрде жаңа материалды қарастырғаны туралы ақпарат граф түрінде беріледі.

3 Қарастырылған материалды бекіту. Топтық жұмыс.

Мақсаты: топтың жалпы белсенділігін қалыптастыру, ақпараттарды жүйелендіру.

Бұл деңгейде студенттер топпен немесе жұппен жұмыс істейді. Экранда болашақ жоғарғы оқу орындарының қауымдастығының логотипі берілген. Сіздерге берілетін тапсырма осындай типте градиентті логотип құру.

Бақылау. Мақсаты: білім алушылардың білім, дағдылары тексеріледі. Ол үшін жасалған жұмысты деңгей бойынша қорғау ұсыналыды. Соның негізінде студенттің жаңа материалды қаншалықты меңгергенін анықтауға болады.

Рефлексия. Мақсаты: сабақтың өту әдісін және материалды қаншалықты игергендігін бағалау.

Аударылған сынып оқыту әдісінің мәні білім алушыларды өз бетінше іс-әрекетке ынталандырады. Аударылған сынып моделін қолдану оқытушыға мемлекеттік білім берудің заманауи талаптарына сәйкес оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді және оқу орны аясында жемісті білім беру кеңістігі үшін жағдай жасайды. Ол үшін білім алушылардан тест сұрақтары алынды. Тест сұрақтарына барлығы 30 респондент қатысты(Кесте 1).

Кесте 1

Тест нәтижелері

Топ

Білім алушы саны

Тест нәтижесі(% мөлшерімен)

1

Эксперименттік топ (төңкерілген оқыту)

30

69,7

2

Бақылау тобы (дәстүрлі оқыту)

30

59,8

Тест нәтижелерінен көріп отырғанымыздай, «төңкерілген сынып» дәстүрлі сыныпқа қарағанда жоғары нәтиже бергендігін аңғара аламыз. Сондықтан оның мынадай артықшылықтарын атап өте аламыз: оқытушылар жаңа тақырыпты меңгеру үшін аз уақыт жұмсайды; Білім алушылар білімдерін өз беттерінше дамытады; Оқытушылар әрбір білім алушымен жеке жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

Дәстүрлі оқыту әдісі мен «төңкерілген оқыту» әдісі барысында ең бірінші артықшылық ол оқытушы сабақ барысында уақытты үнемді пайдалана алуы, себебі білім алушы жаңа тақырыпты өз бетінше үйде бейнежазба арқылы қарастырады, ал сыныпта оны оқытушымен талқылайды және бекіту мақсатында практикалық жұмыстар жасайды(Кесте 2).

Кесте 2

Дәстүрлі оқыту әдісі мен «төңкерілген оқыту» әдісін қолданудағы уақыт мүмкіндіктері

Сабақ барысы

Дәстүрлі оқыту

«Төңкерілген оқыту»

Сабақты ұйымдастыру

5 мин

5 мин

Үй тапсырмасы

10 мин

10 мин

Жаңа сабақ

10 мин

-

Практикалық/ өз бетінше жұмыс

20 минут

30 минут

Рефлексия

5 мин

5 мин

Кестеден көріп отырғандарыңыздай, «төңкерілген оқыту» барысында білім алушының өз бетінше жұмыс істеуіне 1,5 есе(30 минут) уақыт бөлінетіндігін аңғаруға болады. Ол сәйкесінше берілген материалды жетік меңгеруге мүмкіндік береді.

Бұл мақалада «төңкерілген оқыту» әдісінің артықшылықтары оқыту барысында қолдану тиімділігі көрсетіледі, себебі кәсіби компьютерлік графиканы меңгеру барысында практикалық жұмыстарды көбірек жасау қажеттілі туындайды. Зерттеу нәтижесінде көріп отырғандарыңыздай, төңкерілген оқыту оқыту үрдісінде оң нәтижелер беретіндігін аңғаруға болады.

Әдебиеттер:

  1. Штерензон В. А., Худякова С. А. Применение технологии Flipped Classroom в информационно-математической подготовке специалистов и бакалавров пожарной и техносферной безопасности // Вестн. Волжск. ун-та им. В. Н. Татищева. 2015. № 4(19). С. 189–196.
  2. Chua S. M. J., Lateef F. The flipped classroom: viewpoints in Asian Universities // Education in Medicine Journal, Malaysia. 2014. No. 6 (4). P. 20–26
  3. N. Hamdan, P. McKnight, Ph.D. A review of flipped learning// George Mason University.-2013-p.17
Основные термины (генерируются автоматически): перевернутое обучение, мина, тест.


Ключевые слова

оқыту, әдіс, төңкерілген оқыту әдісі, дәстүрлі оқыту, компьютерлік графика

Похожие статьи

Методика «перевернутого обучения» в условиях современной...

Перевернутое обучение (flipped learning) является модифицированным видом смешанного обучения, стремящимся видоизменить устоявшийся план обучения и роль внеклассной работы и работы на уроке. Форма перевернутого обучения считается инновационным методом...

«Перевернутый» класс — инновационная модель обучения.

«Перевернутый класс» это инновационный сценарий обучения. Его отличие от традиционных методов, заключается в том, что теоретический

Перед уроком учащиеся смотрят дома видео-лекции (как правило, длительностью от 5 до 15 мин), к которым может прилагаться небольшое...

Ключевые слова: перевернутый класс, активное обучение...

Перевернутый класс является педагогической моделью, в которой типичные лекционные и домашние элементы курса перевёрнуты наоборот. Понятие перевернутого класса опирается на такие понятия, как активное обучение, мотивирование студентов, гибридная конструкция, и...

Влияние применения технологии перевернутого обучения на...

Перевернутая модель обучения в классе — это относительно новая стратегия преподавания, направленная н повышение вовлеченности и успеваемости учащихся путем переноса лекции за пределы класса с помощью технология и перемещение домашних заданий и упражнений с...

Эффективные приёмы изучения биографий писателей на примере...

Когда человек переворачивает страницу, он видит следующую, но не может видеть предыдущую, поэтому целостность восприятия уже нарушается, нейронные связи формируются с трудом, и процесс запоминания не такой эффективный как хотелось бы.

Похожие статьи

Методика «перевернутого обучения» в условиях современной...

Перевернутое обучение (flipped learning) является модифицированным видом смешанного обучения, стремящимся видоизменить устоявшийся план обучения и роль внеклассной работы и работы на уроке. Форма перевернутого обучения считается инновационным методом...

«Перевернутый» класс — инновационная модель обучения.

«Перевернутый класс» это инновационный сценарий обучения. Его отличие от традиционных методов, заключается в том, что теоретический

Перед уроком учащиеся смотрят дома видео-лекции (как правило, длительностью от 5 до 15 мин), к которым может прилагаться небольшое...

Ключевые слова: перевернутый класс, активное обучение...

Перевернутый класс является педагогической моделью, в которой типичные лекционные и домашние элементы курса перевёрнуты наоборот. Понятие перевернутого класса опирается на такие понятия, как активное обучение, мотивирование студентов, гибридная конструкция, и...

Влияние применения технологии перевернутого обучения на...

Перевернутая модель обучения в классе — это относительно новая стратегия преподавания, направленная н повышение вовлеченности и успеваемости учащихся путем переноса лекции за пределы класса с помощью технология и перемещение домашних заданий и упражнений с...

Эффективные приёмы изучения биографий писателей на примере...

Когда человек переворачивает страницу, он видит следующую, но не может видеть предыдущую, поэтому целостность восприятия уже нарушается, нейронные связи формируются с трудом, и процесс запоминания не такой эффективный как хотелось бы.

Задать вопрос