ҚӘҚ сабақтарында жоба әдісін пайдалану 11 сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамытуға қалай әсер етеді? | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тулебаева, Б. Т. ҚӘҚ сабақтарында жоба әдісін пайдалану 11 сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамытуға қалай әсер етеді? / Б. Т. Тулебаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 18.1 (152.1). — С. 63-65. — URL: https://moluch.ru/archive/152/43297/ (дата обращения: 29.04.2024).



Мұғалімдерде тәжірибе барысында туындайтын, жауап алуды қалайтын бірқатар өзекті сұрақтары болатыны сөзсіз, алайда сұрақтардың арасынан күнделікті жұмыста аса маңызды және қызықты болып табылатын бір мәселені анықтап алу маңызды. Бұл іс- әрекеттегі зерттеудің бірінші кезеңі болып табылады.Осы бағытта пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық ұстанымдарға сәйкес мақсаттарды жүзеге асыру қажет.

Назарбаев Зияткерлік мектептері алған білімдерін практикада қолдануға ынталы,қызығушылығы жоғары,сенімді,жауапты,ой-өрісі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады [1,7 б.]. Осы мақсаттарға жетуге қажетті дағдыларды дамыту үшін ынталандырушы және қолдаушы ортаны құру керек.

Пән бағдарламасын игеру барысында оқушы қазіргі әлемдегі Қазақстанның даму идеологиясы мен ұлттық мүдделерді жүзеге асыру мақсатында саяси,экономикалық,әлеуметтік,өркениеттік ұстанымдарын түсінеді, елді өркендету жөніндегі өзіндік азаматтық позициясын қалыптастырады [1, 3 б.]. Оқушылардың бойында тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту мақсатында тілдік құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді. Осы мақсатқа жету үшін мектепте үш тілде білім беру саясаты жүзеге асырылады, қазақ,орыс,ағылшын тілдерін пәнді оқыту үшін қолданады.

Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәнін оқытудың басты ерекшеліктерінің бірі — пән арқылы екінші тілдің құзыреттілігін қазақ тілін дамыту. Сонымен бірге курстық жұмысты мемлекеттік тілде қорғау, академиялық тілді қажет етеді.Осы қажеттіліктен зерттеу сұрағы туындады: ҚӘҚ сабақтарында жоба әдісін пайдалану 11 сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамытуға қалай әсер етеді?

Келесі кезеңде зерттеуді әзірлеу, дерек жинау үшін пән мұғалімдерімен, мектеп психологтарымен бірлесіп оқушылармен сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамалар қорытындылары талданып, тақырып таңдауға негіз болды.Мектеп психологтарының көмегімен Гарднердің көптеген интеллект теориясының тесті бойынша сынып оқушылардың: 11 %-спорттық, 11 %-музыкалық, 88 %-тұлғалық нәтиже көрсетті. Сондықтан қазақ әдебиеті, география пәндеріне сабаққа қатысып, жеке оқушылардың мүмкіндіктері бақыланды. Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәнінің мұғалімдері бірігіп осы проблеманы шешу жолдарын іздедік. Осы ізденудің нәтижесінде зерттеу жұмысын жүргіздік. Әріптестерімнің сабақтарына қатысу барысында да 11 орыс сыныптарында осы пәнде қазақ тілінде өз ойларын емін-еркін жеткізуге қиналатынын байқадым. Әсіресе осы мәселеге немқұрай қарай алмағандықтан жоба жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту көзделді. Оқыту барысында білім алушының жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеуге бейімділігін қалыптастыратын, жинақтаған мәліметтерін жүйелеп, тұжырымдар жасап, шешім қабылдай алатындай деңгейге жеткізетін әдістердің бірі — «жобалық әдіс» деуге болады.

Зерттеудің мақсаты:

1. Сынып оқушыларының жоба әдісі арқылы зерттеушілік дағдыларын дамыту;

2. Ынталандыру;

3. Жобалауға байланысты өз бетінше топтық немесе жеке жұмыстар жүргізуі;

4. Қабылеттерді (танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық) дамыту.

Зерттеу барысында:

1. Зерттеу сұрағы анықталды. Фокус топ;

2. Сауалнама жүргізілді(басында,соңында);

3. Зерттеу жоспары құрылды;

4. Әдебиеттер мен танысып,талданды;

5. Сабақ жоспары құрылды;

6. Әдістер анықталды;

7. Сындарлы достар мен кеңес ұйымдастырылды;

8. Оқушылармен жеке даму кестесі құрылды;

9. Курстық жұмысқа дайындық,жазу,қорғау ұйымдастырылды.

Күтілетін нәтіжелер:

11 орыс сынып оқушылары ҚӘҚ пәнінен зерттеушілік дағдыларын дамыту арқылы курстық-жоба жұмыстарын еркін жазып, қорғай алады.

Зерттеу барысында әдебиеттер көздеріне шолу жасаудағы мақсатым:

1. Қызығушылық танытып отырған сала туралы белгілі басты идеяларды айқындау;

2. Қазіргі бар әдебиетті іздестіру барысында қаралып отырған мәселе мен басқа пәндік салалардың арасындағы өзара байланысты анықтау. Осылайша, тақырып бойынша білімімді тереңдете түсу, зерттеу,анықтау;

3. Жұмысқа кірісіп, осы саланы зерттеумен айналысып отырған басқа да адамдардың әдістерін зерделеп, олардың ортақ білімге қосқан үлестерімен танысу. Нәтижесінде әрбір зерттеуші тақырыпты қалай зерделегені туралы түсінік алдым.

ХХ ғасырдың басында американдық философ Джон Дьюи педагогикада жобалау әдісін қолданған болатын. Дьюи пікірінше, тәжірибелік дағдылар арқылы адамзат, қоршаған ортамен «диалектикалық қатынасқа» түсіп, ол арқылы мәселенің шешу жолдарын тауып, белгілі бір идеяларына қанығады [2, 143 б.].

Карл Фрей өзінің «Жобалық әдіс» атты еңбегінде, оқытушылар және оқушылар жобаларды жасау арқылы бірлесе отырып жетістіктерге жететін дәйектеген. Ол жобалау әдісінің 17 ерекшелігін айрықшалайды [3, 35 б.].

Зерттеліп отырған әдіске қатысты ғылыми ізденістер уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғырып, толығып, дамып келеді. Жобалау әдісі арқылы оқыту технологиясының қыр-сырымен айналысып жүрген Ресейлік зерттеушілер қатарынан И. А. Зимняя, Е. С. Полат, Бухаркина М. Ю., Моисеева М. В., Петров А. Е., Конышева А. В. және басқаларына атап өтуге болады.

Жобалау әдісі – бұл педагогикалық үдерістің құрылымдық-ұйымдық түрі, ол арқылы оқытудың тұлғалық-бағыттағы әдісі жүзеге асырылады [4, 62 б.].

Е. С. Полат жобалау әдісін, танымдық қызметті белсендірудің дидактикалық құралын білдіретін ізденістік, мәселелік әдістердің жиынтығы ретінде қарастырады. Ғалым, жобалау әдісіне қойылатын талаптарды былайша жіктеп көрсетеді:

- зерттеу, шығармашылық түрдегі маңызды мәселенің болуы;

- болжамды нәтижелердің тәжірибелік, теориялық маңызы;

- оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы өзіндік іс -әрекеттері;

- жобаның мазмұндық бөлімін құрылымдау;

- зерттеу әдістерін қолдану, болжам және оның шешімін қарастыру, зерттеу әдістерін талқылау, алынған нәтижелердің талдауы, қорытындылар жасау [4,7 б.].

И. А. Зимняя, Т. Е. Сахаровалар жобалау әдісін, нақты, тәжірибелік нәтижемен аяқталатын мәселені толық қарастыру арқылы дидактикалық мақсатқа жету тәсілдері деп қарастырады [5, 10 б.].

Кесте 1

Жобалардың дидактикалық тұрпаттамасы

1

Іс-әрекет түрі бойынша

Зерттеу, шғармашылық, рольдік-ойындық, ақпараттық, тәжірибелік-бағыттық

2

Пәндік мазмұны бойынша

Моножобалар, пәнаралық жобалар

3

Үйлестіру сипат бойынша

Ашық үйлестіру жобалары, жабық үйлестіру жобалары

4

Өзара қатынас сипаты бойынша

Ішкі, аймақтық, халықаралық

5

Қатысушылардың саны бойынша

Жеке, жұптық, топтық

6

Мерзімі бойынша

Қысқа, орта, ұзақ мерзімді

Жобалар не үшін керек? Зерттеушілік және шығармашылық жобалардың орындалуымен қатар оқушының танымдық, коммуникативтік және реттегіш сияқты жалпы қабілеттері дамиды. Жобалық іс-әрекет процесінде балалар ойлауға, өз ой түйінін жасай білуге, ақпаратты шығармашылықпен ізденуге, ізденіс танымдық дағдылары мен іскерліктері дамиды. Олардың қисынды ойлауы, әр құбылысты жан-жақты зерттеу керектігі туралы түсініктері қалыптасады. Жұмыс процесінде балалардың белсенділігі мен өз бетімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

А. И. Савенкованың зерттеушілік дағдылар топтамасы(мәселені айқындау; сұрақ қою;гипотеза құру; классификациялау; салыстыру; қадағалау; эксперимент жүргізу; тұжырымдап, қорытындылау; материалдарды құрылымдау; дәлелдеу және өз ойларын қорғау) [6]. Нәтижесінде дағдылар бойынша оқушылар өзіндік дағдыларын бағалады.

Кесте 2

Оқушылардың өзіндік бағалауы

Мектепте 11-ші және 12-ші сыныптағы оқушылар «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәнінің оқу бағдарламасы аясында тақырып таңдап, оқылып жатқан пәннің кең көлеміне қатысты өзекті және заманауи мәселелер бойынша курстық жұмысты жүргізеді. Оқушының міндеті — өзін қызықтыратын тақырып таңдау, толығынан өз бетімен зерттеу жүргізу және ол жұмыстың бағалау мақсаттарына сәйкес келетіндігін көрсету. Тақырыпты таңдау түпкілікті маңызды. Оқушы оқу процесінде өздеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға болады. Бірақ курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет. Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс.

Курстық жұмысты жазудың кезеңдері (үлгі ретінде):

1. Проблеманы өзектендіру (проблеманы табу және болашақ жобаның бағытын белгілеу);

2. Зерттеу тақырыбын таңдау және саласын белгілеу (зерттеу шекараларын белгілеу);

3. Болжамды тұжырымдау (болжам немесе болжамдар жасау, сонымен қатар болуы мүмкін емес, провокациялық идеялар да болуы мүмкін);

4. Зерттеу әдістемесін таңдау;

5. Ақпаратты жинау және өңдеу;

6. Зерттеуді жүргізу;

7. Алынған материалдарды талдау және қорыту (белгілі логикалық ережелер мен тәсілдерді пайдалана отырып, алынған материалды құрылымдау);

8. Шешімдер. Есеп дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама дайындау және т. б.);

9. Көптің алдында таныстыру (қорғау, сұрақтарға жауап беру);

10. Аяқталған жұмысты талқылау. Рефлексия. [5].

Жоғарыда айтылғандарды жалпылама талдай келе, төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

1. Пән бойынша өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде жобалап оқыту әдісі арқылы үйретуде, ең алдымен олардың танымдық қызығушылығын, тілге үйренуге деген ұмтылыс өз еркімен болуы керек.

2. Жобалап оқыту әдісі арқылы білім алушының қазақша ресурстарды өз бетімен оқып, өз ойын тыңдаушысына түсінікті етіп жеткізе білу әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды және оқушы алдына қойып отырған мәселенің шешімін тауып, оның нәтижесін көруі үшін ізденеді, игерген теориялық білімінің маңыздылығын анықтайды. Бұл әдіс оқушылардың әр түрлі жағдаяттарды шешудің әдіс-тәсілін игеруге мүмкіндік жасайды, іскерлік қабілеттерін қалыптастырады.

3. Оқушының алған білімін тәжірибеде пайдаланады.

4. Зерттеу не шығармашылық бағыттағы мәні бар проблемаларды табуға үйретеді.Осы оқу жылындағы көрсеткіштерге сүйене отырып, зерттеу сабақтарында жоба әдісін пайдалану 11 сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамытуға тигізген әсерін байқадым.Оған дәлел оқушылардыңА. И. Савенкова бойынша зерттеушілік дағдылар топтамасы. Оқушылардың өзіндік бағалауы.Бағалау нәтижесінде оқушылармен жеке даму кестесін құрып,ҚӘҚ пәнінен зерттеушілік дағдыларын дамыту арқылы курстық-жоба жұмыстарын еркін жазып, қорғай алуын келесі жылы да жалғастырып,сыртқы бағалауда нәтижесін көрсету.

әдебиеттер:

  1. Кіріктірілген білім беру бағдарламасы Қазіргі әлемдегі Қазақстан Жоғары мектеп (11–12 сынып) арналған оқу бағдарламасы: наурыз, 2016 ж., 7б, 3 б.
  2. Дьюи Джон. Общество и его проблемы. Перевод с англ.И. И. Мюрберг, А. Б. Толстова, Е. Н. Косиловой. — М.: Идея-Пресс, 2002. — 160 с.
  3. Полат Е. С., Бухаркина М. Ю., Моисеева М. В., Петров А. Е. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов пед. вузов и системы повышен. квалифицир. пед. кадров. — М.: Академия, 2000. — № 4. — С. 7.
  4. Зимняя И. А., Сахарова Т. Е. Проектная методика обучения английскому языку // Иностранные языки в школе. — 1991. — № 3. — С. 10.
  5. Кіріктірілген білім беру бағдарламасы Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәні бойынша курстық жұмысты жазу нұсқаулығы.«НазарбаевЗияткерлік мектептері» ДербесБілім Беру Ұйымы Педагогикалық Өлшеулер Орталығы,Астана, 2015. б-3.
  6. Савенков А. И. Исследовательское обучение — возможность преодолеть «образовательный предел» // Директор школы. — 2003. — № 10.
Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена.


Похожие статьи

оса, мена.

оса, бола, мена. Похожие статьи. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Сетевые атаки. Виды. Способы борьбы | Статья в сборнике...

Решение, основанное на данном методе, получено благодаря проекту Synthetix. Цель Synthetix - специализация кода для увеличения производительности операционных систем.

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері | Статья в журнале...

оса, бола, мена. «Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Информационная безопасность в компьютерных сетях

На сегодняшний день компьютерная сеть является привычным средством коммуникации, а также инструментом для обмена информацией.

Применение систем компьютерной математики и компьютерных...

В статье рассматриваются стратегические ориентиры создания новых программ высшего математического образования для экономистов...

Современные информационные технологии при обучении...

Рассматривается компетентностный подход с использованием информационных технологий, что позволяет организовать обучение работников предприятия по курсу «Гражданская оборона...

Онтогенетические перестройки синтеза и секреции...

Поджелудочная железа наиболее активно растет у детей в возрасте от 6 месяцев до 2-х лет, что совпадает с изменениями пищевого режима.

Особенности учета основных средств при переходе на МСФООС...

Учёт операций по приобретению объектов основных средств на... В бухгалтерском учёте приобретение основных средств по договору мены отражается следующими проводками...

Похожие статьи

оса, мена.

оса, бола, мена. Похожие статьи. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Сетевые атаки. Виды. Способы борьбы | Статья в сборнике...

Решение, основанное на данном методе, получено благодаря проекту Synthetix. Цель Synthetix - специализация кода для увеличения производительности операционных систем.

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері | Статья в журнале...

оса, бола, мена. «Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Информационная безопасность в компьютерных сетях

На сегодняшний день компьютерная сеть является привычным средством коммуникации, а также инструментом для обмена информацией.

Применение систем компьютерной математики и компьютерных...

В статье рассматриваются стратегические ориентиры создания новых программ высшего математического образования для экономистов...

Современные информационные технологии при обучении...

Рассматривается компетентностный подход с использованием информационных технологий, что позволяет организовать обучение работников предприятия по курсу «Гражданская оборона...

Онтогенетические перестройки синтеза и секреции...

Поджелудочная железа наиболее активно растет у детей в возрасте от 6 месяцев до 2-х лет, что совпадает с изменениями пищевого режима.

Особенности учета основных средств при переходе на МСФООС...

Учёт операций по приобретению объектов основных средств на... В бухгалтерском учёте приобретение основных средств по договору мены отражается следующими проводками...

Задать вопрос