Lesson Study форматындағы сабақты зерттеу: «Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жаттығулар кешенін қолдану арқылы оқушылардың қозғалыс дағдыларын қалыптастыру» | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Lesson Study форматындағы сабақты зерттеу: «Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жаттығулар кешенін қолдану арқылы оқушылардың қозғалыс дағдыларын қалыптастыру» / Д. Ф. Нурсеитов, С. К. Темиргалиев, Г. Ж. Мейрамгалиева [и др.]. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 18.1 (152.1). — С. 51-54. — URL: https://moluch.ru/archive/152/43290/ (дата обращения: 29.04.2024).



Дене шынықтыру пәнің оқытудың басты ерекшеліктерінің бірі – пән арқылы оқушылардың қозғалыс белсенділіктерін жоғарылату, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы оқушылардың денсаулықтарын нығайту. Бұл мәселе көптеген терең ізденісті қажет етеді. Осы ізденудің нәтижесінде зерттеу жұмысын жүргізуге тура келді. Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлататын, тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған тиімді әдістердің бірі- Lesson Study. Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдерінің басты мақсаттары осы зерттеу тәсілін қолданып жоспарлау, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыру. Lesson Study-ді өткізгеннен кейін топ мүшелері қолданған педагогикалық әдіс-тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, әріптестерімен бөліседі.

Сабақты зерттеу сабақты жақсартуға арналған процесс. Ол сабақты жоспарлау, сабақ жоспарын талқылау, зерттеу сабағын ашу, сабақтан кейінгі талқылау сияқты кезеңдерден тұрады. Lesson Study-ді кезең-кезеңмен жүргізу барысында үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.

XXI ғасыр – ғылым мен білім ғасыры. Адамзат жан-жақты дамуда. Алайда осы даму барысында физикалық дене дамудың ақсап жатқаны да бар. Адамдардың қозғалыс белсенділігі азайған. Мимен жұмыс істеп жүрген адамдардың дене жаттығуларына келгенде уақытының аздығы мен немқұрайлығы байқалады. Бұл үрдіс мектеп оқушылары арасында да байқалады. Ал қозғалыс белсенділігі адамның денсаулығына тікелей әсер ететіні белгілі, яғни ол – салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі факторлардың бірі.

Қазіргі заманда оқушылардың қозғалыс белсенділігі өте төмен деңгейде. Аз бөлігі спортпен айналысқанымен жалпы көрсеткіш мәз емес. Бәрінің бірдей қозғалыс белсенділігі артатын уақыт дене шынықтыру сабағы. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда осы мүмкіндікті пайдаланған жөн. Сабақты зерттеу осының жолдарын қарастырады.Демек, сабақты зерттеудің тақырыбы айқындалды: «Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жаттығулар кешенін қолдану арқылы оқушылардың қозғалыс дағдыларын қалыптастыру». Сабақты зерттеу тақырыбы анықталған соң, мақсаты анықталды. Жалпы қоғамның денсаулық деңгейін көтеру мақсатында оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ол үшін жаттығулар кешенін қалыптастыру арқылы олардың қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.

Сабақты зерттеуді іске асыру үшін дене шынықтыру пәні мұғалімдерінен топ құрылды: К. К. Ескендиров; Е. К. Шакаров; Г. Ж. Мейрамгалиева; С. А. Матаев; С. К. Темиргалиев; Д. Ф. Нурсеитов. Ең бастысы бақылауға алынатын А, В, С деңгейіндегі оқушылар анықталды. Ол үшін біз дене дайындығын анықтайтын тест өткіздік. Тестің көрсеткіштері келесі кестеде көрсетілген:

Зерттеу басындағы дене дайындығының қозғалыс белсенділіктерін анықтау тесті

Жаттығу түрі

А деңгейдегі оқушылар көрсеткіші

В деңгейдегі оқушылар көрсеткіші

С деңгейдегі оқушылар көрсеткіші

1.

3х10м қайталама жүгіру

7.10-7.0

8.20-8.10

9.0-8.80

2.

Орыннан ұзындыққа секіру

174

151

137

3.

Нығыздалған допты лақтыру

440-460

310-320

220-240

4.

Дене көтеру 30с ішінде

25

23

19

5.

Степ тест 30 с ішінде

27

25

20

Содан кейін пән мұғалімдерімен ақылдасып біз сабақ жоспарын құрдық. Сабақты зерттеу төрт кезеңмен жүзеге асырылатын болды. Алғашқы кезең оқушылардың қазіргі қозғалыс белсенділігін анықтау, бағалаудан тұрады. Сабақ барысында салауатты өмір салты жайлы кіріспе мәліметтері айтылды. Оқушылар қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың салауатты өмір сүрудегі рөлімен таныстырылды. Яғни, практиканы енгізбестен бұрын теорияға шолу жасалынды. Кезеңді қорытындыларына сүйене отырып, жаттығулар кешенінің негізі қалыптаса бастады. Бірақ әлі де оқу бағдарламасына кіріктіруге ерте.

Екінші кезең жаттығулар кешенінің негізіне сүйене отырып, оқушылар арасында сауалнама жүргізуге бағытталады. Мақсат: жаттығулар кешенін құрастыруда оқушылардың ой-пікірін, қалауларын ескеру. Бұл өз кезегінде қолға алынған істің тиімділігі мен әсерін арттырып, оң нәтиже беруіне септігін тигізеді, өйткені сабақты зерттеудің негізгі қатысушылары оқушылар болып табылады. Яғни, бұл кезеңде біз мына сұрақтарға жауап алуымыз керек: «Қандай жаттығулар оқушылардың көңілінен шығады?», «Қозғалыс белсенділігі қай жаттығуларды орындау кезінде немесе қай спорт түрімен айналысқанда артады?», «Спорт түрінің қайсысы көпшілікке ұнайды?» және т.с.с. Сауалнаманың нәтижесін келесі суретте көреміз:

C:\Users\nurseitov_d.pvl\Desktop\фото LS\20160929_124932.jpg

Екінші кезеңді қорытындылау үшін мұғалімдер тобы жиналды. Екі кезең нәтижелеріне сүйене отырып, жаттығулар кешенін құрастырды. Бұл кешенде қозғалыс дағдыларын қалыптастырудағы ең тиімді әрі оқушылардың айналысуына да ұнамды жаттығулар қамтылды.Осы кешен төменде көрсетілген:

Жаттығулар кешені

  1. Бағыттарды ауыстырып жүгіру

C:\Users\nurseitov_d.pvl\Desktop\фото LS\IMG_0172.JPG

  1. Қолды бүгу, жазу; жатып денені көтеру

C:\Users\nurseitov_d.pvl\Desktop\фото LS\IMG_0182.JPG

  1. Отырып жүру, отырып секіру, гимнастикалық орындықта секіру

C:\Users\nurseitov_d.pvl\Desktop\фото LS\IMG_0193.JPG

  1. Орында жүгіру; орында тұрып сол, оң жаққа секіру

  1. Арнайы баспалдақта колмен аяқтың үйлесімді қимылдарын орындау.

C:\Users\nurseitov_d.pvl\Desktop\фото LS\IMG_0443.JPG

  1. Координацияға арналған жаттығулар. Арнайы гимнастикалық бөренеде жаттығуларды орындау және гимнастикалық таяқшамен жасалатын жаттығулар.

C:\Users\nurseitov_d.pvl\Desktop\урок открыт\P70223-104818.jpg

  1. Икемділікке арналған жаттығулар: аяқты жоғары көтеру; оң аяққа отырып, созылмалы сермеу жаттығуларды орындап қалыпты ауыстыру; шпагатқа отыру және т.с.с.

C:\Users\nurseitov_d.pvl\Desktop\урок открыт\P70223-104954.jpgC:\Users\nurseitov_d.pvl\Desktop\урок открыт\P70223-104756.jpg

  1. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында қозғалмалы ойындарды өткізу.

C:\Users\nurseitov_d.pvl\Desktop\урок открыт\P70223-101606.jpgC:\Users\nurseitov_d.pvl\Desktop\урок открыт\P70223-102601.jpg

Келесі кезеңде оқушылардың физиологиялық өзгешеліктері қарастырылады. Ол үшін алдымен құрастырылған жаттығулар кешенін сабаққа біртіндеп кіріктіре отырып, оқушылардың оны іске асыруға дайындық деңгейі бағаланды. Әрине, әр оқушы жеке тұлға. Сондықтан олардың физиологиялық, психологиялық және басқа да тұстардын ерекшеліктерінің болуын айтпаса да түсінікті нәрсе. Осы мәселені ескере отырып, мұғалімдерге осы кезең аяғында жаңа тапсырма бар: оқушылар арасындағы өзгешеліктерді ескере отырып, жаттығулар кешенін деңгей деңгейге бөлу.

Соңғы кезең өзгертулер мен толықтырулар және бекіту кезеңі. Жаттығулар кешенін сабақ барысына толықтай кіріктіру жүзеге асырылды. Қозғалыс дағдыларын қалыптастыруда жаттығулар кешенінің алғашқы нәтижелері сараланды. Әсері мен тиімділігі бағаланды. Қажет болған жағдайда өзгертулер еңгізілді. Кезең соңында мұғалімдер тобы түрлі анализдер жасай отырып, сабақты зерттеудің мақсатына жеткізетін ең тиімді жолды таңдап, жаттығулар кешенін бекітті. Оны төмеңде орналасқан кестеде көреміз:

Зерттеу соңындағы қозғалыс белсенділіктерін анықтау тесті

Жаттығу түрі

А деңгейдегі оқушылар көрсеткіші

В деңгейдегі оқушылар көрсеткіші

С деңгейдегі оқушылар көрсеткіші

1.

3х10м қайталама жүгіру

6.97

8.08

8.66

2.

Орыннан ұзындыққа секіру

181

154

140

3.

Нығыздалған допты лақтыру

480

360

270

4.

Дене көтеру 30с ішінде

28

25

22

5.

Степ тест 30 с ішінде

30

28

24

Осы кестеде көрсетілгендей зерттеу басындағы мен зерттеу соңындағы көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, біршама көтерілгені байқалады. Зерттеу оң нәтиже бере бастады. Демек, осы кешен жұмыс істейді және оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды,ал ол сабақтағы қозғалыс белсенділіктерінің арттыруына ықпалын тигізеді. Сондықтан, біз осы кешенді одан әрі дамытуымыз керек деп шештік.Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы жаттығулармен шұғылдану қозғалыс дағдыларын одан әрі жетілдіруге септігін тигізеді.

әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші(негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015.
  2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жоспары 8-сынып, 2016.
Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена.


Похожие статьи

оса, мена.

оса, бола, мена. Похожие статьи. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Сетевые атаки. Виды. Способы борьбы | Статья в сборнике...

Решение, основанное на данном методе, получено благодаря проекту Synthetix. Цель Synthetix - специализация кода для увеличения производительности операционных систем.

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері | Статья в журнале...

оса, бола, мена. «Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Информационная безопасность в компьютерных сетях

На сегодняшний день компьютерная сеть является привычным средством коммуникации, а также инструментом для обмена информацией.

Применение систем компьютерной математики и компьютерных...

В статье рассматриваются стратегические ориентиры создания новых программ высшего математического образования для экономистов...

Современные информационные технологии при обучении...

Рассматривается компетентностный подход с использованием информационных технологий, что позволяет организовать обучение работников предприятия по курсу «Гражданская оборона...

Онтогенетические перестройки синтеза и секреции...

Поджелудочная железа наиболее активно растет у детей в возрасте от 6 месяцев до 2-х лет, что совпадает с изменениями пищевого режима.

Особенности учета основных средств при переходе на МСФООС...

Учёт операций по приобретению объектов основных средств на... В бухгалтерском учёте приобретение основных средств по договору мены отражается следующими проводками...

Похожие статьи

оса, мена.

оса, бола, мена. Похожие статьи. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Сетевые атаки. Виды. Способы борьбы | Статья в сборнике...

Решение, основанное на данном методе, получено благодаря проекту Synthetix. Цель Synthetix - специализация кода для увеличения производительности операционных систем.

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері | Статья в журнале...

оса, бола, мена. «Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Информационная безопасность в компьютерных сетях

На сегодняшний день компьютерная сеть является привычным средством коммуникации, а также инструментом для обмена информацией.

Применение систем компьютерной математики и компьютерных...

В статье рассматриваются стратегические ориентиры создания новых программ высшего математического образования для экономистов...

Современные информационные технологии при обучении...

Рассматривается компетентностный подход с использованием информационных технологий, что позволяет организовать обучение работников предприятия по курсу «Гражданская оборона...

Онтогенетические перестройки синтеза и секреции...

Поджелудочная железа наиболее активно растет у детей в возрасте от 6 месяцев до 2-х лет, что совпадает с изменениями пищевого режима.

Особенности учета основных средств при переходе на МСФООС...

Учёт операций по приобретению объектов основных средств на... В бухгалтерском учёте приобретение основных средств по договору мены отражается следующими проводками...

Задать вопрос