Сындарлы тарих сабағындағы интерактивті оқыту әдістері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 18 мая, печатный экземпляр отправим 22 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 12.10.2015

Статья просмотрена: 537 раз

Библиографическое описание:

Абенова, Г. А. Сындарлы тарих сабағындағы интерактивті оқыту әдістері / Г. А. Абенова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19.2 (99.2). — С. 32-35. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22487/ (дата обращения: 04.05.2024).

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген [2].Сондықтан бүгінгі таңда әрбір ұстаздың мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.

Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді.

Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50-ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр. Осындай әдістердің бірі - интерактивті оқыту технологиясы.

 «Интерактивті» сөзін ағылшын тілінен аударғанда («inter»-бұл өзара, «activ»-әрекет) - біреумен сұхбаттасу,әңгімелесу немесе өзара бірлесіп әрекет ету деген мағынаны білдіреді. Оқытудың интерактивті әдісі ол оқушылардың белсенділігін арттыруда қолданылатын әдістердің жиынтығы болып келеді. Олар: топтық жұмыс, ой шабуылы, рөлдік ойын, сарапшы топтардың пікір-таласы, жоба жасау, сұхбат, тақталар, кітаптар, видео, слайдтар, әртүрлі көмекші құралдар, пайдаланылған презентациялар, компютерлер. Сабақ кезіндегі оқушылар мен оқытушының арасында тығыз қарым-қатынас байқалса бұны біз интерактивті деп атаймыз. Мұндай қарым-қатынас оқушылар әлдебір мәселені талқылап, соның ішінде шешімін табуға тырысқан кезде байқалады.Бұл кезде оқушылардың жауаптарынан да мәселенің шешімін табуға талпынғандығы негізгі маңызы болып тұр.Өйткені интерактивті оқытудың негізгі мақсаты:

v    оқушылардың қызығушылығын туғызады;

v    әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

v    әрбір оқушыөз ойын еркін жеткізеді;

v    оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

v    оқушыларға шығармашылықпен әрекет етуге әсер етеді;

v    оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

v    оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауаптарын анықтап дәлелді айта білуге үйретеді.

Интерактивті әдістерд3 пайдалану кезінде оқытушының рөлі күрт өзгереді, ол тек қана процестерді реттеп отырады және оны жалпы ұйымдастырумен айналысады, қажетті тапсырмаларды алдын ала дайындайды және сұрақтарды немесе топтарда талқылауға арналған тақырыптарды қалыптастырады, кеңестер береді, белгіленген жоспардың орындалу тәртібі мен уақытына бақылау жасайды. Сонымен қатар мұғалім баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру; топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау; өздерін-өздеріне бағалату; іс-әрекет барысында білім алу; оқушы өз ойын еркін айту үшін мұғалім үнемі оқушыларғаалғыс сезімін білдіріп, үнемі көтермелеп отыру; ешқашан “жауабыңыз дұрыс емес” демеу қажет, ондай жағдайда тек сыныптан «келісесіздер ме?" деп сұрау; зейінсіз енжар оқушыны анықтау, оларда ой не ғажайып пікір болуы мүмкін, мұқият тыңдауы қажет.

Осыған сәйкес «Сындарлы оқыту бағдарламасы» бойынша өзім сабақ беретін 5-10 сыныптарда осы бағдарламаға сәйкес интерактивті оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал жасаймын. Ең алдымен6 әрбір сабақтың өтуіне мұғалім бағыт бағдар яғни көшбасшы бола отырып, әдістемелік нұсқаулықтармен жұмыс жасаймын.

Сондықтан да менің мақсатым, интерактивті әдістер арқылы оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап, ақпараттарды тек түсінуге ғана үйретпей, сын көзбен қарауға дағдыландыру болып отыр. Яғни өз сабақтарымды жоспарлағанда оқушының сыни ойлауын дамыту мақсатында сыни ой тудыратын сұрақтар немесе тапсырмалардың болуын қадағаладым.

Жалпы сабақ барысында өзім оқушыларға сұрақ қойғанда, оқушының өзіндік ойлауын дамытуға бағытталған сұрақтарды пайдалануға тырысамын. Мысалы: «Тәуелсіз Қазақстанның Ата заңы» тақырыбын өткенде «Тәуелсіз мемлекет деген не?» деген сұрақты алдым. Бұл сұраққа оқушылар топтарымен бірге жұмыс жасады. Топта жасаған жұмыстың мәнін аша келе, жаңа сабақтың тақырыбын ашуда оқушылардың сыни ойлау және сөйлеу белсенділіктері жақсы болып көрінді.

Осы тақырып аясында «Қара. Оқып шық. Жап. Жаз» әдісі арқылы сыныптағы үш топқа: І - топқа«Ата заңның шығу тарихы»; ІІ – топқа «Ата заңның құрылымы»; ІІІ - топқа «Мемлекет, адам құқығы және Ата заң» тақырыпшаларын бөліп беріп, тірек - сызба арқылы көрсетіп, түсіндіруді тапсырдым. Топта оқушылар өзара талқылап, ортақ ойды жинақтап, әр топтың баяндамашылары ауызша айтып шықты. Қарап отырсақ, оқушылар ойланды, пікірлесті, айтты, яғни осы тапсырманы орындау процесінде олар бірнеше іс-әрекетті жасады.

Тізбектелген сұрақтарға жауап беру барысында бала ойын айтады, тілдесу дағдысы дамиды, өз пікірін дәлелдермен айта алатын болады. Осындай жұмысты көп жүргізу нәтижесінде кез-келген сөзден, ойдан өзіндік түйін жасайтын, өзіндік мәні бар, пікірі бар оқушы қалыптасады. Сұрақ қоюдың маңыздылығы да осында, оқушылардың өз көзқарасын қалыптастыру. Қарапайым тілмен айтқанда, мұғалім әртүрлі сұрақтар арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетіп отырады. Сондықтан сыни тұрғыдан ойлайтын баланы қалыптастыру үшін ең алдымен диалогтық оқытуды дамыту керек деп есептеймін.

Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбйе түсуде. Осылайша балаларды XXI ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен - күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек (Wolf and Alexander, 2008).

 Жазу арқылы баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үшін дарынды оқушыларға жеке тапсырма ретінде тарихи шығармаға тақырып қойып, оны әрі қарай өз ойларымен жалғастырып жазуды пайдаланғанымда, сыныптағы оқушылардың шығармалары әртүрлі болып шықты, мұның өзі әр оқушының өзіндік ойлауы, түсінігі бар екенінің дәлелі болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері», яғни өтілген тақырып бойынша мәтіндегі елтаңба, әнұран, ту сөздеріне жоспар құрып, балаларға әңгіме жазғыздым. Бұл жұмыс оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу арқылы, нақты мағынасын тек бірнеше сөйлеммен жазып жеткізу арқылы да баланың ой-өріс шеңберін өсіруге көп көмегі тиеді деп есептеймін.

Талқылау арқылы сыни тұрғыда ойлауға үйретуде мен тарих сабағында салыстыру, талқылау, талдауды көп қолданамын. «Ұлттық теңге - мақтанышым» тақырыбындағы сабақта оқушыларға «Ақша деген не? Ол не үшін қажет?» деген тақырыпта қысқа диспут жүргіздім. Балалар әуелі ойларын дәптерге жазып, өз ойларын ортаға салды, тамаша пікір- талас жүрді.

А. есімді оқушымның пікірі: «Ақша - Қазақстан Республикасының ұлттық волютасы. Ақша барлық жерлерде керек. Ақшасыз өмір жоқ. Ақшаның қоғамда алатын орны ерекше болып келеді. Әр мемлекеттің ақшасы оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін анықтайтын нышан. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, хандардың, батырлардың суреттері салынған. Сондықтан ақша өте қажет болып саналады» десе, С. есімді оқушы: «ақша киіну, тамақ ішу, оқуға түсу үшін керек»,- деген пікір айтқан. Бұдан, сыни тұрғыдан ойлау - білімнің болашақта пайдаға асуын, қажетке жарауын қалыптастырады. Оқушыларға көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Үй тапсырмасын сұрауда келесі сабақта, «Хат-қоржын» әдісі арқылы ортаға ішінде сұрақтар жазылған карточкалары бар қоржын әкелдім. Онда балалар карточкадағы сұрақтарға жауап берді.

- Ақшаны пайдалану қай кезде пайда болған?

- Нумизматика ғылымының негізін салушы кім?

- Ақша қандай металлдан жасалады? деген сұрақтарға дәстүрлі сабақта бұғып отыратын оқушылар өздерінің сыни ойлау қабілеттерінің ұшқырлығын көрсетті. Бірқатар оқушы сабақта ойын еркін жеткізе алды.

Көру арқылы баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үшінинтерактивті тақтадан «Қазақстан Астаналары» туралы бейнебаян көрсетілді. Бейнебаянды көріп болған соң, оқушылардың сабаққа қызығушылын арттыру үшін «Ой талқы» ұйымдастырылып:

-                     Бейне баянда қандай қалалар туралы айтылған?

-                     Қалалар тарихы мен таныса отырып нені байқадық?

-                     Бүгінгі тақырып не туралы болмақ?,- деген сұрақтарға оқушылар өз білетіндерін бірі хормен, бірі жеке айтты.

Ең алдымен, сабақ барысында қарастырылып отырған мәселе туралы оқушы не біледі және не айта алады соны анықтауды мақсат еттім. Сосын ақпаратты көрсете отырып, оқушының бейнебаянды көре отырып, оқушының не пайымдағанын қарастырдым. Яғни, баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. Сыни тұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушыны өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді. Ойлау да, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет.

«Астана – Қазақстанның бас қаласы» атты сабағымда «Қара. Оқып шық. Жап. Жаз» әдісі арқылы мәтінмен танысып шығып, оқыту арқылы баланың сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында мәтінмен топтық жұмыс жасауды тапсырдым.

І- топқа: «Бұзоқ – ортағасырлық қала»

ІІ- топқа: «Алматыдан – Ақмолаға»

ІІІ- топқа: «Астана – ел мақтанышы» тақырыптарын топтарға таратып, тірек – сызбалар арқылы баяндамашы шығып, жұмыстарын қорғады. Тапсырманы орындау кезінде оқушылар топтасып талқылап, бір-бірімен ақылдасты, біреуі суретті қалай, қандай формада салу керектігін айтып жатса, екіншілері оған нені жазуды ойластырып жатты.

Оқушы өзінің білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды, яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы ойы ашылады. Оқушы жауаптарынан соң оқушыларға «Жер жұмағы - Астана» тақырыбында эссе жазу тапсырылды. Эссені оқушылар түгел қызығушылықпен жазды.

А. есімді оқушы: менің арманым - Астана қаласында жоғарғы оқу орнында оқу және өмірімді сол жерде өткізу. Себебі Астана қаласы теледидардан көргенде, тура ертегідегідей өте әсем, өте көркем және жас қала. Қалада жастар өте көп, көптеген достар табуға болады. Мен үшін Астана болашақтың кілті секілді көрінеді»- деп жазыпты.

Сабақ барысында оқушылар топқа бөлініп үйренді, тақырыпты жұпта, топта талқылауды меңгерді. Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. Жұптық, топтық бағалауда ой пікірлерін айтып, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Басбармақ», «Бағдаршам», «Геометриялық фигура», «Смайлик», «Табыс критерийлері» арқылы бағалау оқушылардың сабаққа деген белсенділіктерін арттырды. Өйткені дәстүрлі сабақ пен сындарлы ойлау теориясына негізделген сабақтардағы бағалаудың аралығы жер мен көктей. Осы сабақтарымды өту барысында мен оқушылардың бойынан дәстүрлі сабақтарда болмаған белсенділікті байқадым.

Осындай нәтижеге бағытталған жұмыстар оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді; ақыл - ойын дамытады; шығармашылық белсенділігі артады; ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді; тіл байлығы жетіледі; жан-жақты ізденеді; өз ойын жеткізеді;

Алайда оқушы бойында осы қасиеттерді, ептіліктерді дамытуда біз мынаныестен шығармауымыз керек:

- оқушылардың ойланып, толғануына уақыт беру;

- ойын ашық айтуға рұқсат беру;

- әр үрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

- үйрену барысында оқушылардың іс-әрекеттерін қолдау;

- сыни тұрғысынан ойлауды бағалау ;

- оқушылардың бір-біріне жасаған сындарының дәйекті болуын талап ету;

- өз іс-әрекеттерін бағалай білу.

Сонымен, қорыта келе, жаңа оқу технологияларды және интерактивті әдістерді оқу үрдісінде қолданудың нәтижесінде топтық,жұптық, жеке жұмыс жасау арқылы оқушылар жинақтаған білімін сыртқа шығарып, оны өмірінде пайдалана алады. Жалпы заман талабына сай білім беру қашан да өзектілі мәселе. Шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология ауадай қажет.

Интерактивті оқыту технологиясы – нәтижеге бағытталған оқыту.Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Интереактивті оқытудың тиімді жақтары: оқушылар ақпарат алумен қатар өздерінің белгілі бір мәселені шешу жолын қисынды түсіндіріп береді. Оқушылар ойларының тереңдігіне талпынады.

Мұғалімнің жетекшілігі арқылы білімдерін әрі қарай дамытады. Осыған орай тарих сабағында өзім қолданып жүрген интерактивті оқыту технологиясы -білім берудің болашақ көкжиегін кеңейтетініне сенімім зор. Қорыта келе айтарым, мұғалім ізденісі - білім кепілі. Демек, жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады. Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың, өзіндік жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.

 

Әдебиет:

1.      Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2007.

2.      Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші негізгі деңгей.Астана,2014.

3.      «Қазақстан мұғалімі» газеті, 2006, №6, 20-22 бб

4.      «Хабаршы»//2012, № 1, 4-5 бб.

5.      Ғаламторлық ақпараттар -www cpm.kz сайтынан алған материалдар

Основные термины (генерируются автоматически): мена, астана, оса.


Похожие статьи

оса, мена.

Рахымжанова Н.И., М.Баттал Р. Менің Қазақстаным. - Астана баспасы, 2001.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

оса, бола, мена.

- Астана, "Сарыарқа" баспасы, 2011. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена. Похожие статьи.

Өнім сапасы селекциясындағы отандық сорттардың орны

Жанзақов М.М. Егістік дақылдар селекциясы. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2015.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Павлодар, Селекция.

Егістік дақылдар сорттарының түрлері және олардың таралуы

Сорта растений. Астана, 2016. мена, Павлодар, Селекция.

Загрязнение окружающей среды и состояние здоровья населения...

Астана, 2011.-С.24-25. Мажитова З.Х. Экологически зависимые болезни у детей (клиника, патоморфогенез, диагностика, лечение, реабилитация).

Особенности организации внеурочной работы в начальной школе

Таким образом, вся система внеурочной деятельности призвана объединить в единый

сөзі «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институционалдық реформа» — Астана.

Способы очистки почв от загрязнения нефтью и нефтепродуктами...

Астана, [2008 — стр.61]. 5. Назарько М. Д., Щербаков В. Г., Александрова А. В. «Перспективы использования микроорганизмов для биодеградации нефтяных загрязнений почв» [№ 4, 2004].

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын» | Статья в журнале...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын». Автор: Мамельбаева Гульсара Сайлаубаевна.

Ел ордасы- Астана.

Похожие статьи

оса, мена.

Рахымжанова Н.И., М.Баттал Р. Менің Қазақстаным. - Астана баспасы, 2001.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

оса, бола, мена.

- Астана, "Сарыарқа" баспасы, 2011. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена. Похожие статьи.

Өнім сапасы селекциясындағы отандық сорттардың орны

Жанзақов М.М. Егістік дақылдар селекциясы. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2015.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Павлодар, Селекция.

Егістік дақылдар сорттарының түрлері және олардың таралуы

Сорта растений. Астана, 2016. мена, Павлодар, Селекция.

Загрязнение окружающей среды и состояние здоровья населения...

Астана, 2011.-С.24-25. Мажитова З.Х. Экологически зависимые болезни у детей (клиника, патоморфогенез, диагностика, лечение, реабилитация).

Особенности организации внеурочной работы в начальной школе

Таким образом, вся система внеурочной деятельности призвана объединить в единый

сөзі «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институционалдық реформа» — Астана.

Способы очистки почв от загрязнения нефтью и нефтепродуктами...

Астана, [2008 — стр.61]. 5. Назарько М. Д., Щербаков В. Г., Александрова А. В. «Перспективы использования микроорганизмов для биодеградации нефтяных загрязнений почв» [№ 4, 2004].

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын» | Статья в журнале...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын». Автор: Мамельбаева Гульсара Сайлаубаевна.

Ел ордасы- Астана.

Задать вопрос