Цитология курсында студенттерге химиялық білім берудің негізгі түсініктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ибадуллаева, С. Ж. Цитология курсында студенттерге химиялық білім берудің негізгі түсініктері / С. Ж. Ибадуллаева, А. А. Нургалиева, Ляззат Раманова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 48-49. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16683/ (дата обращения: 30.04.2024).

Жоғары оқу орындарында «Цитология» курсын оқыту бағдарламасы бойынша цитологиядан дәрістік курс, сарамандық және зертханалық сабақтар өткізіледі, курстық және диплом жұмыстары орындалады, бірақ осы оқыту формалары арқылы теориялық материал беріліп, химиялық білім беруге баса назар аударылмайды. Ғылыми әдістемелік құралдарға, әдебиеттерге талдау жасағанда да, жоғарғы оқу орындарында цитология курсын оқыту үрдісі арқылы студенттерге химиялық білім беру республикамызда толығынан қарастылмағаны байқалады [1].

Жасуша мен оны қоршаған ортаның арасында жақсы көрінетін шек болады. Бұл шек жасушаның плазмалық мембранасы. Плазамалық мембрана жасушаның көлемін анықтайды,жасушаның құрамы мен қоршаған ортаның арасындағы ерекшелікті сақтауды қамтамасыз етеді. Ол жоғары іріктегіш сүзгі бола отырып, заттың жасушаға және одан тасымалдануын қамтамасыз етеді. Одан басқа, сыртқы сигналдарды қабылдайды, жасушалардың жабысуына, адгезиясына қатысады [2].

Өсімдіктердің өзінен сыртқа қарайтын плазмалық мембранасы жасуша қабығын немесе жасушаның сыртқы қабатын білдіретін қабырғасын қалыптастырады. Плазмалық мембрана орындайтын әртүрлі функциялар және оның құрылымы күрделенген кезде пайда болатын екінші түзілімдерінің маңызы зор.

Ішкі жасуша құрылымдары екі негізгі компонентті, оған енгізілген органнеллалары немесе органоидтары бар цитоплазманы және жасуша ядросын қамтиды. Эукариоттық жасушалардың цитоплазмасының құрылысы әртүрлі. Ол жасуша органнеллалары қалыптасатын ішкі мембраналар жүйесін қамтиды. Мембраналар эндоплазмалық тор немесе жасушаның негізгі заттары синтезделетін эндоплазмалық ретикулумды, Гольджи аппаратын, лизосомалар мен пероксисомалар, митохондриялар және пластидтерді құрайды. Жасуша органнеллаларының тек біршама бөлігі ғана мембраналық емес болып саналады: жасушаның ортасы, рибосомалар, майда түтіктер және микрофилменттер. Барлық органннелаларынан айрылған цитоплазманы гиоплазма немесе цитолез деп атайды [3].

Тасымалдау функциясы жасушадағы рН оңтайлы көлемін қамтамасыз ету және ферменттердің тиімді жұмыс жасауына қажетті тиісті иондық концентрацияны қамтамасыз ету, өзінің ақуыздарын синтездеуге шикізат және энергия көзі болып табылатын қорек заттарды жеткізуді, метаболизмнің зиянды заттарын (көміртек қос тотығы, сутегінің пероксиді, аммиак, ерімейтін тұздар т. б.) және гармондарды, медиаторларды, биологиялық белсенді заттарды шығаруға, мембрананың беттерінің электр өткізгіштігіне қажетті иондық градиент жасау, жүйке қызметін жүзеге асыру қажеттілігінен туындаған. Заттар жасушаға түседі және одан әртүрлі тәсілдермен шығарылады:диффузия, осмос, фагоцитоз,т. б.

Диффузия — жоғары концентрациялы аймақтан төмен концентрациялы аймаққа диффузиялық градиент бойынша заттардың мембраналар арқылы жасушаға түсуі. Кейбір газдар тез диффузияланады; иондар және полярлық молекулалар(глюкоза, амин қышқылы, май қышқылдары және глицерол)- баяу диффузияланады. Мембрана арқылы зарядталмаған және майда еритін молекулалар өтеді.

Осмос — су молекуласының гипотониялық ерітіндіден гипертониялық ерітіндіге концентрация градиенті бойынша өтуі. Гипо және гипертониялық ерітінді кейде эритроциттердің пикнозын туындатады, кей жағдайда олардың гемолизін тудырады, бірақ екі жағдайда да шок туындатады. Сондықтан тамыр арқылы тек изотониялық ерітінділерді салуға болады [4].

Фагоцитоз, эндоцитоз және экзоцитоз-олар арқылы әртүрлі заттар мембрана арқылы жасушаға және одан тасымалданатын белсенді процестер.

Эндоцитоз — майда органикаалық бөлшектердің сіңіру процесі. Бұл жағдайда сіңірілетін субстарттың жасушамен байланысатын жерінде плазмалық мембранадан босап, бастапқы лизосомамен қосылатын эндоцитозды көбік пайда болады. Қосылу нәтижесінде субстрат қорытылатын екінші лизосома пайда болады.

Пиноцитоз бұл молекула деңгейінде жүретін сұйық аттардың сіңіру процесі. Осы тәсіл арқылы жасушалар суда еріген оттекті жұтады. Және көміртек диоксидін, медиаторларды және басқа да заттарды шығарады [5].

Экзоцитоз-мембранаға салынған заттарды жасушадан сыртқа шығару процесі. Осылайша,экскреция өнімдері ғана емес, жасушаның жасайтын секреторлық түйіршіктері тасымалданады, ас қорыту вакуольдерінен қорытылмаған астар, фаголизосомалардың қалдықтары, миеленді денешіктер шығарылады.

Плазмолемманың астындағы гиалоплазманың перифериялық қабатында плазмалық мембрананы микрофиламенттер, микротүтіктер және аралық филаменттердің жүйесімен бұрын көрсетілген цитоқаңқамен байланыстыратын беткі аппараттың субмембраналық бөлігі орналасқан.

Аталған функциялардан басқа плазмолемма жасушаралық байланыстарды құрауға қатысады.

Функционалдық маңызы бойынша жасушаралық байланыстарды келесі типтерге бөлуге болады:оқшаулаушы, механикалық, химиялық, электрлік;

Морфологиялық белгілері бойынша: қарапайым, тығыз, адгезивті белдіктерге,десмосомаларға тесік тәрізділерге және құлып типі бойынша байланыстарды нейронаралық синапстарға бөледі.

Осындай кең ауқымда қолданылатын цитология ғылымының мәселелерін оқыту барысында химиялық білім берідің де маңызы мен мәні зор.

Сондықтан студенттерге химиялық білім беру үшін цитологиялық және химиялық ұғымдары арқылы цитология курсын оқыту үрдісіндегі химиялық білім беру құрылымын жасау маңызды. Мысалы, химия курсындағы алғашқы тақырыптардың бірі — «Көмірсутектер». Көмірсутектердің қарапайым өкілі-метан. Метан-химиялық түсінік. Теорияның мазмұнына кіріктірілген табиғат қорғау мәселелеріне көңіл аудара отырып, студенттерді метан, метан гомолгтарының қасиеттерімен, алу жолдарымен, қолданылуымен таныстырумен қатар, ол заттарды алу технологиясының, тасымалдаудың кемшіліктеріне, соның салдарынан ауаның, судың, топырақтың ластануына аса назар аударылады.

Көмірсутектерді тотықтыратын бактериялар бір жылда шамамен 15,2·107тоннасын ыдыратып, қоршаған ортаға — көмірқышқыл газы түзеді:

.

Цитологияға енгізу шарасы: метанды өнеркәсіпте қалдықсыз технология әдісі бойынша хлорлау арқылы органикалық синтездің шикізаты — хлорметан алады:

,

.

Ұғымдарды қалыптастару барысында студенттердің ауада метанның жиналуына, оларға жол бермейтін бактериялардың табиғаттағы рөліне және көмірқышқыл газының түзілуіне, содай-ақ студенттерде биосферадағы метанның кері әсері туралы, табиғат тепе-теңдігі туралы ұғым қалыптасады.

Осыған орай химия өндірісінің екі жақтылық ұғымының рөлі дамытылып, тереңдетіліп отырады. Біріншіден, қоғамға, халық шаруашылығына қажет органикалық заттар өндіру болса, екіншіден — өндіріс қалдықтарымен табиғатты ластау болып табылады. Оқыту кезеңінің мақсаты химиялық, химиялық және табиғатты қорғау ұғымдарын дамыту, тереңдету болып есептеледі.

Студенттерге химиялық білім беру, олардың цитология ғылымымен бірлігін терең сезінетін, оның міндеттері мен мақсаттарының өз маңыздылығын бүгінгі таңда жоймай, қайта одан әрі көкейкестілігімен сипатталуда.

Сондықтан жоғары оқу орындарында цитология курсын оқыту үрдісіндегі химиялық білім беруге қатысты ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге толық талдау жасап, әр тақырыпты өз алдына зерттеу, химиялық білімді қалыптастырумен қатар әр студенттің жан-жақты жетілуіне, цитология курсында химиялық білім алып, ізгілікті іс-әректін жүзеге асыруға жеке тұлғалық сапаны, химиялық саналылықты меңгеруіне мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.                 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.

2.                 Верещагина В. А. «Основы общей цитологии» Москва, 2007.

3.                 А.Мырзабайұлы Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, «Білім» 2004ж.

4.                 Oқу орындарында зертханалық жұмыстарды пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру //Қазақстан мектебі. –Алматы, 2010.-№ 7.-Б.24–30.

5.                 Зайцев О. С. Методика обучения химии: Теоретический и прикладной аспекты: учеб. Для студ. Высш. Учеб. Заведений. — М.: Владос, 1999. — 384с.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, цитология.

Похожие статьи

Риноцитограмма как метод диагностики аллергического ринита

Впервые назальная цитология была введена в 1889 году, когда Gollash заметил наличие

Напротив, у пациентов вне сезона клинические и цитологические признаки отсутствуют.

Состояние цервикального канала и шейки матки при...

...матки, поэтому изучение цитологии мазков из шейки матки и эндоцервикса совершенно

Подобная цитологическая картина оценивалась авторами как воспалительный тип мазка.

Роль акушерки смотрового кабинета в раннем выявлении...

Акушерка смотрового кабинета использует все доступные методы обследования: опрос, осмотр, пальпацию, бимануальное обследование, цитологическое исследование.

Изучение цитотоксичности биологически активных соединений на...

В обзоре представлены данные о том, какая роль отводится клеточным культурам при изучении цитотоксичности биологически активных соединений.

Моноцитарная активность у больных лакунарной ангиной...

Цитохимия является одним из раздело цитологии. В переводе с греческого цитология – это наука о клетке («цитос» – клетка, «логос» – наука).

Медуллярный рак щитовидной железы: патоморфологические...

Статья посвящена исследованию клинических и патоморфологических (макроскопических и гистологических) диагностических критериев медуллярной (С-клеточной)...

О взаимосвязи работы акушера-гинеколога и патологоанатома...

...который позволит установить границы и степень поражения шейки матки (IA-IB), опираясь на данные раннее полученных результатов цитологического исследования.

Перспектива цитохимических исследований при травме глаза

Актуальность проблемы. Травмы глаза и лечение их последствий остаются одной из острейших проблем офтальмологии. Частота травм глаза не имеет тенденции к снижению.

Этиология и природа нарушений эмбриогенеза

О том, что способствует нарушению этих процессов, задумывались такие разделы биологии, как эмбриология, цитология, генетика, биохимия и т. д...

Морфологическая характеристика телец Гассаля в случаях...

В статье морфологическая характеристика телец Гассаля рассматривается в качестве одного из показателей, качественно и количественно характеризующего развивающийся перинатальный...

Задать вопрос