Биология пәні бойынша көрнекі құралдарды қолдан дайындау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Назарова, Г. А. Биология пәні бойынша көрнекі құралдарды қолдан дайындау / Г. А. Назарова, А. И. Примбетова, М. К. Мырзабекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 54-57. — URL: https://moluch.ru/archive/87/16680/ (дата обращения: 30.04.2024).

Жоғары кәсіби білім беруде негізгі білім беру бағдарламасын (НБББ) меңгеру нәтижесі түлектердің құзыреттіліктерімен, яғни олардың білімді, іскерлікті және таңдаған мамандығына сәйкес жеке қасиеттерін өз қызметінде іске асыру қабілетімен анықталады. 5В011300-Биология мамандығы бойынша болашақ мұғалімдерде қалыптастырылуы керек арнайы құзыреттіліктің бірі — биологиялық мазмұндағы көрнекі құралдарды дайындай алу және оны оқушыларға үйрету, дайындалған көрнекі құралдармен жасалатын жұмыс түрін ұйымдастыру.

Себебі, бейнелер арқылы ұғынатын балаларға биологияны меңгеру қиын, олар «картинкаларсыз» процестерді, құбылыстарды танып білуге мүлдем қабілетсіз. Олардың абстрактлы, логикалық ойлаулары ұғымға сәйкес бейнелер арқылы дамиды. Ал, теориялық ойлау типі тән оқушылар формалы білімдерімен ерекшеленеді. Олар үшін процестерді, қозғалмалы графикаларды, сызбанұсқаларды «басқара алатын» видеосюжеті бар компьютерлік бағдарламалар — бейнелі ойлау қабілеттерін дамытудың қосымша құралы болып табылады. Сондықтан биология сабағын неғұрлым көрнекі түрде өткізу үшін, биологиялық объектіні тікелей қабылдату мақсатында оны кеппешөптер, сурет–схема, модель, макет, коллекция, аппликациялар секілді көптеген материалдармен толықтырып отырған жөн.

Көрнекі құралдарды жасауды қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте күрделендіре берудің өзі оқушыларда дағды қалыптастырады, қызығушылық тудырады. Табиғи көрнекі құралдарды өте әдемі етіп жасауға болады, оқушыларға оны дайындауға тапсырма беру арқылы эстетикалық талғамдарын дамытуға мүмкіндік бар, ал дайын құрал биология кабинетін жабдықтауда жақсы безендіру құралы бола алады. Сондықтан Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Биология және география» кафедрасында 5В011300-Биология мамандығы бойынша білім алушы студенттердің таңдауы негізінде элективті «Биологиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және көрнекіліктер дайындау» курсы оқытылады. Пән мазұны практикаға бағытталған сипатқа ие.

Кейбір мектептерде биолгияны оқытуға бйланысты материалдық базамен қамтылуы талапқа сай келе бермейді, сонымен қатар көрнекілік құралдарды студенттер өздігінен дайындауы алған білімдерін тереңірек меңгерулеріне жәрдемдеседі және студенттердің шығармашылық қабілеттері артады. Осы пәннен алған тәжірибелері мен біліктіліктерін студенттер педагогикалық практика кезінде пайдалана алады. Студенттер болашақта биология сабақтарында көрнекі құралдарды дұрыс пайдалана ал үшін, материалдарды жинау, сақтау және табиғи обьектілерді жасау сияқты дағдылықтарға ие болулары қажет.

Сонымен қатар, студенттерге қолдан көрнекілік жасату оларды өз бетімен жұмыс жасауға және мұғаліммен тығыз байланыста болуға мүмкіндік тудырады. Биология жөніндегі көрнекі құралдарды, білім берудің ең алғашқы, ерте кездерінде-ақ қолдана бастағаны мәлім. Педагогикада көрнекі құралдарды жүйелеудің бірнеше әдісі бар. Көп жағдайда олардың жеке түрлерінің белгілеріне (көлемі, біртүстілігі немесе әртүрлілігі, статистикалық немесе динамикалық, жекеше немесе ұйымда қолдануға арналуы және т. б.), құрастырылған затына қарай немесе дидактикалық тұрғыда топтастырылады.

Сонымен, көрнекі құрал түсінігінің елеулі белгілері қандай:

-        Оқу міндеттерін шешу үшін жасалған кез келген материалдық немесе белсенділік мораль көрнекі құрал бола алады. Көрнекі құрал оқу моделі.

-        Көрнекі құрал әрдайым таным құралы ретінде нақты заттарды, олардың табиғи немесе қоғамдық өмір сүру жағдайын елестетуге жақындатады.

-        Көрнекі құрал түсінік пен қабылдау негізінде қорытынды жасауға мүмкіндік беретін сезімдік бейнелерді қалыптастырады. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушыларда пайда болатын сезімдік бейне таным құрылымында басты мәселе болып табылады

Биологияның оқытуда сипаты мен мағынасына қарай көрнекі құралдарды екi топқа бөлуге болады: негiзгi және қосалқы. Негiзгiлер: нақты (табиғи), таңбалы (бейнелеу) және вербальды (сөздiк) көрнекілер болып, ал көмекші: оқытудың техникалық көрнекі құралдары және зертханалық жабдықтар болып бөлінеді.

Өз кезегiнде, биология сабақ пайдаланылатын (нақты) табиғи көрнекi құралдар тірі және өлі; бейнелеу (таңбалы) көрнекіліктер жазықтықты (салынған сурет) және көлемдi болып жіктеледі.

 

Көрнекі құралдардың арасында коллекция мен кесте схемалар ерекше орын алады. Бағдарлама оқушылар жануарлармен, өсімдіктермен танысады. Ал бұлардың бәрі биология пәнінде оқылатын биологиялық нысандардың қатарына жатады.

Биология пәнін оқытуда түрлі тақырыптарға сәйкес табиғат коллекцияларын, сол сияқты ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өнімдері үлгілері және соларды бектіп салтын картоннан жасалған үлкенді, кішілі қорапшалар керек. Қорапшаның ішіне салынған коллекциялық заттар нөмірленіп, астына аттары жазылады, немесе әрбірі белгілі бір жерге орнықтырылып, астына аты бірден жазылады. Қорапша ыдыстың беті шынымен немесе целофанмен немесе картонмен жабылады. Мысалы, өнеркәсіп өнімдері мен ауылшаруашылық өнімдерін қорапшаға салып, табиғи объектілердің суретін тұсына жапсыруға болады.

 

Сурет 1- Студенттердің дайындаған коллекциялары

 

Жеке қорапшаларға сонымен қатар пайдалы қазбалар мен кепкен өсімдіктерді салуға болады.

Мәдени өсімдіктердің суреті (кестелері) ілініп, жемісі шынымен жабылған қорапшаға салынады.

Өнеркәсіп өнімдері алынатын шикізатымен бірге «Мақта», «Тері мен жүн» сияқты, тағы басқа кестелерде көрсетіледі.

Түрлі коллекцияларды төмендегідей мазмұнда жасатуға болады.

1.                  Кептірілген өсімдіктерді: сексеуіл, жиде, арша, терек тағы басқа.

2.                  Дәрі-дәрмектік өсімдіктерді: тасшөп, мелисса, шүйгіншөп, шайқурай, жұпаргүл, жалбызтікенек, шырғанақ тағы басқалары.

3.                  «Мақта, оның өнімдері» сурет-схемасы: мақта тұқымы, қауашағы тақтайшаға, желімделіп бекітілген, мақта майы пробиркаға құйып ілінген, мақта жібі мен түрлі-түсті өрнектелген матасы да фанераға желімделіп бекітіледі.

4.                  «Тұт жібек көбелегі, оның дамуы» сурет-схемасы: фанераға тұт ағашының бұтағы, жапырағы, жемісі, жібек құрты, жібек пілләсі, жібек жіп, түрлі-түсті өрнектелген жібек мата тігіледі, не желімделеді.

5.                  «Тері, жүн, мех» схемасы — тері қой, түйе жүндері, т.б.

6.                  Кептірілген жеміс, жаңғақтар: өрік, мейіз, алмұрт, алма және жер жаңғағы, фундук, кедр жаңғағы, т.б.

7.                  Қорапшаға пайдалы қазбалар: тас, көмір, мұнай, күкірт, т.б.

8.                  Пробирка ыдыстарында: түрлі тыңайтқыштар азот, калий, фосфор тыңайтқыштары.

Сабақтардың барлығын табиғи нысандармен қамтамасыз ету табиғи қорларға ұқыпты қарағандықтан ғана емес, сонымен қатар барлығын сыныпқа әкелуге, тірі нысандардан барлығын көруге болмайтындықтан да мүмкiн емес. Үдерістерді, табиғаттың заңдылықтарының ашу үщін арнайы жасалған бейнелеу көрнекіліктерін оқу процесiне қосуды талап етедi. Олар үлкен және өте маңызды рөл атқарады.

Бейнелеу көрнекі құралдары алуан түрлiгімен ерекшеленедi. Оған көлемдi — муляждар және үлгiлер; салынған суреттер — кестелер, географиялық карталар,. картина репродукциялары, ғалымдардың портреттері, дидактикалық үлестiрме материал жатады

Муляждар -табиғи нысандардан дәл көшiрiп алатын көрнекілік. Оларды көбіне iшкi мүшелерді зерттеуде пайдаланады. Сонымен бiрге, табиғи нысанды қолдану мүмкiндiгi жоқ немесе табиғи нысан белгілі бір себептермен оқушыларға толық көрінісін аша алмайтын жағдайларда қолданылады.

Үлгiлер немесе модельдер табиғи нысандардың бейнесі болып табылады, бiрақ олар, нысанды көшiрмейді, оның басты қасиеттері сызба түрінде беріледі. Мысалы, үлгi жазықтықтық және көлемдi, статистикалық және динамикалық бола алады, мысалы, жүректiң қақпақтарының жұмысын көрсететiн жазықтықтық үлгiлер, немесе қоңыздың iшкi құрылысының аппликациялық үлгiсі. Жүректің фабрикада жасалған көлемдi үлгiсi сыртқы және iшкi құрылыс ерекшелiктермен жете танысуға мүмкiндiк бередi. Көп статиклықа үлгiлер жинамалы болады. Бұл органның iшкi, сыртқы құрылысын зерттеуге мүмкiндiк бередi. Динамикалық үлгiлер ағзадағы үдерістерді таныстырады.

Бедерлi кестелер — пластикадан жасалған барельеф түріндегі заттардың көркем бейнелері. Ағзаның, органдар жүйесінiң, органның бiр бөлiгiнiң контурлары, ерекшеленген кескiндерi терең емес бедерiмен берілген. Мұндай кестелер төзімді, жеңiл жуылады, бiрақ оларды сақтау үшiн баспа кестелерiне қарағанда орынды едәуiр көп қажет етеді.

Биология сабақтарында зоогеографиялық карталар пайдаланылады. Биология сабақтарында оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу мақсатында картиналар репродукциясын пайдалану керек. Бұл жабдықтың түрiн өкiнiшке орай, мұғалiм сирек қолданады. Сабақтарда ғалым- биологтардың портреттері пайдаланылады. Мұндай портреттер биология кабинетiн безендіру үшін жиі қолданылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.                  Пономарева, И. Н. Общая методика обучения биологии: учебно-методическое пособие для студентов педагогических ВУЗов / И. Н. Пономарева, В. П. Соломин, Г. Д. Сидельникова. — М.: Академия, 2003. — 272 с. ISBN 5–7695–0948–1.

Основные термины (генерируются автоматически): биология, немес, ISBN, мена.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол. EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Кино, бар, дар, немес.

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Биология пәнінің тақырыптарына сәйкес ауыл шаруашылық өнімдері үлгілері және картоннан жасалған үлкенді, кішілі қорапшалар керек.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Биология мамандығы студенттері үшін «Эмбриология» курсының...

Эмбриология биология ғылымының - жыныс клеткаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын, ұрықтануды, ұрықтың пайда болуын және оның эмбрионалдық дамуының негізгі кезеңдерін зерттейтін

Сондықтан, осы курстың мазмұнын қалыптастыру мен құрастыру өзекті.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Имя существительное в дательном падеже в значении объекта (досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Аймақтың дамуына әсер ететін факторлар мен ерекшеліктер

— М.: Альпина Бизнес. Букс, 2005. — 454 с. ISBN 5-9614-0143-0. Сабден О. Инновациялық экономика: монография.

Оқушылардың биология пәні бойынша үйде жүргізілетін бақылау...

Библиографическое описание: Назарова Г. А., Байжума Н. С. Оқушылардың биология пәні бойынша үйде жүргізілетін бақылау мен тәжірибе

Общая методика обучения биологии: Учеб. пособие для студ. пед. вузов / И. Н. Пономарева, В. П. Соломин, Г. Д. Сидельникова; Под ред...

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол. EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Кино, бар, дар, немес.

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Биология пәнінің тақырыптарына сәйкес ауыл шаруашылық өнімдері үлгілері және картоннан жасалған үлкенді, кішілі қорапшалар керек.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Биология мамандығы студенттері үшін «Эмбриология» курсының...

Эмбриология биология ғылымының - жыныс клеткаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын, ұрықтануды, ұрықтың пайда болуын және оның эмбрионалдық дамуының негізгі кезеңдерін зерттейтін

Сондықтан, осы курстың мазмұнын қалыптастыру мен құрастыру өзекті.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Имя существительное в дательном падеже в значении объекта (досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Аймақтың дамуына әсер ететін факторлар мен ерекшеліктер

— М.: Альпина Бизнес. Букс, 2005. — 454 с. ISBN 5-9614-0143-0. Сабден О. Инновациялық экономика: монография.

Оқушылардың биология пәні бойынша үйде жүргізілетін бақылау...

Библиографическое описание: Назарова Г. А., Байжума Н. С. Оқушылардың биология пәні бойынша үйде жүргізілетін бақылау мен тәжірибе

Общая методика обучения биологии: Учеб. пособие для студ. пед. вузов / И. Н. Пономарева, В. П. Соломин, Г. Д. Сидельникова; Под ред...

Задать вопрос