Пішенді престеп жинаудың тиімділігін негіздеу | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №20 (79) декабрь-1 2014 г.

Дата публикации: 03.12.2014

Статья просмотрена: 390 раз

Библиографическое описание:

Нургалиев, Н. Ш. Пішенді престеп жинаудың тиімділігін негіздеу / Н. Ш. Нургалиев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 20.1 (79.1). — С. 13-15. — URL: https://moluch.ru/archive/79/14089/ (дата обращения: 28.04.2024).

Малға берілетін ең жақсы шөп – жайлау мен даланың түрлі шөптері. Шөп – қысқы мерзімде малдың сапалы тамақтандыруын қамтамасыз ету үшін рационның ең маңызды компоненті болып табылады. Ірі қара мал, қой мен жылқы үшін белгілі бір мерзім аралығында күнделікті пайдаланатын басты азық. Алайда қазіргі уақытта шөпті көпжылдық дәнді және бұршақ дақылды шөптерден (сулыбас, жоңышқа, костер, клевер) дайындайды.  Бұршақ дақылды шөптертің кальцийі, дәнді дақылдылардың – фосфоры көп, сондықтан шөптің екі түрі де малға пайдалы. Әсіресе дәнді дақылды шөп жалпы азық көлемінің 70-75%-ын құрауы керек. Жоғары сапалы шөптің ылғалдығы 15%-ды құрап, жасыл түсті және жағымды иісті болады [1].

Жақсы шөп қыс мезгілінде дәрумендер, минералды заттар мен протеин көзі болып табылады. Шөптің құнарлылығы өсімдіктің ботаникалық құрамына, оны жинаудың мезгілі мен әдісіне, кептіру ұзақтығына байланысты.

Шөпті жинау мен әзірлеу уақыты климаттық аймақ пен ауа-райы жағдайына байланысты. Алайда жинау мезгілінің объективті көрсеткіштері де бар: қауыздану немесе бұршақ ашу, т.б. Дәл осы кезеңде өсімдіктердің құнарлы заттары көп мөлшерде болады. Бұдан кешірек мезгілде жинағанда құрғақ өнімді көбірек алуға болады. Бірақ бұл көлем уақыт өткен сайын өсімдік құрамында көбейе беретін талшықтар есесінен алынады.

Шөп дайындаудың әдеттегі және дәстүрлі әдістері бойынша шөпті шауып алып, ауа-райының қолайлы кезінде бірнеше сағатқа жайып алады. Одан кейін шөпті тырмалап үйеді де қажетті қалыпқа дейін кептіргеннен соң бір жерге түк етіп жинайды.

Шөптің құнарлы заттарын жоғалтуы механикалық және химиялық болып бөлінеді.

Құнарлы заттарды механикалық түрде жоғалту дегеніміз – шөпті жинау және қопсыту барысында өсімдіктің өзінің бағалы бөліктері болып табылатын гүлдері мен жапырақтарының сынуы. Әсіресе гүлдері мен жапырақтары жалпы салмағының 50%-ын құрайтын бұршақ дақылды өсімдіктерді жинау барысында жалпы шөп көлемін жоғалту қомақты мөлшерде болады. Механикалық түрде шөп көлемін жоғалтуды азайту үшін шабылған шөпті көп қозғай бермеу керек [2].

Ал химиялық түрде шөп көлемінен айырылу жаңа шабылған шөп жасушаларында зат алмасудың, яғни биохимиялық үдерістің тоқтамауы әсерінен болатындығы түсіндіріледі. Құрғату неғұрлым тезірек жүзеге асса, соғұрлым аққуыз, көмірсутегі, майлар, дәрумендер ыдырау үдерісін тезірек тоқтатып, құнарлы заттар барынша жоғалмайды. 

Жоңышқаны кептіру айтарлықтай қиын, өйткені оның сабағы қалың. Сондықтан оны жинау кезінде арнайы сабақты жалпайтып тастайын шөп машиналары қолданылады. Осылайша ол тез кебеді, алайда сабақтарын жалпайту кезінде өсімдіктің ылғалдылығы, онымен бірге құнарлы заттары жоғалады. Дәнді дақылды шөптерді жалпайтпайды, өйткені олардың сабақтары жіңішке, яғни тез кебетін. Арнайы желдету арқылы шөпті аз уақыт ішінде кептіруді жүзеге асыруға болады [3].

Пішенді престеп жинаудың технологиясы бірінші суретте келтірілген.

Сурет 1 - Пішенді престеп жинау технологиясы

Тығыздалған шөпті дайындау үшін оның ылғалдылығы 30-35% болғанға дейін кептіріп, мая етіп тырмалап жинайды.

Дәруменді шөп жас малдар мен асыл тұқымды жануарлар азығына қолданылады. Оны жасанды әдіспен құрғатады, күн көзі астында көп ұстамайды, өйткені ультрафиолет толқындары салдарынан каротині ыдырайды.

Малды азықтандыру мәдениетінің фазалары мейлінше жылдам ауысып отырады. Сондықтан да шөп жинауды ұтымды уақытта бастап, кем дегенде 8-10 күнде аяқтау керек. Шөпті жинау кезінде шашыратып жинағаннан көрі престеп жинаса салмағы 2,5-3 есеге артып, қоймаға жинау кезінде көлемінің алатын орны 2-2,5 есеге азаяды. Бұндай әдіспен алынған шөптің сапасы да жоғарылай түседі.

Шөпті жинау кезінде жинағыштардың жұмыс істеу қабілеттілігі жоғары болуы үшін әр бір метр жердегі дестенің салмағы 2-3кг болуы керек. Мұндай дестелерді үш метрлік тырмалармен, өнімділігі 160 ц/га болған жағдайда алуға болады. Ал өнімділік одан төмен болған жағдайда әр тоннаға шаққандағы жұмаслатын отын шығынының есебіне байланысты тиімсіз болып есептеледі.

Шөпті жинау кезінде жұмсалатын энергия көздерін үнемдеу пайдаланылған техникаға байланысты болады. Сонымен қатар шөпті престеп жинағанда 10кг отын, ал, мысалы, ТП-Ф-45 секілді жинау құралдарының көмегімен жинағанда шамамен 14кг отын жағылады. Престеп жинау азық құнарлылығының төмендеуін 15-20 пайызға азайтады, тасымалдау мен сақтау кезінде алатын орнының көлемін кішірейтеді және әр гектардан қосымша 5-6ц азық артық алуға мүмкіндік береді.

Сайып келгенде, тайланған (престелген) шөпті дайындау сапасы жағынан да, энергия қорларын жұмсау жағынан да артықшылығы басым екендігі байқалып тұр. Бірақ, шашыратып жинауды мүлдем алып тастауға да болмайды. Себебі, бұл технология аз көлемдегі шөптерді жинау кезінде және прес-жинағыш құралдар мен техникалар бара алмайтын жерлерде пайдаланылады.

Әдебиет:

1.      Смурыгин М.А., Лесницкий В.Р., Сердечный А.И.. Прогрессивные технологии приготовления сена. – М.: Агропромиздат, 1986 – 142 с.

2. Особов В.И., Васильев Г.К. Сеноуборочные машины и комплексы..–М.: Машиностроение, 1983 – 304 с.

3.      Зангиев А.А., Тыныштыкбаев Б.Е., Аханов С.М. Исследование технологического процесса заготовки прессованного сена // Материалы международной научно-практической конференции: сб.научн. тр. МГАУ, 2000 – С. 39-42.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос