Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыру тиімділігінің педагогикалық шарттары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №4 (63) апрель 2014 г.

Дата публикации: 28.03.2014

Статья просмотрена: 198 раз

Библиографическое описание:

Есиркепов, Ж. М. Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыру тиімділігінің педагогикалық шарттары / Ж. М. Есиркепов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 4.1 (63.1). — С. 36-40. — URL: https://moluch.ru/archive/63/10006/ (дата обращения: 27.04.2024).

Әрбір ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді табысты қалыптастыру – тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі. Оқушылардың оң бағыттағы қажеттіліктерінің дәрежесі мен деңгейіне қарай қалыптасуын қоғам мектеп педагогикалық үрдісінің барлық жүйесінің тиімділігін бағалайды. Көптеген философиялық, әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер [1, 2, 3, 4, 5], сонымен бірге республикамыздың көптеген ауыл мектептеріндегі біздің бақылауымыз көрсеткендей, қазір барлық педагогикалық үдерістің үдемелілігі мен тиімділігі төмендеп отырғандығы байқалады. Бұл құбылыс көптеген объективті себептерге байланысты туып отыр. Мысалы, «Білім беруді дамыту жағдайында шағын жинақты мектептің жұмыс мазмұны және оны басқару» атты халықаралық семинарға қатысушылар «қазір тәрбие сапасы  мектеп аясында төмендеп кетті», - деген пікірлер айтылды [6]. Бұл ауыл мектептеріне қатысты жағдай. Соған байланысты бүгінгі таңда жаңа педагогикалық шарттар мен құралдарды іздеу талабы өсіп отыр. Біздің ойымызша, педагогикалық үрдісте ауыл оқушылары әсер алатын өмір шарттары мен құралдарын қолдану мен дұрыс есептеген жағдайда әлеуметтік құнды қажеттіліктер қалыптастыруда көптеген жетістіктерге жетуге болады. Солардың бірнешеуіне талдау жасап көрейік.

Тәрбие ықпалының тиімділігін арттырудағы педагогикалық жағдайлар мен құралдарға байланысты туындайтын мәселелер қатарына біз ең алдымен ауыл мектебіндегі барлық оқу-тәрбие жұмысы сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету. Бұл идеяны әртүрлі жолмен жүзеге асыруға болады. Зерттеулер көрсеткендей тәрбие жұмысының деңгейін көтерудің бағыттарының бірі ауыл мектебі педагогикалық ұйымдарының сыныптық және сыныптан тыс іс-шаралардың көп болуы оң нәтижеге қадам бастырады. Бірақ жұмыстары өте көп болған сайын, олар арнайы дайындықсыз қтеді, олардың көбісі оң қорытынды бере бермейді. Ал бұның себебі уақыттың жетіспеуінен дайындық аз болады немесе мүлдем болмайды. Осындай себептер нәтижесінде сабақтан тыс іс-шараларда педагогтар оқушылардың жеке және психологиялық ерекшеліктерін ескере бермейді. Оқушыларды тәрбиелеуде осындай жағдайларды ескере отырып Н.Кеншімбаева былай дейді: тәрбиелік іс-шаралардың көптігі де оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына себеп бола алмайды [7].

И.А.Шадрикова мектепте және мектептен тыс іс-шаралардың тәрбиелік әлеуеті жоғары болу үшін, іс-шара педагогикасын оқушыларды әлеуметтік маңызды, тәрбиелейтін жағдайларға қосу педагогикасына алмастыру керек деп пайымдайды [8, 45 б.]  

Осы әдіснамалық тәртіпке сүйене отырып, тәжірибелік эксперименттік жұмыстың осы нұсқасында көптеген тәрбие шараларына дайындық кезеңі 1-2 айды құрайды. Мысалы, мұндай мерзім біз жүргізген «Құстар – адам мен табиғат досы», «Өмір – еңбекпен сұлу және құнды», «Ауданның танымал азаматтары», «Қазақстан олимпиадашылары» т.б. іс-шараларға да кетіп отырады.

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыру тиімділігін арттыруда осы үдерістің барлық қатысушыларына петагогикалық стимул беру де маңызды орын алады.

Стимул беріп отыру жеке тұлғаны әлеуметтік қалыптастыруда маңызды педагогикалық шарттарының бірі болып табылады. Сол стимулдың әсерін дұрыс есептеп, қолдану арұылы оларда әлеуметтік құндылықтарды қалыптастырудың жетістіктеріне жетуге болады, себебі сол стимулдың әсерінен олар жақсы оқиды, еңбектенеді, ойлап табады, өзара жоғары деңгейде қарым-қатынас жасайды, ауылдың әлеуметтік өміріне қатысады.

Стимул – «қозғаушы себеп, бір нірсені жасауға деген қызығушылық» - деп С.Н.Ожегов орыс тіліне арналған түсіндірме сөздігінде анықтама береді [9. 683 б] Педагогикалық стимул берудің әртүрлі қызметтері мен рөлдері көп болғандықтан, стимулдың көптеген формалары мен түрлері бар.

Б.К.Момынбаевтың пікірінше, стимулдар материалдық және идеалдық, сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Ол материалдық стимулға оқушыларды еңбекке және әлеуметті маңызды қызмет-әрекеттердің өзге де түрлеріне бейімдеп ұйымдастыру әдісін жатқызады. Идеалды стимулдар - әртүрлі себеп-салдарлы қатынас жасау әдісі, сонымен бірге қоғамның рухани өміріндегі саяси, идеологиялық, құқықтық, материалдық, эстетикалық, т.б. сияқты әртүрлі қарым-қатынастар әдісі – деп есептейді [10, 125 б.].

Сонымен бірге мектеп және отбасы тәрбиесі аясында моральды стимул де өз нәтижесін бере алады.

Тәрбиелеу практикасы көрсеткендей, стимулдардың барлығы оқушыларға барлық жағынан да іс-әрекетін белсендіруге оң әсерін тигізеді Стимулдар оқушыларға ғана емес, педагогикалық үрдіске қатысушылардың барлығына да мотивациялық-қажеттілік (дәлелдеу қажеттілігі) аясында позитивті әсер ету маңызы мен бағыттылығы қандай объектіге бағытталғанына тікелей байланысты болады. Адам мен құрал қажеттілігін себепке ала отырып, оларды қанағаттандыру мүмкіндігінде стимулды екі жақты алып қарауға болады. Бір жағынан – олар қажетті қоғамның материалдық және рухани игілігін өндіруге бағытталады, екінші жағынан – адамның өзінің дамуын тиімді етеді әрі жеделдетеді, оның негізгі әлеуметтік қасиеттері мен сапасын, қажеттіліктерін дамытуға тиімді әсерін тигізеді.

Педагогикадағы стимулдау мәселесін зерттеулерге сүйенсек (М.И.Махмудов, Н.А.Половникова, Г.И.Шукина, В.М.Коротов, т.б.) олардың көп бөлігі дидактика саласында жүргізіліп, оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсендіру мәселесін шешуге бағытталған. Бірақ айта кету керек, бұл еңбектерде педагогикалық стимулдау мәселесін дұрыс қойып, шешуге негізгі  теориялық жағдайлар көрсетілген.

Педагогикалық стимулдаудың ең маңыздылығы – тәрбие үрдісіне қатысатын жақтардың бір-біріне жақын болуына көмектеседі, олардың арасында сенім орнауына себеп болады. Мысалы, оқушылар орындаған ауылшаруашылық жұмыстарының олар үшін де ата-аналар үшін де әлеуметтік маңызды өте жоғары, бірақ қазіргі жағдайда ондай жұмыстар қоғам үшін моларльды құнды болып есептелінбейді.

Ол ұзаққа созылатын, бір сыдырғы, қиын, ауыр, климаттық жағдайға тәуелді, шаршататын жұмыс болғандықтан, моральдық құндылық пен әлеуметтік маңыздылығы арасында айтарлықтай айырмашылық болады. Сондықтан да мұндай жұмыс түрі оқушылардың қызығушылығын төмендетеді. Оның үстіне оқушылар қызмет түрін тез ауыстырып отырғанды қалайды.

Ауылшаруашылық жұмыстары оқушылар үшін қуанышы аз, іш пыстыратын, күрделі әрі қиын климаттық жағдайда орындалатын жағымсыз фактор болып есептеледі.

Еңбектің әр түрінің, өмір құбылыстарының моральды маңызы мен әлеуметтік маңыздылығын дұрыс бағалаған жағдайда ғана мектеп пен педагогикалық ұжым тиімділігін көтеру үшін стимулдарын қызметтерінде жемісті қолдана алады.

Қазіргі жағдайда оқушыларды тәрбиелеудің күрделі әлеуметтік міндеттерін ойдағыдай шешу өте қиын. Оған педагогикалық үрдіске қатысатын қоғамдық тәрбиешілердің (бұл мектептен тыс орта) объективті әрі  ашық стимул беруі әсерін тигізеді. Егерстимулдар ең алдымен оқушылармен қарым-қатынас әдістері мен жаңа формаларын іздеуде ең алдымен іскерлік, шығармашылық қуаты мен инициативасын, белсенділігін көтеруге бағытталатын болса, тәрбие үрдісіне қатысушылардың стимулдауының педагогикалық маңызы артады.

Стимул беруде стимул түрі мен оларды қолдану формаларына да көп байланысты болады. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыста ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастырудың тиімділігін арттыруға себеп болатын стимулдардың түрлері мен формаларының бірнешеуін анықтадық:

- мектептің, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының, муниционалды білім беру, аудандық білім беру бөлімінің, әртүрлі қоғамдық ұйымдардың, т.б. алғыстары.

Бұл алғысты біз осы педагогикалық үрдіске қатысатын объектілер мен субъектілерді көтермелеу үшін қолдандық. Жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып оқушыларымен жұмыс жүргізгені үшін көтермеледік;

- оқушылармен жүргзілген тәрбие жұмысында ерекше көзге түскені үшін мақтау қағаздарымен, дипломдармен, әртүрлі белгілер мен ақшалай сыйақылармен, құнды сыйлықтармен, т.б. марапаттау арқылы көтермелеу. Бұл көтермелеу сыйлықтары педагогтарға, қоғамдық тәрбиешілерге, әдетте оқу жылының басында («Білім күні» мерекесінде), жаңа жыл кештерінде, т.б. айтулы мерекелерде, оқу жылы аяғында беріледі.

- педагогикалық үдеріске қатысушыларға құрметті және еңбегі сіңген атақтарды беру (аудандық, облыстық, республикалық);

- белсенді қоғамдық тәрбиешілерге, мұғалімдерге, оқушылардың өзіне (ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан) т.б.

- ауыл мектебінің қызметін, ауылдық әлеуметтік орта өкідерінің педагогикалық жұмыстарын қоғамның мойындауы;

- күрделі учаскелердегі педагогикалық жұмыстарды және жауапты тапсырмаларды қоғамдық тәрбиешілерге тапсырудағы мектептің сенім білдіруі. Біз педагогикалық жұмысқа қатысушыларға стимул беруде стимулдың өзге де түрлері мен формаларын қолдандық (театрға бару, тынығу лагерлеріне жолдама беру, т.б.).

Эксперимент стимулдың бұл түрлерін кешенді және шебер қолдану мен олардың педагогикалық ойлау тұрғысынан үйлесім табуы ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастырудың тиімділігін арттыруға қажетті екендігін көрсетті.

Оқушылар бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыру тиімділігін арттырудың маңызды құралы – педагогикалық бақылау. Мектептегі педагогикалық үдерісті жүзеге асыруда негізгі тұлға – мұғалім екендігі аксимоа.

Тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруда мектеп мұғалімінің алатын орны ерекше. Ол оқыту мен ағартушылықпен айнылысып қана қоймайды, ол – жеке тұлға жасап шығарушы.

Педагогикалық шеберлік – тәрбие үрдісіндегі тиімділікті арттырудың негізгі жағдайлардың бірі. Педагогикалық шеберлікті айқындайтын мұғалімнің өзінің әлеуметтік тәжірибесін тәрбиеленушілеріне жеткізетін құралдары мен жолдары, әдістері мен формалары арқылы олардың әрекетін бағалау мен сипаттау, оның қорытындыларын, ортаның сипаттық әлеуетін, әртүрлі өмір жағдайларын бағалап сипаттайды.

Педагогикалық баға беру олардың даму тенденцияларын болжау мен тәрбие құралдары мен жағдайларын диагностикалаумен тікелей байланысты.

Педагогика ғылымында диогностикалық келу деген тәрбиеленуші субъекті мен объектінің қайсысы туралы болса да толық мағлұмат алуды білдіреді. Олар әртүрлі ақпараттардан, оқушылардың сапасы мен қасиеті туралы, ата-аналар туралы, қоғамдық тәрбиешілер туралы, т.б. қорытынды алу үшін қажет.

Осы алынған талдаулар мен болжаулар нәтижесінде жеке тұлғаның әлеуметтенуін болжайды және жобалайды, оларда құндылықтар мен қажеттіліктердің әлеуметтік қалыптасуының жолдары мен формаларын анықтайды, педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда тиімді әдістерді табуға мүмкіндік алады. «Болжау мен бағалаудың арақатынасын белгілей отырып, қорытындысы нормалармен салыстыру арқылы алынған диагноз негізінде пайда болатындығын көреміз» - дейді [8, 46 б.]. Диагноз бен бағалаудың тәрбиелік құндылығы – мұғалім соларға сүйене отырып нақты бір оқушы жұмысының перспективасы туралы қорытынды жасайды, оған қай жағынан, қандай жеке көмек керек екенін анықтайды.

Оқушылардың жеке әрекеттері мен өмірін, мектептен тыс ортаның тәрбиелік әлеуетін, олардың бір-бірімен арақатынасын және соған сай талдауларын бағалау нәтижесінде мұғалім оқушының әлеуметтік қажеттіліктерін тиімді қалыптастыра алады.

Оқушылардың әлеуметтік қажеттіліктерін қалыптастыруда педагогикалық үрдістің тиімділігін арттыру көбіне, бағаланатын жақ пен бағалайтын жақтың сезімі мен көңіл күйінің қалыптасуына байланысты болады.

«Жеке тұлғаның ара қатынасы бағалаудан көрінеді, өйткені ол барлық кезде терең эмоциональды бастан кешіру арқылы жүзеге асады» [8, 46 б.].

Адам өміріндегі тәрбиедегі бағалаудың маңызы туралы С.Л.Рубинштейн былай деп анықтама берген: «Баға – тек оң және теріс белгілерін, плюс немесе минусын, адамның дербес іс-әрекеттерін тіркеуші ғана болса қателік болар еді. Өйткені, адам - әлеуметтік тіршілік иесі, бағаны күтеді, алдын ала болжайды, баға оған әсер етеді, оның іс-әрекетіне ықпал етеді, оны белгілі бір жаққа бағыттайды, оның деңгейін көтереді немесе төмендетеді» [11, 565 б.].

Тәрбиедегі педагогикалық баға көптеген факторларға байланысты қойылады. Олардың ең маңыздылары мен мағыналарын біз зерттей келе мыналар деп есептедік:

- педагогикалық үрдісте әрекет ететін барлық жақтар арасындағы байланыс, ұарым-ұатынас сипаты (мектеп, жанұя, қоғам, еңбек ұжымдары, оқушылардың өздері);

- мазмұны, бағыттылығы, орындылығы, оның жеке тұлғаға әсер ету сипаты, мінез-құлқына, іс-әрекеті мен қылығына ортаның тәрбиелік факторларының әсер етуі;

- мектептік және мектептен тыс объектілер мен субъектілер рөлі мен маңызы (бағаланатын аумағы, аясы);

Біздің зерттеуімізде тәрбие объектісі мен барлық ортаның тәрбиелену әлеуетін бағалай екі деңгейде жүргізілді. «оң баға» және «теріс баға». Тәрбие субъектілері мен объектілерінің арасындағы оң арақатынастар арқасында теріс бағаны да оқушылар солай болуы тиістей қабылдайды және баға өзінің позитивті тәрбиелеу қызметін орындайды. Алайда,олардың арақатынасы теріс болатын болса, оқушылар негативті бағаны емес позитивті бағаны да қабылдайды.

Бұдан байқайтынымыз педагогикалық үрдістің тиімділігін арттыру үшін тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасында оң қарым-қатынас, іскерлік, ресми тілектес байланыстағы арақатынас формасы құрылу керек.

Ауыл оқушыларының әлеуметтік құнды қажеттіліктерін тиімді қалыптастыру үшін педагогикалық қытынастардың біртұтастығы қажет. Осы қатынасты жүзеге асырғанда ғана субъекті мен объектілер, тәрбиеленушілер арасында мақсатқа бағытталған қарым-қатынас орнайды.

Біздің оймызша, тәрбие субъектілерінің объектілерге педагогикалық ықпалындағы талаптарының біртұтастығы оқушылар бойында әлеуметтік қажеттіліктерді қалыптастырудың барық кезеңдері мен сатыларында бірдей маңызды. Ол оқушылардың сана-сезімін, дербестігін, дүниетанымын, әлеуметтік ойлаудың жоғары мәдениетін, т.б. қалыптастырып дамытудың маңызды педагогикалық құралы болып табылады. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге әртүрлі әлеуметтік, кәсіптік, психологиялық бағыттағы адамдар қатысатын болғандықтан олардың ұстанымдары мен әрекеттерінің бір тұтастығын қамтамасыз ету керек.

Талаптар бірлігі барлық тәрбие субъектілері мен объектілерінің негізгі тәрбие міндеттерін шешуге, олардың ұстанымдарының ортақтығына, оқушылардан жеке тұлға қылыптастыру мәселесіне деген көзқарастарының бағытының бірдей болуынан туындайды. Тәрбиелеуге біртұтас келу деген педагогикалық қызметтің құралының, әдісінің, формаларының бірдей болуы дегенді білдірмейді. Барлық объектілерге субъектілердің талаптары мен ұстанымдарының бірдейлігі – біркелкілік емес, шығармашылық-ізденімдік құбылыс.

Егер педагогикалық үрдістің барлық жақтары арасында бір-біріне де талап қойып отырса талаптар тиімдірек болар еді.

Ал егер «біртұтас талаптар олардың үйлесімділігіне айналатын болса, онда ол талаптар тек нормативті шектеу ғана болып қалар еді – деп есептейді [10, 53 б.]. Педагогикалық талаптардың тиімділігін арттыру мақсатында біз, мысалы, тәжірибелік-эксперименттік үрдісте өз күшімізді барлық оқушылар үшін қызметтің жалпы міндетті түрін шешуге бағыттадық (олардың ұйымдастыру кезеңіне бірдей талаптар қойылады (сабақтар, үй тапсырмасы, кезекшілік, өзіне-өзі қызмет көрсету, т.б.)).

Педагогикалық талаптардың біртұтастығы – барлық тәрбие үрдісіне қатысулары үшін педагогикалық үрдістің механизмдері мен технологиясын, тәрбие құралдарын, әдістерін, формаларын, міндеттерін, жалпы перспективаларын және оларды жүзеге асыру мерзімдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл талаптардың тұтастығының нәтижесінде қоршаған ортаға, мектептің материалдық-техникалық базасына, қоғамдық міндеттемелерге, жауапкершілікке, әр оқушының өз оқуына, еңбегіне деген адал, жауапты, сенімді қарым-қатынасын, белгілі бір деңгейдегі оңмінез-құлықын қалыптастырып жасауға болады.

Оқушылардың әлеуметтік қажеттіліктерін қалыптастырудағы тұтас педагогикалық бағыт тек осы үрдіске қатысушылардың (жанұя, мектеп, еңбек ұжымы, қоғамдық ұйымдар, оқушылар) бірдей тәрбиелеу білімі мен заңдылықтарын, жеке тұлғаның жас ерекшелігі, психологиялық және биологиялық қасиеттері мен сапасын анықтап білген жағдайында ғана жүзеге асады.

Бұл мәселеде тағы бір маңызды жағы барлық педагогикалық үрдіске қатысушылардың оқытудың біртұтас өлшемін, оқушылардың білімін, біліктілігін, қабілетін, олардың мінез-құлқы мен қылықтарын, іс-әрекетін бағалап зерттеудің де бірдей өлшемі болуы керек.

Бір тұтас талаптар қоюды қамтамасыз ету үшін мынадай негізгі шарттар мен моменттерді қадағалау керек:

- әрбір жеке қатысушылар арасында әрқайсысына нақты міндет бөліп, олардың орындау мерзімтерін белгілеп, мазмұнын, формасын, әдістерін, құралдарын көрсетіп тәрбиелік қызметтерін анық бөлу;

- әртүрлі тәрбиелеу субъектілерінің (педагогтар, ата-аналар, мектептен тыс орта өкілдері) бір-біріне бағыныштылығы және өзара байланыстық сипатын дұрыс анықтау;

- қазіргі қоғам динамикасын жобалай отырып, мектептен тыс сыртқы ортаның оқушылардың әлеуметтік қажеттіліктерін қалыптастыру үрдісіне тигізетінін ықпалының сипатын, бағытталуын, әртүрлі перспективаларын кешенді түрде жобалау;

- ауыл мектебінің аумағында барлық ұйымдастырушы және тәрбиелеуші жұмстың біртұтас, реттеу, басқару, бақылау орталығын құру.

Сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шаралардың әлеуметтік маңыздылығын күшейту үшін оларды туға жер, туға ауыл, жергілікті еңбек және өндіріс ұжымдарымен, жекелеген отбасымен, ұлы және атақты адамдардың өмір тарихын дәлелдейтін мәліметтермен, халықтық дәсттүр, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік пен идеалдармен тығыз байланыстыра отырып сабақты сурет-кино-тарихи құжаттарды көрсету арқылы толықтырып отыру керек.

Бұл факторлардың құндылығы – олардың ауыл оқушыларына өте жақын таныстығы, танымалдылығы, өйткені олардың өмір тарихының элементтері оқушыларға үнемі әсер етіп отырады. Сонымен қатар тәрбие іс-шараларының тәрбиелік маңыздлығы ол ана тілінде жүргізілсе арта түседі.

Мұның бәрі халықтық идеяны оятып дамытуға, көптеген өмір оқиғаларын дұрыс түсінуге, оларды дербес талдай алуына, әлеуметтік құбылыстарды салыстыруға, өз халқына және қоршаған ортаға оң қарым-қатынаста болуға тәрбиелеуге көмектеседі.

Ал бұл оқушылар бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыру үшін маңызды негіз болып табылады.

Ауыл оқушыларын әлеуметтік тәрбиелеудің күрделілігі мен жан-жақтылығы оның тиімділігін арттырудың маңызды жағдайы ретінде педагогикалық үрдісті ұйымдастырушылардан әлеуметтік-еңбек  қызметін тереңдетуін және үздіксіз, мақсатқа бағыттап кеңейтуін талап етеді. Бұл оқушылардың шынайы өмірде халық шаруашылығы салалары мен аясының көбісін жақынырақ танып білуіне көмектеседі, олардың кәсіптік-еңбек ой-өрісін, сүйікті ісін таңдау мүмкіндігі мен шекарасын кеңейтеді, өздерінің көзқарасы мен қажеттіліктерін жүзеге асыру қабілеті мен күшінің сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді, оқуын қоршаған ортамен, өмірмен байланыстыра білуін үйретеді. Осының бәрі оқушылардың шынайы өмірден өздеріне қажет әлеуметтік құнтдылықтарды, нормаларды, талаптарды таңдап алуына оң ықпал жасайды.

«Өндіріс ұжымдары өкілдерімен араласу, әртүрлі мамандық илерімен қарым-қатынас жасау оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін байытады, әртүрлі әлеуметтік-кәсіптік рөлдерде өзін қойып көруәне мүмкіндік береді» - деп зерттеуші Ф.Р.Филиппов өте дұрс айтқан [12, 55 б].  

Сондықтан, біз ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерін қалыптастырудың тиімділігінің талаптары мен негізгі шарттарына талдау жасадық. Біз жүргізген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс осы шарттардың педагогикалық үрдісте ескерілуі тәрбиелеу жұмыстарының тиімділігін, сапасын және қорытындысын айтарлықтай жоғарылатты.

Әдебиет:

1.    Филонов Г.Н. Социальная педагогика: сопряжение наук о человеке // Педагогика. – 1996. - №6. – С. 21-25.

2.    Бондаревская Е.В.. Гуманистическая парадигма личностно ориентированного образования // Педагогика. – 1997. № 4. - С. 11-17.

3.     Габдуллин Г.Г. Организационно педагогические основы управления общеобразовательной школой. – Казань, 2001. - 108 с.

4.    Черепанова И.В. Дети взрослеют в труде. – М.: Педагогика. 2000. – 174 с.

5.     Осипов П.Н.Новые социально-экономические условия переходного периода и общественные требования к личности. - Казань, 1996. – 100 с.

6.    «Білім беруді дамыту жағдайында шағын жинақты мектептің жұмыс мазмұны және оны басқару» атты халықаралық семинар материалдары. – Алматы, 2010.

7.    Кеншімбаева Н. Мектептегі тәрбие қызметтерін дамыту // Ізденіс.kz. - 2014. – 15-16 бб.

8.    Шадрикова И.А. Педагогическая оценка и мастерство учителя // Советская педагогика. – 1991. - №6. – С. 45-48.

9.    Ожегов С.И. Словарь русского языка. – М., 1981. – 816 с.

10.     Момынбаев Б.К. Педагогикалық стимул – қазақ мектептеріндегі тәрбиенің өзекті мәселесі // Қазақстанның ғылыми әлемі. - 2010. - 124-127 бб.

11.     Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. – М., 1973.

12.     Филиппов Ф.Р. Школа и социальное развитие общество. - М., - 1998.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, стимул, Казань.


Похожие статьи

Внедрение системы мониторинга метрик в серверное приложение...

Для успешного управления сервисом, написанным на платформе Node.js, зачастую важно понимать и быстро находить “узкие”, с точки производительности, места в исходном коде продукта, а также...

Внедрение комплексной системы постоянного улучшения...

IV международная научная конференция «Современные тенденции технических наук» (Казань, октябрь 2015).

- Работа в команде. Внутри коллектива постоянно происходит обмен информацией, опытом, обсуждение проблем.

Переработка и утилизация строительных отходов для получения...

III международная научная конференция «Современные тенденции технических наук» (Казань, октябрь 2014). Дата публикации: 29.09.2014.

1) обмен опытом в области сноса строений и переработки техногенного мусора

Балльно-рейтинговая система оценки знаний студентов в вузе...

IV международная научная конференция «Инновационные педагогические технологии» (Казань, май 2016).

Устанавливая рейтинговый регламент, университет реализует свое право самостоятельно выстраивать приоритеты системы стимулирования студентов к достижению...

Геймификация — современный инструмент развития персонала

Грамотные вложения в свой персонал, мотивация, стимулирование, обучение и развитие — это инвестиции в будущее компании.

VI международная научная конференция «Проблемы современной экономики» (Казань, август 2017).

Похожие статьи

Внедрение системы мониторинга метрик в серверное приложение...

Для успешного управления сервисом, написанным на платформе Node.js, зачастую важно понимать и быстро находить “узкие”, с точки производительности, места в исходном коде продукта, а также...

Внедрение комплексной системы постоянного улучшения...

IV международная научная конференция «Современные тенденции технических наук» (Казань, октябрь 2015).

- Работа в команде. Внутри коллектива постоянно происходит обмен информацией, опытом, обсуждение проблем.

Переработка и утилизация строительных отходов для получения...

III международная научная конференция «Современные тенденции технических наук» (Казань, октябрь 2014). Дата публикации: 29.09.2014.

1) обмен опытом в области сноса строений и переработки техногенного мусора

Балльно-рейтинговая система оценки знаний студентов в вузе...

IV международная научная конференция «Инновационные педагогические технологии» (Казань, май 2016).

Устанавливая рейтинговый регламент, университет реализует свое право самостоятельно выстраивать приоритеты системы стимулирования студентов к достижению...

Геймификация — современный инструмент развития персонала

Грамотные вложения в свой персонал, мотивация, стимулирование, обучение и развитие — это инвестиции в будущее компании.

VI международная научная конференция «Проблемы современной экономики» (Казань, август 2017).

Задать вопрос