Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны үшін жауапкершілік | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (60) январь 2014 г.

Дата публикации: 08.01.2014

Статья просмотрена: 1645 раз

Библиографическое описание:

Жомарткызы, Мария. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны үшін жауапкершілік / Мария Жомарткызы, А. М. Сарыбаев, Нургалым Абу. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 1.2 (60.2). — С. 40-42. — URL: https://moluch.ru/archive/60/8906/ (дата обращения: 02.05.2024).

Жалпы, заңдық жауапкершіліктің өзі мемлекеттің құқық бұзушының әрекетіне деген, оның жасаған қылығына қайтарған жауабы болып табылады.

Бұл жағдайда құқық бұзушы жеке, мүліктік немесе ұйымдастырушылық тәртіптегі жағымсыз салдарларды көтеруге тиіс, бұл оған міндетті болып табылады. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік астарынан біз мемлекеттің қоршаған орта саласындағы өзінің құзыретті органдары арқылы жердің пайдалану тәртібін бұзушыға қолданылатын жазалау шараларын айтамыз. Заңдық жауапкершілік маңызы ретінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге қойылатын талаптарды бұзған адамға теріс салдардың келуінен көрінеді.

Ауыл шаруашылық жерлерінің пайдалану тәртібін бұзғандық жауапкершілік заңдық жауапкершіліктің құрылымдық бөлігі болып табылады және оған тиесілі белгілердің барлығына ие. Сонымен қатар ол экономикалық-құқықтық қатынастардың ерекшелігімен анықталатын қасиеттерге ие [1].

Біріншіден, жер саласындағы құқық бұзушылықпен келтірілген зиян екі түрлі аспектіде қарастырылады: экономикалық (материалдық) және экологиялық (материалдық емес). Дегенмен, көп жағдайда, жерге келтірілген зиянды натуралды түрде өтеу мүмкін болмағандықтан, ақшалай нысанда өтеледі.

Екіншіден, зиян мөлшерін анықтау тәртібіне байланысты өз ерекшеліктері бар.

Үшіншіден, жерді пайдалану заңнамасын бұзушыларға қолданылатын мәжбүрлеу шараларының арасында (пайдалану құқығынан айыру, оны шектеу және тоқтата тұру) дәстүрлі жауапкершілік түрлерінің шеңберіне кірмейтіндері де кездеседі.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібін бұзғандық үшін үшін заңдық жауапкершілік деген сөздің астарынан біз мемлекеттің өзінің арнайы құзыретті органы арқылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар үшін қолданатын шараларын түсінеміз дедік.

Біз ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртбін бұзуға байланысты қазақстандық жер құқығы доктринасының көрнекті өкілі Ә.Е. Бектұрғановтың келтірген анықтамасымен толығымен келісеміз. Оның анықтағанындай: “Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібін бұзу – белгіленген жер пайдалану тәртібін бұзатын және ауыл шарушылық жерлерінің ресурстарына зиян келтіретін заңға қайшы келетін кінәлі субъектінің әрекет немесе әрекетсіздігі”  болып табылады [2].

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер ресурстарына келетін теріс әсерлердің салдарына жалпы жарамды жер қорлардың сарқылуы, бұзылуы, жерден алынатын табыстардың азаюы немесе болмай қалуы, жерге келетін шығындар, жерлердің пайдалануға жарамсыз болып оларды пайдалану қолайлы болмай зиян келуі жатады.

Әрбір жеке құқық саласында заң бұзушылық болуы мүмкін болса, ол үшін заңдық жауапкершілікті сол заңның өзі атап беруі заңның міндеті болуы қажет. Бұл жерде атақты принцип: Заңда көрсетілмегендердің барлығын жасауға болады деген жұмыс істейді. Мұның жер қатынастар саласында тәртіпті жеке заңдылықты сақтау үшін өте қажетті мәні бар.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріне деген меншік иесінің және жер пайдаланушының жер заңдарында белгіленген міндеттемелерін орындамау, жердің құқықтық тәртібін (режимін), жер салығын және басқа төлемдердің уақытында төлемеу немесе бас тарту, сервитут міндеттемелерін орындамау сияқты және жерді мақсатына қарай пайдалануға байланысты бекітілген тәртіптерді бұзу, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың міндеттерін орындамаудан туындайтын заң бұзушылықтардан тұрады. Ондай жер заңын бұзушылықтар әр түрлі болуы мүмкін. Оның ішінде осындай міндеттемелердің қатарында ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдалануды жүзеге асырмай, топырақтың құнарлылығын төмендету де бар [2]. Бұл жасалған әрекетке жауаптылықты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 250-258 баптары қарастырады.

Жер заңдарын бұзғандық үшін заңшығарушының нақ осындай тұғырды иеленгендігі арнайы зерттеулерде ғылыми тұрғыда зерттелген болып келеді. мәселен, Л.Ф.Усманова ауыл шаруашылығы саласындағы экономикалық құқық бұзушыларды жазалау шараларын жетілдіру жолдарын іздестіре келе, қылмыстық және әкімшілік заңдарды қолдануда нақты бір критерийлерді анықтаушы ретінде алу қажет деген пікірді ұстанады [3].

Егер учаскенi пайдалану Жер кодексінде немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген жердi ұтымды пайдалану ережелерiн өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер учаске нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жерi құнарлылығының едәуiр төмендеуiне не экологиялық жағдайдың едәуiр нашарлауына әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейiн жер учаскесi меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкiн.

Мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн алып қою келесідей тәртіпте жүзеге асырылады:

1. Меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан жер учаскесiн алып қою жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органның талап-арызы бойынша сот тәртiбiмен жүргiзiледi.

2. Жер учаскесiн алып қою туралы талап-арыз меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейiн кемiнде бiр жыл бұрын учаскенi мақсаты бойынша пайдалану қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн және осы уақыт iшiнде жер учаскесiнiң меншiк иесi не жер пайдаланушы учаскенi мақсаты бойынша пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қолданбаған жағдайда ғана берiлуi мүмкiн.

3. Жер учаскесiн алып қою туралы талап-арыз Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан, талап-арыз беруден кемiнде үш ай бұрын меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн ғана және осы мерзiм iшiнде меншiк иесi немесе жер пайдаланушы учаскенi пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда берiлуi мүмкiн.

Сонымен ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану мен оны тиімді ұйымдастыруға байланысты жүргізілген теориялық зертттеулер осы жұмыс бойынша қорытынды жасауға алып келді.

Ең біріншіден, біз жоғарыда атап көрсеткендей, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді қазіргі нарықтық қатынастарда тиімді пайдалану мен оларды ұйымдастыруды бір жолға қоя отырып оларды пайдалануды жетілдірудің мұқтаждығы бүгінгі күні айқын болып отырғандығын айта кеткен жөн.

Қазіргі кездегі ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мен оны қорғауды жүзеге асыратын нормативтік база күрделі жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл тұсағы біздің айтарымыз, ауыл шаруашылық өндірісі мақсатында пайдалануға жарамды жерлердің айналымын жақсарту үшін заңдық тұрғыдан ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құрамы мен құқықтық режимін жетілдіру қажет.

Біздің мемлекетімізде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану мен қорғау көпшілік мемлекеттердегідей арнайы бір заң актісімен реттелмейді. Өзара тығыз байланысты аграрлық құқықтық қатынастардың реттелуі арнайы бір актіні қабылдау қажеттілігін туғызып отыр. Бұл қатынастардың барлығын Қазақстан Республикасының Жер кодексі толықтай реттей береді деген де дұрыс болып табылмайды, себебі Жер кодексі олардың жүзеге асырудың мехмнизмін толық қамтымайды.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің қорғалуы мен ұтымды пайдалануына мемлекеттік бақылауды ары қарай жетілдіру мақсатында жер инспекцияларының қатары мен штатын кеңейту қажет. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығының пайда болуы жағдайында қазіргі кездегі жерді қорғайтын және оның пайдаланылу тәртібін сақтауды бақылайтын органдар өздерінің қатарларының аздығына және арнайы материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілмеуіне байланысты жерлерді ұтымды пайдалануын және олардың мақсатқа сәйкес пайдалануын қадағалауы жеткілікті деңгейде болмай отыр.  Бұл санаттағы жерлерге жеке меншік құқығын енгізу олардың интенсивті түрде айналымының жоғарылауына алып келеді. Бұл тұста жергілікті өкілді органдар мен атқарушы органдардың қызметтерін тиімді ұйымдастыру қажеттілігі және олардың қызмет етулерінің айқындылығын талап ету қажеттілігі туындап отыр.

Зерттеу жұмысы нарықтық қатынастар жағдайында ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлерді тиімді пайдалану және қорғауды заңдылықпен қамтамасыз етудің теориялық және құқықтық өзекті мәселелеріне арналды.

Ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлерді тиімді пайдалану мен қорғаудың нормативтік-құқықтық негіздері өзгертулерді қажет етеді. Жаңа жер заңнамасы қандай жерлердің ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлер ретінде қорғауы қажет деген мәселе бойынша нақтылықты қажетсінеді.

Бұзылған жерлерді қалпына келтіру институтын кемелдендіру үшін бірқатар шаралар кешені қажет. Біріншіден, аталған проблеманың заң аспектісі бар. Ол “Шаруашылық айналымнан шыққан жерлердің рекультивациясы мен қалпына келтіру туралы” арнайы заң актісін қабылдаумен байланысты. Екіншіден, жерлердің бұзылуына байланысты шығын көлемін анықтау әдісі жетілдіруді қажет етеді. Қайта қалпына келтіру шаралары тек жердің санатына ғана емес, сонымен қатар жалпы табиғат ландшавтісіне келген шығынды ескеруі тиіс.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге қатысты жеке меншік құқығы тиімді әсер ету үшін:

-       ауыл шаруашылық жерлерін жеке меншікке берудің құқықтық мехмнизмін жасау тиіс;

-       ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында жеке меншік құқығын шектеу жүйесін қалыптастыру;

-       жалға алынған жерлердің құқықтық режимін жеке меншік құқықтағы жерлердің режиміне жақындату, жалға алуды жеке меншік құқықты қайта рәсімдеудің жеңілдіктері мен негіздерін реттеу;

-       ауыл шаруашылық өндіріс субъектілерінің меншік құқығында немесе пайдаланудағы жерлердің шекті мөлшерін анықтау тәртібін реттейтін арнайы заңға сәйкес акт қабылдау қажет; жерге байланысты заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік шараларын қарастыратын нарықтық қатынастарға сәйкестендіру.

Жалпы Қазақстан Республикасының Жер кодексі тиімді болуы үшін аграрлық жер қатынастары саласында көптеген арнайы заңға сәйкес актілерді қабылдау қажеттігі туындап отыр.

Әдебиет:

Нормативтік құқықтық актілер:

1.      Қазақстан Республикасының Конституциясы. - 1995 жыл, 30 тамыз.

2.      Қазақстан Республикасының Жер кодексі. - 20 маусым 2003 жыл. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. 2003 жыл №13, 99 бет.

3.      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі. 30 қаңтар 2001 жыл. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. 2001 жыл №5-6, 24 бет.

4.    Архипов И.Г. Земельное право Республики Казахстан. Учебное пособие. - А., Юрист, 1999.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

мена, Кино, бар, дар, немес.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат. Похожие статьи.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

...(досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Выгодный и безопасный обмен WMZ на WMB | Статья в журнале...

Платежная система Вебмани появилась уже давно и не перестает динамично развиваться. Это универсальный сервис, который обеспечивает клиентов самыми современными услугами...

Школьный обмен как разновидность проектной деятельности при...

Школьный обмен сейчас очень популярен. Школьный обмен — это не туристическая поездка и не отпуск. Межкультурный обмен — это учебныйпроцесс.Школьники в группах с учителями...

Использование blockchain в банковской системе

Blockchain, однако, подходит не для всех ситуаций. Не все процессы требуют платежных систем, обмена между участниками, децентрализации или публичного хранения записей.

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

мена, Кино, бар, дар, немес.

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи.

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): немес, салат. Похожие статьи.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

...(досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Выгодный и безопасный обмен WMZ на WMB | Статья в журнале...

Платежная система Вебмани появилась уже давно и не перестает динамично развиваться. Это универсальный сервис, который обеспечивает клиентов самыми современными услугами...

Школьный обмен как разновидность проектной деятельности при...

Школьный обмен сейчас очень популярен. Школьный обмен — это не туристическая поездка и не отпуск. Межкультурный обмен — это учебныйпроцесс.Школьники в группах с учителями...

Использование blockchain в банковской системе

Blockchain, однако, подходит не для всех ситуаций. Не все процессы требуют платежных систем, обмена между участниками, децентрализации или публичного хранения записей.

Задать вопрос