Далалық арамсояу — карантиндік шөп | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №12 (459) март 2023 г.

Дата публикации: 28.03.2023

Статья просмотрена: 27 раз

Библиографическое описание:

Амренов, Н. А. Далалық арамсояу — карантиндік шөп / Н. А. Амренов, А. А. Закиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 12 (459). — С. 287-289. — URL: https://moluch.ru/archive/459/101055/ (дата обращения: 28.04.2024).



Мақалада авторлар Шығыс Қазақстан облысы аумағында (Бородулиха ауданы) карантиндік нысан — далалық арамсояудың дамуы мен таралуының фитосанитарлық жағдайына жүргізілген мониторинг бойынша нәтижелерді берген. Арамсояудың дамуының биологиялық ерекшеліктеріне тоқталған.

Кілт сөздер: карантиндік нысан, мониторинг, арамшөппен зақымдану.

В статье авторами представлены результаты по проведенному мониторингу фитосанитарного состояния развития и распространения карантинного объекта — полевой повилики на территории Восточно-Казахстанской области (Бородулихинский район). Остановились на биологических особенностях развития повилики.

Ключевые слова: карантинный объект, мониторинг, заражение сорняками.

Арамсояу Cuscuta S. P. — бір жылдық паразит шөп, Қазақстанның барлық жерінде таралған. Арамсоядың дамуы негізгі үш түрлі сатыдан тұрады: 1-тұқымнан өскен өскіндердін пайда болуы, 2-арамсояу өскіндерінін тұқымдағы коректік заттарды пайдаланып өсуі, 3-паразиттік өмір сүру кезеңі. 3 — ші кезең бірнеше бөлімнен тұрады: 1- түтіктердің пайда болуы, олардың басқа өсімдіктерге жабысып көректік заттарды соруы, 2 — арамсояу сабағының өсіп дамуы, 3 — шашақтану кезеңі, 4 — гүлдену, 5- тұқым беру.

Паразит шөп 200-ден астам ауыл шаруашылық дақылдарына зиянын тигізеді. Мысалы, далалық арамсояу басқан қант қызылшасы өнімінің 80 %-і, пияз-сәбіз-85 %; жоңышқа тұқым өнімдері 95 %-ке азаяды. Арамсояудың тұқымын жоңышқа тұқымынан ажырату қиын, осы себепті аоуар өндірушілердің көп өнімдері сатуға жарамсыз болып зиян шегіп отыр.

Арамсояудың зияндылығы мынада, олар мәдени дақылдардағы зат алмасуды бұзады, түтікше тамырлары арқылы мәдени дақылға жабысып, ондағы органикалық, органикалық емес заттарды сорып алып, дақылды әлсіретеді, біртіндеп дақыл өсуін тоқтатып, қурайды.

Зерттеудің мақсаты — далалық арамсояудың даму және таралу дәрежесін анықтау, экологиялық жағдайлардың далалық арамсояудың өсіп-өнуіне әсерін зерттеу (топырақ типтері, температура, топырақ ылғалдылығы, жарық т.б.).

Зерттеу әдістері

Арамсояудың мәдени дақылдарда өсіп-өну фенологиясын анықтау Балашовтың [1] әдістері бойынша, өнімді математикалық жолмен баптау Доспехов Б. А. [2] әдістемесі бойынша жүргізілді. Арамшөптер мен өнімді есептеу бүкіл одақтық өсімдік қорғау институты әдістерімен бойынша жүргізілді [3]. Арамсояудың тұқым қорын анықтау үшін, дақылдарды себер алдында топырақ қабаттарынан 0–10 және 10–20 см топырақ үлгісі алынды. Далалық арамсояу тұқымдарының тіршілік қасиеті мен өнгіштігі КОХ тостғаншасында анықталды. Әртүрлі терендіктен — 0: 1: 2: 3: 4: 5: 6 және 7 см арамсояу тұқымдарының өсіп шығуын тексеру үшін тәжрибелік ыдыстарда қойылды.

Ауыспалы егістікте гербицидтермен қатар агротехникалық шаралардың арамсояуды жоюдағы міндеті есептелінді. Ауаның және топырақтың температурасын, арамсояудың дақылға жабысу кезеңдерін бақылап отырдық.

Зерттеу нәтижелері

Арамсояу тұқымнан өседі, тарайды. Бір тұқымнан өскенде тұқымдағы қоректік заттарды пайдаланып 10–13 см биіктікке көтерілгеннен кейін, тұқымдағы қоректік зат бітеді. Арамсояу топырақпен байланысын жояды, осы кезде оның сабақтары шыркөбелек айналып, қасында басқа шөптер болса, соған жабысып шашақтану тамыршықтары арқылы қоректі заттарды жабысқан шөптерден сорып алып, өсіп-дами береді. Арамсояудың улық қасиеті гүлденген, тұқым пайда болған кезде көп болады. Осы кезде арамсояуда алколоид-кускутин және глюкозид, конвольвулин көптеп жинақталады. Арамсояу араласқан мал азығы шіри бастайды, өзінің бағалы нәрлілігін жоғалтады. Сонымен қатар, жануарлардың ауруына жол береді [4].

Жылудың далалық арамсояудың дәнінің өсіп-өнуіне әсерін зертхана жағдайында есептедік. Тұқымның 20 данасын тұрақты ылғалдылықта өсірдік. Арамсояудың ұзындығы 17 0 С гр 0,7 см, ал 27–32 0 С жылықта 6,2 см болды.

Ал ылғалдылықтың арамсояу тұқымына әсерін тексергенде, 60 және 80 % толық далалық сиымдылықта өсті. Бұл жағдайда арамсояу тұқымдары 60–62 және 70–73 %-ке өсті. Ал ылғалдылық 20 % болғанда тұқымның тек 5 %- ғана, ал топырақты 100 % қанықтырғанда арамсояу тұқымының өнгіштік қасиеті азайды.

Арамсояудың көгі жарықта жақсы өседі, ал көленкеде даму кезеңдерінде аздап өседі, көгінің салмағы аз болады, тұқым беру қаблеті азаяды.

Арамсояудың топырақ қабатында өнгіштік қасиеті 0–2 см тереңдікте (50,0–56,0 %) жеңіл топырақта және 0–1 см тереңдіктен (65,0–58,0 %) механикалық құрамы орташа топырақта болады.

Зертхана жағдайында болған нәтиже далалық жағдайда да болды.

Арамсояудың өсуі сәуірдің аяғында болады. Бұл кездерде ылғал (жауын-шашын) жылулық көбейе бастайды. Ал көпшілік тұқым мамыр айында жер бетіне шығады. Дала жағдайында арамсояудың өсуі 46 күнге созылады. Сондықтан арамсояумен күресуді мамыр айынан бастау керек.

Далалық арамсояудын өсуі қолайлы жылулық пен топырақта ылғал болған жағдайда орта есеппен 10–15 күнге созылады. Ал 25 0 С температура мен жоғары ылғалдылық жағдайында 10 күн ішінде арамсояудың сабақтарының ұзындығы 10 см-ге жетіп, 12-ші күні өсуін тоқтатты,жойылды. Арамсояудың тіршілік ету қаблеті 18–20 0 С жағдайында жақсы өсті. Арамсояудың өсу барысы 20-шы күні ұзындығы 7 см-ге жетті. Бірінші онкүндікте бір тәулікте ұзындығы 1–1,2 см өсіп отырды, ал 12-ші күні өсуі бәсеңдеді, 17–18-ші күні өсуі тоқталды, ал 20-шы күні толық жойылды.

Арамсояу ошақтарын анықтау бойынша мониторингтік тексерулер 2022 жылдың 4 шілдеде ауаның орташа тәуліктік температурасы +22,5°С және тиімді температура жиынтығы 1044,5°С кезінде жүргзілді.

Арамсояуды анықтау бойынша мониторингтік тексерулер елді мекендерде, жайылымдарда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерінде, автожолдар бойында және өзге де жерлерде жүргізілді. Аудан бойынша есепті күнге барлығы — 1800,0 га тексерілді, арамсояу таралған жерлер — 11,56 га, ал ошақтары жайылған жерлер — 4,66 га. Тексерулер 24.08.22 ж. аяқталды. 1 — ші суретте арамсояумен зақымданған қызылша егістігі көрсетілген.

Сур. 1. Арамсояумен зақымданған қызылша егістігі

Егістікті арамсояудан арылту үшін қолданылатын қажетті шаралар — агротехникалық шаралардың жиынтығын қолдану керек, яғни ауыспалы егістіктерді дұрыс қолдану, уақытында, сапалы жер өңдеу, тұқым себу мерзімі, дақылды күтіп баптау, тиімді гербицидпен бүрку болып табылады [5].

Әдебиет:

  1. Балашов Л. Л. Учет и наблюдения в полевых опытах в период вегетации. — Сельхозгиз. — М. 1959. — С.
  2. Доспехов Б. А. Методика полевого опыта. — М. «Колос». — 1985. 350 с.
  3. Методика и техника учета сорняков. — Научные труды НИИСХ юго-востока. — Вып. 26. — Саратов. — 1969. — С.
  4. Жарасов Ш. У., Бадаев Е. А., Баядилов К. О. Карантинные сорняки Казахстана. — Химический метод защиты растений: Состояние и перспективы повышения экологической безопасности. — Санкт-Петербург. — 2004. — С.113–115.
  5. Госсен Э. Ф., Баядилов К. Усовершенствование мер борьбы с горчаком ползучим //Наука — производству. — № 8. — 2004. — С.17–18.


Ключевые слова

мониторинг, карантиндік нысан, арамшөппен зақымдану
Задать вопрос