Оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы оқушылардың зейінін шоғырландыру, ақпаратты ұсыну қабілеттерін дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №10 (457) март 2023 г.

Дата публикации: 12.03.2023

Статья просмотрена: 50 раз

Библиографическое описание:

Рахым, Б. М. Оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы оқушылардың зейінін шоғырландыру, ақпаратты ұсыну қабілеттерін дамыту / Б. М. Рахым, Н. Ж. Кажкен. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 10 (457). — С. 260-262. — URL: https://moluch.ru/archive/457/100700/ (дата обращения: 30.04.2024).

Қазіргі технологиялар дамыған заманында күнделікті адам өмірінде сан түрлі ақпараттар көлемі шексіз келіп түсуде. Адамның осы ақпараттарды сүзгіден өткізіп арасынан өзіне қажеттісін таңдай алуы арнайы дағдыларды қажет етеді. Осы ретте адамның белгілі бір нысанға өз зейінін шоғырландыра алуы маңызды рөл атқарады. Адамның зейіні бір нысанға, бейнеге, оқиғаға немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Зерттеу нәтижелері Lesson study әдісі зейінді бір жерге тұрақтандыру, шоғырландыру арқылы адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, жан-жақты қарастырып, тез меңгере алатынын көрсетеді. Оқушы зейінін шоғырландыра алса, оқушылардың сабақ үлгерімі жақсарып, жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Кілтті сөздер: зерттеу, зейінін шоғырландыру, Lesson study

В эпоху современных технологий в повседневную жизнь человека поступает бесконечное количество различной информации. Способность человека фильтровать эту информацию и выбирать ту, которая ему нужна, требует специальных навыков. Немаловажную роль в этом играет способность человека сконцентрироваться на определенном объекте. Когда человек может дольше оставаться сосредоточенным на одном объекте, изображении, событии или одной работе, это называется постоянством внимания. Результаты исследования показывают, что, стабилизируя, концентрируя внимание на одном месте, метод Lesson study может глубоко понять, всесторонне рассмотреть и быстро освоить то, что делает человек. Когда учащийся может сосредоточиться, успеваемость учащихся улучшается, что позволяет им достигать высоких результатов.

Ключевые слова: исследование, концентрация внимания, Lesson study

Зейін — бұл адам назарының белгілі бір нысанға бағыттала тұрақтануы. Нақтырақ айтқанда, адамның өзін айнала қоршаған нысандарды саралай алуы, арасынан маңыздысын таңдай отыра, сол затқа бар ойын шоғырландыра алуы. Оқу процесін ұйымдастыруда зейіннің алатын орны ерекше. [1] Қазіргі уақыт талабына сай білім беру жүйесінде де күн сайын өзгерістер, жаңашылдықтар енгізілуде. Оқу құралдарының, оқу ақпараттарының көбейгені жақсы, дегенмен осының салдарынан оқушыларға түсетін жүктеменің де артып жатқанын ескеру қажет. Уақыт өте оқушы өз бетінше білім алуға дағдыланған, өз зейінін басқара алатын, сан алуан қажетті-қажетсіз ақпараттардың ішінен өзіне пайдалысын таңдай алатын тұлғаға айналуы шарт.

Оқыту үрдісінде оқушы назарын аудару мақсатында мұғалімдер әдетте түрлі көрнекіліктер, қызықты нәрсе, әдемі заттар, таңқаларлық тәжірибелер көрсетіп жатады. Оқушы көңілін аударту үшін сабақ материалдары тартымды, түрлі түске қанық, жаңа технологиялармен қамтылған болуы қажет. Сабақ барысында мұғалімнің тақырыпты түсіндірген уақытта сынып оқушылардың қаншалықты зейін қойып тыңдап отырғандарын бірден аңғаруға болады. Мысалы, физика пәнін оқытуда оқушы зейінін тұрақтандыруға байланысты мәселелер алғашқы оқу жылында басталатынын айтуға болады. Физика ғылымымен алғаш танысып, жаңа пән ретінде оқып жүрген оқушылар сабақ үстінде әр нәрсеге көңілдері бөлінеді. Себебі 7-сынып оқушыларының мінез-құлқы әлі де болса қалыптаспаған, ойлары ойында жүретін кездері. Бұл мәселе тек физика пәнін оқытуда ғана емес, басқа да информатика, дизайн, орыс тілі пәндерін оқытуда байқалған. Осы себепті, Астана қаласындағы халықаралық мектептің физика, информатика, дизайн, орыс тілі пән мұғалімдері Lesson study аясында зерттеу тобын құрып, мектептегі 7 «В» сыныбын зерттеу объектісі етіп таңдады. Кездесу барысында зерттеу тақырыбы ретінде, «Оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы оқушылардың зейінін шоғырландыру, ақпаратты ұсыну қабілеттерін дамыту» бекітілді. Таңдалған тақырыптың маңыздылығы зерттелетін сынып оқушыларының физика, информатика, дизайн, орыс тілі сабақтарында зейіндерін шоғырландыруда қиыншылықтар бар екендігімен түсіндіріледі: оқушылардың сабақ үстінде бөгде затқа алаңдауы, кейбір оқушылардың сабақтың соңына дейін отыруға шыдамдарының жетпеуі, тез жалығуы осының салдарынан оқу материалдарын толық меңгере алмауы, тақырыптарды түсінуде қиналуы, берілген тапсырмалардың толық орындалмауы.

Lesson Study әдісі сабақ үстіндегі оқушылар мен мұғалім іс-әрекеттерін зерттеу болып табылады. Кез келген сабақты зерттеудің мақсаты — оқушыға сапалы білім алуға жағдай жасау және мұғалімнің кәсіби дамуына қолдау көрсету. Зерттеуді ортақ мәселелерді іздестіруден бастадық. Зерттеу тобы құрылғаннан кейін, алғашқы отырыс болып зерттеу мақсаты, міндеттері талқыланды. Зерттеудің мақсаты белгіленді: сабақта оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың зейінін шоғыландыру және ақпараттарды ұсыну қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері ол:

— оқушылар зейіндерін бір жерге шоғырландыра алатындай жағдай жасау;

— зейінді тұрақтата алуға дағдыландыратын оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолдану;

— ақпараты ұсыну қабілетін дамытатын тәжірибемен қамтамасыз ету;

— әлеуетін ашуға жағдай жасау.

Мұғалімдердің сабақ кестесіне сәйкес жұмыс жоспарын құрып, әр біреуіміз үш сабақтан, қажет болған жағдайда төрт сабақ өткізуге шешім қабылданды. Сабақтарды бақылауға зерттеу тобының мұғалімдері ғана емес, тәжірибелі Lesson Study тренерлерінің қатысуын маңызды деп санадық. А, В, С оқушылары таңдалып, осылайша жұмыс тобы өз зерттеуін орыс тілі сабағынан бастап кетті. Бұл сабақты үш мұғалім бақылап, бағалау парақтарын толтырып, сабақтан кейін талқылап ойларымен бөлісті. Осы сияқты жоспарланған басқа да сабақтар өз ретімен өткізіліп, талданды.

Осылайша, Lesson study бойынша өткізілген әрбір сабақтан кейін сабақты бақылаған мұғалімдер және тренерлер жиналып, мынандай сұрақтар талқыланды:

Мұғалім сабақтың мақсатына жетті ма?

Lesson study бойынша сұраныс орындалды ма, яғни, білім алушылардың зейінін бір орынға шоғырландыра алды ма?

A, B, C оқушылары қандай талпыныс көрсетті?

Жалпы сыныптың сабаққа деген көзқарасы өзгерді ма?

Осы сұрақтарға жауап бергеннен соң мұғалімге кері байланыс берілді.

Мысалы, физика сабағын бақылау барысындағы тренердің ұсынысы мынадай болды: тақырыпты түсіндіруде IB бағдарламасы бойынша юнитке сәйкес таңдалған концепциялармен байланыстыру, IB бағдарламасының элементтерін сабаққа кірістірген дұрыс болады. Рефлексия жасаған уақытта IB бағдарламасындағы юнитке сәйкес құрастырылған деректі, концептуалды не пікірталас сұрақтарын қолдану арқылы сауалнама ретінде алуға кеңес берілді. Ал, информатика сабағында әрбір баланың қабылдау деңгейі және компьютермен жұмыс жасауы әртүрлі жылдамдықта болғандықтан, оқушыларды топтарға бөлігу және кеңес берілді. [2] Берілген әрбір кері байланысты келесі сабақтың жоспарын жасау барысында мұғалімдер ескере отырып жасады.

Информатика сабағында берілген кері байланыс арқылы оқушыларды топтарға деңгейлеп бөлінді. Мысалы: А оқушысы бірінші топта болса, В және С оқушылар басқа топта болды. Бұл оқушылардың қабілетін дамытуын зерттеудегі бір-біріне кедергі жасамау үшін жасалынды. Топтарда жұмыс жасау барысында оқушылар өзіне әртурлі рөлдерді бөліп алды. А оқушы топбасшы рөлін, себебі өзінің сол деңгейге қаншалықты лайықты екендігін дәлелдеу үшін қойылды. В оқушы топбасшы рөлі берілді, себебі жоғары көрсеткішке жете алады ма, өзін қаншалықты көрсете алады, соны зерттеу үшін қойылды.

С оқушыға көшбасшының көмекшісі рөлі берілді, себебі өзін жаңа қырынан қаншалықты көрсетеді, қаншалықты белсенді сабаққа қатысатыны бақылау үшін қойылды.

Зерттеу бойынша басты қиыншылықтар — оқушылардың зейінін бір орынға шоғырландыру, ақпаратты дұрыс ұсына алмауы, өз ойын толық жеткізе алмауы болды.

Зерттеу нәтижесінде А оқушы өзінің көшбасшылық қабілеттерін қолдана отырып, басқа оқушыларға көмек бере алатынын түсінді.

В оқушы зерттеу соңында өзін жаңа қырларынан танып, сабақ барысында басқа оқушыларға үлгі бола алатындығын түсініп, сабақта берілген әрбір мағлұматты зейін қоя қабылдауды үйренді.

С оқушы зерттеу нәтижесінде өте үлкен өзгерістерге ұшырап, өзінің сынып алдында мәртебесін көтеріп, әрбір сабақ өткен сайын сабаққа деген қызығушылығы артып, сабақта белсенді, сұрақтарға жауап беруге қысылмайтын, мұғалім сабақ түсіндіріп жатқанда және өзге сыныптастары сөйлеп жатқанда зер салып тыңдай алатын оқушыға айналды. Сынып алдында белгілі тақырыпты қорғау үшін презентация жасағанда мұқият және жауапкершілікпен қарайтын болды.

Жалпы зерттеу бізге оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы оқушылардың зейінін шоғырландыру, ақпаратты ұсыну қабілеттерін дамытуға болатындығын көрсетті.

Әдебиет:

  1. Пит Дадли. Сабақ зерттеу оқу құралы. — М.: Кембридж, 2011.
  2. Попова А. В. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың оқуға мотивациясын арттыру. — М.: Меридиан ғылыми-электрондық журнал, 2021.
Основные термины (генерируются автоматически): информатик, оса, способность человека, физик.

Ключевые слова

зерттеу, lesson study, зейінін шоғырландыру

Похожие статьи

Значение спорта и физической активности для людей...

Состояние человека с ограниченными возможностями здоровья приводит к стойким изменениям организма, появлению физических, социальных и психологических барьеров в достижении достойного уровня и качества жизни.

Сравнительный анализ функциональных возможностей...

В работе представлен сравнительный анализ основных функциональных возможностей систем обнаружения компьютерных атак (СОА), которые в настоящее время активно используются в рамках реализации процесса оценки состояния...

Взаимосвязь философии и информатики | Статья в журнале...

Авдеюк, О. А. Взаимосвязь философии и информатики / О. А. Авдеюк, А. А. Соловьев, Д. Н. Авдеюк.

И в начале XXI века это относится, в том числе, и к различным формам взаимодействия людей, их групп, целых сообществ с помощью информационных технологий.

Физические качества человека и необходимость их...

Сила — важное физическое качество человека. Напряжение в мышцах является измерителем силы. Сила мышечной массы включает в себя: размеры физиологического поперечника, морфологическую структуру мышечной ткани.

История развития вычислительной техники

Вычислительные аппараты, а также разного рода их конструкции использовались людьми на протяжении всего своего существования. Некоторые из них используются и в повседневной жизни сейчас, а некоторые затерялись в переулках времени.

Применение ИКТ как нового средства изучения физики...

компьютер, ИКТ, урок физики, возможность, дополнительная литература, предмет, средство изучения физики, средство обучения, учебная проблема, учебно-воспитательный процесс.

Сетевые атаки. Виды. Способы борьбы | Статья...

Современное общество уже не может обойтись без информационных технологий. Информационные технологии проникли во все сферы жизни человека. Их неотъемлемой частью является глобальная сеть Internet.

Адаптивное физическое воспитание детей с ограниченными...

Адаптивное физическое воспитание (образование) — вид адаптивной физической культуры, удовлетворяющий потребности человека с ограниченными возможностями здоровья в его подготовке к жизни, бытовой и трудовой деятельности, в формировании положительного...

Наука и личности: информатика в лицах | Статья в журнале...

Евтушенко, Е. В. Наука и личности: информатика в лицах / Е. В. Евтушенко, Е. В. Коняева.

Это актуально, если основополагающим принципом функционирования систем хозяйствования становится человек, и как главная цель (с точки зрения удовлетворения потребностей), и как...

Информационное общество и его основные черты

Информационное общество — качественно новый этап развития общественного развития. В его условиях рождается масса возможностей, он меняет образ жизни людей и общества в целом.

Задать вопрос