Әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асырудағы әсерін бағалау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №10 (457) март 2023 г.

Дата публикации: 09.03.2023

Статья просмотрена: 16 раз

Библиографическое описание:

Бекбергенова, Ж. Т. Әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асырудағы әсерін бағалау / Ж. Т. Бекбергенова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 10 (457). — С. 245-247. — URL: https://moluch.ru/archive/457/100578/ (дата обращения: 29.04.2024).

Мақалада қолданыстағы әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асыру технологиясы ретіндегі бағалау қарастырылған.

Кілтті сөздер: жастар саясаты, стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік ынталандыру, бағдарламалар.

В статье рассматривается оценка действующих социальных программ как технологии реализации молодежной политики.

Ключевые слова: молодежная политика, стратегическое планирование, социальная мотивация, программы.

Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясаты — бұл жас азаматтардың өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасау, сонымен қатар жастар қозғалысы мен бастамаларын қолдау жөніндегі шаралар жүйесі болып табылады.

Маңғыстау аймағындағы жастар саясатындағы маңызды міндеттерді тиімді коммуникативтік алаң болып табылатын жастардың әлеуметтік жобалары мен бағдарламалары болып табылады. Біріншіден, әлеуметтік жобаларды іске асыру үрдісінде жастардың бір-бірімен белсенді ынтымақтастығы жүреді, екіншіден, жастар мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп өткір мәселелерді шешуге белсенді қатысады. Алайда, жастарды қолдауға бағытталған бағдарламалардың мониторинг пен талдаудың нақты тетіктері жоқ, сондай — ақ бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асырудың ұзақ мерзімін ескере отырып, жастардың осы бағдарламалар мен әлеуметтік жобалардың бар екендігі туралы хабардар болу дәрежесін төмен деп санауға болады.

Сондай-ақ, жастар саясатын іске асыру және жастарды жан-жақты дамыту мәселелерінің бірі жастар жұмысы саласында білікті кәсіби кадрлардың жоқтығы болып табылады.

Бұл жерде «жастар жұмысы», «жастар қызметкері» терминдері жастар саясатының қалыптасуы мен іске асырылуын айқындайтын қандай да бір құжаттарда жоқ екенін атап өткен жөн. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, жастар саясатын сәтті жүзеге асыратын елдер «жастар саясаты» және «жастар жұмысы» ұғымдарын ұстанады. Бұл өте маңызды факт болып табылады. Қазақстанда «жастар саясаты» мен «жастар жұмысы» бір- біріне синонимдер болып табылады, бұл елдегі мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға теріс әсер етеді. Мысалы, елдегі жастар ресурстық орталықтарының болуы — жастардың әлеуетін дамыту үшін ең жақсы ресурстардың бірі және оны жастар 100 % пайдаланбайды. Жастар ресурстық орталықтары жастармен көптеген бағыттардың алдын — алу шараларына бағытталған бейресми жұмыстың шоғырлануы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта жастар ресурстық орталықтарындағы жастардың 4,7 % — ы ғана олардың жұмысы туралы хабардар және олардың сол орталықтарға жүгіну тәжірибесі де бар.

Осыған байланысты мемлекеттік жастар саясатын тұрақты жетілдіру маңызды, бұл оның проблемалық аспектілерін анықтамай мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы [1] қаулысымен қабылданған «Қазақстан 2020: Болашаққа жол» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы жастарды қолдаудың мемлекеттік шараларын және жастар арасында туындайтын қазіргі заманғы және өзекті проблемаларды көрсетеді. Сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері, оның ішінде жастар саясаты қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Осы стратегиялық жоспарлау құжатының ережелерін тиімді орындау мақсатында мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Елдің қолданыстағы мемлекеттік саясаты өз азаматтарын, оның ішінде жастарды әлеуметтік-экономикалық қолдауға жан-жақты бағытталған. Жастарды әлеуметтік ынталандыру бағыттары елдің одан әрі орнықты дамуының өзегі болып табылады және көп жағдайда оның болашағын айқындайды. Аталған бағыт 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның 3-бабының «Жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту» олардың міндеттерінде көрсетілген [2]. Қойылған міндеттерге сәйкес, қазіргі уақытта жастардың әл-ауқатын жақсарту үшін негізгі бағыттар бойынша ауқымды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар іске асырылуда:

— білімге қол жетімділікті кеңейту,

— әлеуметтік еңбек, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру,

— өмірлік дағдыларды дамыту (кесте 1).

Кесте 1

Жастарға арналған мемлекеттік жобалар мен бағдарламалар бағыттары бойынша

Ба ғыттар

Бағдарламалар

Білімге қол жетімділікті кеңейту

«Болашақ» халықаралық шәкіртақы

«Мәңгілік ел жастары-индустрияға!- «Серпін-2050»- Бағдарлама

«Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім»- Бағдарлама

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

Әлеуметтік еңбек

«Дипломмен ауылға!»

«Жасыл ел»

«Жастардың тәжірибесі»- Бағдарлама

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсыну

«Бизнестің жол картасы-2025»

«Жастар кадрлық резерві» жоба

Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру

«Бизнестің жол картасы-2025»

«Бастау бизнес» жоба

«Жас кәсіпкер»

Сонымын бірге, жобаны іске асыру және оның тиімділігі көбінесе жергілікті атқарушы органдардың орнатуына байланысты.

Мемлекеттік билік органдарының жастар саясатын іске асыру жөніндегі бірлескен жұмысы, Қазақстан жастарының жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Жаңғыртылған жастар жұмысы және оны ұйымдастыру үшін қажетті инфрақұрылымды жүйелі дамыту, жастар саясатының мақсаттарына неғұрлым тиімді қол жеткізуге көмектеседі [3].

Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамыту үрдістері және жастарды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары мемлекеттік институттар тарапынан жүйелі негізде, нақты қадамдардың салмақты және жоспарлы саясатын жүзеге асырып жатқанын көрсетті. Қазақстанда әлеуметтік бағдарламалар мен жобалардың айтарлықтай құқықтық базасы құрылды, олардың мақсаты жастарды дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау болды. Әрбір мемлекеттік бағдарлама жеке алынған салада, оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру, жастарды жұмыспен қамту, білім және ғылым, жастар кәсіпкерлігі және бастамаларды қолдау саласында нақты нәтижелерге бағытталған [4].

Жастардың әлеуметтік белсенділігін көтеруге ықпал ететін мынадай бағдарламалар әлеуметтік жағдайларды жақсартуға мүмкіндік берді:

— жастардың әлеуметтік бағдарламалардан хабардар болуын жақсарту;

— әлеуметтік жастар бағдарламаларын іске асырудың жаңа нысандарын енгізу;

— бюрократиялық рәсімдерді азайту;

— құндылық-нормативтік жүйені қалыптастыруды мемлекеттік деңгейде жастардың әлеуетін ашуға, олардың өзін-өзі танытуына және әлеуметтік маңызды бағыттарда белсенділлік танытуға бағытталған құндылықтарды идеологияландыру тетігін құру қажеттілігіне назар аударылады;

— бағыттарды белгілеу және әлеуметтік белсенділік көріністерін бақылау кезінде ресурстық талаптардың арақатынасын және субъект-объектілік қатынастарды үйлестіруді ескере отырып, жастар бағдарламаларын іске асыру үшін басым міндеттер ұсынылады [5].

Сонымен, жастарға арналған әлеуметтік бағдарламаларға өз әсерін тигізуде және 16–20 жас аралығындағы жастардың өсіп келе жатқан үлесінінің жоғары болуы, сондай-ақ осы жас шамасының басым болуы 2023 жылдан кейінгі жастар арасындағы топтарға арналған, әлеуметтік бағдарламалардың жастар саясатын жүзеге асыру технологиясы ретінде санын көбейтуді қажет етеді. Себебі, бұл жастардың мүдделерін қолдаудың шеңберінде өзекті мәселелерді шешудің инновациялық сценарийін дамытуды болжайды және қоғамның дамуы технологияландыру бойынша жұмысты жандандыру арқылы жастар әлеуметтік бағдарламалар арқылы дамуға мүмкіндік алады.

Әдебиет:

  1. Концепция государственной молодежной политики Республики Казахстан до 2020 года «Казахстан 2020: путь в будущее» от 27 февраля 2013 года № 191.
  2. http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000285.
  3. Пантелеева Т. С., Червякова Г. А. Экономические основы социальной работы. — М.: Владос, 2009. — 192 с. — С. 90.
  4. Баскакова Д. Ю. Социальная программа активизации молодёжи как базовая технология реализации молодёжной политики.Автореферат. Санкт-Петербург. 2017.22-стр.
  5. Әтемова Қ.Т.Әлеуметтік педагогика. Оқулық. –А.,2017,-272б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Казахстан, молодежная политика.

Ключевые слова

жастар саясаты, стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік ынталандыру, бағдарламалар

Похожие статьи

Патриотическое воспитание казахстанской молодежи: история...

Патриотическое воспитание молодежи — одно из направлений государственной молодежной политики Республики Казахстан на этапе переходного периода и на долговременную перспективу.

Реализация гендерной политики Республики Казахстан...

Библиографическое описание: Тленшина, Г. М. Реализация гендерной политики Республики Казахстан (на материалах Акмолинской области) / Г. М. Тленшина.

Гендерная политика — одна из важных составных демократического, светского развития Республики Казахстан.

Стратегия 2030–2050 гг. «Молодежь Казахстана и история...»

 Статья посвящена стратегиям развития «Казахстан 2030» и «Казахстан 2050». В Послании говорится о перспективе на будущее, дан анализ сложившейся ситуации, основные направления внутренней и внешней политики, особенности развития республики.

Социальная модернизация — веление времени | Статья в журнале...

Патриотическое воспитание молодежи — одно из направлений государственной молодежной политики Республики Казахстан на этапе. Любовь к родной земле продолжается в любви к Родине, забота о родной земле — в заботе о Родине», — отметил глава государства [5].

Президент Республики Казахстан Нурсултан Абишевич Назарбаев...

– укрепить среди молодежи верность к родине и готовности к защите своего государства. Огромный вклад в патриотическое воспитание внёс Нурсултан Абишевич Назарбаев, Президент Республики Казахстана: «Казахстан начал третье двенадцатилетние Независимости с...

Воспитание гражданственности, патриотизма и толерантности

 информационное обеспечение реализуемых мер в сфере государственной молодежной политики. Понимание важности гражданского и патриотического воспитания, а также воспитания толерантности — закономерный этап развития государственной молодежной политики.

Воспитание молодого поколения в вузе | Статья в сборнике...

законодательству Республики Казахстан, целям и основополагающим принципам педагогического института. Основополагающими нормативными документами считаются закон «об образовании РК», закон «о государственной молодежной политике РК», закон «о...

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Казахстан.

Осыған орай, гендерлік теңдікке қол жеткізу және гендерлік теңдік саясатын жасау әдістері мен жолдары сипатталады.

Шеденов У.К., Мухамеджанова А.Г. Социальная политика и человеческий капитал Республики Казахстан: теория и практика.

Қазіргі қазақ жастарының бойында патриоттық сезім байқалады ма?

мена, патриот. Похожие статьи. Подлинный и мнимый патриотизм | Статья в журнале...

Задать вопрос