Түркістан қаласында туризм саласының дамуы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 18 мая, печатный экземпляр отправим 22 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №47 (442) ноябрь 2022 г.

Дата публикации: 30.11.2022

Статья просмотрена: 983 раза

Библиографическое описание:

Абдирахман, А. А. Түркістан қаласында туризм саласының дамуы / А. А. Абдирахман, Г. Р. Момбекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 47 (442). — С. 528-532. — URL: https://moluch.ru/archive/442/96707/ (дата обращения: 07.05.2024).

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы Түркістан қаласының туризм саласының дамуының қазіргі жағдайы 2018–2021 жылдар аралығы бойынша Түркістан қаласына келген туристер саны, туризм саласында жұмыспен қамтылған халық саны, туризм саласына тартылған инвестиция мөлшері секілді көрсеткіштердің динамикасын анықтау арқылы талданған. Және Түркістан қаласының туризм саласына SWOT-талдау жасалған.

Кілтті сөздер: туризм саласы, Түркістан қаласы, SWOT-талдау.

В данной статье проанализировано современное состояние развития сферы туризма города Туркестан в Республике Казахстан путем определения динамики таких показателей, как количество туристов, приехавших в город Туркестан, численность занятых в туристической сфере объем инвестиций в туристическую сферу за период 2018–2021 гг. А также был проведен SWOT-анализ туристической отрасли Туркестана.

Ключевые слова: индустрия туризма, город Туркестан, SWOT-анализ.

Қазақстан Республикасы — тиімді географиялық және геосаяси жағдайға, табиғи рекреациялық ресурстарға, әлемдік мәдени және тарихи мұра объектілеріне, жаңа туристік өнімдерді дамыту әлеуетіне және әлемнің туризм картасында ойып тұрып орын алатындай алғышарттарға ие мемлекет.

Ұлттық экономиканы әртараптандыру үшін туризмді дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, соңғы 10 жылда Қазақстанда туризм саласына үлкен көңіл бөлінді. Мәселен, 2017 жылы Үкімет Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын, ал 2019 жылы Қазақстан Республикасының туризм индустриясын дамытудың 2019–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Жоғарыда аталған бағдарламалар аясында еліміздің инвестициялық тартымдылығы жер телімдерін беру тәртібін жеңілдету, жаңа қолдау құралдарын енгізу, Туризм картасының ТОП-10 өңірінің объектілерін инженерлік-техникалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз етіледі. Осы аймақтар туризмді дамытудың ең перспективалы аймақтары болып белгіленді [1].

Қазақстан Республикасында туризм саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасына сәйкес Түркістан облысы «Ұлы Жібек жолын жаңғырту» кластеріне енгізілген. Кластердің негізгі нысаны Түркістан қаласы болып табылады. Облысқа туристер ағыны жылдан жылға артып келеді. Өңірдің басты мақтанышы мен жәдігері — түркі әлемінің рухани астанасы — бай тарихы мен болашағы зор Түркістан қаласы. Қала Ұлы Жібек жолының дәл ортасында орналасқан.

Бүгінде облыста құрылыс қарқынды жүріп жатыр: ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде, инфрақұрылым қарқынды дамып, сауда саласы дамып келеді. Облыс үлкен мүмкіндіктерге ие аймақ ретінде танылды. Расында да, облыстың экономикалық даму әлеуеті зор.

Қазіргі таңда облыста шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция тарту, экспортты ұлғайту, туристік әлеуетті ауқымды іске асыру сияқты төрт маңызды бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде [2].

Сур. 1. Түркістан облысындағы жұмыс жүргізіліп жатқан 4 бағыт. Ескерту — [2] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

Түркістан қаласында қазіргі таңда туризм саласы қолға алынған. Туризмнің біршама түрлерін дамыту барысында жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан дәл қазір туризм саласының Түркістан қаласында қандай күшті жақтары, әлсіз тұстары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін — SWOT-талдаумен арқылы анықтап көрейік.

Сур. 2. Түркістан қаласының туризм саласына SWOT-талдау. Ескерту — [3] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

2-суретте Тұркістан қаласының туризм саласына SWOT-талдау жасалған. Суретте көрсетілген қаланың туризм саласын дамытудың күшті тұстары мен мүмкіндіктерін салыстырып, қалада тағы да дамытуға болатын туризм түрлерін атап өтуге болады.

Түркістанда туризм саласын дамытудың күшті жақтары мен мүмкіндіктерін салыстыра отырып, туризм саласының «өсу нүктелері» бола алатын туризмнің негізгі түрлерін атап өтуге болады. Қазіргі таңда қалада дамтылып жатқан қажылық және мәдени-танымдық туризмнен басқа экологиялық туризм мен спорттық туризмнің әлеуеті бар екенін анықтауға болады. Сонымен қатар, қалада іскерлік туризмді дамытудың әлеуеті жоғары. Түркістан қаласының туризм саласының әлсіз жақтары мен қауіп-қатерлерін анықтап, екеуін салыстыра отырып, заңнамалық база, кадрлық, инвестициялық әлеует және туризм саласының инфрақұрылымы облыста бар мүмкіндіктерді толық көлемде іске асыруға мүмкіндік бермейді деген қорытынды жасауға болады.

2019 жылы «Түркістан облысының туризмін дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы» әзірленген болатын. Сол тұжырымдама негізінде облыстың, соның ішінде Түркістан қаласының туризм саласындағы бірқатар мәселелері көрсетілген болатын. Солардың бірі — туризм индустриясында кәсіби даярланған кадрлардың жетіспеушілігі, салааралық ынтымақтастықтың әлсіз жүйесі, туризм инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы, баға мен қызмет сапасының сәйкес келмеуі. Және сол тұжырымдамада осы проблемалар шешілетін болса, келесідей нәтижелер күтіледі делінген:

– Жалпы өңірлік өнімді қалыптастыруға туризмнің үлесі артады;

– Туризмнен түсетін кірістер өседі;

– Облысқа туристер ағыны артады;

– Жұмыс орындарының орны артады;

– Туризм саласына инвестиция артады;

– Қонақ үй, көлік және мейрамхана бизнесі, туристік-ойын сауық, спорттық-сауықтыру кешендері мен іскерлік орталықтар дамитын болады [3].

Түркістан қаласында туризм саласының дамуын талдау үшін жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер негізінде қазіргі жағдайын 2018–2021 жылдар аралығында қарап көрейік. Кестеде көрсеткіштер 2018 жылдан бастап алынды, себебі Түркістан облысы өз алдына дербес облыс ретінде 2017 жылы ғана бөлінген болатын.

1-кесте

Көрсеткіш

2018

2019

2020

2021

Қазақстан ЖІӨ, млн тг

61 819 536,4

69 532 626,5

70 649 033,2

83 951 587,9

Түркістан өңірлік өнім, млн тг

1 659 958,8

2 016 120,7

2 384 159,3

2 808 045,6

Динамика, %

-

121,46

118,25

117,78

Үлесі, %

2,69

2,9

3,37

3,34

Ескерту — [4] әдебиет негізінде автормен құрастырылған.

1-кестеде Қазақстанның ЖІӨ және Түркістан облысының жалпы өңірлік өнімі 2018–2022 жылдар бойынша және Түркістан облысының жалпы республиканың ЖІӨ-де қанша үлесін алып жатқандығы көрсетілген. Кестеден Қазақстан Республикасының ЖІӨ жыл сайын өскенін, сәйкесінше Түркістан қаласының да жалпы өңірлік өнімі көбейгені байқалады.

Ал енді Қазақстан Республикасының ЖІӨ-дегі туризм саласының үлесін қарап көрейік.

2-кесте

Көрсеткіш

2018

2019

2020

2021

Қазақстан ЖІӨ, млн тг

61 819 536,4

69 532 626,5

70 649 033,2

83 951 587,9

Туризм саласының үлесі, %

5,7

5,6

6,2

6,2

Динамикасы, %

95

98,2

110,7

100

Ескерту — [4] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

2-кестеден Қазақстан Республикасының ЖІӨ-дегі туризм саласының үлесін көре аламыз. Жалпы елімізде туризм саласының ЖІӨ-дегі үлесі 5–6 % аралығын құрайды. Бірақ, 2019 жылы 2018 жылға, 2018 жылы алдыңғы 2017 жылға қарағанда туризм саласының үлесінің төмендегенін байқауға болады. 2019 жылы «ҚР туризм саласын дамытудың 2019–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жасақталды. Бұл бағдарламаның мақсаты — ҚР ЖІӨ жалпы көлемінде 2025 жылға қарай туризмнің үлесін кемінде 8 %-ға жеткізу. Сол бағдарламадан кейін туризмнің үлесі 2020 жылы 110,7 %-ға артқанын байқауға болады. Бірақ, 2021 жылы туризм үлесі артпады. Бұған себеп — 2019 жылы бастау алған коронавирус пандемиясы. Елімізде 2020 жылдың наурызынан бастап карантиндік жағдай енгізілген соң, елдің туристік орындарына туристердің келу мүмкіндігі азайған болатын.

Енді Түркістанның жалпы өңірлік өнімінде туризм саласының үлесінің жағдайын қарастырып көрсек.

3-кесте

Көрсеткіш

2018

2019

2020

2021

Орналастыру орындары көрсететін қызметтердің көлемі, млн тг

-

1 840

1 290

3 850

Динамика, %

-

-

70,11

298,45

Ескерту — [3] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

3-кестеден Түркістан қаласының туризм саласында орналастыру орындары көрсететін қызмет бойынша түсетін түсімдер көрсетілген. 2020 жылы ең аз көрсеткіш көрсетеді, 2019 жылға қарағанда 30 %-ға жуық төмендеген. Ал 2021 жылы 2020 жылға қарағанда 3 есеге жуық артқаны байқалады.

4-кесте

Көрсеткіш

2018

2019

2020

2021

Түркістан қаласына орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны, адам

-

174 404

103 747

206 398

Динамикасы, %

-

-

59,5

198,9

Түркістан қаласы келген туристер (резиденттер), адам

-

-

102 512

205 047

Динамика, %

-

-

-

200,022

Түркістан қаласы келген туристер (резиденттер емес), адам

-

-

1 235

1 351

Динамика, %

-

-

-

109,4

Ескерту — [3] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

4-кестеден Түркістан қаласында орналастыру орындары бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны көрсетілген. 2018 жылға мәлімет жоқ, бірақ 2020 жылы 2019 жылға қарағанда келушілер саны 2 есеге жуық азайғаны көрініп тұр. Жоғарыда атап өткендей, бұған себеп — карантиндік режим. Ал 2021 жылы 2019 жылға қарағанда келушілер саны 198,9 %-ға дейін артқаны, яғни 2 есеге дейін артқаны байқалады. Себебі, 2017 жылы Түркістан өз алдына дербес облыс болып бөлінген соң, қалада туризмді дамыту қолға алынды. Көптеген туристік орындар, нысандар, ғимараттар салынды. Соның ішінде ең көп инвестиция құйылғаны — Орта Азияда аналогы жоқ Керуен сарай кешені. Кешен дәл 2021 жылдың сәуір айында ашылған болатын. Сол себепті туристерді тартуда үлкен рөл атқарып, осы жылы келген туристер саны да артқаны байқалады.

Осы жылдар бойынша келген туристер ішінде резидент еместерге қарағанда резиденттердің үлесі көп екені байқалады. Резидент емес тұлғалар 2021 жылы небәрі 1351 адамды ғана құрап отыр. Бірақ, алдыңғы 2020 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш біршама өскен.

5-кесте

Көрсеткіш

2018

2019

2020

2021

Түркістан қаласы туризм саласында жұмыспен қамтылған халық, адам

-

16 682

14 282

18 059

Динамика, %

-

-

85,6

126,45

Ескерту — [3] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

5-кестеден Түркістан қаласы бойынша туризм саласында жұмыспен қамтылған халық саны көрсеткен. Кестеден жұмыспен қамтылған халықтың 2020 жылы азайғаны көрініп тұр. Бұған да себеп коронавирус пандемиясы болып отыр, пандемия кезінде көптеген жұмыс орындары жабылып қалып, өз жұмысын жалғастыра алмай қалды. Ал 2021 жылы 2020 жылға қарағанда туризм саласында жұмыс істейтіндердің саны едәуір артқанын байқауға болады.

6-кесте

Көрсеткіш

2018

2019

2020

2021

Түркістан қаласы туризм саласындағы негізгі капиталға тартылған инвестиция, млрд тг

-

20,88

132,03

101,97

Динамика, %

-

-

632,33

77,23

Ескерту — [3] әдебиет негізінде автормен құрастырылған

6-кесте Түркістан қаласына туризм саласындағы негізге капиталға тартылған инвестиция сомасын көрсетеді. 2020 жылы 2019 жылға қарағанда тартылған инвестиция мөлшері 6,3 есе артқанын байқауға болады. Дәл осы жылы атап өткен Керуен Сарай кешеніне инвестиция тартылған болатын. Ал 2021 жылы бұл кешеннің құрылысы аяқталған соң, тартылған инвестиция мөлшері де азайған. Бірақ, соған қарамастан 2019 жылға қарағанда 2021 жылғы инвестиция мөлшері едәуір көп.

Түркістан қаласында туризм саласын дамытуға баса назар аударып, қолға алғалы бері көптеген жоғары дәрежедегі қонақ үйлер, ойын-сауық орталықтары, мейрамхана бизнесі де дамып келеді. Соңғы жылдары қалада туристерге қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін Rixos Turkestan, Boutique Hotel Silkway, Hampton by Hilton, Ramada by Wyndham Turkestan, Khaganate Hotel секілді жоғары дәрежедегі қонақүйлер, Khanshaiym Plaza сауда және ойын-сауық орталығы және 5 жұлдызды қонақ үй, отбасылық ойын-сауық орталығын, сауда орталығын және түрлі шоу-бағдарламаларды қамтитын Karavansaray туристік кешені жұмыс жасауда.

Түркістан қаласында қазіргі таңда туризм саласы алдыңғы жылдағы көрсеткіштерге қарағанда жақсы қарқынмен дамуда. Мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетіліп, туристердің қолайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін туристік инфрақұрылым да жақсаруда. Алайда, даму қарқыны жақсы болғанымен, әлде де еліміздің басқа қалаларымен, шектесіп жатқан өзге елдердің Түркістан қаласымен әлеуеті деңгейлес қалалармен бәсекеге қабілетті болуы керек. Көріп отырғанымыздай, қалаға туристер ағыны артқаны байқалғанымен, тек ел ішіндегі ішкі туристер басым. Қаламызға келетін шетелдік туристердің мөлшері өте аз мөлшерді құрауда. Болашақта бәсекеге қабілетті туризм орталығы болу үшін бұл көрсеткіштің артуы өте маңызды болып табылады.

Әдебиет:

  1. Постановление Правительства Республики Казахстан, № 360, Об утверждении Государственной программы развития туристской отрасли Республики Казахстан на 2019–2015 годы. 31 мая, 2019.
  2. Tokbergenova U. A., Sarsebayeva A. M. THE LEVEL OF TOURISM POTENTIAL OF THE TURKESTAN REGION //Экономикалық сериясы. — С. 100.
  3. Түркістан облысының туризм басқармасы. https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-turizm?lang=kk
  4. ҚР Ұлттық статистика комитеті. https://www.stat.gov.kz/
Основные термины (генерируются автоматически): туризм, THE, инвестиция, мена, сан, Туркестан, LEVEL, POTENTIAL, REGION, туристическая сфера.

Ключевые слова

туризм саласы, Түркістан қаласы, SWOT-талдау

Похожие статьи

Тhe tourism potential of uzbekistan and the main directions of the...

Uzbekistan's tourism potential and its development are provided by the state. In this regard, the public policy is developed and its main areas have been adopted. That is, the important role of the state in the development of the tourism sector, the tourism sector has been regulated by the following features

Туристический потенциал и проблемы развития туризма...

Кроме этого, у страны есть основа для формирования материальной базы туризма [7,8,9,10

Так, по предварительной оценке, в 2014г. валовая добавленная стоимость в сфере туризма

В Стратегии развития страны для развития туристической индустрии были поставленные

– создание деловой для привлечения инвестиций как внутренних, так и зарубежных, в очередь...

Значение туристических ресурсов в развитии туризма

Библиографическое описание: Абрамян, М. А. Значение туристических ресурсов в развитии туризма / М. А. Абрамян.

В статье представлены туристические ресурсы, как составные компоненты, “потенциала развития туризма” и способствующие рзавитию туризма факторы.

Потенциал и перспективы развития туризма в Узбекистане

 Эта статья посвящена вопросам оценки потенциала и перспектив развития туристской отрасли в Узбекистане, которая основана на узбекском гостеприимстве и высоком качестве предоставления туристских услуг в совокупности с государственной поддержкой этой сферы.

Отечественный и зарубежный опыт привлечения инвестиций...

Библиографическое описание: Авдеева, Е. А. Отечественный и зарубежный опыт привлечения инвестиций в туристскую сферу на местном уровне / Е. А. Авдеева.

 Инвестирование в сферу туризма может быть как частным, так и государственным.

Роль местного сообщества в развитии туризма | Статья в журнале...

Следовательно, государственная политика Узбекистана в развитии туризма характеризуется провозглашением данной отрасли одним из приоритетных отраслей развития экономики и создает благоприятные всевозможные условия для туристической деятельности.

Туризмді дамытудың негізгі бағыттары мен туризмнің...

...казахстанский участок, культура, туризм, туркестан, лучший бренд мирового уровня, Всемирная туристская

Туристская услуга — совокупность целенаправленных действий в сфере обслуживания

Ердавлетов С.Р., Назарчук М.К., Кораблев В.А. Мифы и реальность казахстанского туризма.

Туристический потенциал и проблемы развития туризма...

Влияние индустрии туризма на экономику страны...

Туризм как сфера хозяйственной деятельности имеет огромное значение и ряд характерных

Международный туризм оказывает мощное воздействие на занятость населения.

6. характеризуется высоким уровнем эффективности и быстрой окупаемостью инвестиций

Ключевые слова: туризм, туристические услуги, мировой рынок туристических услуг...

Туристский потенциал территории и его маркетинговая оценка

В статье представлены основные подходы к определению туристского потенциала, его структуры и его маркетинговая оценка.

Список экспертов включил в себя экспертов в области туризма, а именно менеджеров туристических фирм, специалиста по маркетингу и менеджера...

Задать вопрос