ХVІІ ғасырдағы француз абсолютизмі туралы қоғамдық ойдың қалыптасуының алғышарттары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №13 (408) апрель 2022 г.

Дата публикации: 04.04.2022

Статья просмотрена: 232 раза

Библиографическое описание:

Жорыкбаева, Ф. Б. ХVІІ ғасырдағы француз абсолютизмі туралы қоғамдық ойдың қалыптасуының алғышарттары / Ф. Б. Жорыкбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 13 (408). — С. 325-329. — URL: https://moluch.ru/archive/408/89988/ (дата обращения: 30.04.2024).



ХVІІ ғасырдағы француз абсолютизмі туралы қоғамдық ойдың қалыптасуының алғышарттары

Ф. Жорыкбаева, 2-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.дғ, профессор Жұмағұлов Қ.Т.

Әл — Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан, Алматы қ.

E — mail: fakon2306@mail.ru

ХVІ — ХVІІ ғасырларда Еуропада абсолютизм идеологиясын қалыптастыру үдерісі жүрді. Француз ойшылдары мемлекетті басқарудың озық теорияларын ұсынды.Абсолютизмді ұлықтау, тиранизммен күресу қоғамды саяси партиялардың құрылуына жол ашты. Мақалада XVІІ ғасырдағы Франциядағы қоғамдық — саяси ойдың дамуының негізгі кезеңдері көрсетілген. Француз абсолютизмінің идеялық негіздері, Францияның Еуропа елдерінің саясатындағы гегемониялық рөлінің теориясы туралы сипатталған.

Кілт сөздер: Монтень, Боден. Сюлли, Ришелье, Людовик XIV, абсолютизм, гегемония,«Саяси өсиет».

F. Zhorykbayeva

Al — Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty

E — mail: fakon2306@mail.ru

Prerequisites for the formation of public opinion about French absolutism in the 17th century

In the XVI — XVII centuries in Europe there was a process of formation of the ideology of absolutism. French thinkers proposed advanced theories of governing the state. The glorification of absolutism, the fight against tyranny led to the formation of political parties in society. The article describes the main stages of development of socio-political thought in France in the XVII century. The ideological foundations of French absolutism, the theory of the hegemonic role of France in the politics of European countries are described.

Keywords: Montaigne, Boden, Sully, Richelieu, Louis XIV, Absolutism, Hegemony, The Political Testament.

Ф. Жорыкбаева

Казахский национальный университет имени аль — Фараби, Казахстан, г. Алматы,

E — mail: fakon2306@mail.ru

Предпосылки формирования общественного мнения о французском абсолютизме в XVII веке

В XVI — XVII веках в Европе шел процесс формирования идеологии абсолютизма. Французские мыслители предлагали передовые теории управления государством. Прославление абсолютизма, борьба с тиранией привели к образованию в обществе политических партий. В статье описаны основные этапы развития общественно-политической мысли во Франции в XVII веке. Описаны идеологические основы французского абсолютизма, теория гегемонистской роли Франции в политике европейских стран.

Ключевые слова: Монтень, Боден, Салли, Ришелье, Людовик XIV, абсолютизм, гегемония, Политическое завещание.

Әлемдік саясатта өз үстемдігiн нығайтуға деген ұмтылыс Францияда қоғамдық — саяси ойдың қалыптасуына негіз салды. Корольдік биліктің нығаюы, француз монархиясының құдіреттілігі туралы идеологияның қалыптасуы Францияның Еуропа елдеріне қатысты саясаттағы жетекші рөлін айқындауға мүмкіндік берді. Еуропада мемлекеттердің қарым — қатынасының жаңа принциптерінің туындауына халықаралық қатынастардағы конфессионалдық факторлардың әлсіреуі себеп болды. Діни қақтығыстар екінші орынға ысырылып, алдыңғы қатарға колониалдық саясатта байлыққа кенелу, лидерлікке ұмтылу үдерісі шықты және бұл халықаралық қатынастың ең маңызды бөлігіне айналды.

ХVІІ ғасырдың ІІ жартысында Еуропа мемлекеттерінің саяси жүйесіндегі Францияның орнын айқындау, үстемдік жағдайына жетудің құралдары, тәсілдері мен жолдарын қарастыру, бұл істегі монархтың тұлғалық рөлі, сыртқы саясаттың зиянды әсерінің мемлекеттің ішкі жүйесіне ықпалы мәселелері қарастырылды.

ХVІ — ХVІІ ғасырларда француз абсолютизмінің қалыптасып, нығаюы қоғамдық ойдың дамуына жол ашты. 1560–1598 жылдардaғы Франциядағы азамат соғысы билік басындағылар мен бағыныштылардың арасындағы келісімнің бұзылуына және саяси ілімнің дамуына жол ашты. Бұл келіспеушілікті жоюдың жолдарын іздестіру, билік жүргізудің оңтайлы үлгісін табуға деген ұмтылыс Францияда саяси теориялардың пайда болуының негізін қалады. Діни соғыс барысында Францияда қоғамдық ойдың екі негізгі ағымы қалыптасты: тирандық жүйеге қарсы күресуші және абсолютизмді жақтаушы теориялар. Тиранизмге қарсылық білдірушілердің көзқарастары Ф.Отман, дю Плесси Морнэ, И.Жантийе шығармаларымен мазмұндас еді. Бұл теорияның үздік идеясы (егеменді мемлекет құру), кейін «феодализмнің ретроспекциясы — сословие өкілдерін қорғау, дворяндықты идеалдандыру» мазмұнында болып, Ағартушылык дәуірінде көрыніс берді. Ұзақ мерзімге созылған азамат соғысы қоғамда дінге төзіммен қарау және бейбітшілікті сақтаудың қажеттілігі жөніндегі идеялардың қалыптасуына жол салды.

Монархтың абсолютті билігін шектеу, оны сословиелік өкілдіктің көмегімен бақылау туралы идея «ескі формаға жаңа мазмұнды енгізу әрекетін» білдірді және мазмұны бойынша «архаикалық форманы қалпына келтіруді» сипаттады [1].

Францияда азаматтық коғамның қалыптасып, сақталуына кепілдік беруші жалғыз күш — корольдік билік болатын. Абсолюттік монархияны нығайту туралы теория «саясаткерлер» партиясының негізгі идеологиясына айналды. Қанцлер Мишель де Л’Опиталдың көзқарасы партияның бағдарламасының мазмұнымен үйлесті, атап айтқанда азамат соғысын тоқтату, бейбітшілікті қамтамасыз ету, төзімділік және ар — ұждан бостандығын енгізу, орталық билік пен саяси бостандықты күшейту [2]. Сонымен қатар ол мінсіз мемлекет туралы теория қалыптастырып, билік пен заңның арақатынасын қарастырды, сословие проблемасын зерттеді. Бұл ойлар «саясаткерлер» партиясының басқа теоретик өкілдері Э.Пакье мен Л.Ларуаның енбектерінде жетілдірілді.

«Саясаткерлер» партиясының идеясын одан әрі дамыткан француз философы М. де Монтень болатын. Ол өз көзқарасын «Тәжірибе» шығармасында негіздеді [3]. Монтень үшін монархия — ең жоғарғы саяси биліктің іске асуы, оның басты міндеті — халықтың әл-ауқаты немесе ұлтты құтқару. Бұл қызметтер бірі-бірімен байланыса отырып, абсолюттік монархиялық биліктің табиғатына айқындайды. Философ «монархия — саяси биліктің жүзеге асырылуының ең жоғарғы сатысы, оның ең бірінші міндеті халық игілігі болуы тиіс, мемлекет билеушісі құрметке тек адамгершілік қасиетінің арқасында қол жеткізеді» деп есептеді. «Біз билеушіге бағынуға міндеттіміз, бірақ оны жақсы көру және құрметтеу оның жасаған істеріне байланысты болмақ» [4].

Монтеннің мінсіз мемлекет билеушісі даналық, мейірімділік, әділдік секілді қасиеттерге ие тұлға. «Кімде — кім халык ықыласы мен даңқына бөленудің жолын іздесе, сол өзге державалық жолдастарынан алда болады» [5]. Фиолософтың көзқарасында король билігі адам кызығатындай дәреже емес, керісінше ауыр міндеткерлік пен зор жауапкершілік жүктейтін жұмыс, монархтың билігі халыққа тәуелді және жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттеріне байланысты болмақ. Монтеннің бұл тезистері монархты қоғамдық тәртіпті сақтаушы ретінде көрген «саясаткерлердің» идеяларына жақын болып келеді.

Абсолютизмнің саяси доктринасының жүйелі қалыптасуы Жан Боден есімімен тығыз байланысты. «Республика туралы алты кiтап» енбегінде автор мемлекеттік басқарудың ең үздік формасы ретінде монархиялық билікті көрсетеді. Монархиялық басқаруды жүзеге асырудың құралы ретінде егемендік концепциясын ұсынады. Концепцияға сәйкес мемлекеттің ең негізгі белгісі ретінде егемендік қарастырылды. Мемлекеттің егемендігі табиғат пен Құдай заңынан басқа ешқандай заңға, билікке, уақытқа бағынбайтын, абсолютті, тұрақты, жоғарғы билік түрі [6]. Мемлекеттегі басқару формасын анықтауда ойшыл мына пікірді жазды: «мемлекетке баға бермес бұрын, республикадағы тәуелсіз билік кімге тиесілі екенін көру қажет. Егер билік монархтың қолында болса, ол монархия, халыққа тиесілі болса — демократия, халықтың аз бөлігіне тиесілі болса — аристократия деп есептеуге болады» [7]. Боденнің тұжырымынша «дұрыс кұрылымдалған мемлекетте билік бір адамға тиесілі болуы керек» [8]. «Егеменді биліктің маңызды белгісінің бірі» заң шығарушы функциясының жұмыс істеуі болып табылады [9]. Мемлекеттің саяси тұрғыдан тәуелсіз болуы корольдің заң шығару қызметімен байланысты емес, оның билігі шектеулі. Монархтың барлығына құқығы бар, одан жоғары тек Құдай тұрады, алайда монархтын өз бағыныштыларының жеке меншігіне қол сұғуына құкығы жоқ. Боденнің қоғам туралы теориясы тиранизммен күресушілердің концепциясына қайшы келді. Ол корольдін тәуелсіздігі мен заңдық билікті бөлінбейтін біртұтас жүйе ретінде көрсетіп, сословиелік өкілдіктің мүддесін eскермeді.

Боденнің абсолютизм туралы теориясы ХVІІ ғасырдағы ойшылдардың еңбектеріне фундаменталды сипат берді [10]. Абсолютизмді жақтаушылар «Құдайдың қалауымен корольдік пайда болды» деген теорияны қалыптастыруға күш жұмсады. Бұл көзқарастарды мына тезистен көруге болады: «Монархияны Құдай бeкіткен, корольге билік Құдайдан келген, әлем үшін Құдай қандай дәрежеде болса, корольде мемлекет үшін сондай дәрежеде. Монархтың билігі — корольдіктегі тәртіп пен үйлесімділіктің кепілі, барлығы корольге бағынуы керек, кімде — кім карсылық көрсетсе, құдайлық тәртіпке қарсы келеді» [11].

Француз монаррхтары абсолютизмді нығайта отырып, Еуропада француз гегемониясын орнатуға мүдделі екендіктерін мәлімдеді. Бірінші министр герцог Сюлли король Генрих IV «Ұлы ойлар» мемуарын жарыққа шығарды. Министр Францияның христиан әлеміне бакылау орнатуды армандады, ол үшін Австрияның куатын әлсіретіп, Габсбургтер әулетін биліктен кетіру қажеттілігі, Германия, Италия, Нидерландыдағы иеліктерінен айырып, Испанияны ғана қалдыру жеткілікті. Сюллидің бұл ұсынысы еуропалық тәртіпті орнатудағы алғышшарт іспеттес болды. Мемлекет қайраткерінің ойынша Еуропа мемлекетерінін санын 15 — ке дейін қысқарту кереқ. «Жаңарған» Еуропада тқрт республика — Белгия, Италия, Швейцария, Венеция, алты мұрагер монархия — Ломабрдия, Франция, Англиия, Швеция, Дания, Франция, бес сайланбалы монархия болуы қажет. Христиан қауымдастығына Папа, Ерекше Кеңес және Министр (ол француз өкілінен тағайындалуы маңызды) [12]. Осылайша, христиан әлемінің бірлігіне қол жеткізуді басты мақсат етіп жариялай отырып, Сулли сонымен қатар Еуропа мемлекеттері жүйесінде Францияның ерекше рөлін алға тартады.

XVII ғасырдың бірінші жартысында француз монархтарының «империялық арманын» жүзеге асыруға деген ұмтылысын көрсететін француз саяси әдебиетінің ағымдарының бірі кең етек алды. Алайда Г.Зеллер дәлелдегендей «императорлық арман» империялық тәж кию француз корольдерінің сыртқы саяси қызметінде ешқашан басымдыққа ие болған емес. Соған қарамастан «императорлық» ағым қалай болғанда да ХVІІ ғасырдағы барлық француз саяси әдебиеттерінде көрініс берді.

Көптеген жұмыстардың ішінде ең танымалы — Людовик XIII бұйрығымен «корольдің көптеген мемлекеттерге, герцогтерге, округтерге, қалалар мен жерлерге құқықтары.».. [13] туралы зерттеу жүргізген Жак Кассанның жұмыстары мен Антуан Оберидің «Біздің корольдердің өкілеттілігі және олардың Испания императоры мен королінен артықшылығы туралы» (1649), «Корольдің империяға әділ талаптары» (1667) кітаптары танымалдылыққа ие болды [14].

Бұл еңбектердегі айтылған ойлардың мәнін А.Оберидің: «...біздің корольдер Германияның бірден — бір заңды императорлары болып қала береді» деген сөзімен аңғаруға болады [15].

Француз гегемониясына қатысты үздік ой «Француз империясының саяси идеялары» деген авторы беймәлім қолжазбада жарияланды. Автор туындысын кардинал Ришельеге бағыттап, француз империясының территориясын былай бөлді: шығыс — Левант, оңтүстік — Гибралтар, батыс — Ұлы Мұхит, оңтүстік — Московия [16]. Яғни француз саяси ілімінде екі түрлі бағыт аңғарылды. Бірінші Қасиетті Рим империясы билеушісінің тәжін иемдену арқылы христиандық әлемге бақылау орнату, екіншісі — Францияның аумағын көрші мемлекеттер есебінен ұлғайту.

ХVІІ ғасырдың екінші жартысында Франциядағы қоғамдық — саяси ойдың дамуындағы негізгі бағыт — абсолютизм туралы идеяны бекіту болатын. Абсолютизмнің теориясы мен практикасы бір саяси тұлғаның қайраткeрлігінде көрініс берді. Кардинал Ришельенің идеялық мұрасы «Саяси өсиет» осының нақты мысалы болып табылады. «Саяси өсиет» шығармасы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде сословиелік құрылыс пен әкімшілік аппарат қызметі баяндалып, кардинал мемлекет қайраткерінің моральдік сипатына жоғары талаптар қойса, екінші бөлімде ішкі — сыртқы саясат, мемлекетті басқаруға арналған жалпы ұстанымдар көрініс тапқан. «Саяси өсиеттің» саяси бөлімінде монархтың ұлылық деңгейіне жету жолдары берілген. Ришелье «билеуші өзінің бағыныштылары мен жатжерліктердің құрмeтіне бөлену үшін, күшті болуға тиіс» деген тұжырым жасай отырып, оған жетудін жолдарын ұсынады. «Билеуші өзінің даңқын асқақтата білуі керек, әскерінің құрметіне бөленуі маңызды, ал әскерлер король даңқын өз өмірлерінен де жоғары қоя білуі керек» [17].

Абсолюттік туралы идеяны өмірде жүзеге асырған саяси қайраткер ретінде Ришелье үшін оның абсолюттік Францияның Еуропада алатын орнын білу маңыздырақ еді. Сондықтан кардинал Ришельенің саяси теориясы мен практикасының маңызды бөлігі «корольдің ұлылығы» мен «корольдің өкілеттілігі» проблемасы болатын.

«Саяси өсиеттің» соңғы бөлімінде монархтың өзінің және тәжінің өкілеттілігіне қол жеткізуге арналған нұсқаулық іспетті жолдарды көреміз. «Мемлекет билеушісі өз бағыныштылары мен жатжерліктердің алдында құрметке бөлену үшін күшті болу керек» екенін дәлелдей отырып, Ришелье бұл күштің құрылымын ары қарай аша түседі. Билеушілерге даңқ керек, оның әскерлері құрметтемейтіндерден гөрі өз атымен көбірек әрекет етеді. Олар өз өмірлерін емес, король даңқын сақтауы керек».

Монарх пен оның патшалығының күш — қуатының қажетті шарты — бұл жақсы нығайтылған кезде «жауды мемлекетке қарсы кез келген әрекет жасау ниетінен айыруға немесе, кем дегенде, олардың шабуылдарын тоқтатуға қабілетті «шекара бекінісі», егер олар ашық шабуыл жасайтындай батыл болса.».. [18].

Дегенмен, «әлемдегі ең қуатты мемлекет кез келген уақытта өзін күтпеген шабуылдан немесе басқа да күтпеген оқиғадан қорғай алмаса, кепілдік берілген тыныштықпен мақтана алмайды». Осыдан келіп «мемлекеттің құрлықтағы әскерлері болуы тиіс» деген қажеттілік туындайды.

Кардинал Ришелье шекаралық қалаларды қорғау және жалпы алғанда, «күтпеген ниеттерге» қарсы тұру үшін төрт мың атты әскер мен қырық мың жаяу әскерді үнемі ұстауды талап ететіндігін болжады. Сондай — ақ, қажет болған кезде Францияның мүддесін қорғай алатын мың дворяндарды атты әскерге және бес мың текті адамды жаяу әскерге алу да тиімді болар еді.

Мемлекет қуаттылығының қажетті шартының бірі «теңіз күшінің» болуы. «Теңіз — барлық әміршілер іздейтін барлық мұралардың ең күштісі, бірақ әрқайсысының құқығы қай дәрежеде екені анық емес». Күшті флоттың болуы басқа елдердің және атап айтқанда «Сұлтан мен оның қол астындағылардың» құрметінің кепілі [19].

Ришелье бірінші министр бола тұрып, сыртқы саясаттағы табыстың кілті елдегі тұрақтылық екенін түсінді. Күшті армия мен флотты қолдау айтарлықтай қаржылық әлеуетті талап етеді, сондықтан «Саяси өсиеттің» бірнеше тарауы сауданы дамыту қажеттілігін негіздеуге (бір мезгілде мемлекеттің теңіз күшіне байланысты) және қаржыны оңтайландыруға арналған («алтын мен күміс мемлекеттің негізгі және қажетті күші»).

Ришелье сыртқы саясаттың табысты болса, мемлекет ішінде тұрақтылыққа кепілдік беруге болатынан түсінді. «Саяси өсиеттің» бірнеше бөлімдері қаржыны реттеу функциялары мен сауда жүйесін дамыту мәселелеріне арналды, себебі күшті армия мен флотты ұстау күрделі қаржыны талап етті [20].

Монархиялық биліктің табиғаты жөніндегі дәстүрлі түсінікке сәйкeс Ришелье былай жазды: «Кемел мемлекеттің бірінші негізі — Құдай патшалығын орнату». «Барлық билік Құдайдан келеді, ал кез келген билік — Құдай билігінің көрінісі» [21]. «Мемлекет басқарушысының негізгі мақсаты — қоғамдық игілікті қамтамасыз ету» [22].

Ришельенің мынадай танымал пікірі бар: «күш кімнің жағында болса, сол адамдікі дұрыс» [23].

Францияның мақсаты өзге гегемонияға ұмтылушы елдерге кедергі келтіру, еуропалық саясатта өз қуатын көрсету болды. Бұл мемлекетте абсолютизмді нығайтумен байланысты дамыды. Ришелье үшін ең маңызды мәселе абсолютті Францияның Еуропада гегемонияға қол жеткізуі болатын. Сол сeбепті кардинал «корольдің ұлылығы мен өкілеттілігі» мәселесіне ерекше назар аударды.

Ришельенін идеясын жүзегe асырған француз королі Людовик ХІV болды. Өз шығармаларында мемлекет және оның функциялары, монархиялық биліктің міндеттері бойынша жеке тұжырымын негіздеді. Людовик ХІV саяси көзқарастарының қалыптасуына ағылшын философы Гоббстың енбектері, француз құқықтық — саяси мектептерінің дәстүрлі идеялары әсер еткені анық. Людовиктін мемуарларынан монарх билігінің құдайлық сипаты туралы кездестіруге болады: «Құдай корольгe тек адами билік беріп қоймай, құдайлық күш — қуаттың жартысын тарту етті. Біз корольдер — Құдайдың жердегі өкіліміз. Билік ешкімнің араласуынсыз монархқа Құдайдан тікелей беріледі». Людовик ХІV — тің ойынша «корольдар қарапайым халықтан ерeкше». «Король билігі Құдайдан бастау алады, корольге бағынбау Құдайға бағынбау. Монарх билікті Құдайдан алған, есепті тек соған береді. Құдай — корольдің жалғыз соты. Біздің бағыныштылармыз тарапынан көрсетілетін мойынұсыну және құрмет, олардың тарапынан сый ретінде қарастырылмайды, бірақ олар бізден қорғаныс пен құқықты күтеді. Олар бізді қалай ұлықтаса, бізде оларды солай қорғау керекпіз. Бағыныштылардың міндеткерліктерімен салыстырғанда біз оларға міндетіміз. Бағынушы біздің талапты орындамаса, оның орнын мыңдаған адам алмастырады, ал билеушінің орнын тек билеуші ғана алмастырады». Бұдан шығатын корытынды король өз бағынушыларынан абсолютті бағыну мен құрметті талап етуге құқылы, бірақ ол бағыныштыларының биліктен күткен нәрсесін орындауы тиіс» [24].

Людовик ХІV билік мұрагердің емес, бағынушының мүддесіне байланысты орнайтынын жоққа шығармады. Ол «қоғамдық игілік жеке қызығушылықтарды қанағаттандыру керек», «мемлекет мүддесі бірінші орында тұру керек», — деп жазды [25]. Бұл туралы 1704 жылы Людовик XIV испан патшайымына жазған хатында атап өтті: «Біз сияқты адамдар адами дау — дамайдан жоғары көтеріліп, өз мүдделерімізбен әрқашан бағыныштыларымыздың мүдделеріне сәйкес әрекет ету керекпіз» [26].

Людовик ХІV — тің «Мемлекет — мен» деген белгілі ұстанымы корольдің өз жеке мүддесін мемлекет мүддесінен бөліп қарастырмағандығының нақты дәлелі. Француз монархиясы доктринасының идеясы — мемлекет игілігі үшін жасалған жұмыс мұрагер үшін де тиімді. Людовик ХІV корольдің міндетіне шекараны қорғау кызметін жатқызды. Монарх өз елінің аумақтық тұтастығын және қауіпсіздігін сақтауға міндетті. Дегенмен Ұлы король қорғаныс саясатын енгізумен шектелмей, мемлекет аумағын кеңейтуі тиіс. «Жерді кеңейту — бұл билеуші үшін лайықты және жағымды iс — әрекeт» [27].

«Мемлекет — мен» деген аңызға айналған Людовик XIV — тің мұндай ой — толғамдары мен сөз тіркестері көптеген зерттеушілердің оның өз мүддесі мен мемлекет мүддесін бірге қарастырған тұлға деген тұжырым жасауына әкелді. Француз монархиясының дәстүрлі доктринасы билеушінің өзі басқаратын қоғамның жоғары мүдделеріне қызмет ету жолына өз өмірін арнағаны дәлел бола отырып, мемлекетке пайдалының бәрі мұрагер үшін пайдалы деген идеяға негізделген. Луиден қалған теориялық мұраны талдау корольдің билеуші ​​мен оның қол астындағы адамдар арасындағы қарым — қатынас принципін дәл осылай түсінуді жақтаушы болғанын көрсетеді.

Людовик XIV қоғамдық игілікке қол жеткізу монархтың бірінші кезектегі міндеті деп есептеді, әсіресе монархия осы мағынада басқарудың ең тиімді нысаны болып табылады. Биліктің ешбір басқа нысаны мемлекет пен билеушінің мүдделерінің мұндай бірлігіне монархия сияқты жол бермейді, мұнда король өз патшалығының гүлденуіне мүдделі: мемлекетке қамқорлық жасай отырып, ол өзін қорғай алады. Өз іс — әрекетінде қоғамдық игілікке жету идеясын басшылыққа алу билеушінің жалғыз міндеті емес. Людовик XIV монарх, әсіресе «нағыз христиан» да «христиандық мүдделерін» қорғауға міндетті және сонымен қатар оны өз мүдделерінен жоғары қоюға міндетті екенін айтты. Корольдің негізгі міндеттерінің ішінде Людовик XIV корольдікті жаулардан қорғауды және француз тәжінің қадір — қасиетін сақтауды ерекше атап өтті: «Патшалықтың ішінде мүмкіндігінше өз билігімді қуаттау. Оның сыртында мен өз тәжімнің беделі мен қадір-қасиетіне кез келген мүмкіндікте қамқорлық жасауды ұмытпадым» [28].

Монарх өз елінің аумақтық тұтастығын сақтауға, оның шекарасының қауіпсіздігіне қамқорлық жасауға міндетті. Алайда Ұлы Патша тек қорғаныс саясатын жүргізумен ғана шектелмейді. Ол өз мемлекетінің шекарасын кеңейтуі керек, жер алу — «егемендік үшін ең лайықты және ең жағымды кәсіп». «Соғысты тым жақсы көретінін» мойындаған Людовик XIV билеуші басқа амалдардың бәрі таусылған жағдайда ​​өз мақсатына жету үшін осы жолды ұстана алатынын меңзеді. Франциядағы монархиялық биліктің табиғаты туралы негіздеп және оны абсолютті деп анықтай отырып, Людовик XIV абсолютизм билеушінің озбырлығын білдірмейді, оның мәні бөлінбейтін корольдік билікте, өйткені ең болмағанда заң тұрғысынан, король өз функцияларын орындауды бір немесе бірнеше адамға тапсыра алады.

Людовик ХІV Франциядағы абсолютті монархиялық билікті сипаттай отырып, абсолютизмнін мәні король мен биліктің біртұтастығы, құқықтық тұрғыдан бағыныштыларына тыйым салуында», — деп жазған [29]. Король «Құдай сыйлаған билік оның қолында болу керек. Корольден басқа ешкім мемлекетті дұрыс билей алмайды», деген пікірде болды. Корольдін принципі өзі билік еткен жылдары тәжірибеде нақты көрініс берді.

ХVІ — ХVІІ ғасырлардағы француз қоғамдық ойларының саяси бағыты алғашында абсолюттік идеяларды нығайтуға багытталса, ал кейіннен француз мемлекеттiлігінің «қуаттылығы» мен «ұлылығы» туралы концепцияға ұласып, Француз билеушілерінің идеологиясына айналды. Людовик ХVІ басқаруы кезінде Еуропалық саясатта Франция жетекші елгe айналды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Эльфонд И. Я. Тираноборцы. — Саратов,1991. — С.126–127
  2. Политические учения Эпохи Возрождения и Реформации/Пер.И. Я. Эльфонд. — Саратов, 1991. — С.8–9
  3. Монтень М. Опыты. — М., 1991.- С.347
  4. Там же. — С.21
  5. Там же. — С. 496
  6. Bodin J. Six livres de la republique. — Paris, 1583. — P.132
  7. Там же. P.251
  8. Там же. — P.708
  9. Там же. — P.223
  10. Thuau E. Raison dEtat et pensee politique a lepoque de Richelieu. — Paris, 1966. — P.15
  11. Mousnier R. Les concepts. — P.305
  12. Sully M. Memories de Maximilien de Bethune6 duc de Sully, principal ministre Henri le Grand. — Liege,1788. — P.207
  13. Cassan J.de. Les recherches des droits du roi et de la couronne de France. Paris, 1643
  14. Aubery A. De la preeminence de nos rois et de leur preseance sur lempereur et le roi d Espagne. — Paris, 1649; Justes pretentions du Roi sur l Empire. — Paris. 1667
  15. Thuau E. Raison dEtat et pensee politique a lepoque de Richelieu. — Paris, 1966. — P.293
  16. Там же. — P.289
  17. Richelieu A. Testament politique. — Paris, 1947. — P.90
  18. Там же. — P.376
  19. Там же. — P.376
  20. Там же. — P.412
  21. Weber H. Richelieu theoricien politique. — P.,1987. — P.60
  22. Richelieu A. Testament politique. — Paris, 1947. — P.330
  23. Там же. — P.380
  24. Thireau J. Les idees politiques de Louis XIV. — P., 1973. — P. 47
  25. Memories de Louis XIV. — P.159
  26. Letter de Louis XIV au marquis Villars, 1688//Euvre. — T IV. — P.7
  27. Thireau J. Les idees politiques de Louis XIV. — P., 1973. — P. 98
  28. Там же. — P.53
  29. Там же. — P.159
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Француз, король, ришелье, абсолютизм, армия мен, Италия, кардинал, Саратов, французский абсолютизм.


Похожие статьи

Основные тенденции развития французского королевского двора...

Кардинал всеми силами поддерживает короля в его противостоянии «давлению матери», а

Поворотным моментом в вопросе жизни двора стали смерть Ришелье и Людовика XIII и

Таким образом, французский королевский двор на всем протяжении его существования представлял...

Два поколения слуг в пьесе А. П. Чехова «Вишнёвый сад»...

...(Савельич и Пётр Гринёв в «Капитанской дочке» А. С. Пушкина), слуга может отражать сущность характера господина (Захар в романе И. А. Гончарова «Обломов»), слуга может оказаться предателем (Макбет, из одноимённой пьесы У. Шекспира, убивает короля...

Роль финансистов в годы Великой отечественной войны

На сайте Минобороны, открытом в честь столетия финансово-экономической службы Вооружённых сил, также указывается список нововведений, характерных для финансовой политики времен Великой Отечественной войны

Структурная и параметрическая идентификация котельного...

В данной статье рассмотрен водогрейный котел как многомерный объект управления. В соответствии с технологическим процессом определены входные и выходные параметры объекта. Построена математическая модель многомерного, многосвязного объекта в виде...

Практическое занятие на тему «План Маршалла» | Молодой ученый

Расчеты французского экономиста А. Клода свидетельствуют, что общая стоимость разрушений, произведенных в ходе войны в

Франция — местная коммунистическая партия имела серьезное влияние на политику. Коммунисты получили более 30 % в правительстве де...

Политическая история Франции во второй половине XV...

Согласно утверждениям исследователя, автор «Мемуаров» сторонник абсолютной монархии и оппозиционер феодального сепаратизма.

Главное противостояние во второй половине XV в. происходило между Французским королём Людовиком и Бургундским герцогом Карлом.

Қайта Өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар | Статья в журнале...

Мемлекеттің мәнін ашу мәселесі француз ойшылы, абсолютизмнің көрнекті өкілі Жан Боденнің (1530-1596) [5] еңбектерінде жалғасын тапты.

Кейін монарх абсолюттік билігінің мәнін француз королі Людовик ХІV мына сөзбен ашып бергендей: Мемлекет - бұл мен.

Роль и влияние «Декамерона» Боккаччо на формирование...

В частности, автор использовал французские фаблио, литературу древних греков и римлян, а в результате создал новеллу, которую поднял до уровня формирующейся гуманистической идеологии. Автор в ходе своего литературного эксперимента коренным образом изменил...

Похожие статьи

Основные тенденции развития французского королевского двора...

Кардинал всеми силами поддерживает короля в его противостоянии «давлению матери», а

Поворотным моментом в вопросе жизни двора стали смерть Ришелье и Людовика XIII и

Таким образом, французский королевский двор на всем протяжении его существования представлял...

Два поколения слуг в пьесе А. П. Чехова «Вишнёвый сад»...

...(Савельич и Пётр Гринёв в «Капитанской дочке» А. С. Пушкина), слуга может отражать сущность характера господина (Захар в романе И. А. Гончарова «Обломов»), слуга может оказаться предателем (Макбет, из одноимённой пьесы У. Шекспира, убивает короля...

Роль финансистов в годы Великой отечественной войны

На сайте Минобороны, открытом в честь столетия финансово-экономической службы Вооружённых сил, также указывается список нововведений, характерных для финансовой политики времен Великой Отечественной войны

Структурная и параметрическая идентификация котельного...

В данной статье рассмотрен водогрейный котел как многомерный объект управления. В соответствии с технологическим процессом определены входные и выходные параметры объекта. Построена математическая модель многомерного, многосвязного объекта в виде...

Практическое занятие на тему «План Маршалла» | Молодой ученый

Расчеты французского экономиста А. Клода свидетельствуют, что общая стоимость разрушений, произведенных в ходе войны в

Франция — местная коммунистическая партия имела серьезное влияние на политику. Коммунисты получили более 30 % в правительстве де...

Политическая история Франции во второй половине XV...

Согласно утверждениям исследователя, автор «Мемуаров» сторонник абсолютной монархии и оппозиционер феодального сепаратизма.

Главное противостояние во второй половине XV в. происходило между Французским королём Людовиком и Бургундским герцогом Карлом.

Қайта Өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар | Статья в журнале...

Мемлекеттің мәнін ашу мәселесі француз ойшылы, абсолютизмнің көрнекті өкілі Жан Боденнің (1530-1596) [5] еңбектерінде жалғасын тапты.

Кейін монарх абсолюттік билігінің мәнін француз королі Людовик ХІV мына сөзбен ашып бергендей: Мемлекет - бұл мен.

Роль и влияние «Декамерона» Боккаччо на формирование...

В частности, автор использовал французские фаблио, литературу древних греков и римлян, а в результате создал новеллу, которую поднял до уровня формирующейся гуманистической идеологии. Автор в ходе своего литературного эксперимента коренным образом изменил...

Задать вопрос