Қазақстанның Маңғыстау облысының білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №13 (408) апрель 2022 г.

Дата публикации: 31.03.2022

Статья просмотрена: 23 раза

Библиографическое описание:

Кошжанов, С. К. Қазақстанның Маңғыстау облысының білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету / С. К. Кошжанов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 13 (408). — С. 331-332. — URL: https://moluch.ru/archive/408/89818/ (дата обращения: 29.04.2024).

Тұрғын үйге қолжетімділік халықтың әл-ауқатының ағымдағы деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Мақалада Қазақстанның тұрғын үй саясатын іске асырудағы мемлекеттік бағдарламалардың бағыттары қарастырыла отырып, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларындағы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне назар аударылады.

Кілт сөздер: тұрғын үй, тұрғын үй саясаты, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары, қолжетімді тұрғын үй

Доступность жилья является одним из основных показателей текущего уровня благосостояния населения. В статье рассматриваются направления государственных программ в реализации жилищной политики Казахстана, акцентируется внимание на вопросах обеспечения жильем в сфере здравоохранения, образования и культуры.

Ключевые слова: жилье, жилищная политика, государственные жилищные программы, доступное жилье

Тұрғын үй мәселесін шешу — әрбір елдегі мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып табылады. Тұрғын үйге қол жетімділік адам өмірінің маңызды негіздерінің бірі бола отырып, халықтың әл-ауқатының деңгейінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Мәселен, БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттары, елдер алдына 2030 жылға қарай барлығының тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ету міндеті қойылды [1].

Мемлекет тұрғын үй нарығының тиімсіз жұмыс істейтін бөлігін, соның ішінде тұрғын үйге мұқтаж адамдарға түрлі тетіктер немесе құралдар арқылы қолдау көрсетуді реттеуге арналған. Бұл ретте, тұрғын үй саясаты нарықтың даму деңгейіне және халықтың әл-ауқатына сәйкес өзектендіріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй құқығы Конституцияда көзделген [2].

Қазақстан Үкіметі халықтың қандай да бір себептермен мемлекеттік қолдауды қажет ететін жіктерінің тұрғын үйге қолжетімділігін кеңейту арқылы осы көрсеткішті жақсарту бойынша бірқатар шараларды іске асыруда.

2017 жылдан бастап елімізде бір мезгілде бірнеше тұрғын үй бағдарламалары іске асырылуда. Сонымен қатар, бұл бағдарламалардың барлығы дерлік «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасынан бастау алып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

Бағдарламалар санының артуы мемлекет үшін әлеуметтік мәселелерді шешетін тұрғын үй саясатының сапалы жұмысының маңыздылығын көрсетеді. Егер бұрын тұрғын үйдің қолжетімділігі тұрғын үй құрылысы арқылы қамтамасыз етілсе, соңғы жылдары баламалы жолдарды іздестіру маңызды болып табылады. Құрылыс саласын кеңейтуді ынталандырудың және ел халқының кең ауқымын тартудың әртүрлі тетіктері алдыңғы қатарға шығарыла бастады.

Тұрғын үй саясатын іске асыру процесін жаңғырту бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын іріктеу тетігіне де әсер етті.

2019 жылы халықтың табысы бойынша тұрғын үйге қолжетімділік сатылары енгізілді.Табысы бар тұлғалар:

— отбасының бір мүшесіне тиісті жылға бір ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін, сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйге үміткер бола алады;

— отбасының бір мүшесіне тиісті жылға 2 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейін, 2 пайыздық мөлшерлемемен кредиттік тұрғын үйге үміткер бола алады («Бақытты отбасы» бағдарламасы»);

— отбасының бір мүшесіне тиісті жылға 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейін, 5 пайыздық мөлшерлемемен кредиттік тұрғын үйге үміткер бола алады («5–20–25» бағдарламасы»);

— отбасының бір мүшесіне тиісті жылға 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейінен жоғары 7 пайыздық мөлшерлемемен кредиттік тұрғын үйге үміткер бола алады («7–20–25» бағдарламасы»);

— —тиісті жылға отбасының бір мүшесіне шаққанда 5 ең төмен күнкөріс деңгейінен жоғары, бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы нарықтық өнімдерді («Баспана-хит», «Орда», «Өз үйім») пайдалана алады [3].

Жоғарыда келтірілген мемлекеттік бағдарламаның бағыттарына сүйене отырып, Қазақстанның тұрғын үй саясаты халықтың әлеуметтік осал топтары, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиеленетін отбасылар сияқты белгілі бір адамдардың әлеуметтік жағдайын қолдауға бағытталғанын атап өтуге болады. Сонымен қатар, мемлекет 29 жасқа дейінгі азаматтардың санатын –Республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейтін жастарды бөлек бөледі. Оларға сатып алу құқығынсыз 5 жыл мерзімге жалға берілетін тұрғын үй беріледі.

Жоғарыда аталған тетіктер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған, ипотекалық қарызға қызмет көрсету үшін белгілі бір кірісі бар, сондай-ақ тұрғын үй жинақтарының салымы болған кезде халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтарына тұрғын үй сатып алуға арналған.

Осы орайда еліміздің кейбір әлеуметтік салаларында тұрғын үй қолжетімділігі толық қамтамасыз етілмей ішінара шешімін тауып келеді. Мәселен қазіргі таңда еліміздің бірқатар өңірлерінде атап айтсам Маңғыстау облысында мұғалімдер мен дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Өңірдің білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелерінде аталған саладағы мамандарға деген қажеттілік бар.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша денсаулық сақтау саласына 300 ден астам, білім беру саласына 100 ден астам, ал мәдениет саласында 40 тан астам маман жетіспеушілігі байқалып отыр. Осы салаларға білікті мамандарды тарту үшін де бірден бір әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу талап етіледі.

Жоғарыда аталып өткен мәселелерді шешу үшін 2020 жылы Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арасында «Нұрлы жер»мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді өткізу туралы келісімге қол қойылды. 2020 жылы аталған тетік бойынша тұрғын үйді іске асыруды бастау үшін білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне 58 пәтер, ал 2021 жылы 50 пәтер қарастырылған.

Алайда, қабылданған шаралар мұғалімдер мен дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.

Қорытындылай келе, жалпы Қазақстанда тұрғын үй мәселесі өзекті болып қала береді деп айтуға болады. Әрине, республика азаматтары оның ішінде ел жастары тұрғын үй сатып алуда мемлекеттік қолдауға мұқтаж. Алайда, халық табысының шектеулілігі тұрғын үйді қамтамасыз ету шаралары бойынша мемлекеттің бағдарламалық мақсаттарына қол жеткізуді тежеуші фактор болып табылады.

Әдебиет:

  1. БҰҰ Тұрақты даму саласындағы мақсаттары. https://www.un.org/sustainabledevelopment/ru/sustainable-development-goals/.
  2. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конститутциясы, 25-бап. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_.
  3. «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020–2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1900001054
Основные термины (генерируются автоматически): бола.

Ключевые слова

тұрғын үй, тұрғын үй саясаты, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары, қолжетімді тұрғын үй

Похожие статьи

Бола ҳуқуқларини ҳимоялаш хусусида | Статья в журнале...

Калит сўзлар: бола ҳуқуқи, тарихий тараққиёт, бола тушунчаси. В статье описаны юридические и исторические источники защиты прав детей. Ключевые слова: права ребенка, историческое...

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғамдағы рөлі

Отбасындағы дәстүрлі құндылықтар жүйесі жаңа сипатқа ие бола бастады. Отбасының рөлі төмендеп, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасында дағдарыстар көбеюде.

Мәңгілік ел – елдің болашағы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание: Жусупбекова, М. К. Мәңгілік ел – елдің болашағы / М. К. Жусупбекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.2 (109.2).

Tarbiya va shaxsning shakllanishi | Статья в журнале...

Bola maktabga kelishi bilan ulardan xayotiy faoliyatida jiddiy nomutanosiblik boshlanadi. Bu ulardan jismi xotirasi, diqqat e’tibori, fikrlash qobiliyati va boshqa xususiyatlariga talab va ta’sirning ortib...

Oilada bolalarda kitobxonlikni shakllantirish omillari | Статья в журнале...

Buyuk bobokalonlarimiz ham bola tarbiyasida kitobning o`rni henihoya katta ekanligini, uni tafakkurning tolmas qanoti sifatida inson ma`naviy olamini boyitishi, yuksak ijodiy va yaratuvchalik vositasi sifatida...

Bolalarni ilk yoshida xorijiy tillarni o’rgatishda ta’limiy o’yinlarning...

Bu davrda bola tillarni tushunib emas balki mexanik tarzda o’rganadi shuning uchun xorijiy tilni qollanilishi va talaffuzi oson o’zlashtiriladi.

Maktabgacha yoshdagi bolalarning ijtimoiy-hissiy rivojlanishi va...

Maktabgacha ta'lim bola olti-yetti yoshga yetgunicha davlat va nodavlat maktabgacha tarbiya muassasalarida hamda oilalarda amalga oshiriladi. Maktabgacha ta'lim maqsadi va vazifalarini...

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Оған осы уақытқа дейінгі болып келген көтерілістер,соғыстар дәлел бола алады. «Мәңгілік ел» - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Maktabgacha yoshdagi bolalar nutqi aloqa vositasi sifatida

Maktabgacha yoshda bola nutqining rivojlanishidagi muhim xususiyat nutq tafakkur quroliga aylanishidan iborat. Bola so‘z-lug‘at boyligining o‘sishida 2 muhim tomon...

Қазақстан Республикасында халық санының өсуіне әсер етуші...

Кез-келген мемлекеттің даму деңгейін анықтауда сол мемлекеттің табиғи байлықтары, жер асты ресурстары, ауылшаруашылығына жарамды жер алқабының көлемі сияқты негізгі...

Задать вопрос