Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері («Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы мысалында») | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №13 (408) апрель 2022 г.

Дата публикации: 29.03.2022

Статья просмотрена: 63 раза

Библиографическое описание:

Абилов, Саламат Канибайулы. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері («Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы мысалында») / Саламат Канибайулы Абилов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 13 (408). — С. 317-322. — URL: https://moluch.ru/archive/408/89797/ (дата обращения: 29.04.2024).



Мақалада Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік саласының қазіргі жағдайы қарастырылды. Өңірлік деңгейде экономикалық өсуге ықпал ететін шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін үрдістер мен мүмкіндіктер талданған. Дамыған шет елдердің тәжірибесі ШОК-ты дамытуға, өңір аумағында шағын өндірістерді ұлғайтуға азаматтарды тартуға бағытталған белсенді мемлекеттік саясат шағын және орта кәсіпкерлік саласын өңірдің де, сонымен қатар тұтастай елдің де, экономикалық өсуінің флагманына айналуына мүмкіндік беретінін растайды.

Түйінді сөздер: шағын және орта кәсіпкерлік, өңірлік саясат, заттай грант, жұмыссыздық, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, мемлекеттік кәсіпкерлік серіктестік.

В статье рассматривается современное состояние сферы малого и среднего предпринимательства в Республике Казахстан. Проанализированы тенденции и возможности для развития малого и среднего предпринимательства, способствующие экономическому росту на региональном уровне. Опыт развитых зарубежных стран подтверждает, что именно активная государственная политика, направленная на развитие МСП, вовлечение граждан в увеличении мини производств на территории региона, даст возможность сфере малого и среднего предпринимательства стать флагманом экономического роста и региона и страны в целом.

Ключевые слова: малое и среднее предпринимательство, региональная политика, натурный грант, безработица, государственная поддержка предпринимательства, государственное предпринимательское партнерство.

Қазақстан Республикасы үкіметінің басты мақсаттарының бірі — шағын және орта кәсіпкерлікті ел экономикасының басты драйверіне айналдыру. Дегенмен, қазіргі таңда, статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазақстандық шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіші жалпы ішкі өнімнің үштен біріне әрең дегенде жетеді. Аталған бағыттағы жұмысты жалғастырып, алдағы шағын және орта кәсіпкерлікке жұмсалатын мемлекеттік қолдау шараларын тиімді ету мақсатында бірнеше халықаралық тәжірибені зерттеп қараған жөн.

«Қазақстан — 2050» стратегиясындағы міндеттерге қол жеткізу мақсатында қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша бірнеше мемлекеттік бағдарламалар және ұлттық жобалар іске асырылуда. Олардың қатарында: «Бизнестің жол картасы — 2025» («Қарапайым заттар экономикасы» ішкі бағдарламасы), «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы, «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы».

2021 жылдың тамыз айында өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев бүкіл әлемді жаулаған пандемия жағдайында кәсіпкерлер үшін жалғасып жатқан шектеулер кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау өзектілігі жоғарылап жатқанын жеткізген. Сол себепті, 2021 жылы Ұлттық банктің айналым капиталын толықтыруға жеңілдікпен кредит беру бағдарламалары, сондай-ақ жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдікпен кредиттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде [1].

«Бизнестің жол картасы — 2025» («Қарапайым заттар экономикасы» ішкі бағдарламасы) мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік субъектілеріне төмен пайыздық несиелер арқылы қолдау шаралары сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы — 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылым тарту бойынша шаралар қарастырылған. Кредиттер бойынша жылдық мөлшерлеме 6 %-ды құрайды. Және де, айналым капиталын толықтыруды қаржыландыру біршамаға кеңейтіліп, кредиттер сомасы көбейген. Микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолжетімді микрокредит беру іске қосылған.

1-кестеде 2018–2020 жылдардағы ШОК бойынша республикалық көрсеткіштерге талдау жасалған (кесте 1):

Кесте 1

ШОК бойынша республикалық көрсеткіштер

Жылдар

Белсенді ШОК саны (бірлік)

ШОК өндірілген өнім көлемі (млн тг)

ШОК жұмыспен қамтылғандар саны (адам)

2018

1241328

26473049

3312457

2019

1330244

32386960

3448727

2020

1357311

33626992

3472606

Ескерту — кесте https://stat.gov.kz/official/industry/139/statistic/7 мәліметі негізінде автормен құрылған

Кесте мәліметтерінен 2018, 2019 жылдары, сонымен қатар, Covid-19 пандемия жағдайында да, Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінің төмендемегенін байқауға болады. Керісінше, белсенді ШОК саны — 115983 бірлікке, ШОК өндірілген өнім көлемі — 7 153 943 млн теңгеге, ШОК жұмыспен қамтылғандар саны — 160 149 адамға артқан. Оның ішінде, белсенді ШОК ішінде басым үлеске жеке кәсіпкерлер, ШОК жұмыспен қамтылғандар мен өндірілген өнім көлемі бойынша шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалар санының басым екенін атап өткен жөн. Жалпы, мұндай өсім жоғарыда аталған мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін дәлелдейтінін айта кеткен жөн.

Енді Ақтөбе облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің көрсеткіштеріне тоқталайық (сурет 1–3).

Сурет 1. Ақтөбе облысы бойынша белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны (бірлік)

Сурет 2. Ақтөбе облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі (млн.теңге)

Сурет 3. Ақтөбе облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны (адам)

Жалпы, келтірілген мәліметтерден облыстық деңгейде де сандық көрсеткіштер бойынша өсімнің бар екені байқалады.

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында жергілікті қарауға ұсынылғаны — ол «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы механизм.

Бағдарлама аясында жұмыссыз азаматтарды, аз қамтылған азаматтарды, сонымен қатар, кәсібін бастаған, алайда мемлекеттік бағдарламаларға қатыспаған және қолдауды қажет ететін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне аудандық атқарушы органдар және «Атамекен» ҰКП аудандық филиалдары келесідей мүмкіндіктер ұсынады:

– «Бизнес бастау» жобасы бойынша оқуға қатыстыру;

– 200 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грант иеленіп, жұмысын жандандыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес [2] жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру келесі көздерден іске асырылады:

– республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты;

– Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден.

Сонымен қатар, мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, өсімдіктерді, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілері, сондай-ақ сауда объектілері, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы объектілер аумағында бағдарламаға қатысушының бизнес-жобасын іске асыру үшін ғимараттарды жалға алу ақысы ретінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылатынын да айта кеткен жөн.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында кәсіпкерлерді қолдаудың қазіргі таңдағы жағдайына талдау жасайтын болсақ, Әйтеке би ауданында республикалық және жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражаттарды қоса есептегенде, «Еңбек» бағдарламасы аясында 2021 жылы 123 адамға 71,7 млн.теңге, 2020 жылы 91 адамға 50,1 млн теңге, 2019 жылы 59 адамға 27,7 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілген (сурет 4).

Сурет 4. «Еңбек» бағдарламасы аясында Әйтеке би ауданында бөленген грант қаражаты (РБ+ЖБ) (Ескерту: ақпарат автормен аудан әкімдігі есебінен алынып құрастырылған)

Төмендегі сурет мәліметтерінен жоғарыда аталған бағдарламаның нәтижелілігіне талдау жасалған (сурет 5):

Сурет 5. 2018–2020 жж.грант алушылардың ашқан жеке кәсіпкерлік (ЖК) саны (Ескерту: ақпарат автормен аудан әкімдігі есебінен алынып құрастырылған)

Байқап отырғанымыздай, 2018 жылы бағдарлама аясында 3 адам грант ұтып алып 3 жеке кәсіпкерлік ашқан, қазіргі уақытта 1 адам жұмысын жалғастырып жатыр; 2019 жылы 59 адам гран ұтып алып, 59 адам өз кәсіптерін бастаған, қазіргі уақытта 36 адам жұмысын жалғастырып жатыр; 2020 жылы 91 адам грант ұтып алып 91 адам өз кәсібін ашқан, қазіргі уақытта 86 адам жұмысын жалғастыруда; 2021 жылы 123 адам грант ұтып алып, 113 адам кәсіптерін бастаған.

Жоғарыда айтылғандай, гранттар жергілікті бюджет есебінен де берілгендіктен, аталмыш бюджет түріне жасалған талдау келесіні көрсетті. Мысалы, 2020 жылы 30 кәсіпкерге 200 АЕК көлемінде грант беру мақсатында 16,6 млн теңге бөлінсе, 2021 жылы 50 кәсіпкерге 200 АЕК көлемінде грант беру мақсатында 29,170 млн теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілген. 2021 жылы аталған грант алушылар арасында өз ісін бастағандар саны — 38, және де олардың көбісі дайындаған бизнес-жоспарларында берілетін 583400 теңге қаражатына ірі қара мал немесе қой-ешкі алып асырау деп көрсетілген. Және осындай үрдіс 2020 жылы және алдыңғы жылдары да сақталған [3].

2020 жылы бөлінген грант қаражатының салалық бөлінісіне жасалған талдау қаражаттың басым бөлігінің мал шаруашылығына салынғанын көрсетті:

– мал шаруашылығы — 36,1 млн.теңге;

– тамақ өнеркәсібі — 5,0 млн.теңге;

– қызмет көрсету — 6,1 млн.теңге;

– өзге салалар — 3,2 млн.теңге.

Жасалып жатқан мемлекеттік қолдау шараларының оң тұстарымен қатар, оған қатысуда кедергілердің де әрекет ететінін атап өткен жөн. Мысалы, шағын кәсіпкерлік субъектілері және кәсіпкерлікті енді бастағалы жатқан тұлғалар, әсіресе аудандық және ауылдық деңгейдегі, жылма жыл несие рәсімдеуде көптеген қиыншылықтарды кездестіруде. Олардың ішіндегі негізгілері:

– қажетті кепілдемелерінің болмауы немесе жетіспеуі;

– құжаттардың көптігі немесе әкімшілік кедергілер (жер учаскелеріне қолжетімділіктің күрделілігі, әртүрлі рұқсаттарды алудың ұзақтығы, инженерлік желілерге қосылудың күрделілігі және ұзақтығы, т.с.с.).

Осы жұмыста келтірілген халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсақ, мемлекеттегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, әсіресе жаңадан ашылған нысандарға қаржылық қолдау көрсету аса маңызды. Сондай-ақ, қайтарымсыз гранттар беру аясында кейбір проценті нәтижесіз болғанның өзінде жалпы тиімділік көрінеді. Елдің тарихи болмысын, өңірдің ауыл шаруашылық бағытына икемділігін ескеретін болсақ, мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың көбісі үйреншікті бағытты таңдау заңдылық. Сондықтан, атқарылып жатқан жұмыстар жалпы тиімсіз, немесе жалпы нәтижесіз деп айтуға келмейді. Алайда, осы бағыттағы жұмыстарды неғұрлым тиімдірек етуге қосымша мүмкіндіктер қарастырылғаны абзал.

Қорытынды

Қазақстан өңірлері өздерінің ішкі әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай қолдау механизмдерін өздері басқара алуы қажет. Себебі әрбір өңірдің, әрбір ауданның өздеріне тән ерекшеліктері мен даму шарттары бар, қаржылай ресурстары мен мүмкіндіктері бар. Лондон Университеттік колледжінің инновациялар және қоғамдық құндылықтар экономикасының профессоры, сондай-ақ инновациялар және қоғамдық мақсаттар институтының (IIPP) негізін қалаушысы және директоры Мариана Маццукато өзінің «Кәсіпкерлік мемлекет» («The Entrepreneurial State») кітабында кәсіпкерліктің дамуына және елдегі прогресті ілгерілетуге мүдделі болуға тиіс тарап үкімет екенін дәлелдеп көрсеткен. Яғни, мемлекеттік саясат елдегі инновациялық дамуға, кәсіпкерлікті әртараптандыруға өзі қызығушылық танытып, венчурлы инвестор болуы тиіс. Ал кәсіпкерлік субъектілері өз жағынан салықтар, жаңа және қосымша жұмыс орындар ашу, қоғамдық әл-ауқат деңгейін арттыру секілді жұмыстарды атқарады. Яғни, М.Мацукато ойының жалғасы ретінде, жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлердің санының көбеюіне емес, сапасына жұмыс жасауы тиіс, және бұған қажетті барлық жағдай жасауға мүдделі.

Мысал ретінде осы жұмыста қарастырылған Ресей Федерациясындағы «Әлеуметтік келісім-шарт» жобасын қарастыру ұсынылады. Осы тәжірибе аясында әрбір өңір, әрбір аудан өзінің инвестициялық бағытын айқындап, инновациялық жоспарларын әзірлеуге жұмыстануы керек. Егер жергілікті бюджеттен жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға қаражат қарастырылатын болса, сол кәсіпкер қаражат беруші аумақтың имиджін қалыптастыруға, экономикасын жақсартуға, жұмыссыздығын азайтуға бағытталған қызметтер көрсетуге мүдделі болады.

Сондықтан, әкімдік тарапынан қолдауды қажет ететін және аудан имиджін қалыптастыруға оң әсерін беретін басым кәсіпкерлік бағыттарын айқындап, арнайы тізім әзірленуі тиіс. Сол басымдыққа ие тізім аясында жұмыс бастауға ниетті кәсіпкермен «келісім-шарт» орнату ұсынылады. «Келісім-шартқа» сәйкес, кәсіпкер грант қаражатына міндетті түрде кәсіпкерлігін дамытып, құжатта көрсетілген сан бойынша тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп, өндірілген өнімге аудан логотипін қолдануға міндеттеледі. Ал әкімдік болса өз тарапынан қаржылай қолдау көрсетіп, өнімнің таралуына ықпал етеді.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша аудандық деңгейдегі қызметтері аудандық Жұмыспен қамту орталықтарына жүктелген. Ал, жоғарыда келтірілетін ұсыныс аясында қаржылай емес қолдау көрсету үшін негізгі ұйым ретінде аудандық кәсіпкерлік бөлімдерін қарастыру ұсынылады.

Келесі мысал ретінде Қазақстан Республикасындағы «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясында жүзеге асырылып жатқан «Мемлекеттік заттай грант» механизмін қарастыру ұсынылады. Мемлекеттік заттай гранттар Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны іске асыру үшін уақытша өтеусіз пайдалануға беріле отырып, не уақытша өтеусіз жер құқығымен ұсыныла отырып, кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз берілетін мүлікті білдіреді. Мемлекеттік заттай гранттарды инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша, инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестициялық міндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусіз пайдалануға не уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз береді. Мемлекеттік заттай гранттар ретінде: жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтін және реттейтін аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары (жеңіл автокөлікті қоспағанда), өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар берілуі мүмкін.

Аталып өткен мысалдарға сәйкес, сол секілді, еліміздегі «Еңбек» бағдарламасы аясындағы өңірлердің өз мүмкіндігімен бекітілетін (жергілікті бюджет қорынан) грант қорымен қоса, потенциалды кәсіпкерге, кәсіп ашушыға тек 200 АЕК емес, ауданға қажетті кәсіпкерлік тізбеге сәйкес (алдын ала ауданға қажетті кәсіпкерлік тізбесін құра отырып) және кәсіпкерлердің бастапқы сұранысын қанағаттандыратын, сонымен қатар нақты экономикаға жұмсалатындай болуы қажет. Қайтарымсыз қаражат бизнес-жоспарға сәйкес қажетті құрылғыларға, бастапқы жалдаманы өтеуге және тағы сол секілді мақсаттарға нақты аударылуы тиіс, қаржылай емес болғаны абзал деп тұжырымдалынады. Сонымен қатар, кәсіпкерге өз жоспарын тиімді етіп дайындауға көмектесу мақсатында мемлекеттік орган тарапынан үлгілі объектілерге тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін қарастыру керек.

Осылайша, келтірілген жергілікті атқарушы органдарының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарға сәйкес, «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жергілікті бюджет қаражатын қолдана отырып, арнайы «Мемлекеттік — Кәсіпкерлік серіктестік» атты қаржылай қолдау механизмін іске асыруды қарастыру ұсынылады. Ал бұл механизмнің паспорты төмендегідей болуы мүмкін:

  1. «Мемлекеттік — Кәсіпкерлік серіктестік» аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен кәсіпкер арасында құрылады.
  2. «Мемлекеттік — Кәсіпкерлік серіктестік» бағдарламасына қатысушы потенциалды кәсіпкер әкімдіктегі «ауданнық кәсіпкерлік саласындағы басымдықтар» тізімі аясында бизнес-жоспар әзірлеуі тиіс. Сонымен қатар, бизнес-жоспарында міндетті түрде кем дегенде 2 тұрғынды жұмыспен қамтуы қарастырылуы керек.
  3. «Мемлекеттік — Кәсіпкерлік серіктестік» бағдарламасы аясында қаржылай қолдау мемлекеттік заттай грант түрінде көрсетіледі. Заттай грант көлемі 200 АЕК-ден бастап 500 АЕК дейін бизнес-жоспарға сәйкес қарастырылуы мүмкін.
  4. «Мемлекеттік — Кәсіпкерлік серіктестік» бойынша қолдау көрсетілетін кәсіпкерлер тізімін арнайы комиссия шешімі арқылы бекітіледі. Комиссия құрамына «Атамекен» ҰКП аудандық филиал басшысы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, жұмыспен қамту орталығының директоры, қоғамдық кеңес мүшесі, мәслихат депутаты, БАҚ өкілдері және басқа да белсенділер кіруі мүмкін.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар тіркеу тек тәртібін жеңілдетуге және салық жүктемесін азайтуға бағытталмай, олардың тәуелсіздігін кеңейтуге және инвестиуциялық тартымдылығын арттыруға бағытталуы тиіс. Осылайша экономикалық өсуге қол жеткізуге болады.

Әдебиет:

  1. «Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары», 03.08.2021, «STRATEGY 2050» аналитикалық-шолу порталы https://strategy2050.kz/news/sha-yn-zh-ne-orta-biznesti-oldau-sharalary-/
  2. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысы
  3. «Әйтеке би ауданы әкімінің 2020 жылға есебі және 2021 жылға міндеттері» атты халық алдындағы есебінің тезистері
  4. «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі», 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
  5. Резник С. Д., Баронин С. А., Назарова Н. А. Основы предпринимательской деятельности: содержание деятельности, качества и компетенции, профессиональная карьера, личная организация предпринимателя: Учеб. пособие/Под ред. проф. С. Д. Резника. 2-е изд. М.: ИНФРА-М, 2012. С. 9‒13.
  6. Оксанич Н. И. Малый бизнес в АПК: тенденции и проблемы развития. Монография / Н. И. Оксанич, А.С., Черкашина. М.: ВНИЭТУСХ, 2008 г. С. 11
  7. Михайлова О. П. Дискуссионные критерии отнесения предприятий к малому бизнесу//Известия высших учебных заведений. Поволжский регион. Общественные науки. 2009. № 2 (10). С. 108‒116.
  8. Ресей Федерациясының Мемлекеттік Дума сайты, «Кто имеет право на выплаты и бесплатные услуги в рамках социального контракта» мақаласы http://duma.gov.ru/news/51118/
  9. https://bujet.ru/article/241971.php?print=Y ИД «Бюджет» — № 1, январь 2014–02.02.2014
Основные термины (генерируются автоматически): орт, грант, мена, сан, ШОК, IIPP, STRATEGY, бюджет, малый бизнес, экономический рост.


Ключевые слова

шағын және орта кәсіпкерлік, өңірлік саясат, заттай грант, жұмыссыздық, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, мемлекеттік кәсіпкерлік серіктестік

Похожие статьи

Метод построения блока бесконтактных кнопок в системах...

В статье проанализированы методы построения устройств с бесконтактными кнопками. Бесконтактные кнопки представляют собой датчики, с помощью которых возможен набор информации. Используются для нескольких целей, таких как: защита информации, борьба с...

Особенности интернет-маркетинга в сфере розничной торговли

В этой статье представлены данные исследования, посвященного динамике развития онлайн-торговли сегодня. Цель — продемонстрировать, что в настоящее время онлайн-торговля захватила многие сферы и помогла многим предприятиям розничной торговли.

Структурно-семантические особенности молодежного сленга...

В данной статье изучаются структурно-семантические особенности англоязычного молодежного сленга в кинодискурсе. Также приведены структурно-семантическая и лексико-семантическая классификации английского молодежного сленга.

The role of explicit instruction in the English Language Classroom

The author of this article considers the concept of explicit instruction as a teaching approach in the English Language Classroom. In the article the following theoretical methods are applied: search of literature and analysis of these materials. At the end of the article benefits and restraints of explicit...

Teacher’s personality in personally-oriented approach to learning...

Автор: Рахимова Муниса Акилжановна. Рубрика: Педагогика. Опубликовано в Молодой учёный №21 (416) май 2022 г. Статья просмотрена: < 10 раз.

Деятельность воспитателя по обучению сюжетному рисованию...

Библиографическое описание: Смирнова, С. Д. Деятельность воспитателя по обучению сюжетному рисованию детей старшего дошкольного возраста в условиях дошкольной образовательной организации / С. Д. Смирнова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый.

Features of division of parts of speech in English and Kazakh languages

The article considers the peculiarities of the division of parts of speech in English and Kazakh.

Влияние занятий плаванием на физическое и моральное развитие...

Это способствует росту тела в длину, увеличению мышечной массы, массы сердца и лёгких. Занятия плаванием укрепляют аппарат внешнего дыхания, увеличивают жизненную ёмкость лёгких и объём грудной клетки, поскольку плотность воды затрудняет выполнение вдоха и...

Музейное пространство как средство формирования...

В данной статье представлены специфика и формы работы с детьми в музее «Русская изба», а также их польза для развития духовно-нравственной культуры ребенка.

Похожие статьи

Метод построения блока бесконтактных кнопок в системах...

В статье проанализированы методы построения устройств с бесконтактными кнопками. Бесконтактные кнопки представляют собой датчики, с помощью которых возможен набор информации. Используются для нескольких целей, таких как: защита информации, борьба с...

Особенности интернет-маркетинга в сфере розничной торговли

В этой статье представлены данные исследования, посвященного динамике развития онлайн-торговли сегодня. Цель — продемонстрировать, что в настоящее время онлайн-торговля захватила многие сферы и помогла многим предприятиям розничной торговли.

Структурно-семантические особенности молодежного сленга...

В данной статье изучаются структурно-семантические особенности англоязычного молодежного сленга в кинодискурсе. Также приведены структурно-семантическая и лексико-семантическая классификации английского молодежного сленга.

The role of explicit instruction in the English Language Classroom

The author of this article considers the concept of explicit instruction as a teaching approach in the English Language Classroom. In the article the following theoretical methods are applied: search of literature and analysis of these materials. At the end of the article benefits and restraints of explicit...

Teacher’s personality in personally-oriented approach to learning...

Автор: Рахимова Муниса Акилжановна. Рубрика: Педагогика. Опубликовано в Молодой учёный №21 (416) май 2022 г. Статья просмотрена: < 10 раз.

Деятельность воспитателя по обучению сюжетному рисованию...

Библиографическое описание: Смирнова, С. Д. Деятельность воспитателя по обучению сюжетному рисованию детей старшего дошкольного возраста в условиях дошкольной образовательной организации / С. Д. Смирнова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый.

Features of division of parts of speech in English and Kazakh languages

The article considers the peculiarities of the division of parts of speech in English and Kazakh.

Влияние занятий плаванием на физическое и моральное развитие...

Это способствует росту тела в длину, увеличению мышечной массы, массы сердца и лёгких. Занятия плаванием укрепляют аппарат внешнего дыхания, увеличивают жизненную ёмкость лёгких и объём грудной клетки, поскольку плотность воды затрудняет выполнение вдоха и...

Музейное пространство как средство формирования...

В данной статье представлены специфика и формы работы с детьми в музее «Русская изба», а также их польза для развития духовно-нравственной культуры ребенка.

Задать вопрос