Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Рыскулова, А. А. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту / А. А. Рыскулова, А. Д. Байжигитова, Н. О. Бахытканиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 7 (402). — С. 282-284. — URL: https://moluch.ru/archive/402/88974/ (дата обращения: 02.05.2024).

Бұл мақалада сіздер мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамытудың түрлерімен, және де қандай ойын түрлері бүгінгі күннің сабақ үрдісінде қолданылатынын, балаларға ойынның берер ықпалы туралы мәлімет білетін боласыздар.

Кілтті сөздер : мектеп, бала, ойын, тіл,сөйлеу, дамыту.

В этой статье вы узнаете о видах развития речи дошкольников через игру, а также о том, какие виды игр используются на сегодняшних уроках, о влиянии игры на детей.

Ключевые слова: школа, ребенок, игра, язык, речь, развитие.

Иә, бала жастайынан сөйлеу және іс-әрекет дағдылары арқылы дамып, жетіледі. Ең алғашқы балалардың саналы түрде дамуына ойын әсер етеді. Баланы қызықтырып, талпындырып, жан-жақты дамыту балабақшадан бастау алады. Қазіргі кезде техниканың өрлеп, цифрландырудың етек жаюына байланысты 3 жастан бастап балаға санауды, ән айтуды, үш тілде күнделікті сөздердің аудармасын үйретуді көпшілік ата-ана қолға алған, нәтиже оңтайлы. Бұндай жеңіл қадаммен үйрету жолдары ойын арқылы, қызықтыру арқылы жүзеге асатыны белгілі... [1].

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның танымдық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес»,-деп В. А. Сухомлинский айтқандай, ойын бала үшін өмірге деген үлкен қадам сияқты. Жалпы ойын арқылы баланың зейіні ашылады, өзін-өзі басқаруы, жауапкершілігі, тәрбиелігі, ұйымшылдығы, ынтасы артады. Бала қоршаған ортаны шетінен тани бастайды, бірден барлық нәрсені ұғына алмайды. Күнделікті үйде, ата-ана жанында, көшеде, балабақшада көріп, ұстап біртіндеп тәжірибесі мен жаңа нәрсені үйренуі жиілейді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзін қоршаған ортамен танысуға өте бейім. Қоршаған ортамен танысу баланың әр түрлі сұрақтарды қоюына себеп болады. Әрбір нәрсе бала үшін қызық бола бастаған сайын, баланың көп білгісі келеді. Ойын-баланың бірінші әрекеті, сол үшін ойынның балаға қызығы мол. Қазақ халқының біртуар, дана азаматы Абай атамыз айтқандай: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?». Мектеп жасына дейінгі баланың сана-зейіні тұрақсыз болып келеді. Күнделікті бір жұмыс, бір ойын оларды тез жалықтырады. Сол үшін баланың зейінін үздіксіз дамытып отыру қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу барысында берілген білімді ойынмен жүргізу баланың тез білім алып, санасын қалыптастыруына ықпал жасайды. Ойын арқылы баланың жеке қабілеттері қалыптасады. Баланың ойын барысында қуанып, ренжігені, психологиялық ерекшелігі көрінеді. Ойын кезінде баланың ерекшелігі мынандай: бала ойланады, эмоциялық әсері пайда болады, белсенділік қалыптасады, қиял елестері мен ерік қасиеттері дамиды, осы жолдабаланың шығармашылық қасиеті де арта түседі. Мектеп жасына дейінгі балалардың көрген-білген, үйренген нәрселерін ойын кезінде аңғаруға болады. Ойын айналадағы кейіпті бейнелейді. Ойын арқылы балалар көпшілікпен араласуды, сезімін жеткізуді үйреніп, дүниенің кезекті қызықтарын таниды. Ойын арқылы оқыту ерте кезден қалыптаса бастады. Көптеген ойшылдар мен ұстаздар қауымын қызықтырды. Атап айтар болсам: Грузин педагогы Ш. А. Амонашвили ойын арқылы балаларға қиын әлемдік танымды үйрете білген, ойын барысында ол өзін балалар деңгейінде қойып, олармен бірге ойнау арқылы, балалар көңіліне, санасына қызықты әрекеттер мен білімді ұялата білді. К. Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескере отырып: «бала табиғатты, көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал, енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны тез арада үйреніп алады, сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, тез ұқпасы анық, дәл сол ойды қиын суреттер арқылы жеткізсеңіз, ол сізді тез түсінеді»,-деген екен. Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелейтін, дамытып-шыңдайтын ол-ойын. Осы ретте бүгінгі таңда дидактикалық ойындардың бала үшін маңызы аса зор [2].

Дидактикалық ойындар 3-ке бөлінеді:

  1. Заттық дидактикалық ойындар
  2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар
  3. Сөздік дидактикалық ойындар

Аталмыш ойындар балабақшадан сәбилер тобынан бастау алады. Бұл топтағы балаларға жеңілдеу сатылардан бастап ойын түрлері ойнатылады. Балалар ойыншықтарды қолымен ұстап, сипап сезіп, көзімен көріп ойнайды. Түр-түсіне қарап, сүйікті ойыншықтарын анықтайды, және де жалыққанша сол ойыншықтың иесі болғанды қалайды. Ал, жоғарғы топтарда дидактикалық ойындар керісінше күрделеніп жүргізіледі. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы ойын әрекетін дамытамыз. Дидактикалық ойынның кез-келген түрі баланың ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейінін арттыру, өзін-өзі бақылау, салыстыру сынды әрекеттерін қалыптастырады. Ол үшін ойнататын ойын түрлері үнемі үздіксіз жаңаланып, қызықтырылып отыруы тиіс. Дидактикалық ойындады дұрыс ұйымдастыра білу қажет, және де ойынға керек құрал-жабдықтар жеткілікті болуы шарт. Сонда ғана балаға ойын түрлері қызықты әрі жауапты болады. Дидактикалық ойын түрлері төмендегідей заттармен ойнатылады:

  1. Киім түрлерімен ойнатылатын дидактикалық ойындар;
  2. Заттық ыдыстарды қолдану арқылы ойнатылатын дидактикалық ойындар;
  3. Заттық жеміс-жидектерді қолдану;
  4. Заттық үй жануарларын пайдалану;
  5. Үстел-үсті дидактикалық ойындары [3].

Аталған барлық ойын түрлерінің өзіндік ережелері мен көрнекіліктері бар. Бұл ойын түрлері арқылы балалар жан-жақты дамып, бойында шығармашыл адамды қалыптастырады. Балабақшаға баратын бала мен бармайтын баланың арасында осындай айырмашылықтар айқын көрініс табады. Көпшілік арасында жетілген бала қашанда көпшіл, шығармашыл болып келеді.

Балабақша-мектеп жасына дейінгі балаларды-тілін дамыту, сөздік қорын молайту сынды іс әректтерге баулыса, ал мектеп бала үшін одан кейінгі саты. Мектеп жасына дейінгі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі, баланың сөйлеуін дамытудың ең негізгі жолдарының бірі. Балалармен сөздік жұмысын жүргізу арқылы, оларды біз қоршаған ортамен таныстырып, заттардың атын атауға, түр-түсін ажыратуға, пішінін, құрылысын тануға үйретеміз. Баламен тілдік қарым-қатынас құру арқылыбаланың тез әрі қатесіз сөйлеуіне жағдай жасаймыз. Бұл ретте тағыда бізге көмек ол-ойын. Ол ойын түрлеріне:

  1. Саусақ ойыны
  2. «Қуырмаш» ойыны
  3. «Бес саусақты қуыршақ» ойыны жатады.

Аталған саусақ арқылы үйретілетін ойын түрлері баланың сөйлеу тілін дамытуға ықпалын жасайды. Саусақ ойыны-ертеден бері келе жатқан, бала үшін үлкен мәні бар, мәдени шығармашылық ойын. Баланың тек қана сөйлеу тілін ғана емес, саусақтарын қимылдату арқылы қол бұлшықеттерін сергітіп, денсаулыққа оңтайлы пайдасын беретін ойын. Жалпы ойын түрлері өте көп. Дегенмен, дидактикалық ойындардың баланың дамуы үшін ролі ерекше. Дидактика-термині гректің «дидактос», үйрететін деген сөзінен шыққан [4]. Дидактикалық ойын- баланың ақыл-ойын дамытып, таным түсініктерін ажыратуға үлкен себеп. Балабақшадағы бала дамуының психикалық ойын әректі туралы жазып, мұра қалдырған қазақтың белгілі майталмандары: Ж. Аймауытов. М. Жұмабаев. Ш.Құдайбердіұлы. С. Торайғыров. Т. Тәжібаев. Н. Құлжанова. Бұл ғалымдарымыз, ойын арқылы оқыту-мектеп жасына дейінгі кезеңнің негізгі ерекшеліктері, ойын бала үшін-ең бірінші дамушы саты екенін атап көрсетіп кетті. Әр ойынның танымдық және тәрбиелік мазмұны болады. Ойын-ол баланың шын тіршілігі. Өз мақаламды қорытындылайтын болсам, мектеп жасына дейінгі әрбір баланы ойын арқылы зейінін ашып алуымыз қажет. Бала ойынды өзі таңдап, керегін өзі үйренеді [5]. Дегенмен, ата-ана мен педагог тарапынан балаға дұрыс, тез дамып, жетілуге ықпал жасайтын ойын түрлерін үйрету талап. Сапалы, зиянсыз ойыншық түрлері мен көрнекілікке де аса мән беру қажет деп ойлаймын. Баланың ерекше қасиеттерінің бірі, сөйлеуден еш жалықпайтындығы. Ойын баланың тілінің дамуына ықпалын тигізетіні сондықтан. Табиғаттың өзі ойынмен байланысты демеуші ме еді, ендеше әр бала ойынмен өседі. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәулсіз. Баланы, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларды ойынмен ғана алға сүйреп, жан-жақты дамыта аламыз деп,-мен өз ойымды аяқтаймын.

Әдебиет:

  1. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Астана-2009 ж
  2. Н. Ақбай «кел, балалар ойнайық», Алматы-2006 ж
  3. Мектепке дейінгі тәрбие, 1991 ж
  4. «Дидактикалық материалдар жинағы» Абжапарова Б. К. 2014 ж
  5. «Бала мен балабақша» журналы, 2010 ж
Основные термины (генерируются автоматически): бал, мена, бал мен, теза.

Ключевые слова

мектеп, сөйлеу, дамыту, ойын, бала, тіл

Похожие статьи

Основные термины (генерируются автоматически): бал, мена, бал...

мена, Кино, бар, дар, немес. Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи.

Бүгінгі заман талабына сай жаңашыл, ұлттық өнегені бала бойына сіңірер – біріншіден балабақшадағы тәрбиешісі, екіншіден мұғалімі, үшіншіден ата –ана...

Honeypot бағдарламалық жасақтамасы негізінде ақпараттық...

Бұл жұмыста «Honeypot бағдарламалық жасақтамасы негізінде ақпараттық қауіпсіздігінің инциденттерін зерттеу» тақырыбы қарастырылған. Желінің қауіпсіздігі туралы алаңдағанда, сіздің желіңізді рұқсатсыз кіруден қорғаудың көптеген жолдары бар. Ықтимал қолайсыз желілік...

бал, мена, мена ер, ер бала, мена бала, немес. Похожие статьи.

бал, мена. Осы мақсатта мен «Бала тәрбиесі - баршаға ортақ» атты сыныптағы оқушылардың ата-аналарымен кездесіп, тренинг өткіздім.

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале... Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа бейне жасау процесі –қиял деп...

Основные термины (генерируются автоматически): бал, мена, бар...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері

Егер вербена бал аштыру мақсатында қажет болса, онда айдың тек 23-і мен 30- ы аралығында қазып алған [2].

Два поколения слуг в пьесе А. П. Чехова «Вишнёвый сад»...

Во время бала мы видим, как Яша прямо обращается к Раневской с просьбой взять его в Париж: «Если опять поедете

Фирс в этой пьесе является хранителем памяти о прошлом. Он помнит, какие балы раньше давались в имении: «Прежде у нас на...

История в загадках. Петр I. Царь-реформатор

В статье автор показывает на конкретном примере загадок собственного сочинения, что сложный исторический материал можно творчески переработать и представить в доступном формате для успешного восприятия информации детьми младшего...

Сюжеттік–рөлді ойындар және оны ұйымдастыру әдістемесі

Педагогика бала ойынына ерекше мән беріледі. Өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмір бақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе...

Задать вопрос