Студенттік шақтағы отбасылық өмірдің психологиясы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Кенжебек, А. М. Студенттік шақтағы отбасылық өмірдің психологиясы / А. М. Кенжебек. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 25.1 (367.1). — С. 9-10. — URL: https://moluch.ru/archive/367/82743/ (дата обращения: 26.04.2024).

Отбaсы — бұл көптеген ғaлымдaрдың пікірінше, қоғaмғa тұрaқтылық беретін және жеке тұлғaны қaлыптaстырудa үлкен рөл aтқaрaтын қоғaмның бaсты институттaрының бірі. Отбaсыны қaлыптaстырудың және оны қоғaмдық бaқылaудың дәстүрлі құрaлы — бұл неке. Қaзіргі уaқыттa отбaсы және неке институты өте жылдaм қaрқынмен өзгеріп келеді. Өйткені отбaсы әлеуметтік институт ретінде өте бір мaңызды функцияны aтқaрaды, бұл ұрпaқтaрды жaңғырту. Бұл функцияны жүзеге aсырaтын негізгі әлеуметтік топ — студент жастар. Мұның себебі отбасылық өмірге және некеге дайындық тұрғысынан студенттердің сезімтал келетінімен байланысты. Ғалым Гилева тұжырымдағандай: «Отбасын құруға дайындық жастардың әлеуметтік жетілуі мен психикалық денсаулығының басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады» [1, 53 б.].

Қазіргі қоғамның дамуымен бірге жүретін әлеуметтік проблемалар отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерге елеулі өзгерістер әкелді. Мысалы қазіргі кезде салыстырмалы түрде некенің құндылығы туралы идеялар өзгерді, неке мен отбасылық қатынастардың балама түрлерін насихаттау өсті т.с.с. Бірақ бүгінгі Қазақстандық қоғамда жас отбасылар саны қаншалықты болса, ажырасу саны да соншалықты көп. Себебі эмоция мен сезім жетегінде отбасын құру туралы шешім қабылдайтын студент жастар отбасылық өмірге дайын болмай жатады. Сондықтан қазіргі жағдайда жастарды қоғамның негізгі бірлігі ретінде неке мен отбасына дайындау ерекше мәнге ие. Себебі неке мінез-құлқының негізін құрайтын негізгі дағдыларды әрбір студент игеру қажет.

Отбасы, кез келген әлеуметтік институт сияқты, үнемі даму және әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси факторлардың әсерін сезіну үдерістерін қамтамасыз етеді. Сондықтан қазіргі уақытта білім беру мекемелерінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі — жастарды тәуелсіз еңбек ету және отбасылық өмірге дайындау. Алайда Қазақстанда орта мектептерде де, жоғары оқу орындарында да отбасылық өмірге дайындық шаралары атқарылмайды. Демек, бұл процесс толықтай студент жастардың құзіретінде қалады. Әрине, «Батыс өмір салтын» насихаттайтын қазіргі идеология қазақ халқының дәстүрлеріне, ұлттық құндылықтарға, оның ішінде отбасылық құндылықтарға жойқын соққы береді. Отбасы мен отбасылық өмірдің құндылығы күмән тудырады, еркін махаббат, жауапсыздық, кездейсоқ байланыстар қазіргі қоғамда өте жиі кездесуде. Мұның бәрі жастардың психикасына әсер етеді, олардың отбасы мен отбасылық өмір туралы идеяларын бұзады, бұл ажырасулар санының күрт артуына, ата-анасының бірінсіз өмір сүретін балалардың көбеюіне әкеледі. Қазіргі уақытта жүргізілген арнайы зерттеулер жас отбасының қиындықтары көбінесе жастардың отбасылық өмірге дайын болмауының салдары екенін көрсетеді. Яғни, отбасылық өмір ең алдымен психологиялық дайындықты қажет ететіні белгілі. Көптеген ғалымдар психологиялық дайындықты эмоционалды принциптің, танымдық білімнің, сенім мен мінез-құлық актілерінің бірлігі ретінде қарастырады. Олар психологиялық дайындық құрылымына мотивациялық, бағдарлау, операциялық, ерікті және бағалау компоненттерін қосады. Менің ойымша да отбасын құру — жауапты іс-әрекет. Ал әр іс-әрекеттің ерекше екенін ескерсек, сондықтан некеге психологиялық дайындық құрылымы тек мазмұны бойынша ғана емес, сонымен қатар оның құрамдас бөліктерінің құрылымы бойынша да жүзеге асырылуы керек деп ойлаймын [2, 198 б.].

Студенттердің жас кезінде отбасын құруына эмоция мен сезімнен басқа да факторлар әсер ететіні анық. Бұл тұлға психологиясымен тығыз байланысты. Көпшілік жағдайда отбасын ерте құруға жастардың балалық шағындағы әсерлері мен отбасылық тәрбиелері, мінсіз ата-ана болу арманы т.б әсер етеді.

Әрбір отбасындағы сүйіспеншілікті бағалаудағы айырмашылықтар көбінесе неке алдындағы және отбасылық өмір процесінде сезімдер туралы түсініктерді дұрыс түсінбеуден туындайтынын атап өткен жөн. Қазіргі психология некенің мазмұны махаббатпен, бақытпен, яғни адамдардың үйленіп, бірге тұруымен шектелмейтінін айтады. Некеде ерлі-зайыптылар бірден бір-біріне және өмірдің жаңа жағдайларына бейімделу кезінде қиындықтарға тап болады. Студенттер арасында құрылған отбасылардың ыдырауына да осындай қиындықтар себеп болады. Ересек адамдардан айырмашылығы — студент жастардың уақытша процесстерді қателік деп есептеп, одан құтылудың жолын іздестіретіндерінде. Оның үстіне, психологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес студенттерде некеден өзге де стресстік жағдайлар жиі болады. Стресске төзімділік деңгейіне қарай ерлі-зайыптылардың әрекеттері қалыптасады. Олар сол уақытқа дейінгі тәжірибелеріне сүйеніп қана шешім қабылдайды. Міне, студенттік өмірдегі отбасы психологиясының басты қиындығы осында.

Демек, студенттік шақта отбасын құру — психологиялық төзімділік пен білімді қажет ететін маңызды қадам. Жастардың бірін-бірі тануы мен түсінуінен бөлек, жеке жауапкершілік қасиеттері мен тұлғалық ерекшеліктері де отбасылық өмірде үлкен маңызға ие. Ең бастысы, өтпелі психологиялық қиындықтардан өткен студент ерлі-зайыптылар кейінгі дағдарыстарға төзімді болады әрі берік некенің, бақытты отбасының үлгісін көрсете алады.

Әдебиет:

  1. Гилева И. О. Проявление мотивационной готовности к созданию семьи устудентов // Прикладная психология. — 2001. — № 3. — С. 92–96.
  2. Голофаст В. Социология семьи. Статьи разных лет. — СПб.: Алетейя, 2006. — C. 198–216.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, нек мен, студент, эмоция мен.

Похожие статьи

Психологияда «Мен»-концепция ва тасаввуф | Статья в журнале...

«Мен»-концепция яхлит тузилма бўлиб, унинг барча компонентлари нисбатан мустақил кўринса-да, ўзаро бир-бири билан ўзаро алоқададир. У англанган ва англанмаган кўринишда бўлиши мумкин. У ўзи тўғрисидаги тасаввурларнинг мазмуни, мазкур тасаввурларнинг мураккаблиги ва...

Изучение влияния темперамента студентов 2-курса...

Изучение влияния темперамента студентов 2-курса ИФЭиУ на их успеваемость.

Эмоции — преимущественно положительные —быстро

К мене значимым карьерным ориентациям бухгалтера относятся менеджмент и предпринимательство.

Студенттер арасындағы психологиялық жағдайды...

Егер студент күнделік жүргізетін болса, онда өзін-өзі бақылау мен өзіндік қорытынды жеңіл жасалатын болады. Мұндай жағдайда студент өзін-өзі тәрбиелеу бойынша бүгін, бір апта ішінде немесе бір айкөлемінде не істеу керектігін ұмытып қалмайды.

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудағы...

Бұл мақалада студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және оларды дамыту мәселесі қарастырылған. Сондай-ақ, студенттердің шығармашылық қызғушылықтың функциялары, теориялық және практикалық проблемаларды шешу...

Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін...

Құзіреттілік - жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті.

Болашақ маман дайындау мәселесі оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың мазызын көрсетеді.

Язык и культура | Статья в журнале «Молодой ученый»

Также н сегодняшний день научно-технический прогресс оказывается главным стимулятором изучения не одного, а нескольких иностранных языков. В частности, повседневные телекоммуникации, телевидение, интернет и радиоканалы...

Студент тұлғасының ерекшеліктері | Статья в журнале...

 Студент — жеке тұлға. Яғни, барлық адамдар секілді студент те өзіндік «менімен» өзгелерден ерекшеленетін қоғам өкілі.

Яғни, өзіндік бaғaлaу тұлғaның әлеуметтік ортaдa бaғдaрлaнуын және ішкі тaлaптaр мен сыртқы жaғдaйлaрдың келісімділігін...

«Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды»...

Ақпараттық жүйелер мамандығына қатысты кәсіби қазақ тілінде сөйлеуге қажетті минимумдағы тілдік заңдылықтар мен грамматикалық ережелерін меңгермеген студент қазақша кәсіби тілдік қатынасқа түсе алмайды. Қазақ тілін жоғары оқу орындары студенттеріне оқытудағы басты...

Задать вопрос