Қазіргі шешендік өнерде би-шешендердің бата сөздерін қолдану тәсілдері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Абилкасов, Г. М. Қазіргі шешендік өнерде би-шешендердің бата сөздерін қолдану тәсілдері / Г. М. Абилкасов, Мурат Абдирахманулы Хасен, Г. С. Байпелова, Г. М. Абылкасова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 15 (357). — С. 394-396. — URL: https://moluch.ru/archive/357/79895/ (дата обращения: 26.04.2024).

Қазақтың би — шешендерінің ғасырлар бойы жасап келе жатқан асыл мұрасы бата сөздерінің қазіргі таңда да Ұлы дала жастарының тіл мәдениетін дамытуда алар орны ерекше. Берілген мақалада би –шешендердің бата сөздерінің қазіргі таңда да қолданыстан шықпағанын дәлелдейді. Қазіргі таңда біздің тілімізде алғыс мәнді сөзге мазмұны жақын жамандықтың бетін қайтарып, жақсылыққа үндеу мақсатымен қонақта, түрлі жиында дәм соңынан айтылатын шешендік сөздің бір түрі — бата беру жатады. Ерте кезден жалғасып келе жатқан бата беру, бата тілеу рәсімі — халқымыздың ұлттық болмысы мен дүниетаным аясындағы аса бағалы, қасиетті де киелі, мән — мағынасы айрықша ұлттық рухани қазынасының, мәдени игілігінің бірегейі, тәрбиелік мәні аса жоғары ежелден дана салты. Мұсылмандардың қасиетті кітабы, «құранның» сөзі бата деген сөзден яғни «фатиха» сүресінен басталады.

Кілт сөздер: шешендік өнер, бата беру дәсүрі, сөз өнері, ұлттық болмыс, мәдениет.

Казахские бии-ораторы веками формировали основу усвоения поколением культуры речи, по существу, ораторские посвящения речи — благородное наследие, порожденное народными мудростями, бесценное богатство народа Великой степи. Развернутые прозаико-поэтические приветствия, критические высказывания и благословения, адресованные конкретному человеку, называются посвящениями. У казахов издревле существуют традиционные формы приветствии, поздравлений по различным поводам. Благословения и пожелания нередко разрастаются до пределов развернутых посвящений — изречений. В данной статье рассмотрена художественная специфика наследия биев — ораторов, всесторонне анализируется художественно — эстетическая природа этого направления в искусстве слова посвящения. Одна из форм словесного искусства — благословение. Само слово «благословение» означает начинание, открытие, начало чего-то. В священной книге мусульман слово «Коран» начинается со слова «благословение», то есть Сурат аль-Фатиха.

Ключевые слова: ораторское искусство, искусство благословения, искусство слова, национальное самосознание, культура.

Әр халықтың мәдениетінің бастау бұлағы туған тілінің пайда болуымен тұспа-тұс келеді. Демек, тіл — адами нақтылықты адамзаттың тіршілігі өтіп жатқан әлем ретінде жасайды. Ал адамзаттың тіршілігі — мәдениеттің әлемі екені белгілі. Адам қоғамының даму барысында пайда болып қалыптасқан өшпес дәулетінің бірі — оның тілі.

Жиналған қалың ел алдында сөз саптап, бұқара елді аузыңа қарату ол әрбір адамның сөз саптау шеберлігіне, талантына байланысты.Жиналған халық арасында айтар ойынды жеткізіп, тыңдарманды сөйлеген сөзіңе ұйыту ол үлкен өнер, біздің халық ондай адамдарды сөз шебері, шешен деп атаған. Сол шешен адамдар салтанатты жиындарды ашып, той томалақ болса алғыс сөзін айтып, той соңында ақ баталарын берген.

Қазіргі таңда біздің тілімізде алғыс мәнді сөзге мазмұны жақын жамандықтың бетін қайтарып, жақсылыққа үндеу мақсатымен қонақта, түрлі жиында дәм соңынан айтылатын шешендік сөздің бір түрі — бата беру жатады. Ерте кезден жалғасып келе жатқан бата беру, бата тілеу рәсімі — халқымыздың ұлттық болмысы мен дүниетаным аясындағы аса бағалы, қасиетті де киелі, мән — мағынасы айрықша ұлттық рухани қазынасының, мәдени игілігінің бірегейі, тәрбиелік мәні аса жоғары ежелден дана салты.

Сөз өнерінің бір түрі — бата сөздер. «Бата» деген сөздің өзі бір істің бастауы, ашылуы, кіріспесі дегенді білдіретін араб сөзі. Мұсылмандардың қасиетті кітабы, «құранның» сөзі бата деген сөзден яғни «фатиха» сүресінен басталады. Халқымыз «жақсы сөз — жарым ырыс» — дейді. Үлкен ақсақалдар, ел ағалары үлкен той-томалақтарда, кішігірім жайылған ақ дастарханға бата береді. Келген қонақтар дастарханнан дәм татып, қонақ кәде орындалғаннан кейін келген қонақтардың жасы үлкені дастарханға бата — тілек береді

«Алтын алма Бата ал,

Бата да алтын емес пе» — деген қазақта керемет сөз бар.

Би-шешендер мен ақындарымыз айтқан кез келген шешендік бата сөздердің қай-қайсысын оқысақ та, табарымыз — биік мораль талаптары: ата жолын ардақтау, ел намысын қорғау, сөз асылын қастерлеу, үлкенді сыйлау, ізгілік қасиеттерді бойға жинау, т.б. Шабанбай бидің бала Жанқұттыға берген батасы:

Аллаңа жағам десең — азанды бол,

Ағайынға жағам десең — қазанды бол,

Халқыңа жағам десең әділ бол,

Судай таза бол,

Жердей берік бол,

Өмірің ұзақ болсын,

Аймағың суат болсын,

Сөзің халқыңа қуат болсын!

Даналық ойға толы шешендік бата сөздердің есте жақсы сақталуы оның ұйқаспен айтылуы, үндестік, құрылымындағы тұтастық сияқты белгілерімен байланысты болуында. Қазақтың би-шешендерінің ұйқаспен, өлең болып құйылып келетін шешендік бата сөздері ғибрат ретінде ойға қонса, жыр сүйер халыққа өнер туындысы ретінде де бағалы.

Би-шешендеріміз бен ақындарымыздың өнегелі де, даналық ой мұрасы — шешендік сөздер, негізінде, халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Шешендік сөздердің терең мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді. Қалың бұхараның өмірге деген, дүниеге деген көзқарасын, ой-өрісін бейнелейді. Қазақ халқы өзінің қиялдаған арманына қашан да жетемін деген сенімнен айрылмаған.

Шешендік сөздерді озат ойшылдар мен тілмар шешендер жасап, халық сынынан, ғасыр шындауынан өткізген, сөз өнерімен соғылған әдеби мұра, асыл қазына деуге болады.

Бата-жақсылық жаршысы. Мұндай батаны алған адам да, бұл батаны айтқан адамның да жан дүниесіне қаншалықты құт-береке кіретіні сезіледі.Батаның әр жолы өсиет, даналыққа толы. Қазақ дәстүріндегі бата алу, бата беру жоралғыларының да өзіндік тағылымдық-тәрбиелік мәні бар екендігіне көз жеткіземіз.

Ертеде атақты Қаракесек Әлтеке, Сарым руының биі Шабанбайдың еліне Атығайдың Үш жүзге белгілі биі Құрмысы келіпті. Биге Шабанбай ауылының қадірлісі Ботантай да үйінен дәм берген екен. Ел тарығып, алды аштыққа ұшырап жатқан ауыр жылдар болса керек. Дәмнен кейін Құрмысы биден бата сұрапты. Ботекеңнің үйіндегі келіннің аяғы ауыр екенін көріп отырған би:

Осы үйге жаны құтты бала келсін,

Бала болса да, дана келсін.

Әлтеке, Сарымға ғана емес,

Қазаққа жақсылықты ала келсін.

Әумин!» -депті.

Құрметті қонақтар кеткен соң, Ботантайдың аяулы жары босанып, дүниеге ұл келіпті. Сүйінші хабарды естіген Шабанбай би:

«Құрмысының аузына құдай салған шығар,

Баланың атын Жанқұтты қойсын» — деп айтып жіберіпті. Құрмысының берген батасынан кейін туған жаны құтты бала Жанқұтты атаныпты.

Осылайша батаның әр жолында айтар ойы,идеясы дамып отырады. Асқақ арманына жету үшін адам баласы алдына мақсат қояды,алдағы өмірінің ойдағыдай мәнді болуына үміт артып,сенімін бекітеді. Табиғатпен сырласа отырып бір үйлесімде үндеседі.

Бата осылай ісіне қарай кісіге арнайы беріледі және тұрмыстық өмірде де жиі қолданылады.Адам өмірінің жалғасы ұрпақ болашағына жасаған бағдарламасы іспеттес. Бүгінгі күнге дейін осы жақсы дәстүріміздің жалғасын тауып келе жатқаны баршамызға қуаныш.

Бата қандай жағдайда берілмесін, ол кісілікке, имандылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Бата-тілек алу «бақытты болсам»деген үміттен туындайды. Үміт-адам баласын алға жетелейтін көңіл нұры, ақ ниеті. Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с.өз хадистерінде «Кім де-кім ниетін — имандылыққа, тазалыққа, тілін-шындыққа, өзін-тыныштыққа, мінезін-туралыққа, құлағын-тыңдаушыға, көзін-өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса,демек ол бақытты»деген. Ата-бабаларымыз осы қасиеттерді ұрпағының бойына бата-тілек берумен дарытқан. Мәтi би бiр мәслихат үстiнде Әбiлқайыр ханға: «Ер-азаматқа батадан басқаның бәрі артық» деген екен. Зерделей алсақ, осы бір ауыз сөздің астарында қаншама терең мағына мен мән жатыр. Ендеше, бабалардан қалған бата — біздің дүниенің бар асылына айырбастағысыз асыл қазынамыз, киелі тұмарымыз!

Әдебиет:

  1. Төреқұл Н. Даланың дара ділмарлары. –Алматы- «Қазақстан»-2006
  2. Адамбаев Б. Ел аузынан. –Алматы- «Жазушы»-2005.
  3. Әбілқасов Ғ.М. Ұлттық тәрбие тағылымы.Қарағанды, «ҚарМТУ» -2015
Основные термины (генерируются автоматически): бат, мена.

Ключевые слова

мәдениет, шешендік өнер, бата беру дәсүрі, сөз өнері, ұлттық болмыс

Похожие статьи

Big Data. Особенности и роль в современном бизнесе

В статье рассматриваются основные понятия, связанные с big data, основы и принципы работы с методами и подходами больших данных. Анализируются текущие тенденции на современном...

Соғыс жылдары Қазақстан майдан арсеналына айналды

Основные термины (генерируются автоматически): мена, майдан мен. ВКонтакте.

Қазақстан мен астананың тәуелсіздігі. Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім.

Современные глобальные проблемы человечества

Библиографическое описание: Филатова, Н. И. Современные глобальные проблемы человечества / Н. И. Филатова, С. И. Усова. — Текст : непосредственный...

Влияние развития техники и технологий на жизнь людей

Прогресс современного общества нельзя представить без развития науки и техники, без внедрения технологических новшеств, однако стремительное повышение роли...

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): Воронеж, Тамбов, алматы, мена, Павлодар.

Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғамдағы рөлі

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Кино как средство патриотического воспитания

...возможно, мы получим совсем другое кино, сценаристы и режиссеры, которого будут воспитаны именно на патриотических фильмах, а не на западных бэтменах и...

Философия войны: неолиберализм | Статья в журнале...

Авторы: Печенкин Андрей Андреевич, Печенкина Ольга Алексеевна. Рубрика: Философия. Опубликовано в Молодой учёный №21 (416) май 2022 г. Статья...

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Задать вопрос