Маңғыстау облысындағы ауыз су мәселесінің қазіргі жағдайы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 16 ноября, печатный экземпляр отправим 20 ноября.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №41 (331) октябрь 2020 г.

Дата публикации: 10.10.2020

Статья просмотрена: 1369 раз

Библиографическое описание:

Бактыбай, Талгат Мырзагалиулы. Маңғыстау облысындағы ауыз су мәселесінің қазіргі жағдайы / Талгат Мырзагалиулы Бактыбай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 41 (331). — С. 276-279. — URL: https://moluch.ru/archive/331/74097/ (дата обращения: 07.11.2024).

Сапалы ауыз суы халық өмірінде әлеуметтік — экономикалық рөл атқарады. Мақалада Қазақстан Республикасындағы су ресурстарының таралуы және ауыз суы мәселелеріне, Маңғыстау облысындағы су тапшылығы проблемаларына шолу жасалды. Аталған аймақтағы жан басына шаққандағы су тұтыну көрсеткіштері, су көздері талданды. Бұл мақалада ауыз су сапасының нашар болуы немесе су тапшылығы адам денсаулығына кері әсері туралы ақпарат берілді.

Кілт сөздер: ауыз суы, сумен жабдықтау, су бассейні, су құбыры, су тұтыну, су тұщыту, су көздері, су тапшылығы.

В данной статье рассмотрены проблемы нехватки воды Мангистауской области Республики Казахстан. Дана информация о распространении водных ресурсов в Республике Казахстан. В работе представлены данные о водопотреблении жителей административных единиц региона. Перечислены главные причины нехватки воды в области и республике. Ставится проблема отсутствия централизованной системы водоснабжения в регионе.

Ключевые слова: питьевая вода, водоснабжение, водный бассейн, водопровод, водопотребление, опреснение воды, источники воды, нехватка воды.

Әлемдік жаһандану және экономикалық даму заманында су ресурстарының алатын орны өте зор. Қазіргі таңда әлем елдерінің көп бөлігі су тапшылығын сезінуде. Қазақстанда да сумен жабдықтау мәселелері өзекті болып отыр. Қазақстан бойынша ауыз су мәселелерінің туындауына негізгі бірнеше себептер бар. Еліміздегі су құбырлар желілерінің тозуы және су тазалау ғимараттарында күрделі жөндеудің жүргізілмеуі, өзендердің көп бөлігінің трансшекаралық өзендер болуы, су ресурстарының ел аумағында біркелкі таралмауы, өндіріс орындарында және тұрғын үй шаруашылығында әртүрлі ауыр химиялық қоспалардың қолданылуы табиғи ауыз суына қол жеткізуге қиындықтар туғызып отыр.

Қазақстан Республикасында экономикалық секторларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ету, су қорларын оңтайлы басқару және қорғау мақсатында гидрографикалық принцип бойынша 8 су-шаруашылық бассейндері құрылған: Арал — Сырдария, Балқаш — Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық — Каспий, Нұра — Сарысу, Тобыл — Торғай, Шу — Талас. Еліміздегі су шаруашылық бассейндерін жеке алғанда жер асты және жер үсті суларының таралуы әртүрлі. Ертіс, Балқаш — Алакөл бассейндері жер үсті және жер асты суларының молдығымен, ал Нұра — Сарысу, Есіл, Тобыл — Торғай бассейндері жер асты суларының аз таралуымен ерекшеленеді. Есіл, Жайық — Каспий, Арал — Сырдария, Тобыл — Торғай, Нұра — Сарысу бассейндерінің көп бөлігінде жер асты және жер үсті суларының жетіспеушілігі айтарлықтай байқалады. Сумен қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша Қазақстанда бір тұрғынға шаққанда бір тәулікке 18,79 км 3 су келеді [2]. Жер үсті суларының проценттік үлесі 1 — суретте көрсетілген.

1 сурет. Жер үсті суларының су — шаруашылық бассейндері бойынша үлесі [2]

2012 жылы ауыз суымен қамтамасыз ету мақсатында жер үсті су көздерінен 838,893 млн м 3 су алынған. 1990 жылмен салыстырғанда су тұтыну 1,68 есеге, халық саны 1,01 есеге төмендеген. Жасалған болжамдар бойынша алдағы уақытта суға сұраныс артады және 2040 жылға қарай алынатын су көлемі 1276,410 млн м 3 құрайды. Еліміздегі суды көп тұтынатын және өте маңызды саналатын салаға өндіріс жатады. Өндірісте де жер үсті (89,8 %) және жер асты (10,2 %) сулары қолданылады. Өндіріс түріне байланысты су әртүрлі мақсаттарда қолданылады [2].

Елімізде қалаларды, облыс және аудан орталықтарын, ауылдарды сумен жабдықтау мақсатында әр жылдары екі мыңнан аса су құбырлар жүйесі тартылған. Олардың көпшілігі қолданысқа 20–25 жыл бұрын берілген. Су құбырларының 70 % ескірген. Облыстардағы қалалар мен елді мекендердегі тұрғындардың 35–85 % аралығында сумен жабдықталған. Бірқатар қалалардағы су тазалау ғимараттарының ұзақ уақыт және ескі технологиямен жұмыс жасауына байланысты бекітілген талаптарға сай су бере алмайды [1]. Қазақстандағы ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы су тұтыну мөлшері бекітілген 125 литрдің төрттен біріне жетпейді, атап айтқанда Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында 15 л, Атырау, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында 30 л құрайды [5].

Зерттеу нәтижелері 98 елді мекендегі тұрғындардың тыныс алу жолдары ауруларының ауа бассейнінің ластануы салдарынан (61 %) және 77 елді мекенде басқа да аурулардың (48 %) таза, сапалы суға қол жеткізе алмауынан болғанын анықтады. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасы, ауыз суымен төмен деңгейде қамтамасыз етілгендіктен және тұрғындардың ауру көрсеткіші орташа болғандықтан, экологиялық қауіпсіздіктің төменгі деңгейінде [4]. Судың сапасы, жеткіліктілігі және оның құрамы халық арасында таралатын аурулармен тікелей байланысты. Жыл сайын өндіріс орындары өзендерге 10 км 3 сарқынды су тастайды, бұл жалпы сарқынды сулардың 80 % құрайды [6]. Сумен жабдықтау саласында халықтың мәдени даму деңгейін бір адамның тұтынатын су көлемімен анықтауға болады деген түсінік бар. Мысалы, орта ғасырларда қала тұрғыны бір тәулікте 2 шелек су тұтынған (шамамен 25 л). Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 20 есеге жуық артқан (500 л дейін). Республика бойынша қалаларда бір адамға шаққанда су тұтыну мөлшері 50 л мен 350 л аралығында болса, ауылдарда 25 л мен 250 л арасында болып отыр. Су сапасына байланысты болатын қауіп — қатерлер тұтынылатын су мөлшеріне байланысты емес, су көздерінің, өзендердің, көлдердің ластану деңгейіне байланысты болып отыр. Өзен — көлдерге тасталатын су құрамындағы элементтердің кері әсерлері әлі күнге дейін толығымен зерттеліп біткен жоқ. Су көздерінің ластануы флора мен фаунаның биологиялық теңдестігін бұзады, бұл өз кезегінде шешімін табуы қиын проблемаларға әкеліп соғады [7].

Еліміздегі ауыз суы өте тапшы аймақтардың біріне Маңғыстау облысы жатады. Маңғыстау облысына су ресурстарының тапшы болуынан және табиғи климаттық жағдайларға байланысты көптеген гидрологиялық қауіп-қатерлер төніп тұр. Аталған облыстағы су тапшылығы мәселелерінің негізгі себептеріне табиғи — климаттық жағдайлардан бөлек, халық санының өсуі, аумақта суды көп қолданатын мұнай-газ өндірісінің дамуы жатады.

Облыстағы экономиканы қарыштап дамыту үшін көп мөлшерде таза, сапалы ауыз суы және су тазарту ғимараттарының экономикалық тиімді және болашағы зор жүйесін жасау қажет. Облыстағы негізгі ауыз суының тұтынушыларына Ақтау, Жаңаөзен және осы қалаларға қарайтын ауылдар жатады. Аталған қалалардағы су тұтыну үлесі сәйкесінше 75,2 % және 18,6 % құрайды, ал басқа аудандар халқы жалпы су көлемінің 6,2 % тұтынады. Өлкедегі жалпы судың 95,4 % өндірістік мақсатта, тұрмыстық — шаруашылық қажеттіліктерге 2 %, ауыл шаруашылығы мақсатында 2,6 % қолданылады [3].

2 сурет. Маңғыстау облысындағы негізгі су тұтынушылар [3]

Ауылдық елді мекендердегі бір тұрғынға шаққандағы су тұтыну мөлшерлері әртүрлі. Мысалы, Бейнеу ауданы үшін нақты су тұтыну көлемі 47,3 л/тәу, Маңғыстау ауданы үшін 44,58 л/тәу., Қарақия ауданы үшін 42,2 л/тәу., Түпқараған ауданы үшін 37,96 л/тәу., құраса, ал кейбір ауылдарда 20 л/тәу. құрап отыр. Тек Ақтау және Жаңаөзен қалаларында су тұтыну мөлшері жоғары болып отыр, ол 94,53 л/тәу құрайды. Облыс бойынша, Ақтау мен Жаңаөзен қалаларын қоса алғанда, орташа су тұтыну мөлшері 44 л/тәу құрап отыр. Қазіргі таңда Маңғыстау облысында ауыз суы 3 су көзінен алынады: «МАЭК» РММ су тұщыту қондырғылары Каспий теңізі суын тұщытып беру арқылы, «Астрахань — Маңғышлақ» су құбыры арқылы, жер асты су көздерін пайдалану арқылы [3].

Ақтау қаласына негізгі тұщы су өндірушісі «МАЭК» РММ болып табылады. Одан бөлек, Форт — Шевченко қаласында өнімділігі 1000 м 3 /тәу тұщыту қондырғысы жұмыс жасауда (Израиль өндірісі). Ақтау қаласы тұрғындары және қала маңындағы ауылдар «МАЭК» РММ өндірген ауыз суымен қамтамасыз етілген. Қазіргі кезде тұщытылған ауыз суын өндіру технологиясы бар. Халықты күнделікті ауыз суымен қамтамасыз ету үшін станция күніне 20 мың м 3 су өндіреді. «Астрахань — Маңғышлақ» су құбыры облысқа суды Жайық өзенінің сағасындағы Қиғаш өзенінен тасымалдайды. Облыс халқы тұтынатын жалпы су көлемінің 12,5 % Жайық өзені суы құрайды. Ұзындығы 1100 шақырымды құрайтын «Астрахань — Маңғышлақ» су құбыры Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия аудандары аумағынан өтеді. Орташа есеппен аталған аудандардың халқының 52,3 % Жайық суын тұтынады. Барлық тұтынылатын тұщы және аз минералданған судың 35,1 % жер асты су болып табылады [3].

Облыстағы көп ауылдарда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі толықтай дерлік жоқ. Ауылдарда орталықтандрылған су жүйесі болғанымен, ондағы су сапасы МЕМСТ талаптарына сай келмейді. Көптеген елді мекендердегі су құбырлары 30 жыл бұрын қолданысқа берілген. Бүгінгі күнде облыстағы су беру және су әкету құбырлары 80–100 % тозған. Су сапасының МЕМСТ пен СанЕмН талаптарына сай болмауы тұрғындар денсаулығына кері әсер етеді. Қазіргі таңда облыс онкологиялық аурулар бойынша ел ішінде көш бастап тұр. Одан бөлек, қан қысымы, жүрек, тіс аурулары да тұрғындар арасында жиі кездеседі.

МЕМСТ және СанЕмН бойынша Жаңаөзен және Ақтау қалаларында халыққа берілетін құбыр суынан алынған сынамалардың 31,5 %-тен 61,7 % дейін санитарлы — химиялық нормаларға сәйкес келмейді. Шамамен сынамалардың 90 % темірдің тұздары көп мөлшерде анықталған (лайлылық және тат басу). Форт — Шевченко қаласының ауыз суы сынамасы көрсеткендей, су құрамындағы натрий, калий, марганецтің көлемі шекті нормадан шамамен 2 есеге, хлоридтер 1,6 есеге көп болып отыр. Алынған жер асты суы және скважина суы сынамаларының жартысынан көбі (75 %) МЕМСТ және СанЕиН талаптарына сай келмейді. [3]

Облыс халқы тұтынатын ауыз суының сапасына және қолжетімділігіне бірнеше факторлар әсер етеді [3]:

1) су көздеріне өндірістік, тұрмыстық — шаруашылық сарқынды суларды тастау;

2) су беру және су әкету құбырларының айтарлықтай тозуы. Бұл өз кезегінде су сапасына әсер етеді;

3) су құбырларының антикоррозиялық қабатының бұзылуынан пайда болатын ауыз суының бактериялармен екінші ретті ластануы;

4) ауыз суына төленетін тарифтер, коммуналдық секторды басқару мен пайдаланудағы кемшіліктер, баға саясаты механизмінің жетілмегендігі;

5) халықтың белгілі бір санатының төлем қабілетінің төмендігі;

6) сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіруге және реконструкциялауға инвестициялардың жетіспеушілігі;

7) барланған жер асты су көздерін толықтай қолданбау:

8) кейбір елді мекендердерде ауыз су көздерінің жетіспеушілігі немесе мүлде болмауы.

Соңғы жылдары облыста өндіріс орындарының қалыпты жұмыс жасауы, экономиканың тұрақтануы нәтижесінде суға деген сұраныс артуда. Айта кету керек, 2010 жылы ауыз суға деген сұраныс 27824 мың км 3 , оның ішінде 20295 мың км 3 халыққа ауыз суы ретінде берілсе, 7529 мың км 3 су өндірістік секторға берілген [3].

2011–2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» ауыз суы бағдарламасы облыстағы көптеген елді мекендердің ауыз суына қол жеткізуіне мүмкіндік берді.

Қорытындылай келе, Қазақстандағы сумен жабдықтау мәселелері өте өзекті болып отыр. Өткен ғасырда салынған су тазарту ғимараттары күрделі жөндеуді қажет етуде. Ел аумағынан өтетін ірі өзендердің трансшекаралық болуына байланысты және кейбір облыстарда жер беті су көздерінің болмауы қазіргі күннің өзінде суға деген тәуелділікті тудырып отыр.

Маңғыстау облысы аумағында жер беті табиғи су көздерінің болмауы аймақта өндірістің дамуына кедергі келтірсе, халықтың экономикалық, әлеуметтік жағдайына да әсер етуде. Облыс тұрғындары көптеген аурулар бойынша ел бойынша көш бастап тұр. Сондықтан сапалы сумен қамтамасыз ету облыс үшін негізгі мәселелердің бірі болып қала бермек. Аймақтағы су тапшылығын шешу үшін жер асты су көздерін барлау, жер асты суының көлемін анықтау жұмыстарын жүргізу және су тапшы аймақтарда орналасқан БАӘ, Израиль, Сауд Арабиясы сияқты мемлекеттердің теңіз суын тұщыту технологияларын енгізу мүмкіндіктерін қарастыру керек.

Әдебиет:

  1. Водные ресурсы Казахстана в новом тысячелетий. Обзор ПрООН Алматы 2004
  2. Генеральная схема комплексного использования и охраны водных ресурсов
  3. Сейдалиева Л. К., Волкова И. В., Проблемы водопотребления Мангистауской области Республики Казахстан в условиях огрниченности и уязвимости водных ресурсов // Вестник ТГУ. — 2014. -№ 5.-С.1462–1465.
  4. Семенова В. Г. Изучение количественных закономерностей влияния возраста, пола и географической среды на смертность в популяциях человека: автореферат дис.... кандитата биологических наук. — Москва, 1989. — 25 с.
  5. Альназарова А. Ш. Гигиеническая оценка степени загрязненности питьевой воды в различных населенных пунктах Кызылординской области // Здоровье и болезнь. — 2009. -№ 8(84).-С.16–20.
  6. Амрин К. Р., Белозеров Е. С., Джасыбаева Т. С. Техногенные биогеохимические провинции Казахстана и здоровье населения // Современные проблемы оценки движущих факторов здоровья населения. — Алма — Ата, 1991. — С. 5–10.
  7. Нурманова Ж. А. Вопрос обеспечени питьевой водой населения регионов Республики Казахстан // Вестник КазНМУ. — 2012. -№ 1.-С.421–423.
Основные термины (генерируются автоматически): Казахстан, Астрахань, Каспий, здоровье населения, мена, область Республики, питьевая вода.

Ключевые слова

ауыз суы, сумен жабдықтау, су бассейні, су құбыры, су тұтыну, су тұщыту, су көздері, су тапшылығы

Похожие статьи

Нұр-Сұлтан қаласының автотұрағын талдау және көшелеріндегі көлік кептелісі жағдайларын анықтау

Нұр-сұлтан, Қазақстан Республткасының елордасы көлік инфрақұрылымының қарқынды дамуы, сондай-ақ қала экономикасы мен халқының жақсаруы осы салада бұрын болмаған бірқатар проблемаларды анықтады. Енді қаланы қарбалас уақытта түсіру міндеті барған сайын...

Шардара су қоймасының экологиялық жағдайын бағалау

Мақалада Шардара су қоймасының экологиялық жағдайы қарастырылған. Шардара ауданы мен Шардара су қоймасынын салынуы туралы жалпы мәліметтер келтірілген. Автор аймактағы экологиялық ахуалды сараптай келе, судын ластану себептерін тоқталған. Судын құрам...

Бастауыш сынып оқушыларының таным белсендлігін жоғарлату факторы ретінде зерттеу іс-шарасының дағдыларын қалыптастыру

Заманауи мектеп оқушыларда кең ғылыми ой-өріс, жалпы мәдени қызығушылық қалыптастыруға, жалпы адами құндылықтар басымдылығын жасауды нығайтуға бағытталған. Сондықтан авторлар бастауыш мектептің басты міндеттерінің бірі — әр баланың жеке дамуына толық...

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй кварталдарын жаңғыртудағы негізгі талаптар

Мақалада Қазақстан қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуі және жаңа шешімдердің ұсынылуы туралы айтылады. Қарапайым халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және де сол тұрғын үйлердің қазіргі ә...

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының рөлі

Мақалада шаруа немесе фермер қожалықтарының рөлі, олардың қалыптасу және даму кезеңдері қарастырылады. Шаруа қожалығының ауыл шаруашылығындағы тұрақты динамикалық нысаны ретіндегі сипаттамасы келтірілген. Тиімді жұмысты ұйымдастыру үшін олардың эконо...

Оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамыту

Мақалада зерттеушілік оқытудың басты мақсаты баяндалады. Зерттеу қызметіне бейім оқушыға сипаттама беріледі: жұмысты орындауға ынталандырудың жоғары деңгейі; жаңа білім мен дағдыларға белсенді ұмтылу; алынған ақпаратты талдай, жинай, жинақтай және қо...

Қазақстан туризм саласын дамытудағы мемлекеттік реттеудің маңыздылығы

Мақсаты: Мемлекттік реттеу арқылы туризм саласын класификациялаудың маңыздылығын көрсету. Зерттеу әдісі: Зерттеу барысында Қазақтан туризм саласын дамытудағы мемлекеттік реттеудің орны мен мағыздылығына баға беру мақсатында сандық зерттеу әдісі қолд...

Қазақстан Республикасы аймағындағы жауын-шашын құрамындағы иондар ластануының таралуы

Жұмыстың мақсаты — Қазақстан территориясында жауын-шашын құрамындағы иондар таралуын зерттеу. Жауын-шашын мөлшері көп немесе аз болуы оның ластану дәрежесіне байланысын анықтау, тікелей зерттеліп отырған аймақ байланысын қарастыру, жауын- шашынның ла...

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығының жағдайы

Бұл мақалада инвестициялық климат ұғымдары және оның Қазақстан экономикасына әсері сипатталған. Сондай-ақ, ол елдің ауыл шаруашылығының дамуын қолдау үшін қандай жолдарды пайдаланатынын, соның ішінде елдің ауылшаруашылығындағы экономикалық көрсеткішт...

Карбонатты коллекторларда ұңғымаларды жаңдандыруға арналған тұз-қышқылды әсер ету технологиясын жетілдіру

Бұл мақалада ұңғыманың мұнай бергіштігін арттыру әдістерінің бірі тұз қышқылымен әсер ету технологиясы қарастырылған. Тақырып атауына сәйкес, мақалада тұз қыщқылымен ұңғыманың түп аймағын өңдеу кезіндегі карбонатты жыныстың қышқылмен жоғары жылдамдық...

Задать вопрос