Гуманизм және ізгілік –жалпы адамзаттың рухани құндылықтары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №11 (301) март 2020 г.

Дата публикации: 15.03.2020

Статья просмотрена: 923 раза

Библиографическое описание:

Калдыбай, Кайнар Калдыбайулы. Гуманизм және ізгілік –жалпы адамзаттың рухани құндылықтары / Кайнар Калдыбайулы Калдыбай, Бердуали Абдужапбарулы Отеген. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 11 (301). — С. 273-275. — URL: https://moluch.ru/archive/301/68147/ (дата обращения: 26.04.2024).

Бұл мақалада гуманизм және ізгілік адамзаттың рухани құндылықтары ретінде қарастырылады. Еліміз тұрақты, тыныш өмір сүру үшін гуманизм және ізгіліктің маңыздылығына тоқталып өтеміз.

Түйін сөздер: гуманизим, ізгілік, рухани құндылықтары,қауіпсіздік, рухани жаңғыру, Мәңгілік Ел.

В этой статье гуманизм и добро рассматриваются как духовные ценности человечества. Подчеркивается важность гуманизма и добра для стабильной и спокойной страны.

Ключевые слова: гуманизм, добро, духовные ценности, безопасность, духовная модернизация.

Гуманизм — адам болмысының ең жоғарғы құндылықтары туралы көзқарастарға негізделе, қоғамның ғылым, өнер, мәдениет, дін сияқты маңызды салаларымен органикалық байланыста қалыптасып, адам болмысының рухани-әлеуметтік, саяси-экономикалык ой-пікірлерімен контексте дамып отыратын кең әрі терең ағым. Гуманизм дамуында біркелкі емес. Көпшілік еңбектерде гуманизмді тек атеистік, материалистік ағымдарға көбірек танып келген көзқарас-пікірлер негізсіз деп айтуға болады. Адамның адамға, адамның қоғамға ерекше қатынасы ретінде қалыптасып келген бұл ілім өз тарихын өте ертеден бастаған. Гуманизмнің шарықтап, ерекше көрініспен дамитын кезең тек өркениет аспектісінен іздегеніміз дұрыс. Өйткені гуманизм — өркениет өлшемі, прогрессивтік дамудың көрсеткіші ғана емес, ол өркениетті тұрғызатын компоненттердің негізгісі болып табылады. Өркениеттің кепілі өркениеттің ізгілігінде. Бұл жерде гуманизм өркениеті құлдырап, сөніп, мәдениет пен ғылым, тұрмыс пен тіршілік тынысы тоқырап, тығырыққа тірелген даму кезеңдерінде өмір сүрмейді, мүлдем жоғалады немесе оның барлығы тек өркениетпен байланысты деген пікір туындамауы керек. Дамудың ілгері-кейінді, өркениетті-дағдарысты, соғыс және бейбіт кезеңдерінде де гуманистік ой-пікірлер мен ілімдер философия ғылымының дәстүрлі мәселесі ретінде өз жалғасын тауып отырған. Мұндайда гуманизм белсенді формадан біртіндеп бәсен, бағынышты формата көшеді. Гуманизм дамуын ешқашан тоқтатпаған, бар, болып келген ілім. Оның белгілерін діни-философиялық ой-пікірлер мен ілімдерден бастап, саяси-экономикалық реформалар, саяси қақтығыстар мен көтерілістерден де жиі кездестіре аламыз. Әр халықтың өзіндік философиялық дүниетанымдық қоры бар десек, сол қордан гуманизмнің де бір қырын, бейнесін таба аламыз. Бүгінгі заман талабына сәйкес болашағымызға қажет ілімдеріміз де негізі ертеден қаланған гуманизм ағымының заңды жалғасы болып табылады.

Мәселенің өзектілігінің мәні мынада: біріншіден, жалпыадамзаттық гуманизм ағымының Батыстық және Шығыстық кеңістіктердегі қалыптасу және даму кезеңдерін негізгі белгілері мен ерекшеліктеріне байланысты хронологиялық жүйеге келтіруге талпыныс жасау. Гуманизмді қоғамның күрделі феномені ретінде табиғаты мен мәнін тануда және гуманизмнің мазмұнын қоғамдық болмыспен байланысын түсіну мақсатында хронологиялық тұрғыда жүйелеу міндетін ұлттық философия кеңістігінде шешу қажеттігі мәселесі де өздігінен бой көтереді. Тарихымыздың өткеніне көз жіберсек, гуманистік-ізгіліктік көзқарастардың өзгеруі, қайта жандануы және өшуі сияқты қозғалыстары адамзат қоғамы әлеуметтік-экономикалық қатынастар жағдайында ғана жүзеге асып отыратындығын байқаймыз. Сондықтан гуманизм ілімінің жан дүниесіндегі тұрақтылық түпкөзі мен қоғамдық өмірдегі орны, сипатын теориялық талдауда бұл ілімнің қоғамдық дамудың белгілі-бір кеңістігі мен уақыты ішінде қаралатынын ескере кеткен жөн.

Екіншіден, гуманизмді дамытуда және әсіресе XV-XVII ғғ. Батыс Еуропа Ренессансы кеңістігінде ерекше көрінген гуманистік ағымның қалыптасуына қажет ғылыми-теориялық негіз жасап берген түрік-мұсылман өркениетіне тән гуманистік ілімдер мен ой-пікірлердің орнын анықтап, ролін бағалау арқылы оны әлемдік құндылықтар қатарына қосуға талпыныс жасау. Иә, гуманизмнің бір қыры адамның ой-жемісі мен еңбектерінен көрінсе, екінші қырынан гуманизм — мәңгілік зерттеу объектісі ретінде танылып келді. Адамзаттың рухани болмысының ең қүнды ілімін байытып, маңызын арттыруда рөлі өлшеусіз, бірақ ескерусіз қалып дұрыс бағаланбай келген қазыналар қаншама! Мұндай қазынаның бірі — орта ғасырлық мұсылман өркениетінде өрістеген ізгіліктік көзқарастар мен ой-пікірлерден көрініп отырған гуманизм мағымының тағдыры. Бұл мәселеге байланысты көптеген сауалдардың туындауы да орынды. Мәселен, түрік-мұсылман өркениетінде гуманизм қоғамдық сана дәрежесіне көтеріле алды ма? Түрік-мұсылман гуманизмінің XV-XVII ғғ. Батыс Өркениеті гуманизмімен ортақ және айырма белгілері қандай? Мұсылман өркениеті өмірге шынайы гуманист-титандарды әкеле алды ма? Мұсылман гуманизмінің табиғаты мен түпкөзі не? Бұл сұрақтарға жауап бере алғанымыз елеусіз қалып келген құнды қазынаның қорын жарыққа шығарғанымызбен бірдей. Сонымен, гуманизм ілімінің даму тарихына қайта оралу бізге не береді?

Біріншіден, адам болмысына тән қоғамдық сана формасында қалыптасқан гуманизмнің нақты теориясын түсіну үшін, бұл ағымды құрайтын ой-пікір, ілім, қозғалыстардағы жетістіктер ғана емес, идеологиялық шабуылдар мен саяси күрестерде төтеп беріп келген бұл өміршең ілімнің өмірлік тәжірибесінен үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алу. Екіншіден, гуманизм ілімінің дамуына еңбек сіңірген даланың ұлы гуманистерінің адам үшін, адамзат үшін, адамның бақыты мен құқығын қорғау мақсатында қалдырған мұраларына аналогиялық көзқарастар түрғысынан келу арқылы гуманизмнің тарихи түпнұсқа бейнесін жасау. Мақсат — гуманизмнің түпнұсқалық көздеріне деген қызығушылықты тудыру. Және соңғысы, гуманизмнің, даму жолымен қатар болып, дамып келген ой-пікір мен ілімдердің қайшылығы, адасулар мен кедергілер, арты аянышты оқиғалармен аяқталған тағдырлар мен ізгі сөзі үшін жан қию, қудалау сияқты қоғамдық көріністер — адамның күрес үшін жаралғандығының дәлелі екендігін ертедегі Қытай ойшылы Хун Цзычен сөздерімен нақтылай кетелік: «Бабалардың ізгілігі — бұл, мен олардан алған мұра. Оны жинақтаудың қандай қиын екендігін біз есте сақтауымыз қажет. Ұрпақтың игілігі — ол меннен қаланады. Оны жоғалтып алудың оңай екендігін есте сақтау қажет».

Сондықтан, гуманизм ілімінің қалыптасуына деген қажеттілік әртүрлі болып келеді деп айтуымызға болады. Ең алдымен, гуманизм сияқты ізгілік -адамға ғана қажетті ілім. Қоғамдық қатынастардың ұзақ тарихи жолын басып келген бұл ілімнің бойында адам мен адам қарым-қатынасына қажет керемет күш бар. Ол — әлеуметтік теңсіздіктің негізі қаланып, адамдар әлеуметтік топтарға бөлінген кезден-ақ байқалған қажеттілік. Себебі, әлеуметтік теңсіздіктің өзі қаншама қайғы-қасірет пен бақытсыздықтың көзі болып келген жоқ па?! Бақытсыздықтың өзі, адам бойында қайырымдылық пен зұлымдық арасын саналы таңдауға, белгілі-бір қажеттілікті туғызады. Бұл қажеттілік, ақыл-ой және логикалық ойлаумен тікелей және жанама түрде байланыса отырып, адамның белгілі-бір адамгершіліктік-құндылықтық ережелерінің қалыптасуын талап етеді. Ал, ережелерді меңгеру сананың рационалдық іс-әрекетінен тыс жүзеге асуы мүмкін емес. Осылайша, ертедегі Үнді діни-философиялық ағымдарында ақыл категориясын қайырымдылықты Зұлымдықтан айыруда көмектесетін әдіс, құрал, күш есебінде қарап, бағалайтын көзқарастар жүйесінің негізі қалана бастайды. Гуманизм философия ғылымының орталықты мәселелерінің бірі болып келді деген тұжырымға сүйенсек, гуманизм ағымының түп-тамырын, яғни бастамасын өркениеттің көш басы — Ертедегі Үнді және Қытай құндылықтарынан іздеген жөн. Алдымызға қойып отырған мақсатымыз жеңілден емес болғандықтан, сөзді Үнді өркениетінде қаланған гуманистік ой-пікірлер мен ілімдердің мәні, табиғаты қандай деген сұраққа зерттеу салудан бастағанымыз дүрыс. Жалпы, Үнді өркениетінің тамыры сонау б. з.д. XXII-XVIII ғғ. Махенджо-Даро және Хараппа мәдениетінен басталатыны анық. Өкінішке орай осы кезеңдегі жазба деректерінен философиялық-этикалық ілімдері жайында деректер табылмаған. Б.з.д. Х-ІХ ғғ. мен б. з.д. V-IV ғғ. қалыптасқан дәстүрлі үнді философиясының Чарвак, Ньяя, Вайшешека, Санкхья, Йога, Миманса, Веданта сияқты ағымдары гуманизмнің алғашқы ұрығын дүниеге әкелді. Бұл жерде, I мыңжылдықтың орта шенінде қалыптасқан үш өркениет ошағы — Үнді, Қытай, Грекиядағы діни-философиялық ағымдардан көрінетін гуманистік ой-пікірлер мен ілімдердің ортақ және айырма белгілерін анықтау қызықты да қиын мәселенің бірі. Сонымен, жоғарыда бастап кеткен ойымызды жалғастырсақ, барша бақытсыздықтың көзі — жер бетіндегі өмірге тән талап-тілектерді орындаудан бас тарту қағидасын аксиомаға айналдырған көне үнді діни-философиялық ағымдары адамды бақытсыздықтан құтқарудың жолдарын қарастырады. Құтқару жолының ажырамас ережесі — ақылдан сақтану. Бұл идеяларды Упанишад беттерінен-ақ таба аламыз: «Ақыл табиғатынан екі түрлі — таза және таза емес болып келеді. Таза емесі талап-тілектерге ұмтылса, тазасы талап-тілектерден азат». Сонымен, адамның талап-тілектеріне тәуелсіз ақыл — таза, ал талап-тілектерді қанағаттандыруға ұмтылған ақыл-таза емес болып келеді. Ақылдың таза немесе таза еместігі адамның тумысынан, табиғатынан біткен қасиеті және адамның іс-әрекетімен тығыз контексте көрінетін, нәтижесінен байқалатын күрделі құбылыс екендігіне упанишадтағы келесі сөздерден көз жеткіземіз: Ақиқатында, ақыл-ой -адамдарды босату мен бағындырудың себебі. Заттарға тәуелді болу бағыныштыққа әкелсе, заттардың әсерінен тәуелсіз ақыл еркіндіккке ие болады. Ақылдың заттардан тәуелсіз болуынан, құтылу мүмкіндігі туады, сондықтан адам ақыл-ойын затқа тәуелділіктен үнемі тазартып отыруы қажет.

Әдебиеттер:

  1. Аташ Б. М., Маханова Г. И. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру философиясы//Қоғам және дәуір. Ғылыми сараптамалық журнал.-№ 3–2013.-90–98бб.//Қоғам және дәуір. Ғылыми сараптамалық журнал.-№ 3–2013.-90–98бб.
  2. Зағыпаров Қ.Ф. Философиялық терминдер сөздігі.- Павлодар: ПМПИ, 2011.-138б.
  3. Иманмолдаева Б. Л. Ұпақтар сабақтастығы негізінде ұлттық бірегейлікті сақтаудың психологиялық тетіктері// Жантану журналы.-№ 5.- 2019.- Сентябрь-Октябрь.-5–9бб.
  4. Молдабеков Ж. Ж. Қазақтану және жаңару философиясы: Оқу құралы. − Алматы: Қазақ университеті, 2009. − 282 б.
Основные термины (генерируются автоматически): гуманизм, мена, XV-XVII, V-IV, XXII-XVIII, таз.

Похожие статьи

Английский гуманизм в идеологии XVI века | Статья в журнале...

Английское общество XVI века представляло собой пусть противоречивую, но определенно некую систему, находившую выражение и в политике, и в мировоззрении, и в поведении современников. Известно, например, что в Англии XVI века восторжествовал абсолютизм.

Гуманизм эпохи Возрождения как форма самоотрицания человека

Тема урока: «Гуманизм эпохи Возрождения XVXVII века». Цели исторического блока: - понять истоки и идеи гуманизма.

Цели исторического блока: - понять истоки и идеи гуманизма. Уж если ты разлюбишь, — так теперь, Теперь, когда весь мир со мной в раздоре.

Түркі халықтарының қалыптасуы | Статья в журнале...

Түркі халқының шығу тегі мен салт-дәстүрлері ғылымда аз зерттелген мәселе. Сосын бұл тақырыптың толық зерттелмегендігі сол кездегі

Сипатталған этномәдени құндылықтардың талдауы еуразиялық тайпалар мен халықтардың тарихы мен мәдениетіне кең көзқараспен...

Изучение исторического труда Муниса и Агахи «Фирдавсул-икбал»...

Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII веков.

Основные термины (генерируются автоматически) : Хивинское ханство, сведение, событие, произведение, история, история Хорезма, литературная жизнь, целый ряд, IV-V, XV-XVIII.

Общественно-философская мысль в Средней Азии (XVI–XVII в.)

Здесь следует выделить два этапа: развитие общественно-философской мысли в XVI-XVII вв. и в XVIII — первой половине XIX в.

Важным идейным течением явились также гуманистические взгляды передовых мыслителей XV в., в частности великого узбекского поэта и мыслителя...

Страх колдовства как фактор общественной активности в Новое...

Статья посвящена такому известному каждому человеку переживанию, как страх. Страхи сопутствуют человечеству на протяжении всего его существования, однако каждому историческому периоду свойственны свои, отличительные страхи. Новое время — это период в...

Эпоха мусульманского ренессанса IX-XII веков в Центральной Азии

В Западной Европе такой ренессанс произошёл в XV-XVIII веках, после почти 700-летнего мракобесия. В Центральной Азии первый период возрождения приходится на IX-XII века. Его масштабы, результаты и влияние на мировую цивилизацию огромны.

Дипломатические и торговые связи Бухары с Россией XVI-XVIII вв.

Бухарский хан Абдулла просил Ивана IV о свободном пропуске его купцов в Казань, Астрахань и ряда других городов.

Как выше говорилось, уже в XVI-XVII вв. установились прочные связи Средней Азии с Россией. Торговлей были связаны Поволжье, при Уралие и Западная Сибирь.

К вопросу изучения истории туркмено-российских гуманитарных...

Одним из ключевых направлений миролюбивой внешней политики Туркменистана является взаимовыгодное сотрудничество с Российской Федерации, которое изначально нацелено на активное взаимодействие по всем приоритетным для двух стран направлениям.

Задать вопрос