Химия пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық құндылықтары мен дағдыларын дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Жубауова, Ж. Р. Химия пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық құндылықтары мен дағдыларын дамыту / Ж. Р. Жубауова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 15-16. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67927/ (дата обращения: 28.04.2024).

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқыту шығармашылық құндылық пен дағдыны дамытуға, оқу үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде жетілдіруге, оқушының өзіндік іс әрекетін қалыптастыруға, пәндердің бір-бірімен байланысын күшейтуге ықпалы зор. Яғни, оқушыны шығармашылық интеллектуалдық еңбекке дайындау. Химиялық білім жалпы орта білім берудің аса маңызды әрі үлкен саласы. Пәнді оқытуда негізгі міндеттерді ескеру керек, олар: оқушыларға жаратылыстану пәнінің ғылыми дүниетанымы мен қоршаған ортаның ғылыми бейнесін қалыптастыру; қоршаған ортада жүріп жатқан құбылыстарды химиялық таным-түсініктер арқылы ойлай білуге үйрету және химиялық тілді дамыту; химиялық білім-біліктерді және химия ғылымының жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау.

Аталған тәсілдердің тиімділігі көптеген факторларға байланысты. Соның ішіндегі маңыздысы – оқушының мүмкіндігі мен қызығушылығы.

Сабақ барысында оқушының іс-әрекетін сипаттайтын кезеңдер: бағытталған-мотивациялық кезең. Белгілі бір жағдайға байланысты мақсат және оған жету жолдары.(Біз қандай жағдайда тұрмыз? Оны орындау үшін не істейміз? Оны қалай жасаймыз?); орындаушылық – операциялық кезең. Бұл кезең мақсатқа жету кезеңі болып табылады. Жоспарды орындау, модельдеу; бағалау-рефлексивті кезең. Мақсат орындалды ма? Қалай орындадым?

Оқытудың шығармашылық негізін арттыруда стандарт деңгейінде оқу бағдарламасындағы оқу материалының мазмұнын меңгертуде міндетті деңгейден мүмкіндік деңгейге жеткізу. Яғни, саралап оқыту жүзеге асады, осыған орай әр оқушының танымдық қажеттілігі ескеріледі. Білім деңгейлері жылжымалы және ауыспалы (А - төмен, В - орташа, С - жоғары) болады, себебі оқушы үнемі жетіліп отырады. Үштік деңгей мүмкіндігінше сыныптағы барлық оқушыларды қамтиды [3].

Білім игеру деңгейлері

Оқушыларға қойылатын талаптар

Бірінші деңгей. Қайта жаңғырту және есте сақтау.Оқу материалының мазмұнын қайталап айту

Көрсете білу, анықтай білу, атай білу, анықтама беру.

Екінші деңгей. Үлгі бойынша білімді таныс жағдаяттарда қолдану. Ережеге сәйкес жұмыс жүргізу.

Өлшеу, түсіндіру, дайын сызба бойынша құрастыру, сипаттау, салыстыру, ережені сақтау.

Үшінші деңгей. Білімді белгісіз жағдаяттарда қолдану. Шығармашылық жұмыс.

Проблемалық сұраққа жауап беру, өз ойын білдіру, негізгі себептерін айқындай білу, ақпаратты талдау және керекті ақпаратты таба білу.

Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастрыу және оларды қолдану оқу бағдарламасының өзекті аспектісі болып табылады. Осы ойлау дағдыларын қалыптастырудың маңызды тәсілдерінің бірі – дәлелдеу. Дәлелдеу кез келген пікірталас бастау, жүргізу және оны бағамдау үшін маңызды, әсіресе химия пәнін оқытуда оның маңызы өте зор, себебі онда берілген мәселенің бір шешімі болғанымен, тапсырманы әр түрлі құралдар мен тәсілдер арқылы орындауға болады [1].

Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытатын стратегиялар: оқушының атқарған жұмыстарына мадақтау, ынталандыру жасау; тәуекелге баруға, қателесуге мүмкіндік жасау; проблеманы табуға, анықтауға бағытталған алгоритм жасау; идеяларын ұсына білуге үйрету; шығармашылық ойлауларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен сұрақтар жүйесін жасау; белгісіздікті анықтауға шыдамдылықтарын дамыту, қолдау.

Сабақ барысында берілетін оқушыларға шығармашылық сұрақтарды құрастыруда ескеретін мәселелер: сұрақтар мазмұны ғылыми, проблемалық және қызықты болуы; танымдық және тәжірибелік тұрғысында құнды болуы; химиялық заттардың қасиеттері, құрылымы, құрамы арасындағы генетикалық байланысты жүзеге асыратын болуы; пәнішілік және пәнаралық байланыс негізінде болуы керек.

Мысалы: Неліктен былғары аяқ қиімді ыстық жерге қоюға болмайды? Неге құстың ұясын пластмассадан салуға болмайды? Неліктен ағзадағы глюкозаның жеткіліксіз мөлшері мидың әлсіреуіне, бастың айналуына әсер етеді?Неліктен дельфиндердің сүтінің майлылығы жоғары (40%)?

Оқытудың нәтижелерін бақылау - оқу үрдісінің құрамдас бөлігі. Оқушы оқу үрдісінің субъекті болуы үшін білімді бағалауды және бақылауды үш деңгейде жүргізген жөн. Өзіндік жұмыстың үш деңгейлік нұсқасы (Қышқылдырдың химиялық қасиеттері) ұсынылып отыр. І-нұсқада стандартты емес шығармашылық тапсырмалар, ІІ-нұсқада стандартты тапсырмалар, ІІІ нұсқада репродуктивті тапсырмалар қарастырылған [2].

І-нұсқа

  1. Магний хлоридінің бірнеше алыну жолдарын ұсыныңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
  2. Х элементін анықтаңдар және химиялық айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:

Х→Х2О3 →Х2 (SO4)3

ІІ-нұсқа

Іс жүзінде жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар:

Азот қышқылы+ барий гидроксиді

Күкірт(ІV) оксиді+тұз қышқылы

Сынап+фосфор қышқылы

ІІІ-нұсқа

Химиялық реакция теңдеулерін аяқтаңыз:

ZnO + HNO3

Mg + HCl→

BaCl2 + H2SO4

Бақылау жүйесінің негізгі субъектісі – оқушы тұлғасы. Оқушының жеке - тақырыптық оқу қызметіндегі іс-әрекетінің бағалау және бақылау кестесін жасауға болады.

Р/с

Оқушының аты-жөні

Тапсырмалар

Қорытынды

Жеке ескертпелер

Арнайы жасалған параметрлер бойынша оқушы өзінің белгілі бір тақырып көлеміндегі білім, білік, икем, дағдыларын бағалап, мұғалімнің берген кері байланысы негізінде өз жұмысына түзетулер мен толықтылулар жасауды үйренеді. Осындай жұмыс оқушының даму динамикасын көруге мүмкіндік береді.

Әдебиет:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық: «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО, 2016.
  2. Аликберова Л.Ю., Степин Б.Д. Занимательные задания и эффектные опыты по химии. - М. Дрофа, 2002.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

ҚР Жұмыссыздық мәселелері және оны шешу жолдары

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер

Өткен ғасырдың аяғындағы өндіріс, ғылым мен техникадағы өзгерістер қоғамның жаңа түріне көшуге ықпал етті. Нәтижесінде ғылым мен білім қоғамның дамуына ықпал жасайтын күшке...

Хариджиттік ағымының дүниеге келуі | Статья в журнале...

мена , Секта, бар , немес , христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте...

Болашақ мамандарды даярлаудағы сындарлы сабақты...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

АЛЖИР лагері мен тұтқындарының өмірі | Статья в журнале...

Тарих тағлымында тарланып, тотаритарлық жүйеге қорланып, ақиқаттың шынайы шыңынан орын ала-алмаған тарихымыздың ақтаңдық беттері мен ұлтымыздың азаттығын сақтау үшін...

Домбыра аспабын орындауда оқушының шеберлігін арттыру

Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан дүниесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың киелі домбырасының атқаратын орны ерекше.

Қайта Өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар | Статья в журнале...

Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Лингводидактические основы обучения студентов...

Салыстырмалы тұрғыда Ислам этикасы мен басты этикалық...

Қазіргі әлемнің өзгерісі, оның жаһандануы, технологиялардың пайда болуы адам алдында жаңа мәселелерді шығаруда. Дәстүрлі өмірдің бұзылып, адамдардың қалаға көшіп...

Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібін дамыту...

Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

В бухгалтерском учёте приобретение основных средств по договору мены отражается...

Биология пәні бойынша көрнекі құралдарды қолдан дайындау

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена

мена, Секта, бар, немес, христианин. Биология мамандығы студенттері үшін «Эмбриология»...

Задать вопрос