Шығармашылық қабілет ұғымының педагогикалық түсініктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Айгабыл, Н. З. Шығармашылық қабілет ұғымының педагогикалық түсініктері / Н. З. Айгабыл. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 1-2. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67889/ (дата обращения: 28.04.2024).



Шығармашылық - қоғам үшін құнды жаңа нәрсе жасауды болжайтын қабілетке қарағанда, жеке тұлға өз қабілеттерін дамыта отырып, іске асырылуы мүмкін кең ұғым. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту қазіргі білім берудің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта материалдың қандай да бір көлемін жатқа білу жеткіліксіз. Cондықтан балалармен, әсіресе кіші мектеп жасындағы балалармен жұмыс істеу кезінде олардың жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктерін ескеру және өмір сүрудің, оқытудың, тәрбиелеудің, шығармашылықтың қолайлы жағдайларын жасау керек.

В.А. Крутецкийдің пікірінше қабілет ұғымының негізі ретінде екі көрсеткіш қызмет ететінін атап өтті: қызметті меңгеру жылдамдығы мен жетістіктер сапасы. Егер ол қандай да бір қызметті жылдам және табысты игерсе, басқа адамдармен салыстырғанда тиісті икемдер мен дағдыларды оңай иеленсе, орташа деңгейден едәуір асып түсетін жетістіктерге қол жеткізеді. Педагогикалық қабілет - бұл педагог тұлғасының жеке - психологиялық қасиеттері, олар қолайлы жағдайда педагогикалық қызметті игерудің табыстылығын және орындаудың өнімділігін барынша анықтайды. Педагогикалық қабілет келесідей қызмет түрін атқарады: экспрессивті, дидактикалық, перцептивті, ғылыми-зерттеу, авторитарлық, коммуникативтік, тұлғалық, ұйымдастырушылық, конструктивтік, мажорлық, гностикалық, психомоторлық және көңіл бөлу мен шоғырлану қабілеті.

Оқытушының ұйымдастырушылық іскерлігінің құрылымына кіреді:

  1. Ұйымдастырушылық қызметке бейімділік.
  2. Барлығын өз энергиясымен зарядтауға ұмтылу.
  3. Шығармашылық және орындаушылық бастамашылық.
  4. Дербестік және өмірлік тәжірибе.
  5. Өзіне және басқа адамдарға талап ету.
  6. Төзімділік, табандылық және белсенділік.
  7. Әрбір адамға мүмкіндік бойынша іс табу.

Педагогикалық қабілеттердегі жетекші қасиеттер: педагогикалық такт; бақылау; балаларға деген сүйіспеншілік; білім беру қажеттілігі.

Н.В. Кузьмина педагогикалық қабілеттерді оқушылардың қабілетін дамыту мен қалыптастырудың маңызды факторы ретінде қарастырады,яғни олардың тәрбиеленушілерге және педагогтың өзіне деген екі есе қарым-қатынасы бар.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің қызметінде перцептивті қабілеттер оқушыны, оқушылар тобын, ата-аналарды танумен байланысты.

Олар келесі біліктерде көрінеді:

- оқушыны,оның даралығын түсіну;

- мінез-құлқында, іс-әрекетінде жас ерекшеліктерінің көрініс табуы;

- оқушылардың артта қалуын, оның дамуындағы бұзылушылықты байқап, олардың себептерін анықтау;

- сыныптағы оқушылардың жағымды және жағымсыз қарым-қатынасын байқап, олардың себептерін талдау;

- «қиын» оқушыны түсіну, нақты баланың «қиын жағдайдың» дамуына әлеуметтік факторлардың әсерін объективті бағалау;

- оқушылардың ата-аналарын түсіну, отбасылық шағын орталықты, отбасылық тәрбие стилін объективті бағалау

- адамның эмоционалдық жағдайын сыртқы белгілері бойынша дұрыс анықтау (мимика, қимыл, дауыс интонациясы).

Қорыта келе, шығармашылық әрекеттерді айқындауда мотивация, құндылықтар, тұлғаның жеке қасиеттері маңызды рөл атқаратынын естен шығармаған дұрыс. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етіп қана қоймай, ақыл-ой және адамгершілік қуаты оның ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын білдіретін интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс береді.

Алғыс білдіру

Зерттеу жұмысы «Болашақ» ҒЗИ жанындағы «Кіші жастағы оқушыларға білім беру» ғылыми-педагогикалық зерттеу орталығының «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сабақ барысында және сабақтан тыс іс-әрекет арқылы дамыту» жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржысымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Андреев В.И. Педагогика творческого саморазвития. – Казань: Изд-во Казанского университета, 1996. – 567 с.
  2. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения: Опыт теоретического и экспериментального психологического исследования. - М.: Педагогика, 1986. – 240 с.
  3. Крутецкий В.А. Психология. - М.: Просвещение, 1980. – 352 с.
  4. Педагогические способности // [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://potencial-school.ru/sposobnosti-pedagogicheskie.html
  5. Лук А.Н. Психология творчества. - М.: Академия, 2008. – 336 с.


Задать вопрос