Қызылорда облысындағы діни нысандар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №9 (299) февраль 2020 г.

Дата публикации: 27.02.2020

Статья просмотрена: 116 раз

Библиографическое описание:

Оразалиева, Г. И. Қызылорда облысындағы діни нысандар / Г. И. Оразалиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9 (299). — С. 205-208. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67776/ (дата обращения: 28.04.2024).

Берілген мақалада Қызылорда облысындағы діни нысандар қарастырылады.

Кілт сөздер: Қорасан Ата кесенесі, Қағба көшірмесі, Төлегетай-Қылышты Ата кешені.

В статье рассматриваются религиозные объекты Кызылординской области.

Ключевые слова: Мавзолей Хорасан Ата, копия Кагбы, Комплекс Тулегетай-Кылышты Ата.

Сыр өңірі тарихи-мәдени ескерткіштерге өте бай. Қазіргі таңда 500-ден астам тарих және мәдениет ескерткіштер мемлекет қорғауына алынған. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы ірі жобалардың бірі — «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» еліміздің ғылымына үлкен серпіліс алып келді. Осыған орай, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі жалпы Сыр өңірінің қасиетті нысандарын іріктеу мақсатында жұмыс атқарып келеді [1, 166 б.]. Осы жұмыстардың нәтижесінде Жалпыұлттық және өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген діни және ғұрыптық орындарының ішінде Сыр өңірінің шығыс бөлігіндегі нысандар — Қорасан ата кесенесі, Төлегетай-Қылышты ата кешені және Сыр өңіріндегі Қағбаның көшірмесі жайында болмақ.

Қорасан Ата кесенесі. Барлық өмірі мен өнегелі тірлігі алты Алаштың баласына мәлім, сонау Арабиядан Орта Азия, түркі, қазақ жерлеріне, соның ішінде Сыр бойына ислам діні мен мәдениетін алғаш әкелгендердің бірі — халықты имандылық парасатына тәрбиелеген Әбдіжалил Баб еді. Халық аузындағы әңгімелерде ол Қорасан ата деп аталады [2, 36 б.].

Қорасаннан қалың қолмен аттанған Әбдіжалил Баб Сырдарияның сол жағалауындағы Қызылқұм өңіріндегі «Тотықұс» аралына (қазіргі Жаңақорған ауданының аумағында) келіп табан тірейді, осы жерді тұрақты мекен етеді. Мешіт-медресе салдырып, бала оқытады, емшілік істермен де айналысады.

Аңыз әңгімелерде Қорасан ата бамдат намазын оқып тұрғанда бүкіл тұла бойы қорғасындай еріп тұрғандықтан халық оны қорасан деп атап кеткен деседі. Ислам дінін уағыздаумен қатар жүйке, қояншық, шешек ауруларын емдеп жазатын болыпты. Қорасан ата өзі өлсе де рухы өлмей, мазар басына түнеп, перзент сұраған ерлі-зайыптыларға Алланың құдіретімен ұл сұраса ұл, қыз сұраса қыз берген. Бұл жөнінде қазақ халқының эпостық жырларының бірі — Қобланды батыр жырында Қорасан атаның киесі туралы айтылады [2, 38 б.]. Қорасан ата (Әбдіжәлил баб) мен оның ұлы Хұсайын баба (Хұсайын Ғази) зираттары қазіргі Жаңақорған ауданының жерінде орналасқан.

Қорасан ата кесенесі туралы жазылған тарихи және аңыздық деректер көптеп кездеседі. Халық арасында қызығушылық тудыратын, қасиеті дара орындардың бірі — Қорасан ата кесенесі аумағындағы «Қағбаның» көшірмесі. Қағба «Сыр еліне қалай келді»? — деген сұраққа халық аузында сақталған ертедегі аңыз әңгіме жауап береді.

Қорасан атаның баласы ғұлама имам болған екен. Әкесі Қорасан әр жұмада «Тотықұс» аралынан Ақмаямен желдей ұшып, Меккеге барып Бамдат намазын өтеп қайтатын болған-ды. Осыны сезген Хусаин әкесіне: «Рұқсат етіңіз, Меккедегі Қағбаны осында көшіріп әкелейін», — депті. Таң намазының уақытында аспанды қара бұлт басып алай-дүлей желдетіп, ит үріп, тауық шақырып, түйе боздап, ауыл у-шу болыпты. Сонда баб: «Балам сені сынайын деп едім, іліміңе сендім. Жерге түсірме, Қағбаның көлеңкесін сызып алайын, өзін қайта орнына апарып қой. Бұл жерде аяқ асты болады. Өз орнында тұрғаны дұрыс», — дейді. Қағбаның сол сызып алынған көлеңкесі орнына топырақ үйіліп, ұзамай оның көшірмесі жаңадан салынады. Меккеге бара алмаған адам Құрбан айт намазында сол Қағбаны жеті рет айналып өтетін болған. Дегенмен, бұл тарихи дерек емес ауыздан-ауызға тараған аңыз — әфсана екенін баса айтқымыз келеді [3, 16 б.].

Қағба көшірмесі дүниенің төрт бұрышына қарап тұрғызылған, қабырғалары 6,5х6,5 метр, биіктігі 5 метр шамасында, яғни шаршы формасында салынған. Қағбаның ішінде бабаларымыздың қолының табы қалған ертедегі қабырғалардың қирандысы сақталған.

Қазір Қағбаның ішінде VІІ-VІІІ ғасырлардан қалған тастар қойылған. «Тасқа қолыңды қойып, ең үлкен арманын айтқан адамның тілегі орындалады» деген халық арасында сенім бар. Қорасан ата кесенесі және Қағба — қазіргі таңда халықтың зиярат ететін орны. Қағба жанындағы емдік қасиеті бар құдық суы дертке шалдыққан адамдардың шипасына айналды. Аллаға құлшылық ететін намазхана да келушілерге қызмет етуде. Киелі орынның инфраструктурасы жақсы дамыған. Келешекте бұл аумақ туристік нүктеге айналуы мүмкін. Қағба көшірмесінің ішіне кіретін есігі солтүстік шығысқа қараған. Ішке кіре берісте ғибадат етуші еденіне жайнамаз төсемей-ақ, дүниенің төрт бұрышының кез келген бағытына намаз оқыса да, Меккедегі оқыған намаздың сауабын табады деседі.

Қожа Ахмет Ясауи Қорасан атаға зиярат ете келгенде: «Тоқсан машайықты артыңнан көрдім, Қағбаны Мәккәні алдыңда көрдім, Рахым ете гөр, бабам Қорасан», — деп хикметіне қосып айтқанда, осы қасиетті орынды меңзеген болуы керек дейді халық арасындағы аңыз әңгімелер [3, 22 б.].

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қызылорда облыстық музейі тарихшылар мен өлкетанушылардың облыстық форумын 2018 жылдың сәуір айында откізген болатын. Форумда қабылданған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылорда облыстық музейі БАҚ өкілдерімен бірлесе Сыр өңірінің шығыс бөлігіне «Сыр өңірінің қасиетті орындары» атты телеэкспедиция ұйымдастырды. Өңірдің шығыс бөлігінде орналасқан қасиетті нысандардың ішінде Қорасан ата кесенесі және оның аумағындағы қасиетті орындар зерттеліп, насихатталды. Нәтижесінде қасиетті орындар туралы бейнефильмдер түсіріліп, олар туралы зерттеулер ғылыми айналымға түсті.

Төлегетай-Қылышты Ата кешенді-мазары (ХІ-ХІІ ғғ.). Қылышты ата өз заманының батыры, әрі ерекше қасиетке ие әулие адам болған деседі. Халық арасына тараған аңызға сүйенсек, көлікті адам көлігінен түсіп зиярат етпесе өзі немесе аты майып болады екен.Басына түнеп перзент тілегендер мен кеселденгендерге Алланың күшімен шипа беріп отырады. Қылышты атаның әкесі Камаладдин Меккеден келіп Қырөзгент шаһарының патшасы Әбубәкір Сыдық ұрпағы Ілгімағзұмның қызына үйленеді. Содан көп кешікпей Меккеге қайтып келеді. Қылышты ата шеше ішінде қалып, өскенде аспаннан қылыш пен ақбоз ат түсіп, 1001 бәлеге қарсы тұрған. Уәзірлері мен билері алдына келгенде қылышы күн сәулесіне шағылысып, қылыштың жүзіне қонған шыбын екіге бөлініп түсе беретін болыпты. Онысы «Кімде-кім адал болмаса осындай жаза алады» дегені екен. Міне,осыдан бастап Қылышты ата атаныпты [4, 203 б.].

Қылышты ата кесенесі Төлегетай баба кесенесімен қатар Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы орталығынан 30 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Бір күні Қылышты ата Төлегетайды сынайды. Сөйтсе сусыз құм ішінде Төлегетай аса таяғымен жер сызып су шығарып, қой суарып жүр екен. Баланың жетілгенін біліп, өз қызын беріп күйеу бала етеді [3, 23 б.]. Шындыққа жүгінгенде бүкіл Найман ұрпағының түп атасы Төлегетай екендігі негізделуде. Ақсұлу кішкентай қайнысы Белгібай он алтыға толғанша күтіп, өзі отыз беске келгенде соған қосылады. Белгібай мен Ақсұлудан — Сүйініш, Сүйініштен — Төлегетай дүниеге келеді. Ал Төлегетайдан — Қытай, одан — «Төрт Төлегетай» атанған: Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл деген ұлдары дүниеге келеді.Төлегетай баба — ХІІ ғасырдың басындағы Күшілік ханның ұрпағы. Наймандарды жер-жерлерге бөлген кезде Төлегетай ежелгі Өзгент-Түркістан өңіріне жіберіледі. Бұрын да бірінің атағын сырттай білетін Төлегетай мен Қылышты Сыр өңірінде кез болып, бірін-бірі құрмет тұтып өтеді. Қорыта айтқанда, Қызылорда облысы осындай шежіреге толы өңір, тұнған тарих. Өткен тарихымызды білмей, бүгінгімізді танымай, ертеңгі күніміздің басын ашып айтуымыз қиын. Сондықтан өткенімізді өзіміз тануымызбен бірге оны қазіргі өскелең ұрпағымызға таныта отырып, ата-бабаларымыздың өткен өнегелі жолын насихаттай білуіміз қажет. Сыр өңірінің шығыс бөлігіндегі орналасқан Қорасан ата кесенесі, Төлегетай — Қылышты ата кешендері Қазақстанның Жалпыұлттық Қасиетті нысандар тізіміне енген.

Әдебиет:

  1. Әуезов Қ.Ж. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын дамытудағы музейлердің атқаратын рөлі // Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. — Жаңақорған, 2018.
  2. ҚР тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. — Алматы, 2011.
  3. Әшімұлы Ш. Сыр ғұламалары. Діни тарихи аңыздар. — Шымкент қаласы, 2002.
  4. Кемелбаева А. Қазақстанның Жалпыұлттық қасиетті нысандары. — Алматы, 2017.
Основные термины (генерируются автоматически): ат, Сыр, баба, мена.

Ключевые слова

Қорасан Ата кесенесі, Қағба көшірмесі, Төлегетай-Қылышты Ата кешені

Похожие статьи

Основные термины (генерируются автоматически) : ат, бар, мена...

Сыр өңіріндегі сәулет өнерінің тарихы орта ғасырлардан басталады. Қызылорда облысы жерінде көпшілікке белгілі Сырлытам кесенесі ХІІ – ХІІІ ғғ, Ұзынтам белгісі - ІХ–Х, ХІҮ-ХҮ ғғ Көккесене, Мүлкалан күмбезі ХҮІ ғ, Оқшы ата мазары ХV–ХVІ ғғ, ХVІІІ–ХІХ ғғ, Айғожа ишан күмбезі...

Тұрмыс-салт жырлары — ұлттық тәрбиенің қайнар көзі

Ел ұғымында Шопан ата — қойдың, Қамбар ата — жылқының, Ойсыл қара — түйенің, Зеңгі баба — сиырдың

Ат жарысы — халыққа кең тараған ұлттық спорт түрі. Сақтардың бәйге, көкпар тарту

Баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы, оның жеке қасиеттері мен әлеуметтік...

Махмұд Қашқари дүниетанымы | Статья в журнале...

Қашқари М. Диуани лұғат ат-түрк. Алматы, 1986.

Сыр ақындары поэзиясындағы Арал тақырыбы | Статья в журнале... Ол кешегі мен бүгінгі өлең өнеріміздің, поэзиямыздың бүкіл болмысын таныта алады.

Основные термины (генерируются автоматически) : мена, Сыр...

Сыр дүлділі Тұрмағанбет Ізтілеуов «Шаһнама» дастанының қазақша нұсқасын шығыстың атақты шайыры Фирдоусидің мың жылдық мерейтойына тарту етеді.

Кәштасыптың батырлығына таң қалған Жирун оны тағы қонақ етіп, ат мінгізіп, алтынға орап шығарып салады.

Сыр ақындары поэзиясындағы Арал тақырыбы | Статья в журнале...

«Сыр елi – жыр елi» деп бекер айтылмаған. Әдебиетте өнер мирас ретiнде келешек әр буын өкiлдерiне берiлiп, дарып отыратыны табиғи заңдылық.

Олардың бірі республикалық, бірі облыстық деңгейде көрініп, Сыр елінің әдебиеті мен мәдениетін дамытуда үлес қосып...

Түркі халықтарының қалыптасуы | Статья в журнале...

Олар бірінші болып атқа міну мен аттан түсуді үйренді, олар ер-тоқымды және ат-әбзелдерін ойлап шығарды, олар – озат садақшылар болды. Осылайша, олар ғасырлар бойы аттың үстінде, толығымен қаруланған жеңімпаздар атанды. Түркілер – бұл түркі-тілдес халықтар дегеннен де...

Қызылорда облысындағы мүмкіндігі бар туристік маршруттар

Біздің Сыр өлкесінде табиғаттың көркем жерлеріне саяхат жасап, серуендеу үшін мүмкіндіктер жеткілікті.

Ерте орта ғасырда Сыр өңірінде неше бір ұлы мемлекеттер үстемдік етті.

Основные термины (генерируются автоматически) : Европа, мена, бар, Казахстан, Сыр.

Қазақ жеріндегі қорықтар жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері

Қазақ халқында ежелгі қасиетті жер-суды пір тұтудың нәтижесінде ерекше қорғалып сақталған табиғат ескерткіштері бар. Географиялық нысандарды «қасиетті», «киелі» деп жариялау арқылы, халық ғасырлар бойы қазақ жеріндегі орман қорын, өзен-көлді, таулы аймақтардың табиғи...

Қызылорда облысы геокешендердің табиғи даму тенденциясы

Основные термины (генерируются автоматически) : мена, дама, Древняя дельта Сыр-Дарьи, оса, пена.

Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық ат салысуы.

Маңғыстаудың мешіттері мен медреселері | Статья в журнале...

Тәрбиеге ата-ана өз күшімен ат салыса отырып, тәрбие мен білім егіз десек, тәрбиесіз білім алу мүмкін емес екені белгілі.

Сырт қарағанда қарапайым ғана өсімдік, бірақ ежелгі гректер мен германдықтар үшін аса қастерлі болған. Гректер бұл өсімдікке әр түрлі ат қойып, айдар.

Задать вопрос