Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметті жетілдірудің маңызды мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №44 (282) ноябрь 2019 г.

Дата публикации: 04.11.2019

Статья просмотрена: 729 раз

Библиографическое описание:

Тажикова, Ж. Ж. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметті жетілдірудің маңызды мәселелері / Ж. Ж. Тажикова, К. А. Календарова, А. К. Калжанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 44 (282). — С. 378-380. — URL: https://moluch.ru/archive/282/63662/ (дата обращения: 28.04.2024).

Берілген мақалада Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметті жетілдірудің маңызды мәселелері қарастырылады.

Кілт сөздер: әлеуметтік қызмет, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жұмыс.

В данной статье рассматриваются актуальные проблемы совершенствования социальных услуг в Республике Казахстан.

Ключевые слова: социальные услуги, социальная защита, социальное страхование, социальная работа.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызметті қолға алынғанына көп болмаса да, оның бүгінгі беталысы дұрыс жолмен дамып келеді. Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмысты жетілдіру үшін ең алдымен елдің экономикалық жағдайын көтеруіміз қажет.

Халықты әлеуметтік қорғауда әлеуметтік сақтандыру жүйесін,оның интеграциясын қалыптастыру аса маңызды шешімдердің бірі болып саналады. Сондықтан да бұл шараны мемлекет қолдануы тиіс. Әлеуметтік жұмысты дамытуда экономиканы реттеу аса маңызды, өйткені көптеген әлеуметтік проблемалар осы қаржы мәселелерінің салдарынан шешілмейді, әрі қарай күрделі мәселелердің өршуіне алып келеді. Қоғамның, ондағы әрбір азаматтың сапалы әрі бақытты өмір сүруі әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты болғандықтан елде ең алдымен әлеуіметтік мәселе бірінші кезекте тұруы керек. Әлеуметтік жұмыс жүзеге асуы үшін диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыру аса маңызды. Әр түрлі себептердің салдарынан туындаған мәселенің нақты жолын табу үшін заманауи үлгідегі технологиялармен оқытылған, біліммен байытылған мамандар мен кадрларды қайта даярлау ең басты міндет болуы тиіс. Өйткені әлеуметтік мәселелердің шешілуі ең алдымен білікті маманға байланысты. Қоғамдық-экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы мен түрлі мұқтажын қанағаттандыруына байланысты, яғни онда азық-түлік, зат, ақша жеңілдік, ақшалай көмек т. б. тәрізі түрлі көмектер беріледі. Қазіргі Қазақстандағы зейнеткерлердің өмір сүру жағдайына табысты қайта бөліп беру саясатына көп көңіл бөлініп отыр. Онда еңбекақының адамды еңбек еткен кезіндегі жағдайды қамтамасыз етеді және оны мемлекет қадағалап отырады. Сол үшін үкімет зейнетақы қорын ашты. Қазақстандық ғалымдардың ойынша, жұмыссыздық жағдайында қиынырақ, жұмыссыздарға арналған жәрдемақы жүйесі адам кәсіподақта тұруына байланысты. Енді үкімет саясатының құрамы қоғамдағы саяси теңдікті сақтау құралы ретінде қарастырды. Осы модельдерді Қазақстан өз әлеуметтік жұмысын дамытуда қолдануына болады. Қазақстанның әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын талдағанда: кризисті кезеңдегі, еңбек қатынастарындағы, әлеуметтік қамту жүйесіндегі, тұрмыстық саясаттағы еңбек саласындағы саясаттың экономикалық шараларын жүзеге асу нәтижесі өте төмен болды. Қойылған мақсатқа жету үшін әлеуметтік технологияларды қарапайым (арнайы мамандығы жоқ адамдарда жүргізген), күрделі (мамандықты қажет ететін) және комплексті (бірнеше мамандықтарды қажет ететін) болып бөлінеді. Әлеуметтік жұмыстың жалпы психологиясымен бірге әлеуметтік жұмыстың нақты әдістері мен үлгілерін іске асыруымыз қажет. Дегенмен парламенттің депутаттары қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік мәселелерді алдьн-ала шешумен айналысқысы келмейді. Осындай мәселелер тұрғындар өміріне кіріп, оларға көп қиындық пен қайғы әкелгенде ғана депутаттар зандарды қабылдайды. Мысалы: Қазақстанда балалар туылған кезде берілетін әлеуметтік көмек 2002 жылдан бастап қана беріліп жатыр. Әлеуметтік технологиялар іске асқан кезде бірнеше түрлерге белінеді: диагностика технологиясы, жобалау және жобалау мен бағдарламаларды іске асыру, бейімделу мен әлеуметтік ағарту (реабилитация) технологиялары. Әлеуметтік ауру туралы тусінік әлеуметтік жұмыстың пайда болуымен бірге қалыптасты. Туберкулез, рахит, жыныстық қатынас арқылы жүғатын аурулар көбінесе адамдардың материалдық жағдайының төмендігімен байланысты болып отыр. Қайыршылық, ашаршылық, жалғыздық және т. б. әлеуметтік ауруларға жатады. Әлеуметтік қызметтер әлеуметтік жағынан тұрақсыз, аз қамтылған адамдарға психологиялық, экономикалық, құқықтық көмек көрсетуде нақты практикалық әрекет ететін кешенді қамтиды. Қазақстанда мұндай бірнеше миллион адам тұрады: зейнеткерлер — 1.6 млн., мүгедектер — 400 мың, мүгедек балалар — 44.9 мың, наша пайдаланушылар — 200 мыңдай, психикалық ауытқуы бар адамдар — 150 мың, тіркелген қылмыстар саны -81 мың, жұмыссыздар саны — 598.5 мың және т. б. [2].

Мемлекет қоғам көзқарасын күшейтетін әлеуметтік қорғау объектісі болып табылады. Бұл мәселелерді шешу оның ажырамас функциясы болып отыр. Мемлекет міндеті Қазақстан Республикасының Конституциясынан шығады. Онда Қазақстан мемлекеті өзінің басты құндылығы адам, өмірі мен бостандығы екендігін білдіретін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екендігін дәлелдейді [3].

Еліміздің Негізгі заңында мемлекетіміз азаматтардың алдындағы әлеуметтік міндеттемелері көрсетілген. 24 бапта азаматтардың еңбекті, мамандықты таңдау бостандығы мен құқығы бекітілген [1]. 27 бапта мемлекет тарапынан отбасыны, ана мен баланы қорғау қарастырылған [1]. 29 және 30 баптарда заңмен бекітілген медициналық көмек, мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алу көрсетілген [1].

Бірқатар әлеуметтік экономикалық тәуекелдерге қарамастан тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету шараларын азайтпай отыр. Әлеуметтік көмекті 1.5 млн. азамат алуда.

Қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру мемлекеттік саясаттың бірінші жоспарында тұра береді. Қазіргі әлеуметтік саясат тұрмысы төмен тұрғындарды қорғау мен экономиканың өндірістік дамуын жетілдіруге бағытталған. Еңбек нарығында мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан белсенді саясат мамандандырылып қайта даярлануды арттыру мен жаңа мамандыққа оқыту үшін бағытталған [3].

Әлеуметтік қызметтің маңызды мәселелерінің бірі — тұрғындардың денсаулығын қорғау, қоғамдық қарым-қатынастың әділдігі, отбасын қорғау, ана мен бала, жетім балалар, жастар, әйелдер, еңбек етуге жарамды зейнеткерлер, жасы ұлғайған кісілер, мүгедектер, бас бостандығынан айрылғандар және қаңғыбастар, оралмандар, жұмысссыздық болып табылады.

Қазақстанда болып жатқан экономикалық, саяси, демографиялық процестер қоғам өмірінің әлеуметтік өмірінің әлеуметтік құрылымын түбегейлі өзгертті [3].

Негізгі әлеуметтік құрылымының кадрлық қамтамасыз ету жағдайы қанағаттанарлықсыз болып тұр. Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік қызметкерлерді даярлау мәселелерінің координация құрылымы жасалып, ғылыми, әдістемелік экономикалық, құқықтық негізделген мамандарды жоғары оқу орындарынан оқытып шығару жолға қойылған.

Қазақстанда 2004 жылдан бері әлеуметтік қызметкерлердің Ассоциясы белсенді жұмыс атқарып келеді. Мамандандырылған әлеуметтік қызметкерлер саны әлем бойынша 700 мың. Ең бастысы бұл әлеуметтік қызметкерлер кадрын даярлау. Онсыз ешқандай жүйе тиімді жұмыс атқара алмайды.

Қазақстан Республикасындағы тағы бір мәселе — ол зейнетақы қоры. Бәрімізге мәлім елімізде жинақтаушы зейнетақы жүйесін реформалау аяқталып келеді. Зейнетақы қоры жеке зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілді.

Сонымен қатар «Зейнетақымен қамтамасыз ету» Қазақстан Республикасы Заңының 24 бабында міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылғандар қарастырылған. Бұл кісілердің БЖЗҚ-дан зейнетақы қорын алуға құқығы бар.

Негізінен 4 түрлі мәселелерді бөліп қарастыруымызға болады. Атап айтсақ, саяси, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Олар бір-бірімен өте тығыз байланысты болып келеді. Осындай ауқымды мәселелер жалпы жүйелік шешімді талап етеді. Бұған мысал ретінде демографияны алуымызға болады. Демографиялық мәселелердің негізінде тұрғындардың әртүрлі топтары немесе жеке елдердің өсу қарқынының теңсіздігі жатыр.

Әлеуметтік блоктың бірінші жүйелік мәселесі қала мен елді мекендегі өмір сүру сапасының айырмашылығы болып отыр. Бұл әсіресе білім, денсаулық саласына қатысты. Қазақстандықтардың тұрмыс жағдайының жақсаруы экономика жағдайына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына байланысты болып отыр.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
  2. Послание Президента РК Н. А. Назарбаева народу Казахстана от 30 ноября 2015 года «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие».
  3. Агафонова А. Н., Менлибаев К. Н., Турганбекова К. М., Черная Г. Г. Социальная работа: теория и технологии. — Астана, 2005.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Казахстан, Социальная работа.

Ключевые слова

әлеуметтік қызмет, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жұмыс

Похожие статьи

Социальная политика Республики Казахстан: теоретический аспект

Понятие социальной политики относится, с одной стороны, к числу таких категорий, которые широко используются в практике государственного строительства, употребляются в официальных документах.

Влияние зарубежного опыта социальной работы на развитие...

В данной статье рассматривается зарубежный опыт развития социальной работы современном в Кыргызстане, используя поддержку международных организаций, реализующих ряд международных проектов.

Проблемы и перспективы кадровых ресурсов социальной работы...

Социальная работа в Таджикистане из года в год становится более популярной. С помощью и поддержки международных организаций как

Становление и развитие социальной работы в Таджикистане, ее престиж и эффективность во многом зависят от её кадрового обеспечения...

Реализация гендерной политики Республики Казахстан...

Гендерная политика — одна из важных составных демократического, светского развития Республики Казахстан. Она проводится на основе трех документов: Стратегии гендерного равенства в Республике Казахстан на 2006–2016 годы, а также законов «О государственных...

Особенности социальной работы с пожилыми людьми

Социальная работа с этой категорией населения должна строиться исходя из присущих ей особенностей и тех социальных проблем, с которыми они сталкиваются в процессе своего социального и личностного функционирования. К основным проблемам пожилого возраста...

Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы

Основные термины (генерируются автоматически): мена, пена, рынок труда, сан, Статистик. Похожие статьи.

В настоящее время, в условиях рыночной системы хозяйствования, имеет место изменение социальных отношений...

Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік және гендерлік...

Аннотация. Əйелдер мен ерлердің теңсіздігі мемлекет пен қоғамға экономикалық тұрғыдан да тиімсіз, өйткені, ол адам капиталының дамуына кедергі келтіреді, экономиканы дамыту, кедейлікті жою, жұмыссыздықты қысқарту жобаларының тиімділігін төмендетеді.

Қазақстан Республикасының экономикалық өсімін...

Ильин В.И.Социальное неравенство: деятельностно-конструктивистский подход.

Основные термины (генерируются автоматически): дама, мена, мена адами, Казахстан, капитал, оса.

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Интеллектуалды капитал – Қазақстан дамуының келешегі ретінде

Правонарушения среди несовершеннолетних лиц как социальная... ...смена привычного школьного обучения на другие виды

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Оған осы уақытқа дейінгі болып келген көтерілістер,соғыстар дәлел бола алады.

Социально-экономическое развитие малых и моногородов...

Социально-экономическая среда моногородов формируется непосредственно градообразующими предприятиями, уровень развития и качественные характеристики ее оказывают значительное влияние на уровень жизни населения.

Задать вопрос