Қомшабай Сүйеніш әңгімесіндегі әдеби детальдың көркемдік қызметі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 18 мая, печатный экземпляр отправим 22 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тайманова, С. Т. Қомшабай Сүйеніш әңгімесіндегі әдеби детальдың көркемдік қызметі / С. Т. Тайманова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 18.1 (204.1). — С. 30-32. — URL: https://moluch.ru/archive/204/50038/ (дата обращения: 04.05.2024).



Сыр өңірі өнер мен мәдениеттің небір ғажайып туындыларын дүниеге әкелген тума таланттардың рухани мұрасына бай өлке. Солардың бірегейі – Қомшабай Сүйеніш. Қомшабай Есіркепұлы Сүйеніш тек ақиық ақын ғана емес, дарабоз драматург, жампоз жазушы да еді. «Кемпір шалдың еркесі», «Сен де жалғыз, мен де жалғыз» пьесалары кезінде театр сахналарынан түскен жоқ. Ол көптеген повесть, әңгімелермен бірге, бір романның авторы. Қай жанрда қалам тербесе де ол өзіндік қолтаңбасын қалдыра білген Сыр бойының сөз зергері, әдебиетіміздің көрнекті қаламгері болатын.

Қомшабай Сүйеніш поэзия жанрымен қатар проза жанрына да қалам тартқан жазушы. Оның «Мен де ғашық болғанмын» кітабына бірнеше әңгімелері мен естеліктері және «Кемпір шалдың кенжесі» пьесасы енген. Олардың тақырыптары сан алуан. Солардың бірі – ашаршылық тақырыбы. Ашаршылық тақырыбы тоталитарлық кезеңнің қатал қадағалауына қарамастан қазақ әдебиетінде там-тұмдап жазылған болатын. Атап айтсақ Жақан Сыздықовтың «Әли қарттың әңгімесі» поэмасы, Ғ. Мүсіреповтің «Шұғыла» әңгімесі, С. Шаймерденовтің «Мезгіл» повесі. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін көптен көкейден шыға алмай, тұншығып жүрген көркем ойдың ноқтасы ағытылып, бірсыпыра прозалық туындылардың өзегіне айналды. Ондай шығармалардың қатарына Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе», З. Жәкеновтің «Зұлмат», А. Мекебаевтың «Қазына сыры», С. Елубайдың «Ақ боз» үй романдары мен повестерін, Қомшабай Сүйеніштің «Мен жылап болдым...» әңгімесін атауға болады.

«Мен жылап болдым...» әңгімесі өткен ғасырдың 30-жылдардың ащы шындығын бейнелейді. Қазақты ұлт ретінде жою екі түрлі жолмен жүргені тарихтан белгілі. Бірі халықты аштан қыру, екіншісі ұлт қаймағынан, саяси элитасынан, ой-санасынан айыру. Заманның осы бір ащы шындығы мен өзекті мәселесі әңгіменің негізгі арқауы. Автор әңгімеде, әу дегеннен-ақ, «ақтабан шұбырынды» жылдардан кейінгі халықтың есінен кетпейтін сол бір қиын-қыстау жылдың куәсі болған Бақберген образыарқылы жеткізеді.

Айнып кетпесін деп қымызды ысталған қара местің пұшпағынан құйып беріп тұратын бапшыл сары кемпірдің сапырған сары қымызын Бақберген ескі базардан күнде ішетін. Екеуінің де әзілдері жарасады.

- Осы сен шал күннен – күнге қутыңдап, жасарып бара жатырсың. Менің қымызым жақты-ау деймін...

- Онда үйіңе кіргізіп алсайшы. Сен кәрі бойдақсың, мен кәрі жесірмін. Екі жарты бір бүтін боламыз дегендей.

- Е, несі бар, кіргізсем кіргіземін. Бірақ...

- Не «бірағы» бар. Қалың мал төлемейсің, тегін аласың.

- Сендей кемпірге қалыңмал төлесе де артықтығы жоқ. Тек жетпістен асқанда біріміз қалыңдық, біріміз күйеу боп құйқылжытып кете қойсақ.

- Онан да, өзіме сенбеймін десейші...

- Ой, бәлекеттің сөзі. Бақберген қарқ-қарқ күледі.

- Тіліңнің қотыры бар-ау. Сен кемпірге дауа жоқ шығар, әзір жауап. Бәлесің ғой бір.

- Жарайды, жарайды, өйтіп бипаздамай-ақ қой. Әмеңгерлікке жарамайтыныңды білгенмін. Шалсырап бара жатқан мен де жоқ,- дейді сары кемпір местің пұшпағын қысқан күйі. –Тағы бір кесесін құяйын ба?

- Құйсаң, құйшы,- дейді Бақберген кекіріп. – Көтере алмаймын ба деп қорқамын, әйтпесе, бұл жарықтыққа жететін ас бар ма? [1, 6].

Әңгімені осы бір дилог-деталь арқылы бастаған қаламгер көп жайтты аңғартады. Диалог – жазушының ұтымды бейнелеу құралы. Белгілі ғалым З.Ахметов: «Диалог арқылы кейіпкерлердің ішкі сыры аңғарылады,- дей келіп: – Жазушының шеберлігі де оның әр кейіпкерді мінез-бітіміне, ой-өрісіне орай сөйлетуінен көрінеді», – дейді [2, 198]. Олай болса, жазушы кейіпкерлерінің характерін пікірлесу, сөйлесу арқылы ашады да, одан әрі шегініс жасап тақырыпқа негіз болған оқиға желісін баяндайды. Жазушының әңгімесінде диалог одан әрі шығарманың оқиғасын дамытуға, шиеленістіре түсуге қызмет жасайды, енді бірде образдың ішкі жағдайы мен характерін ашуда, көңіл-күйін білдіруде, автордың идеясы мен суреткерлік ұстанымын анықтауда пайдаланылады.

Шағын әңгімедегі диалог-детальдің ұлттық бояуы қанық. Ол –­­ халықтың әдемі әзіл-қалжыңы, бата-тілегі, ­ұлттық тағамы, ұмытыла, жойыла бастаған әмеңгерлік салт-дәстүрі т.б. Қомшекеңбұрынан келе жатқан қазақтың салт-дәстүрі мен соған сәйкес сөз қолданудың өзіндік ерекшеліктерін сәтті пайдаланған. Жеңіл әрі көңілге қонымды.

Қомшабай әңгімесіндегі кейіпкерлер сыр-сезімге бай. Оған психологизм, эмоционалдық толғаныс, лирикалық, философиялық, публицистикалық қасиеттер тән. Мысалы, әкесі: – Құдайдан ба, адамнан ба... Не де болса, ақырзаманға бергісіз бір алабөтен зауал келді ғой. Ақырының не боларын... Қағып жейтін қара шыбын да қалмады. Көз қарайғанда бәрі қорек екен, – осы үйдегі тері-терсек, тулақ-бөстек, қамшы-таралғы біраз талғажу болды. Төрт-бес күннен бері қарнымызды қара сумен жұбатып отырмыз. Қара-құрасыз қалмағанымызға да шүкір. Түндігі ашылмай қалған үйлер бар...

Осыны айтқан әке қаладан баласы әкелген аз-маз дәм өзегіне түсті ме ақырын үзіліп жүре берді, артынша араға бірер сағат салып шеше бақилық болды, поездың үстінде інісінен айырылды. Сол түні өзі де тұтқындалды.

...Масқара...неткен масқара...– Он жеті жыл патшаның қуғын-сүргінінде болдым. Соның төрт жылы осы лагерьде өтті. Бірақ... мынадай сұмдықты... – Тәңірім-ау, сонда мен революцияны кім үшін, не үшін жасағанмын?! Бостандық, бостандық деп жарғақ құлағым жастыққа тимей...бар ғұмырымды сарп етіп ... Сондағы бостандығым мынау ма?! Ақырет-азар ма?! Кім үшін, не үшін? [1, 17].

Немесе:

– Мен әйелмін!

– Мен әйелмін!

– Естимісің, мен әйелмін! – деп кішкентай жұдырығымен кеудесінен түйгіштеп,бой-бойы шығып жылады. Еш шара болмағасын, астыңғы ерніне сүліктей қадала кетіп, қыршып-қыршып алды. Ернінің бір жапырақ еті жұлынып, қансыраған Бақберген жарты сағаттан кейін ғана есін жиды...

Мына ырсиған жырық соның белгісі... [1, 17].

Жырық – әдеби-психологиялық деталь. Жан-жағына жынды адамдай ашқарақтанып, аласұрып жүрген келіншек арқылы қаламгер қолдан жасалынған зорлық-зомбылық, адамның бостандығына да сезіміне де тұсау салынғандығын аңғартса керек. Жазушы натурализмге бой ұра отырып, темір шынжыр салған қорлық, қапас түрменің дуалы опырылып құлағандағы нәпсісін тыя алмаған, ақыл-ойына ие бола алмаған әйелдің де, еркектің де жан түршігерлік әрекетін суреттейді. Жырық –­ соның белгісі. Ол – еш уақытта ұмытылмақ емес. Бұл – заманның өзегіңді өртер ащы шындығы. Арада жылдар өтсе де тән жарасы мен жан жарасы жазылар емес.­

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығының «Сыр бойының рухани мұрасы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Сүйеніш Қ. Мен де ғашық болғанмын. – Алматы: Қайнар, 2010. – 320 б.
  2. Ахметов З. Қазақ әдебиеті энциклопедиясы. – Алматы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан даму институты, 1999. – 752 б.
Основные термины (генерируются автоматически): Мена, бар, Сыр.


Похожие статьи

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады.

Абайда да адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи.

К вопросу об использовании пряностей, специй и приправ

Тамақ жеңіл өнеркәсіптері мен қонақжайлылық индустрияның инновациялық дамуы

В моих опытах участвовало пять видов молока. Производство плавленых сыров с растительными...

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Сыр ақындары поэзиясындағы Арал тақырыбы | Статья в журнале...

Поэзия алыбы атанған Әбділда ақын да кезінде Сыр мен Аралдың бүгінгі хал-ахуалы туралы өксік пен

Ақын көңілінде бір кездегі шалқып тасыған дарияны алас ұрып іздеу, көксеу бар.

Арал өңірінің жануарлар дүниесінің қазіргі экологиялық күйі

Сыр өңірінің шөлейт қырларына ұя салатындардан 4 түрі бар.

Қазір онда ірі сүт қоректілерден азын — аулақ Ақбөкен мен Қарақұйрық бар, ал Құландар түгелдей шығып, Жыңғылтүп пен...

Қисас-ул әнбия-рухани мұра | Статья в журнале «Молодой ученый»

Парсы тілінен түркі тіліне аударылған бұл қолжазбаның бірнеше көшірмелері бар.

Ол – өзі, өзінің адамдық қалпы мен имани шындығы.

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Похожие статьи

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады.

Абайда да адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар.

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи.

К вопросу об использовании пряностей, специй и приправ

Тамақ жеңіл өнеркәсіптері мен қонақжайлылық индустрияның инновациялық дамуы

В моих опытах участвовало пять видов молока. Производство плавленых сыров с растительными...

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Сыр ақындары поэзиясындағы Арал тақырыбы | Статья в журнале...

Поэзия алыбы атанған Әбділда ақын да кезінде Сыр мен Аралдың бүгінгі хал-ахуалы туралы өксік пен

Ақын көңілінде бір кездегі шалқып тасыған дарияны алас ұрып іздеу, көксеу бар.

Арал өңірінің жануарлар дүниесінің қазіргі экологиялық күйі

Сыр өңірінің шөлейт қырларына ұя салатындардан 4 түрі бар.

Қазір онда ірі сүт қоректілерден азын — аулақ Ақбөкен мен Қарақұйрық бар, ал Құландар түгелдей шығып, Жыңғылтүп пен...

Қисас-ул әнбия-рухани мұра | Статья в журнале «Молодой ученый»

Парсы тілінен түркі тіліне аударылған бұл қолжазбаның бірнеше көшірмелері бар.

Ол – өзі, өзінің адамдық қалпы мен имани шындығы.

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Задать вопрос