Оқушылардың биология пәні бойынша үйде жүргізілетін бақылау мен тәжірибе жұмыстарының маңыздылығы мен мазмұны | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Назарова, Г. А. Оқушылардың биология пәні бойынша үйде жүргізілетін бақылау мен тәжірибе жұмыстарының маңыздылығы мен мазмұны / Г. А. Назарова, Н. С. Байжума. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 12.1 (146.1). — С. 14-15. — URL: https://moluch.ru/archive/146/41692/ (дата обращения: 29.04.2024).

ҚР Президенті өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2014 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деп атап көрсете отырып, ол үшін «Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгертуді» ұсынды [1].

Көрсетілген міндеттердің толық жүзеге асуы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан, жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үрдісін жетілдіру міндетіміз.

Үй жұмысы — сабақта өтілген биологиялық тақырыпты бекіту, оқу материалының мазмұнын тереңдету үшін берілген тапсырманы оқушылардың үйде өз бетінше орындауларын ұйымдастырудың бір формасы [2].

Биологияны оқыту әдістемесінде оқушының үй жұмысының бірнеше түрін жіктеп көрсетеді: проблемалы және проблемалы емес, топтық және жеке, шығармашылық және шығармашылық емес. Олардың барлығы пәнді оқыту тәжірибесінде пайдаланылады. Алайда, көп жағдайда дидактикалық мақсатқа сәйкес келетін үй жұмыстарының түрлері, яғни: 1) сабақта меңгерген білімдерін бекіту, тереңдету және біліктіліктерін қалыптастыру; 2) жаңа оқу материалын жақсы меңгеруге дайындау; 3) танымдық тапсырманы шешу; 4) шығармашылық тапсырманы орындау түрлері кең таралған.

Сабақта меңгерген білімдерін бекіту, тереңдету және біліктіліктерін қалыптастыру бойынша берілген үй жұмыстары жалпы биологиямен, морфологиялық, анатомиялық, физиологиялық, экологиялық және т.б. материалдармен, сондай ақ ойланумен, практикалық және іс-әрекеттің арнайы тәсілдерімен байланысты. Оларды талапқа сәйкес, биологиялық оқулық, ғылыми-көпшілікке арналған журналдар, ғылыми-көркем кітаптар, интернет-ресурстар және табиғи нысандарды пайдаланып орындау қажет.

Биологиялық тақырыптағы жаңа оқу материалын жақсы меңгеруге дайындау бойынша берілген үй жұмысы түрліше болуы мүмкін, алайда оның ең негізгілері келесілері:

1) Бұрын оқыған материалды қайта жаңғырту. Мысалы, сүткөректілердің ішкі құрылысы жөніндегі тақырыпты оқушылардың тиімді меңгерулері үшін мұғалім оқушылардан «Құстар класы», «Бауырмен жорғалаушылар класы» және т.б. тақырыптар бойынша қажетті мәліметтерді қайталауды тапсырады.

2) Тәжірибені алдын ала орындау. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар алдын ала белгілі бір уақытта тәжірибе қойып, алынған мәліметті сабаққа әкеледі. Мұндай тәжірибеге: 2 күнде тұқымның ісіну күшін анықтау, 7 күн бойы – тұқымды түрлі жағдайда өсіру, 14 күнде - қалемшеден өсімдікті өсіру секілді тапсырмалар мысал бола алады.

3) Жаңа материалды нақтылау үшін табиғатта немесе үй жағдайында бақылау жүргізу. Өсімдікке қатысты бұл табиғи және жасанды жағдайда олардың тіршілігіндегі, дамуы мен өсуіндегі маусымдық құбылыстарды, жануарларға қатысты – олардың тіршілік ортасын, тіршілік әрекетін, өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысын және т.б. бақылаумен байланысты болуы мүмкін.

Үй жағдайында тәжірибе мен бақылау өткізу сабақ уақытындағы практикалық жұмыстың кез келген түріне толықтырушы жұмыс түрі бола алады.

Биологиялық тәжірибе – қандай да бір құбылыстың мәнін анықтауға, себеп-салдар байланысын ашуға мүмкіндік беретін оқытудың күрделі және еңбекті көп қажет ететін әдістерінің бірі. Білім беру үдерісінде бұл әдісті пайдалану бірнеше міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.

Біріншіден, сабақта тәжірибе қою іс-әрекеті мұғалімге баланы оқытуда, дамытуда және тәрбиелеуде эксперименттің бай мүмкіндігін іске асыруға жағдай жасайды. Ол білімді кеңейтудің және тереңдетудің, логикалық ойлауды дамытудың маңызды құралы.

Тәжірибені қоюда және оның нәтижесін пайдалануда оқушылар:

- жаңа білім мен іскерлікке ие болады;

- биологиялық құбылыстың табиғи ерекшеліктеріне көз жеткізеді;

- теориялық білмінің шынайлылығын тәжірибе жүзінде анықтайды;

- бақыланатын құбылысты талдауды, салыстыруды, тәжірибеден тұжырым жасауды үйренеді.

Екіншіден, тәжірибе жұмысы блім алушылардың танымдық және шығармашылық іс-әрекеттерін арттыру құралы болып табылады.

Үшіншіден, білім алушылардың зерттеушілік қызығушылықтарының оянуына және оны дамытуға ықпал етеді және одан әрі балаларды біртіндеп зерттеу жұмысымен айналысуына мүмкіндік береді.

Алайда, тәжірибелік жұмыс әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылғанда ғана тиімді ықпал етеді, сонда ғана балалар өз еңбектернің нәтижесін көре алады.

Биологиялық эксперименттер ұзақ уақытты талап етеді, сондықтан оны сабақ барысында толығымен жасамайды, тек тәжірибе қоюды және оның нәтижесін ғана демонстрациялайды.

Оқушылар эксперименттік жұмыстарды әдетте сабақтан тыс уақытта (жеке немесе топпен) тірі табиғат мүйісінде немесе мектептің оқу-тәжірибелік үлескесінде жүргізеді.

Оқу-эксперименттік үлескіде өткізілетін эксперименттер мазмұны жағынан алуан түрлі. Олар әсіресе ұзақ уақытта созылады және вегетациялық кезеңді қамтиды, яғни бүкіл жаз бойы жүргізілуі керек болады.

Тәжірибе жасау немесе эксперимент қоюдың кез келген түрі оқушылар үшін бірнеше сатылы тапсырманы құрайды:

  1. Жұмыстың мақсатын айқындайтын мәселені анықтау;
  2. Техникалық және ұйымдастырушылық нұсқаулықпен танысу;
  3. Жұмысты орындау (анықтау, бақылау, тәжірибе қою);
  4. Нәтижені тіркеу (жұмысты орындаумен қатар жүреді);
  5. Тұжырым жасау;
  6. Өзінің жұмысының нәтижесі туралы сабақта хабарлама жасау.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
  2. Общая методика обучения биологии: Учеб. пособие для студ. пед. вузов / И. Н. Пономарева, В. П. Соломин, Г. Д. Сидельникова; Под ред. И. Н. Пономаревой. – М.: Издательский центр «Академия», 2003. – 272 с.
  3. Лабораторный практикум по теории и методике обучения биологии: Учебно-методическое пособие для студентов-заочников / Авторы составители: А.А. Семенов, Н.Г. Боброва и др.; Под ред. А.А. Семенова. – Самара: Изд. СГПУ, 2003, - 197 с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Семенов.

Похожие статьи

Семёнов Сергей Валерьевич — Информация об авторе

№21 (207) май 2018 г. Авторы: Семёнов Сергей Валерьевич, Федосеев Николай Владимирович. Рубрика: Технические науки. Страницы: 92-96.

Семенова Нина Константиновна — Информация об авторе

Авторы: Защитникова Ирина Валерьевна, Семенова Нина Константиновна. Рубрика: Экономика и управление. Страницы: 110-113.

Семенов Александр Андреевич — Информация об авторе

Авторы: Семенов Александр Андреевич, Бабич Александр Юрьевич. Рубрика: Экономические науки. Секция: 15.

Семёнов Виктор Александрович — Информация об авторе

Авторы: Семёнов Виктор Александрович. Рубрика: Педагогические науки. Секция: 9. Педагогика высшей профессиональной школы.

Семенова Галина Владимировна — Информация об авторе

Авторы: Семенова Галина Владимировна. Рубрика: Педагогика. Страницы: 101-104. Библиографическое описание: Семенова Г. В...

Семенов Василий Васильевич — Информация об авторе

№6 (140) февраль 2017 г. Авторы: Семенов Василий Васильевич, Сидоренко Николай Сергеевич. Рубрика: Технические науки. Страницы: 86-88.

Семенов Александр Дмитриевич — Информация об авторе

Авторы: Семенов Александр Дмитриевич, Джумагазиева Гульнара Сарсенбаевна. Рубрика: Юридические науки. Секция: 9. Гражданское право и процесс.

Семенов Сергей Александрович — Информация об авторе

Авторы: Хайитов Хайём Oбиджонович, Семенов Сергей Александрович, Семидотченко Анна Романовна, Арсеньев Даниил Викторович, Буцкая Анна Александровна.

Семенова Екатерина Николаевна — Информация об авторе

№22 (156) июнь 2017 г. Авторы: Семенова Екатерина Николаевна. Рубрика: Государство и право. Страницы: 353-355. Библиографическое описание: Семенова Е. Н...

Семантические компоненты ядра концепта Дом в русском...

Семенов А. В. Этимологический словарь русского языка.

Задать вопрос