Бұқаралық спорттың тұғыры – бастауыш спорт мектебінен басталады | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (88) апрель-2 2015 г.

Дата публикации: 24.04.2015

Статья просмотрена: 92 раза

Библиографическое описание:

Бекжанов, Б. У. Бұқаралық спорттың тұғыры – бастауыш спорт мектебінен басталады / Б. У. Бекжанов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.1 (88.1). — С. 28-29. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17633/ (дата обращения: 25.04.2024).

Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрбір жылғы халқына арнаған жолдауында: «жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық мәдениет-ті бойында қалыптастырған; шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап өткен болатын.

Бүгінде білім – қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі.

Ел халқының тұрмысы жақсы, дені сау болуына бәріміз мүдделіміз. Дене шынықтыру мен спорттың арқасында көңіліміз көтеріңкі, бойымыз сергек болады.Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.

Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды дайындаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр. Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін- өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығы- ның дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.

Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарында жаңа технологияны пайдалану оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан-жақтылық, саналы-лық пен белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке даралық. Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:

а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс;

ә) сабақ барысында әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше қатпарлы әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі қажет;

б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс.

Өскелең ұрпақ сергек өмірге ден қойса, теріс жолдан, жаман әдеттен аулақ болады. Олай болса ел азаматтары, ата-аналар жастарға үлгі-өнеге көрсетейік және оған жұмыла көмектесейік. Статистикаға сүйенсек, елдегі 12 –ден асқан адамдардың 80 пайызы күнделікті белсенді іс-қимылға жете мән бермейді. Біле білсек бұл мәселеге бей-жәй қарауға болмайды. «Бірінші байлық – денсаулық» деген аталы сөздің мағынасы терең, ауқымы кең. Осы философияны өмірдің мағынасы ету үшін адам баласы жастаынан жүйелі түрде бойына сіңіру керек. Сол себепті мен елімізде білім саласында бастауыш спорт мектептерін (БСМ) ашу жобасын ұсынып отырмын.

Бастауыш спорт мектептерінің негізгі мақсаты жасөспірімдерді денешынықтыру мен спорттың негізгі пайдасын түсіндіру және спорт түрін таңдау. Яғни жоғарғы спорттың шеберлік мектебіне жол бастауыш спорт мектебінен басталады.ЖСШМ – жоғарғы спорт шеберлерінің мектебі.Бастауыш спорт мектебіне біздің ойымызша 3-5 сынып оқушылары қабылданады.

Мектептегі оқу-жаттығу іс-шаралары 3-бағытта жүргізіледі:

1-бағыты:Топтық қозғалыс спорт ойындары (футбол, баскетбол, волейбол, көкпар).

2-бағыты: Жекпе-жек спорт түрлері (бокс, дзю-до, қазақ күресі т.б.).

3-бағыты: Ойлау қабілетін дамытуға арналған спорт түрлері (дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат).

Әр топта білікті мамандар жұмыс істеумен қатар, мектепте білікті психолог маманы және спорт дәрігерлері жұмысқа тартылуы тиіс.

Бастауыш спорт мектебінің (БСМ). Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен   (БЖСМ) айырмашылығы бірінші оның құрылымында. Бастауыш спорт мектебінде алғашқы екі жыл оқу-тәрбие жұмысында оқушылар І-топтан І-топқа спорт түрлері бойынша алмасуға рұқсат. Яғни, спорт түрін таңдауға оқушыға толық мүмкіншілік жасалып, оған дер кезінде көмек көрсетіледі. Бастауыш спорт мектебінде спорттық көрсеткішке қатты талап қойылмайды, бірақ толық қанды дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіншілік жасалады.

Негізі бұл бастауыш спорт мектептерін ашу. Білім министрлігі, яғни оқу саласына бекітіледі. Мысалға: қаламызда шанхай бөлігіне орналасқан №253, №222, №212, №112, №120, №261 мектептеріне бір бастауыш спорт мектебін ашу керек. Мектеп яғни, бастауыш спорт мектебі қалалық білім бөліміне бағынады. Яғни, Қызылорда да 50 мектеп болса, барлығы 8-бастауыш спорт мектептері орналасу жағдайларына байланысты, ашылу керек.

І- жылдың оқу-жаттығу іс-шарасына бастауыш спорт мектебінде жалпы білім беретін спорт мамандары шақырылады және 3 сынып оқушылары осы БСМ-не қатысуына сынып жетекшілері белсенді түрде міндеттенеді.

ІІ-ІІІ-жылы арнаулы бапкерлер мен (БЖСМ) жаттықтылушылары сабақ өткізуіне тартылады.

1.Жалпы бастауыш спорт мектебі (БСМ) қатысатын оқушылардың сынып жетекшілері, (БСМ) жаттықтырушыларымен тікелей байланысты болады.

2.Бастауыш спорт мектебінің (БСМ) түлектері, балалар жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) оқушылары болып, спорттық шеберлігін әрі қарай арттырады.

Бастауыш спорт мектебін ашу жұмысы, орта сол мектептердің түлектерінен шыққан бизнесмендер қаржысын пайдалануға үкімет тарапынан ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.

Президентіміз бен үкіметіміз денешынықтырумен спорт саласына жете мән беріп, қамқорлық жасап отыр, ендігі жерде осы бастауыш спорт мектептерін ашуға қалың бұқараның белсенді іс-әрекеті қажет. Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.

Әдебиет:

1.        Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдау Егемен Қазақстан 30 қаңтар 2010 жыл.

2.        Дені сау ұлт-бәсекеге қабілетті ұлт, Т.Досмұхамбетов, Жас қазақ газеті №33 2009ж.

Основные термины (генерируются автоматически): спорт, мена.

Похожие статьи

Молодой ученый — издательство

Ресурс включает разделы, содержащие ежемесячные и архивные издания научной периодики, актуальную информацию и анонсы о проводимых научных собраниях и международных конференциях молодых ученых. Есть раздел о правилах оформления и публикаций статей.

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педогогика...

Особенности современного молодежного сленга

...так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

развитие компьютерных технологий и социальных сетей; спорт; сети питания...

Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері

Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі.

Учебно-методическая разработка по русскому языку «Спортивный...

‒ Занимается спортом. ‒ Является членом сборной команды Узбекистана по волейболу.

Мен бронза медалини олганим учун хурсандман.

Модель спортивного менеджера | Статья в журнале...

«Исторически в нашей стране так сложилось, что управлением в спорте занимались различные тренеры, инструкторы, методисты, которые зачастую совмещали...

Особенности трансферного контракта несовершеннолетних...

А в вопросе детского спорта именно права несовершеннолетних футболистов являются ключевыми. В этом ключе важно отметить, что согласно ст...

Научный журнал «Молодой ученый» №20 (154) май 2017 г.

Физическая культура и спорт 3.

Биология мамандығы студенттері үшін «Эмбриология» курсының мәні мен мазмұны.

Изучение динамической антропометрии и возможности её...

Спорт невозможно представить без специальной одежды, которая облегчают жизнь спортсменам, и помогает устанавливать новые рекорды.

Адамдарда болатын агрессияның себептері мен алдын алу жолдары

Агрессия (латын тілінен аударғанда «agressio» - шабуыл) — адам әрекетінің ерекше формасы болып табылады. Мұндай мінез-құлық субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа...

Задать вопрос