Жүк тасымалдайтын контейнерлердің болашағы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (88) апрель-2 2015 г.

Дата публикации: 24.04.2015

Статья просмотрена: 537 раз

Библиографическое описание:

Тынымбаева, Г. К. Жүк тасымалдайтын контейнерлердің болашағы / Г. К. Тынымбаева, А. А. Аймаханова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.1 (88.1). — С. 5-6. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17595/ (дата обращения: 19.04.2024).

Контейнерлік тасымалдар жүктерді қазіргі заманғы тасымалдау түрі ғана емес, сонымен қатар ең тиімді түрі болып саналады. Олар ішкі қатынаста да, халықаралықта да қолданылады. Жүк контейнері (container – ағылш. «сыйымдылық, ыдыс») жүктерді ыдыссыз әртүрлі көліктермен тасымалдау үшін арналған стандартты ыдыс және жүкті сақтау орнының ыдысы болып табылады және көп рет қолданудың көліктік құрылғысының бірлігі деп саналады.

Соңғы жылдары әлемдік экономиканың дамуында Қазақстанның көліктік жүйесінің әлемдік жүк ағымдарын игеруіндегі рөлінің өсуі артатынын күтуге болатынын тікелей немесе тұспалдап аңғартатын беталыстар айқындалды. Бұлар:

1. Әлемдік сауда өсімі қарқынының экономика өсімі қарқынынан оза дамуы;

2. Азия-Тынық мұхиты аймағының әлемдік экономика мен саудадағы рөлі өсуінің барған сайын күшейіп келе жатқаны;

3. Қытай елдерінің арасындағы сауда көлемінің ұлғаюы;

4. ТМД елдерінің арасындағы сауда көлемінің ұлғаюы;

5. Теңіз маршруттары мен порттарында өткізу қабілеті төңірегіндегі мәселелердің жиі көтеріле бастауы;

6. Еуропа мен Солтүстік Америкадағы өндірістік кәсіпорындардың Азия елдеріне көшіріліп ауыса бастауы.

Қазақстан аумағы арқылы өтетін экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдардың дамуына ықпал ететін факторлардың қатарында еліміздің Еуразия құрылығының ортасындағы Геосаясаттық орналасуын, сондай-ақ, республика аумағы арқылы бірнеше маңызды халықаралық көліктік дәліздердің кесіп өтуін атап өтуге болады.

Бұл ретте, ең алдымен, халықаралық сауданың қазіргі заманғы ең тиімді түріне айналып келе жатқан контейнерлік тасымалдардың ұлғаюы күтілуде.

Шынында да, контейнерлік тасымалдар рыногы әлемдегі ең серпімді дамып келе жатқан рыноктардың біріне айналды. Қазіргі уақытта контейнерлік тасымалдау әлемдік жүк көлемінің орта есеппен – 55 пайызына дейін жетіп, жыл сайын 8-10 пайызға көбейіп 2014 жылы жүк тасымалдау көлемінің 75 пайызына дейін жетті.

Қазақстанның темір жол көлігіндегі жүк тасымалдарының жалпы көлемі 2010 жылы 413,3 млн.тоннаны құрады. Мұндағы 171,6 млн.тоннаны экспорттық тасымалдар құрады. Бұл ретте, контейнерлермен тасымалданған жүктердің көлемі 2010 жылы 4,21 млн.тоннаны құрады, бұл темір жол көлігіндегі жалпы жүк тасымалдары көлемінің бар-жоғы, 0,58 %-ын құрайды. Контейнерлік жүк тасымалындағы негізгі үлесті транзиттік тасымалдар енгізуде – 598,9 мың тонна, импорттық тасымалдар – 461,1 мың тонна, экспорттық тасымалдар – 109,5 мың тонна және облысаралық контейнерлік жүк тасымалы – 67,8 мың тонна.

Жалпы алып қарағанда, көлік саласы субъектілерінің (жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылар, экспедиторлар) контейнерлік қызмет көрсетулерге қызығушылықтарының арта бастауының, нәтижесінде контейнерлік тасымалдар көлемінің ұлғаюының себептері анық және түсінікті.

Контейнерлік тасымалдарға деген сұраныстың арта түсуін қамтамасыз еткен факторлар ретінде жалпы әлемдік деңгейде тасымалдар құрылымының оның мультимодальдық сипаттағы жағына қарай өзгеруінде, сондай-ақ, әлемдік жүк айналымындағы контейнерге жарамды жүк көлемдерінің өсуі болып табылады.

Контейнерлік тасымалдардың өсу процесіне ақпараттық жүйелердің дамыған базасына сүйінген контейнерлік терминалдарды салу және жаңғырту процесінің үдеуін және ақпараттық ағындардың аталмыш аймақтық логистикалық орталықтардың көліктік қызмет көрсету саласына өндірілуін атап айтуға болады.

Қалыптасқан беталыстарды ескере отырып «Казкөліксервис» АҚ Қазақстан Республикасындағы ең ірі контейнерлік парктің иегері ретінде өзінің қызметіндегі негізгі ұмтылысты Қазақстан аумағындағы контейнерлік тасымалдарды одан әрі дамыту мақсатына бағыттайды.

Бүгінгі таңда «Қазкөліксервис» АҚ «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ-мен бірлесе отырып көліктік-логистикалық қызмет көрсетулер кластерін құру және дамыту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шаралар жоспарының шеңберінде мақсаты – Қазақстан Республикасы транзиттік-көліктік әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру үшін қазіргі заманғы контейнерлік көліктік жүйені құру және дамыту болып табылатын Қазақстан Республикасындағы жүк тасымалдарын контейнерлендірудің Бағдарламасын әзірлеу үстінде.

Қазақстан Республикасындағы жүк тасымалдарын контейнерлендіру Бағдарламасының негізгі міндеттері төмендегідей:

контейнерлік тасымалдар саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру;

контейнерлік тасымалдар жөніндегі тарифтік саясатты жетілдіру;

контейнерлік тасымалдар саласындағы салық салу жүйесін жетілдіру;

контейнерлік тасымалдардың көліктік инфрақұрылымын жаңартпалап дамыту.

Қазіргі уақытта «Қазкөліксервис» АҚ-да контейнерге жарамды жүктердің ауқымды номенклатурасын, арнайы контейнерлерді, тасымалдаудың ерекше жағдайын талап ететін, сұйық, газтәрізді, сусымалы және тоңазытқыш немесе басқа да жылытқыш, жылуоқшаулағыш, цистерналар, бункерлер, торламалар және т.б. жүктерге арналатын контейнерлердің сатып алынуын ескере отырып контейнерлік және вагондық парктерді жаңарту мәселелері қаралуда. Солардың ішіндегі ең маңызды іс-шаралардың бірі ретінде «Қазкөліксервис» АҚ тарапынан халықаралық көліктік дәліздерді пайдалана отырып аса жүрдек контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру болып табылады. Отандық контейнерлік көліктік жүйені халықаралық стандарттар деңгейінде қалыптастырып дамыту және оның тиімді қызмет көрсетуін қамтамасыз ету төмендегідей оң нәтижелерге әкеледі:

жүктерді контейнермен тасымалдаудың стратегиялық маңыздылығын

ұлғайту және көтеру есебінен отандық көліктік кешеннің инвестициялық тартымдылығының арта түсуіне;

көліктік коммуникацияларды, соның ішінде халықаралық көліктік дәліздерге енетіндерін де тездетіп қалыптастыруға және техникалық жарақтандыруға;

транзиттік жүк ағымдарын Қазақстан Республикасы аумағына тартуға;

вагондық және контейнерлік тасымалдар арасындағы бәсекені дамытуға;

облыстық және халықаралық қатынастарда контейнерлік тасымалдардың тиімді құрылымын құруға.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып ҚР-да контейнерлік көліктік жүйесінің дамуы, нәтижесінде ҚР транзиттік-көліктік әлеуетінің барынша тиімді пайдаланылуына қол жеткізуге және отандық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді деген ойдамын.

 

Әдебиет:

1.         Перепон В.П. «Организация грузовой и коммерческой работы», Москва, Транспорт, 1986 г.

2.         Жүктерді тасымалдау ережелері.

Основные термины (генерируются автоматически): финансовая наука, винная монополия, Политехнический Институт, Россия, финансовое хозяйство, юридический факультет, государственное хозяйство, народное хозяйство, Санкт-Петербургский Политехнический институт, экономическое отделение.


Похожие статьи

Научный журнал «Молодой ученый» №3 (137) январь 2017 г.

Сельское хозяйство 2. Экономика и управление 39.

Проблемы финансового обеспечения органов местного самоуправления при реализации отдельных государственных полномочий в

Антикоррупционная политика: проблемы формирования в современной России. Югов А. А.

Похожие статьи

Научный журнал «Молодой ученый» №3 (137) январь 2017 г.

Сельское хозяйство 2. Экономика и управление 39.

Проблемы финансового обеспечения органов местного самоуправления при реализации отдельных государственных полномочий в

Антикоррупционная политика: проблемы формирования в современной России. Югов А. А.

Задать вопрос