Қаланы жасыл желектендірудің негізгі жүйелері мен талаптары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (88) апрель-2 2015 г.

Дата публикации: 20.04.2015

Статья просмотрена: 437 раз

Библиографическое описание:

Нургабылова, А. Ш. Қаланы жасыл желектендірудің негізгі жүйелері мен талаптары / А. Ш. Нургабылова, О. Т. Айдаров. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.2 (88.2). — С. 6-8. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17436/ (дата обращения: 16.04.2024).

Қаланы көгалдандыру үшін пайдаланатын ағаштар олардың негізгі қасиеттеріне және көгалдандырудағы мақсатқа орай таңдалып алынуы шарт. Айтарлық, қала халқының демалыс орны болатын жерлерге осы ағаштардың белгілі бір түрлері ғана жарасса, тұрғын аудандарды желден қорғау, өнеркәсіптік кәсіпорындардан бөлу үшін басқа бір ағаш түрлері пайдаланылады. Осыған байланысты қалаларды көгалдандыруға арналған ағаштарды жалпы, шектелген және арнайы мақсатта егілетін деп үш топқа бөледі [1].

Жалпы халық тұтынатын ағаштарға парктер, бақтар, скверлер, бульварлар мен көшелердегі жасыл желектер жатады. Олардың әрқайсысының өзіндік функциональдық ерекшелігі бар және елді мекендерді көркейтудегі маңызы зор. Бұл ағаштарды халықтың тығыздығына қарай пайдалануға тиімді етіп отырғызу қажет.

Қала халқының белгілі бір бөлігі ғана пайдаланатын өсімдіктерге оқу орындарының, ғылыми — зерттеу институттарының, балалар мен емдеу — сауықтыру мекемелерінің, өнеркәсіп орындарының төңірегіне және тұрғын аудандардың ішіне отырғызылатын ағаш — бұталар, гүлдер жатады. Бұлардың түрлерін таңдап алу кезінде олардың функциональдық ерекшеліктерін есте мықтап ұстау қажет. Себебі, белгілі бір мақсатқа орай отырғызылатын өсімдік түрлері де әртүрлі болмақ. Мәселен, мектеп маңына егілетіндерінің түрлік құрамы табиғаттану мақсатына орай барынша бай болуы тиісті. Ал емдеу — сауықтыру және балалар мекемелері үшін санитарлық — гигиеналық қасиеттері басым өсімдіктер қажет болса, басқа бір орындарға сәндік өсімдіктерді отырғызған тиімді. Өнеркәсіптік мекемелер еңбекшілерінің жұмыс істеуіне, дем алуына қолайлы орындар жасауға қажет өсімдік түрлерін таңдап ала білу шарт.

Қандай мақсатта отырғызылатына қарай, әрі биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ағаш — бұталар таңдап алынады. Мысалы, су эрозиясын тоқтату үшін тамыр жүйесі барынша тармақталған, әрі қуатты ағаш тұқымдарын пайдаланған абзал. Батпақты жерлерді құрғату үшін буландырғыш қабілеті жоғары, ал автомобиль жолдарының бойына газ, түтін және шаң ұстағыш ағаштар отырғызудың қажеттігін жоғарыда айтып өттік.

Баққа оранған парктер салу үшін әртүрлі безендіру, гүлдендіру (клумбалар, бордюрлар, миксборгерлер, партерлер, пергольдер салу) жұмыстары жүргізіледі. Олар парктер мен бақтарды, скверлер мен бульварларды, балалар үйлері мен қоғамдық мекемелердің, мектептердің, зауыт — фабрикалардың территорияларын сәндендіріп, сұлу ғимараттардың архитектуралық бейнесін аша түседі.

Гүлмен безендіріп, көркейту жұмыстарына орай оған тартымды рең беретін түсті таңдап ала білудің де маңызы зор.

Клумбаларғажолдармен бөлінбеген, әртүрлі геометриялық формадағы, шағын, небары 10–15 шаршы метр болатын бөліктер жатады. Оларға негізінен топырақ бетін жауып тұратын әртүрлі гүлді өсімдіктер, жапырақтары сәнді самшит, юкки тәрізді бұталар да егіледі. Клумбалардың құрамына газондар да кіреді. Рабаткалар деп ұзақ гүлдейтін көп жылдық өсімдіктер егілген, пішіні төртбұрышты бөлікті айтады.

Бордюрлергеқандай да болмасын бір көгал алаңды сыртынан қоршап тұратын, гүлдеп тұрған немесе жапырақтары сәнді өсімдіктерден тұратын жіңішке алаптар жатады. Бордюрлер гүлмен безендіру жұмыстарында жиі қолданылады.

Қаланы көгалдандыру жұмыстарын оның алдын ала ойластырылған бас схемасына сәйкес жргізу керек. Сонда ағаштарды кездейсоқ отырғызу әрекеттеріне жол берілмейді, оны ғылыми негізде және жоспарлы жүргізуге, сондай — ақ санитарлы — гигиеналық тұрғыдан атқаруға мүмкіндік туады. Тұрғын кварталдардың ортасына ойластырылып салынған сквер қалаға көрік қана қосып қоймай, ауадағы шаңды және басқа да қоспаны бойына тартады. Онан тарайтын салқынауаның қозғалысы арқылы сол төңіректің температурасы төмендейді, ауа өсімдіктер сүзгісінен өтіп, тазарып, қоңыржай климат қалыптасады [2].

Әрқашанда қала — селоларды көгалдандыру жұмыстарына қойылатын негізгі талаптардың біріне жердің рельефіне, топырақ жағдайларына сәйкес келетін сәндік өсімдіктердің түрлерін таңдап ала білу жатады. Жер жағдайы өсімдіктің биологиялық қасиеттеріне неғұрлым сәйкес болса, онда отырғызылған ағаштар оңай жерсінеді және олардың сәндік қасиетінің ашылуы соншалықты жоғары болмақ. Сондықтан да сәндік өсімдіктердің түрлік құрамы егістік жердің физикалық жағдайына тәуелді болады.  Аридті (қуаң) аймақтардағы елді — мекендерді көгалдандыру, олардың сәулеттік кейпіне жергілікті рең беру, бүлінген жерлерді рекультивациялау, кен қазу барысында пайда болған, күл үйінділерін бекіту жұмыстарын жүргізу. Сондай өңірлерге барынша ыңғайлы, жергілікті жердің климат жағдайын бейімделген өсімдік түрлерін таңдап ала білуді қажет етеді.

Республика территориясының көпшілік бөлігіндегі қолайсыз климат жағдайлары, антропогендік факторлардың табиғатқа кері әсерінің жылдан жылға күшейе түсуі бұл жерлердегі елді мекендерді көгалдандыру принциптерін түбірінен қайта қарауды қажет етеді. Ол, ең алдымен, өсімдіктің қажетті түрлерін ала білуден, олардың экологиясын зерттеп, жергілікті климат жағдайларына бейімделгіштігін анықтаудан басталуы тиіс.

Ағаштар мен бұталарды Қазақстанның қуаң аймақтарына жерсіндіріп тарату топырақ жағдайына, әсіресе өсімдіктің сумен қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Сондықтан жаңа мекенге жерсіндірілген өсімдіктерді олардың биологиялық ерекшеліктеріне сай күтіп — баптау қажет. Мұның өзі олардың жақсы жерсініп, ұзақ уақыт өсуін қамтамасыз етіп, сәндік және санитарлық — гигиеналық маңызының артуына қол жеткізеді.

Ағаштардың қоршаған ортаны жақсартудағы маңызы өте мол. Ауа райының да өзгерісі қоршаған ортаға үлкен кері әсерін тигізеді. Мысалы, 1987 жылы аптап ыстықтың салдарынан Грецияда 1300 — ге тарта адам өмірімен қоштасқан еді. Оның 1200 — і Греция астанасының тұрғындары.

Афина қаласы өте тығыз орналасқан қалалардың бірі және жасыл желек бірен — сараң ғана сақталған. Бұлардың жалпы көлемі қала аумағының жалпы көлемінің 36 % — на тең. Ал негізінде мұндай жерлерге жасыл желек қажет — ақ.

Өсімдіктер жарық жібермейтін экран қызметін атқарады. Яғни, күннің жарығын бойына сіңіріп, кері шағылыстырып бәсеңдетеді, спектрлік құрамын өзгертеді.

Жанар майдың қалдықсыз, толық жағылуын қамтамасыз ету, ауаның ауыр металдармен, шаңмен, аэрозолдармен, улы газдармен ластануына жол бермеу, қалдықсыз технологияны игеру сияқты өзекті экологиялық мәселелерді негізінен техникалық жолдармен шешілуі тиісті. Дегенімен орта жағдайын жақсартуда жасыл желек те маңызды роль атқаратынын айтқан жөн., әсіресе, оның санитарлық — гигиеналық қызметінің мәні өте зор. Қазіргі кезде қала салу жұмыстарында міндетті түрде қойылатын талаптардың біріне құрылыс аймақтарын көгалдандыру жатады. Жасыл көшеттердің жан — жақты маңызы бар;

1.                 Экзотикалық (ландшафты архитектура, жолдардың жағалауларын, демалу орындарын түрлендіру т. б.)

2.                 Қалаларды көркейту.

3.                 Қаланы қорғау (шаңнан, газдан, шудан, күннен)

4.                 Санитарлық — гигиеналық.

Жасыл желектер қала ішіндегі шудың 60 пайызын ұстап қалады екен. Өсімдіктер көмір қышқыл газын бойына сіңіріп, оны ыдыратып, ауаны оттегімен және жеңіл иондармен байытады, шуды азайтып, қаланы желден, шақырайған күннен сақтайды, ауадағы шаңды, ыс — күйені, транспорттың улы газдарын жұтып, олардың мөлшерін азайтып отырады. Бір гектар жасыл алқап 1 сағатта ауцадан 8 кг. көмір қышқыл газын сіңіреді енкен. Ол 200 адамның осы уақыттың ішінде (тыныс алу кезінде) бөліп шығаратын СО2 — на тең. 25 жылдық терек жазғы 5 айда 44 кг, емен — 28 кг, ал жөке ағашы — 16 кг көмірқышқылын сіңіреді.

Жаздың ашық күндерінде 25 м2 көлеміндегі жапырақ беті бір адамның тәулік бойы демалуына жеткілікті 17,3 м2 немесе 23 кг оттегіні бөліп шығарады. Орта жастағы бір ағаш оншақты адамды оттегімен қамтамасыз ете алады. Ал бір автомобиль 100 шақырым жол жүру үшін 1 адамның 1 жылда демалуына жеткілікті оттегісін жағады екен. Сондықтан қазіргі автомашина ғасырында қалаларда жасыл көшеттерді барынша көбейтудің қаншалықты маңызы бар екенін айтпаса да түсінікті.

Қалаларды көгалдандыру кездерінде пайдаланылатын көшеттердің фитонцидтік қасиеттеріне көңіл аударған жөн. Өсімдіктерден ауаға тарайтын фитонцидтер ауаны зиянды микроорганизмдерден тазартып, иондық құрамының тұрақты болуына ықпал етеді, атап айтқанда, адамның денсаулығына қолайлы иондармен байытады.

Г. М. Илькунның тәжірибесінде ақ қараған вегетация кезеңінде 1 кг құрғақ жапырағына шаққанда 69 г, кәдімгі шегіршін 39 г, сүйрік жапырақты жиде 87 г, қара терек 57 г, (SO2) күкіртті газдарды жұтатыны көрсетілген [3]. SO2 өсімдіктің жер бетіндегі бөлігімен тамыр жүйелеріне қарай жылжиды. Одан әрі күкірттің қосылысы топыраққа өтеді. Осылайша өсімдік құрамындағы күкіртті қажетті шамада сақтап, ал уыттың мөлшерін топыраққа бөліп шығарып отырады. Жасыл желек атмосферадан күкіртті газдан басқа фенол, хлор, эфир, фтор ароматты көмір сутектері тәрізді әртүрлі заттарды бойына сіңіреді. Газжұтқыштық қасиеттері жоғары ағаш түрлеріне канада терегі мен пирамида тәрізді теректер, шетен жапырақты үйеңкі, сүйрік жапырақты жиде, майда жапырақты жөке, ақ тұт, кәдімгі бирючина, қан қызыл долана жатады.

Сөзімнің басты да маңызды мәйегі, осы жоғарыда айтылған ағаш түрлері біздің Қызылорда қаласының климаты мен топырағына бейімдеу келеді. Сондықтан осы аталған терек, шетен жапырақты үйеңкі, сүйрік жапырақты жиде, майда жапырақты жөке, ақ тұт, кәдімгі бирючина, қан қызыл долана жатады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.      Ж. Әділов. «Қала және қоршаған орта» Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған көмкші құрал. Алматы, Ана тілі баспасы, 1991 ж.

2.      О. И. Баитулин, С.И. Әбиев. «Қазақстан ауылдары мен қалаларын көгалдандыру» — Алматы, 1994 ж

3.      И. О. Байтулин, В. Г. Рубаник. «Интродукция деревьев и кустарников в Казахстане». Алма Ата, 1985г.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос