Қазақ паремиологиясындағы «Қазақ әйелі» концептісінің ұлттық-мәдени ерекшелігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №6 (86) март-2 2015 г.

Дата публикации: 19.03.2015

Статья просмотрена: 2287 раз

Библиографическое описание:

Нурсултанкызы, Жазира. Қазақ паремиологиясындағы «Қазақ әйелі» концептісінің ұлттық-мәдени ерекшелігі / Жазира Нурсултанкызы, Айганым Жумабекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 6.2 (86.2). — С. 64-67. — URL: https://moluch.ru/archive/86/16542/ (дата обращения: 20.04.2024).

Гендерлік лингвистика тіл білімінде жыныстарға қатысты сөйлеу үлгілерін зерттейтін ғылым. Ал «гендер» ұғымы жынысты биологиялық тұрғыдан емес, оны әлеуметтік-мәдени құрастырылым ретінде айқындайды. Гендерлік зерттеулер аясына «жыныс», «гендер», «гендерлік рөлдер» сияқты ұғымдар енеді. Қарым-қатынас процесінде ер адамдар мен әйел адамдар арасында гендерлік ерекшеліктер байқалады. Адамның жынысқа бөлуіне қарай ерлер мен әйелдердің мінез-құлқы, іс-әрекеті ажыратылып отырады, олар түрлі қызмет атқарады. Тіл арнаулы «еркектік» және «әйелдік» болып бөлінбесе де, олардың сөйлеу әрекетіндегі мінез-құлқына қарай айырмашылықтар байқалады. Антропоцентрлік парадигмадағы гендерлік лингвистика қоғамдағы гендерлік рөлдермен астасып, ұлттық-мәдени ерекшеліктермен, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, наным-сенімдерімен тығыз байланыста қарастырылуды қажет етеді.

ТМД елдерінде көптеген гендерлік топшылаулар, ой-тұжырымдар, зерттеу еңбектер жарық көрді. Атап айтсақ, Е.М.Бакушева ерлер мен әйелдер тіліндегі эмоционалдық мәселесін қозғаса, Г.Вэшле ерлер мен әйелдердің мамандығына, кәсібіне байланысты тілдік ерекшеліктерін қарастырады. Е.Г.Голян ауызекі сөйлеу тіліндегі ерлер мен әйелдердің айырмашылығын зерттесе, Д.О.Добровольский гендерлік зерттеулердегі феминистік идеологияның критерийлері мен ғылымилығы жөнінде сөз қозғайды. Е.А.Земская әйел тілі мен еркек тілінің функционалдық қызметін анықтаса, А.В.Кирилина гендерлік лингвистиканың даму жолдарын, орыс паремиологиясындағы әйел дауысын, гендерлік стереотиптер туралы жан-жақты талдау жүргізді. Дж.Лаккофф гендерлік лингвистиканың когнитивтік семантикамен байланысын қарастырса, Н.А.Красавский паремиологиядағы әйел образының бейнесін анықтайды. Зерттеушілер өз еңбектері арқылы гендерлік бағытты дамытты. XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап гендерді лингвистикамен байланыста қарастырған ғылыми зерттеулер жарық көре бастады. Зерттеуші А.В.Кирилина өз еңбектерінде «гендер» және «жыныс» ұғымдарын ажыратып берді: «Гендер (социальный или социокультурный пол) не является языковой категорией, но его содержание может быть раскрыто путем анализа структур языка, что объясняет востребованность лингвистической компетенции для изучения культурной репрезентации пола» [1,133]. XX ғасырдың 80-шы жылдарынан бастап гендерлік зерттеулерге арналған еңбектер көбейе түсті. Тіл білімінде жыныстарға қатысты сөйлеу үлгілерін зерттейтін ғылым – гендерлік лингвистика пайда болды. Гендерлік лингвистика теориясын, әдістемесін талдап-түсіндіруде батыс лингвистері Дж.Лакофф, Д.Спендер, О.Есперсон, орыс лингвистері А.В.Кирилина, М.А.Китайгородская, Н.Н.Розанова елеулі үлестерін қосты.

Қазақ тіліндегі гендерлік факторды зерттеу тарихи сипатқа ие. Гендер факторы қазақ ағартушы, зиялыларының еңбектерінде де жиі ескеріліп отырған. Қазақ гендерлік лингвистикасының негізін қалаушы көрнекті ғалым, тұңғыш профессор Қ.Жұбанов әртүрлі халықта әйелдер тіліне тән ерекшеліктер болатынын көрсеткен. Қ.Жұбановтың еңбектерінде әйел тілінің спецификалық ерекшеліктеріне баса назар аударылған. Қ.Жұбанов «Күншығыстағы әйелдер тұрмысы ерекше жағдайда болғандықтан, әйелдерге арнаулы түрлі әдет-ғұрып өзгешеліктері мұнда жиі ұшырайды. Сол әдет-ғұрып өзгешеліктерінің бірі – осы күнге шейін Кавказда армян, грузин, түріктер арасында сақталған әйелдердің ым тілі. Жаңа түскен келіншек қай жерде бір айға, қай жерде бір жылға шейін ата-енесімен дыбыстап сөйлеспейді, ымдап сөйлеседі. Бұл тілді армяндар «нашнауар» дейді. Нашнауар сондай бай, сондай дыбыс тілінен еш кемдігі жоқ сияқты. Мұндай, әйелдерге ғана арнаулы, жүйелі болмаса да, әйел тілінің өзгешелігі қазақта да жоқ емес. Сол өзгешеліктердің бірі – әйелдерде ғана болатын «ернін шығару» (кеміткенде), «бетін шымшу» (ұятсынғанда), «аузын шылп еткізу» (таңданғанда), «аузын быртылдату» (кекеткенде). Бұлар әйелдердің специфик тілі болып табылады»,- дейді [2,41].

Кейінгі уақытта отандық тіл білімінде гендерлік тұрақты тіркестердегі әйел лексемасын қарастырған А.Смайловтың зерттеу еңбегінде [3], қазақ әйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта айқындап, әйел концептісінің лексика-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысынан түсіндірген А.Байғұтованың кандидаттық диссертациясында [4], әйел қолөнеріне байланысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты мен ономасиологиялық негіздерін жан-жақты зерттеп, әйел қолөнеріне қатысты атаулардың табиғатын тілдік және тілдік емес факторлар арқылы анықтап, оның ұлттық сипатта қалыптасуы мен рухани-мәдени өмірдегі орнын, этномәдени мазмұнын қарастырған А.Әлімжанова [5] еңбектерінде қарастырылған.

«Әйел», «Ер адам» концептілері кез келген мәдениетте кездесетін концепт болғандықтан, әмбебаптық сипатқа ие. Дегенмен, бұл концептілердің белгілі бір қоғамға тән нақты ерекшеліктері де бар екені анық [6, 65].

«Әйел» концептісі барша халыққа ортақ концепт болғанымен, әр халықтың менталитетіне, дүниетанымына орай оның концептосферасы айқындалып отырады. Әйел затына байланысты қазақ тілінде көптеген мақал-мәтелдер кездеседі. Әйел атаулыны сипаттауда оның жас ерекшелігі, отбасындағы орны, әлеуметтік орны, туыстық байланысына қарай атаулары да әртүрлі лексемалармен беріледі. Мысалы, «әйел» концептісінің туыстық қатынастар аясына қыз, келін, ана, жеңге, абысын, ене лексемалары енсе, қоғамдағы әлеуметтік орнына орай бәйбіше, тоқал, жесір лексемалары қолданылады. Ал жас ерекшелігіне орай қыз (бойжеткен, қалындық, келін, келіншек), әйел (жұбай, жары, қосағы), бәйбіше (тоқал, жесір), кемпір (әже, кейуана) ұғымдарын жатқызамыз.

Мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттер ғалымның тілдік бейнесіндегі ана образын сипаттайды. «Әйел – ана» когнитивтік моделі аясына: Ана болған дана болады; Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс; Мылқаудың тілін анасы біледі. Ананың сүйген жері отқа күймейді, оқ та тимейді; Ана жақсылығын ауырсаң білерсің; Ақ жаулығы ананың – ақ көрпесі баланың; Ананың басқан жерінде пейіш бар; Ана баласын арыстанның аузынан алады; Анасыз үй – панасыз; Ағайынның алтын сарайынан, Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, Қарызынан да құтыла алмайсың; Ананың жыртық лашығы артық; Алты жеңге бірігіп ана болмас; Ағайын – алтау, Ана – біреу; Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды; Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа т.б. мақал-мәтелдер енеді.

«Әйел – үйдің берекесі» когнитивтік моделі. Ғаламның тілдік бейнесінде «жақсы әйел» ер адамның жақсы қасиеттерін асырып, жаман қасиеттерін жасырып, отбасының түтінін түтетіп, үйдің берекесін, ырысын молайтатын жан екені сипатталады. Әйел – үйдің көркі, Еркек – түздің көркі; Әйел – үйдің ажары; Үйді қырық еркек толтыра алмайды, Бір әйел толтырады; Әйел – үйдің ұйытқысы; Әйел – үйдің қазығы. Әйел өлсе, үйің кетеді, басыңнан күйің кетеді; Еркек үйдің иманы, әйел үйдің жиғаны.

«Әйел – адал жар» когнитивтік моделі. Дүниенің гендерлік бейнесінде әйелге отбасы ұйтқысы ретінде берілген ерекше орын паремиологиялық бірліктерде жиі кездеседі. Ер адамды ер етіп, ел ішінде атағын асқақтатып, оның отбасының түтінін түтетіп, жақсысын асырып, жаманын жасыратын да әйел екені сипатталады. Төменде келтірілген мақал-мәтелдер «әйел» концептісіне жағымды коннотация үстейтін ұғымдар әртүрлі тілдік қолданыстар арқылы суреттелгенін көрсетеді. Жақсы әйел басындағы бағың, астындағы тағың; Ер жолдасы –  қатыны, Ақ жаулығы болмаса; Жақсы әйел – теңі жоқ жолдас, Түбі жоқ сырлас.

«Әйел – үлгі» когнитивтік моделі. Жақсы әйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар; Жақсы әйел – үй дәулеті, Жақсы шапан – той дәулеті;

Дүниенің паремиологиялық бейнесінде әйел бейнесін сипаттайтын  жақсы-жаман қасиеттер қатар қолданылып, «әйел» концептісі төңірегінде жүйеленген ассоциативтік өрісін көруге мүмкіндік береді: Жақсы әйел – зейнет, жаман – әйел бейнет; Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді; Атың жақсы болса – пырағың, Қатының жақсы болса – шырағың; Жақсы әйел жаныңды марқайтады, Жаман әйел ерте қартайтады; Жақсы әйел жаман еркектің басын хан қылады, Жаман әйел жақсы еркектің басын даң қылады; Денің сау болса – бір бақыт, әйелің жақсы болса – мың бақыт; Жақсы әйел – жігітке біткен бақ, Жақсы жер, жайлы қоныс – алтын тақ; Жақсы әйел өміріңді ұзартады, Жаман әйел үстіңе тұз артады; Алған жарың жақсы болса, ат үстінен дүбір ет, Алған жарың жаман болса, шиге кіріп сыбыр ет; Жаман қатын төсегінен белгілі, Жаман жігіт есебінен белгілі; Жақсы әйелдің қолы ұзын, Жаман әйелдің тілі ұзын.

«Жаман әйел» когнитивтік моделі. Ғаламның тілдік бейнесінде «Жаман әйел» стереотиптік үлгісін беретін мақал-мәтелдер «әйелі жаман болса еркектің қадірі кетіп, ел алдындағы абыройы түседі» деген ой тұжырымдайды: Қатыны жаман – ер азар, Қарашасы жаман – хан азар; Қатының жаман болса, кісі алдында тіл қатпа; Атың жаман болса, сатып құтыларсың, Қатының жаман болса, қайтып құтыларсың?; Ер жігітті қартайтатын үш нәрсе бар: шабан ат, жаман қатын, өтпес пышақ; Қатының жаман болса, Арманың кетер. Қапа-қасіретпенен заманың кетер!  

«Жаман әйел» стереотиптік үлгісін танытуда мынадай қасиеттер айрықша сипатталады:

еріншектік: Еріншек қатынның етегі жыртық, Ерке қатынның еріні тыртық; Еріншек әйел опа жағады, Ерінбес әйел еңбек табады;

салақтық: Салақ қатын тұтқышқа жарымас; Салақ қатынның үйінен сабақты ине табылмас; Салақ қатынның етін құрт жейді,Терісін ит жейді; Тазалығы қатынның тарағынан белгілі;

олақтық: Олақ қатын оймақшыл, салақ қатын сауықшыл; Олақ қатынның пісірген сүті іріп кетер, илеген терісі шіріп кетер; Үш күндігін ойламаған әйелден без; Жанбаса – отын жаман, Жаға алмаса – қатын жаман;

ұрысқақтық, жеңіл ауыздық: Жақсы әйелдің қолы ұзын, Жаман әйелдің тілі ұзын; Қатының шайпау болса, кісі алдында тіл қатпа;

айлакерлік: Әйелдің күші аз, айласы көп; Бұлт шығып жаңбыр жаумай елді алдайды, Әйелдің айлакері ерді алдайды; Бір қу байтал, екі айғырды аш қалдырады; Бір әйелдің айласы қырық есекке жүк болған; Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті;

 ұятсыздық: Ұятсыз әйел – тұзсыз ас; Шыққан даудың себебін әйелден ізде;

арсыздық: Арсыз әйел зәрін шашады, Бәрін сатады. Абыройын ашады;

Қазақ дүниетанымында әйелдерді еркектерден бір саты төмен санаған. Осыған орай шөпжелкен, шүйкебас, салпы етек, төмен етек сияқты лексемалар да қалыптасқан.

«Әйел» концептісін қалыптастыратын мақал-мәтелдер «Әйел-ана», «Әйел-шеше», «Әйел-қыз», «Әйел-келін», «Әйел-тоқал», «Әйел-жесір», «Әйел-қатын» образдарын топтай келіп, олардың әрқайсысына тән гендерлік белгілерді жинақтап көрсетеді. «Әйел-жесір» когнитивтік моделі. Көптеген мақал-мәтелдер жесір әйелдің гендерлік бейнесін сипаттайды. Қазақ халқы жесірін жылатпаған, басқа руға, жерге көшуіне рұқсат бермеген. Осыдан келіп, Әйел ерден кетсе де, елден кетпейді; Жесір қатын – жел буаз; Әйелдің ақылын жесірінде көр, баланың ақылын жетімінде көр деген сияқты мақал-мәтелдер пайда болған.

Қорыта келгенде, тіл – этностың өмірінен, оның мәдениеті мен тарихынан, дүниетанымынан, менталитетінен хабар беріп отырады. «Әйел» концептісін қалыптастыратын мақал-мәтелдерден әйел бейнесінің ұлттық табиғаты жан-жақты ашылады. Қазақ тіліндегі «Әйел» концептісін қалыптастыратын мақал-мәтелдер образ жасауда, ұлттық танымның ерекшелігін көрсетуде, ұлттық дүниетанымды беру мақсатында, этнос болмысын, таным-түсінігін  әр қырынан көрсетуде мол ақпарат береді.

 

Әдебиет:

1.      Кирилина А.В. Язык и гендер. - М.: Языки славянской культуры, 2005.  - 624 с.

2.      Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Алматы: Ғылым, 1999. –5 81б.

3.    Смайлов А. «Әйел» концептісін қалыптастыратын тұрақты тіркестердің лингвомәдени сипаты. Филол.ғыл,канд.дисс.автореф. –Алматы,2008. -25 б.

4.    Байғұтова А. «Қазақ әйелі» концептісінің этномәдени сипаты. Филол.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 2008. -143 б.

5.      Әлімжанова А. Қазақ тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың этнолингвистикалық сипаты. Филол.ғыл.канд.дисс. –Алматы, 2008. - 24 б.

6.      Нұрсұлтанқызы Ж. Қазақ паремиологиясындағы «Ер адам» концептісі // Молодой ученый. – 2014. - №4.1. – С. 65-67.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Ана.


Похожие статьи

Молодой ученый — издательство

Ресурс включает разделы, содержащие ежемесячные и архивные издания научной периодики, актуальную информацию и анонсы о проводимых научных собраниях и международных конференциях молодых ученых. Есть раздел о правилах оформления и публикаций статей.

Мамлакатимизда мавжуд ишбилармонлик муҳити натижасида...

Ана шу сувратим кариса-ю, мен мангу ёшлигимча колаверсам! «Совуқ уруш» муносабатларидаги ўзгаришлар ва унга барҳам...

Династии кыпчакских ханов | Статья в журнале «Молодой ученый»

Москва: ЦИВОИ. 2013. 128 с. 17. Шихаб ад-дин ан-Насави. Сират ас-султан Джалал ад-Дин Манкбурны. Москва.

Владение информационными технологиями на трех языках...

Сол себепті мен үштұғырлы тіл жайлы айтамын. Қазақстан мемлекетттік тілді игеру керек. Орыс тілі — көрші еліміздің ана тілі және БҰҰ алты тілінің бірі.

Происхождение Кутлук-Тимура, эмира хана Узбека

Селезнёв Ю. В. Элита Золотой Орды. Казань: Издательство «Фэн» АН РТ, 2009. 232 с.

Сборник статей. Выпуск 5. Казань: Институт истории им. Ш.Марджани АН РТ, 2012.C.

Ногайский компонент в этногенезе казахов | Статья в журнале...

Если посмотреть казахские шежире рода торе уже XX века (например, шежире Шотамана Валиханова, опубликованное в газете Ана тiлi), то можно найти имя Ежен.

Основные стандарты и модели интеграции медицинских...

В данной статье рассмотрено понятие медицинской информационной системы, приведена актуальность проблемы интеграции медицинских информационных систем.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Бірлігімізді сақтап, ана тіліне деген құрметімізді берік етсек, ұлттық мүдденің үстемдік етері анық.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Начало монетной чеканки в государстве анадолийских...

ВИ, 1945, № 5–6. 2. Ходжаниязов Т. Денежное обращение в государстве Великих Сельджукидов: (По данным нумизматики); [Ан ТССР].

К генеалогии Астанакула кошбеги — премьер-министра Бухарского...

13. Семенов А. А., Очерк устройства центрального административного бухарского ханства позднейшего времени // Труды АН Тадж.ССР, т.25, Материалы по истории таджиков и узбеков...

Похожие статьи

Молодой ученый — издательство

Ресурс включает разделы, содержащие ежемесячные и архивные издания научной периодики, актуальную информацию и анонсы о проводимых научных собраниях и международных конференциях молодых ученых. Есть раздел о правилах оформления и публикаций статей.

Мамлакатимизда мавжуд ишбилармонлик муҳити натижасида...

Ана шу сувратим кариса-ю, мен мангу ёшлигимча колаверсам! «Совуқ уруш» муносабатларидаги ўзгаришлар ва унга барҳам...

Династии кыпчакских ханов | Статья в журнале «Молодой ученый»

Москва: ЦИВОИ. 2013. 128 с. 17. Шихаб ад-дин ан-Насави. Сират ас-султан Джалал ад-Дин Манкбурны. Москва.

Владение информационными технологиями на трех языках...

Сол себепті мен үштұғырлы тіл жайлы айтамын. Қазақстан мемлекетттік тілді игеру керек. Орыс тілі — көрші еліміздің ана тілі және БҰҰ алты тілінің бірі.

Происхождение Кутлук-Тимура, эмира хана Узбека

Селезнёв Ю. В. Элита Золотой Орды. Казань: Издательство «Фэн» АН РТ, 2009. 232 с.

Сборник статей. Выпуск 5. Казань: Институт истории им. Ш.Марджани АН РТ, 2012.C.

Ногайский компонент в этногенезе казахов | Статья в журнале...

Если посмотреть казахские шежире рода торе уже XX века (например, шежире Шотамана Валиханова, опубликованное в газете Ана тiлi), то можно найти имя Ежен.

Основные стандарты и модели интеграции медицинских...

В данной статье рассмотрено понятие медицинской информационной системы, приведена актуальность проблемы интеграции медицинских информационных систем.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Бірлігімізді сақтап, ана тіліне деген құрметімізді берік етсек, ұлттық мүдденің үстемдік етері анық.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Начало монетной чеканки в государстве анадолийских...

ВИ, 1945, № 5–6. 2. Ходжаниязов Т. Денежное обращение в государстве Великих Сельджукидов: (По данным нумизматики); [Ан ТССР].

К генеалогии Астанакула кошбеги — премьер-министра Бухарского...

13. Семенов А. А., Очерк устройства центрального административного бухарского ханства позднейшего времени // Труды АН Тадж.ССР, т.25, Материалы по истории таджиков и узбеков...

Задать вопрос