Әл-Фарабидің эстетикалық көзқарастары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №6 (86) март-2 2015 г.

Дата публикации: 19.03.2015

Статья просмотрена: 8197 раз

Библиографическое описание:

Медетбаев, Тасбулат Сиезбайулы. Әл-Фарабидің эстетикалық көзқарастары / Тасбулат Сиезбайулы Медетбаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 6.2 (86.2). — С. 71-72. — URL: https://moluch.ru/archive/86/16540/ (дата обращения: 25.04.2024).

Егер біз, қазіргі заман термологиясымен айтатын болсақ, - эстетика мәселелерімен, осы кезге дейін әл-Фарабидің музыка, риторика, поэтика еңбектерінде көрініс тапқан. Оның эстетикалық көзқарастары аз зерттелген. Екінші ұстаздың мұрасына арналған М.Хайруллаевтың және ортағасырлық Шығыстағы эстетикалық ойдың тарихы бойынша Г.Сарадиевтің жұмыстарында ғана әл-Фарабидің эстетикалық көзқарастары туралы ойландыратын пікірлер бар. Қазақстан ғалымдарының зерттеулерінде әл-Фарабидің негізгі эстетикалық концепциялары мен оның жалпы философиялық доктринасының мәні мен табиғатынан туындайтын, олардың айырықша ерекшеліктері ғана ашылған.

Әл-Фарабидің эстетикалық ілімі туралы да олар жалпылама сипаттама айтқан. Бұл, біріншіден, эстетикалық мұраттары көрініс тапқан Екінші Ұстаздың негізгі еңбектерінің ғылыми айналымға енгізілмегенінің өзіндік себептері бар. Бұл 1992 жылы әл-Фарабидің «Музыка және поэзия туралы трактаты» және «Фарабидің таңдамалы трактатының» басылып шығуымен мүмкін болды. Егеменді Қазақстанның талаптарына сай осындай еңбектер жарық көрді. Әл-Фарабидің көптеген шығармаларына қарағанда, көркем шығармашылықты адамдардың бақыты (өмірі) үшін пайдалы игіліктерді жасаумен байланысты.

Әл-Фарабидің пікірінше, өнер дегеніміз адам туындысы, оның қызметі – адамға оның интелектуалдық және моральдық қабілеттерін жетілдіруде падалы болу. Өнердің қайнар көзі болмыстың өзі болып табылады, ал оны жасаушы адам ғана.

Арнайы эстетикалық еңбектер деп оның келесі трактаттарын айтуға болады: «Поэзия өнерінің канондары туралы», «Риторика», «Поэзия (өнері) туралы», «Бақытқа апарар жол», «Музыка туралы үлкен кітап», «Бақытқа жету туралы». Әл-Фарабидің болмыс пен логика, әлеуметтік утопия мен этика туралы ілімдері де оның эстетикалық көзқарастарын қамтып көрсетеді. Ғалымның эстетикалық көзқарастарын түсінуде ең маңызды әлемдік еңбегі Еуропада орта ғасырларда танымал болған және музыка теориясымен жалпы эстетикалық ойдың дамуына ерекше ықпал еткен оның «Музыка туралы үлкен кітабы» болып табылады. Болмысты эстетикалық қабылдаудың әр түрлі аспектілері Әбу Насыр әл-Фараби мұрасында теориялық мағынаға ие болды, атап айтқанда, еліктеу, әсемдік, шешендік, үйлесушілік сынды категориялар. Әл-Фараби эстетикалық шығарманың қайнар көзі болмыстың өзі екендігіне сенімді болды, яғни естілетін, көрінетін, сезілетін материя, әсемдік, әсемденген обьективтілік бар. Әл-Фарабидің эстетикалық көзқарастарынан терең мәні бар, әсемдіктің симетрия, мақсатқа сәйкестілік, пропорция, өлшем, үйлесушілік сияқты қасиеттерін сипаттауда, яғни әсемдік категориясының эстетиканың басқа категорияларымен байланысы ашылғанда көрінеді. Еліктеу, әл-Фараби бойынша, бірнеше аспектілерде: обьективті шындықты бейнелеу мен талдап қорыту тәсілі ретінде де, кескінделгеннің мәнін білдіретін ұғым ретінде, болмысты тану үрдісін бейнелейтін форма реиінде де көрініс табады.

Әл-Фараби өз трактаттарында эстетиканың негізгі категориясын, атап айтқанда әсемдік категориясын ашуға және оны негіздеуге үлкен назар аударады. Ойшылдың пікірінше, әсемдік – бұл адамның дене, рухани және өнегелік сұлулығының көрінісі. Оның эстетикасында әсемдік пен пайдалылық, сұлулық пен пайда біртұтастықта көрсетілген. Олар үйлесімді қосылған, бір-бірінен ажырамайды. Адамдарда үйлесушілікке, ырғақтылыққа және сұлулыққа деген табиғи (туа біткен) бейімділік бар.

Біздің мақсатымыз әл-Фарабидің эстетикалық мұрасын жай ғана талдау емес, оны сонымен қатар оның идеяларының түркі, ислам әлемі ойшылдарына ғана емес, әлемдік мәдениетке тигізген ықпалын ашу.

Әл-Фараби мұрасын зерттеу халықтарда ғасырлар байланысы, олардың көркемдік құндылықтарының сіңісуі бар екендігін көрсетеді. Ол әрбір халықтың ұлттық игілігін олардың музыкалық ойлау, музыкалық тіл жүйесінің ерекшелігін ешқандай төмендетпейді. Ұлттық сана-сезімнің өсуімен, ол басқа мәдениеттерден барлық озық үлгілерді өз бойында қабылдау қабілетіне ие болды. Бародин, Балкирэп, Мусоргский, Ремски-Корсаковтардың Шығыс халықтарының музыкалық фальклорының жеке үлгілерін немесе элементтерін пайдалануы олардың шығармашылығын байыта түскен жоқ па?, - деп жазады Шостакович. Бородиннің «Қыпшақ биінсіз», Балакировтің «Исламиясынсыз», Мугорскийдің «Парсы қыздарының биінсіз», Ремски-Корсаковтардың «Шахерездасынсыз» және Шығыс туралы жазылған орыс музыкасының көптеген басқа беттерінсіз әлемдік музыка, оның ішінде орыс музыкасы, қаншалықты кедей болар еді [1, С.13-14].

Әл-Фарабидің эстетикалық мұрасын зерттеуде Ибн Сина еңбектері үлкен демеу болды. Әл-Фарабидің эстетикалық білімін дамыта отырып, «ешбір зорлықсыз, қажеттіліксіз және мақсатсыз жасалған жақсылық ретінде шүбәсіз жақсылық», - деп жазды ол. Әл-Фарабидің ойын жалғастырушы Азербайжан ақыны және ойшылы Низами (1141-1209), өз ұстазының эстетикалық ілімін дамыта отырып, табиғаты сұлу, адам игілігі үшін қажетті байлыққа толы, ол сүйіспеншілік пен құрметке лайық деп сендіреді. Адам жақсы өмірге нақ жер бетінде талпынуы және оның барлық игіліктерін пайдалануы қажет...

Әл-Фарабидің эстетикалық-теориялық пайымдауларымен толық танысу үшін оның мұрасын, дәуірін терең түсінуге көмектеседі. Оның еңбектеріндегі көтерілген сұрақтардың барлығы дерлік оның заманынан өтіп қазіргі заманда да маңызды болып табылады. Әбу Насырдың ізденген эстетикалық мәселелер шеңбері әр түрлі, ол ізашарларының озық дәстүрін меңгере және дамыта отырып заман талабына сәйкес оларды қарастыруда өзінің жаңа сөзін айтты.

Орта Азия мен Қазақстан халықтарының музыка тарихында жан-жақты, кең интернационалдық өзара байланысты бақылауға болады. Жергілікті мәдени дәстүрлер негізінде дами отырып, ол сонымен қатар түрлі өркениеттер мен іргелес музыкалық мәдениеттердің жетістіктерін таңдап алды және өңдеді. Бұл туралы мағұлматтар ғалымдардың еңбектерінде де, музыкалық-теориялық трактаттарда да, халықтық бейнелі музыка тартуда да сақталған.

Ғалымның эстетикалық көзқарастарын түсінуде, Еуропада ортағасырларда танымал болған және музыка теориясының дамуына ерекше ықпал еткен оның «Музыка туралы үлкен кітабы» ең маңызды тарихи мағұлматтар көзі болып табылады. 1967 жылы ғана «Музыка туралы үлкен кітап» Каирда толық ескертулермен және алғысөзбен (көлемі 1200 беттен асады) түпнұсқа тілінде жарық көрді. Жоғарыда атап өткеніміздей бұл кітаптың Қазақстандағы аудармасы мен басылып шығуы 1992 жыл.  [2, 452]

Әл-Фарабидің бұл кітапта қарастырылатын, мәселелердің тізімі төмендегідей:

-       Әуен категориялары және музыка өнерінің аспектілері.

-       Музыкалық дарын әуенінің тууы.

-       Адамның жанына әр түрлі әсер ететін музыкалық жанрлар түрлері.

-       Орындаушылар дарыны: ән салу және аспаптарда ойнау.

-       Музыкалық білім (практикалық жаттығулар мен теориялық оқу).

-       Музыкадағы «табиғилық» түсінігі.

-       Музыка теориясының негізгі принциптері.

-       Теориялық өнердің кәсіби әншінің мінездемесі.

-       Адам қабылдау үшін үйлесімді табиғи әуендер.

-       Үйлестірушілік немесе дыбыстардың үндестігі. Әуендегі үндердің орналасуы. Дыбыстық интервалдар.

-       Шахруд пен лютня – табиғи үндерді еске түсіруге арналған аспаптар.

-       Гомегендік үндер тобы. Октава, квенто және кварта;

-       Қатты және жұмсақ диотоникалық жанрлар (түрлері). Жартылай үндер туралы.

-       Үндерді сандармен көрсету. Үндер туралы теориялық және практикалық түсініктер;

-       (Музыка өнерінің теориялық негіздері). Музыкалық алғашқы негіздер (принциптері). Музыка (гармонияның) он кемелі;

-       Музыканың алғашқы негіздерін (игеру) әдістемесі. (Индуктивті және дедуктивті әдістер).

Бұдан кейін Әбу Насыр әл-Фараби келтіргендер:       

-       Музыка өнерінің элементтері және композиция принциптері.

-       Музыкада анализ және синтез әдістерін қолдану.

-       Дыбыстардың пайда болуы мен берілуіндегі физика принциптерінің ролі туралы.

-       Үндердің дыбыстық жоғарылығы мен төмендігіне себепші болатын принциптер, музыкалық интервал туралы.

-       Қозғалмайтын және құбылмалы үндер. Үндестіктер. Үндерді, интервалдары, түрлерді, топтарды және үндестіктерді «араластыру туралы».

-       Үндер арқылы әуен эволюциясы. Ырғақ.

-       Экспеимент арқылы теориялық қортындыларды тексеру.

-       Әуеннің аяқталатындығы мен кемеліне жетуі.

-       Әл-Фараби өз дәуірінде музыка саласында жаңа құндылықтарды жинақтау пәрменді болды: өзінің арнаулы жанрлары бар (мақам, күй және басқалары) кәсіби өнердің ерекше бір бұтағы қалыптасып, бөлініп шықты; соған байланысты орындаушылық саласында дефференциация болды [3, С. 20, 21.].

Әл-Фарабидің эстетикалық ілімдері «Музыканың үлкен кітабын ғана емес, оның барлық еңбектерін маңызды ете түседі. Ол өзінің осы күнге дейін әлемдік маңызын жоғалтқан жоқ және өз зерттеушілерін күтуде.   

 

Әдебиет:

1.    Шостакович Д. Национальные традиций в музыке. Курьер. Музыка столетий. – Париж, 1975.

2.    Трактаты о музыке и поэзий. – Алматы,1973.

3.    Музыка Советского Востока. – М., 1868.

Основные термины (генерируются автоматически): Музыка, мена, бар.


Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Домбыра аспабын орындауда оқушының шеберлігін арттыру

Музыка сауаты — музыканың көңіл күйін анықтауды, музыканың көркемдік құралдарын, қарапайым

Оқушының аспапта орындау шеберлігін арттырудың бірнеше жолдары бар.

Қазақстандағы Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесі

Өйткені тарих келесілерге мүмкіндік береді: тарихи үдеріс қарқынын ашу, оның заңдылықтарын сипаттау; даму үдерісінде бар байланыстар мен алшақтықтарды білу...

Поэтика парадокса и абсурда в «музыкальных» новеллах...

Контексты, в которых упоминается «музыка» в произведениях Кржижановского, весьма многочисленны и многообразны.

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тындау, бала қиялын жаңа мазмұнға толтыра түседі.

Основы работы с нотно-графическим редактором Sibelius 7

Учителям музыки и студентам музыкальных специальностей предлагается использовать

В следующей строке, под панелью заголовка, находится встроенный раздел Menu Bar (рис. 15).

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма.

Sprint; How Many Bars Do You Have? =

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Домбыра аспабын орындауда оқушының шеберлігін арттыру

Музыка сауаты — музыканың көңіл күйін анықтауды, музыканың көркемдік құралдарын, қарапайым

Оқушының аспапта орындау шеберлігін арттырудың бірнеше жолдары бар.

Қазақстандағы Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесі

Өйткені тарих келесілерге мүмкіндік береді: тарихи үдеріс қарқынын ашу, оның заңдылықтарын сипаттау; даму үдерісінде бар байланыстар мен алшақтықтарды білу...

Поэтика парадокса и абсурда в «музыкальных» новеллах...

Контексты, в которых упоминается «музыка» в произведениях Кржижановского, весьма многочисленны и многообразны.

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тындау, бала қиялын жаңа мазмұнға толтыра түседі.

Основы работы с нотно-графическим редактором Sibelius 7

Учителям музыки и студентам музыкальных специальностей предлагается использовать

В следующей строке, под панелью заголовка, находится встроенный раздел Menu Bar (рис. 15).

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма.

Sprint; How Many Bars Do You Have? =

Задать вопрос