Қазақ хандығының бастау көздері, Қазақ хандарының тарихи орны | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Кипшакбаев, К. З. Қазақ хандығының бастау көздері, Қазақ хандарының тарихи орны / К. З. Кипшакбаев, О. Е. Рамазанов, Г. С. Каденова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 6.2 (86.2). — С. 25-30. — URL: https://moluch.ru/archive/86/16536/ (дата обращения: 16.04.2024).

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында «2015 жыл  - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы», деп атап көрсетті. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырға жуық жаңа шежіресінде өркениеттік даму үдісімен төрткүл дүниені таңдандырған Қазақстанның мемілекеттігі кейбіреулерге айтқандай кеше ғана басталмаған. Оған мемлекет басшысының 2014 жылғы 22 қазанда Астана қаласы активімен кездесуіндегі: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттігінің тарихы сол кезден бастау алады», деген сөзі дәлел. Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр ханға бағынудан бас тартып, Шу өзенінің бойындағы Қозыбасы атты қоныста дербес хандықтың туы көтерді. Атақты тарихшы Мұхамед – Хайдар Дулатидың қалдырсан нақты дерегіне сүйене отырып, тарихшы- ғалымдарымыз Қазақ хандығының құрылған кезі 1465 жылы болғаын белгіледі.

Сонымен 1465 жылы атамекенімізде тұңғыш рет қазақ хандығы атты тәуелсіз мемлекет дүниеге келіп, бүгінгі бір тұтас қазақ халқының негізі қаланған. Тарих сахнасына шыққан бір тұтас Қазақ мемлекетінің ұлттық ұраны – «Алаш», мемлекеттік Елтаңбасы – «Төре таңба» яғни көне түрік заманынан келе жатқан бас таңба. Бас байрағы – төре таңбалы қызыл ту, Астанасы – қасиетті Түркістан қаласы болды.

Қазақ хандығының төрт ғасырға созылған шерлі шежіресінде жиырмадан астам хан билік құрған екен. Төрт ғасыр қазақ хандығының билігін ұстаған тұлғалар мыналар еді:         

Керей хан Болат сұлтанұлы 1465-1476 жылдары билеген. Жәнібек хан Барақ ханұлы 1474-1480 жылдары билеген. Бұрындық хан Керей ханұлы 1480-1511 жылдары билеген. Қасымхан Жәнібек ханұлы 1511-1522 жылдары билеген. Момыш хан Қасым ханұлы 1522-1523 жылдары билеген. Тайыр хан Әдік сұлтанұлы 1523-1533 жылдары билеген. Бұйдаш хан Әдік сұлтан ұлы 1533-1538 жылдары Жетісу өңірін билеген. Тоғым хан Жәдік сұлтан ұлы 1533-1537 жылдары билеген. Ахмет хан Жаныш сұлтанұлы 1533-1535 жылдары Сырдария маңын билеген. Хақназар хан Қасым ханұлы 1538-1580 жылдары билеген. Шығай хан Жәдік сұлтанұлы 1580-1582 жылдары билеген. Тәуекел хан Шығай ханұлы 1582-1598 жылдары билеген. Есім хан Шығай ханұлы 1598-1628 жылдары билеген.  Жәнібек хан Есім ханұлы  1628-1643 жылдары билеген. Салқам Жәңгір хан Есім ханұлы 1643-1652 жылдары билеген. Батыр хан Бөлекей сұлтанұлы 1652-1680 жылдары билеген. Тәуке хан Жәңгір ханұлы 1680-1715 жылдары билеген. Қайып хан Хысырау сұлтанұлы 1715-1718 жылдары билеген. Болат хан Тәуке ханұлы 1718-1729 жылдары билеген. Әбілмәмбет хан Болат ханұлы 1729-1771 жылдары билеген. Абылай хан Көркем Уәли сұлтанұлы 1771-1781 жылдары билеген. Кенесары хан Қасым сұлтанұлы 1841-1847 жылдары билеген.

Қазақ хандығының құрылу қарсаңында (ХІV-XV ғасырларда): үйсіндер өздерінің байырғы заманнан бергі мекені – Жетісу өңірінде, дулаттар – Іле, Шу, Талас өзендерінің сағаларында, Ыстықкөлдің оңтүстігін, Орталық Қазақстандағы «Отырар жасыл алқабын», қаңлылар – Қаратау баурайының, орта Сырдария мен Жетісудың батыс бөлігін, арғындар–  Ертістен батысқа қарай Орталық Қазақстанды, Сырдарияның алқаптарын және Жетісудың батысын, наймандар – Ұлытаудан Есілге дейінгі аймақтарда, қоңыраттар – Түркістан мен Қаратау өңірлерін, керейлер – Тарбағатайда, Ертіс бойында, Зайсан көлінен Ом және Тобыл өзендерінің аңғарларына дейінгі ұлан даланы жайлап жатты.

Қалың қазақ тайпаларын бастап Батыс Жетісуға қоныс аударған Керей мен Жәнібек Моғолстан ханы  Есенбұғадан  (1434-1462 жж) қоныс сұрады.  Есенбұға жауынгер қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Керей мен Жәнібек осы жерде Қазақ хандығын құрды. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих – и –Рашиди» атты еңбегінде былай делінеді: «Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді...».

1468 жылы қыс айында Әбілхайыр хан Қазақ хандығын жойып жіберу үшін ұзақ дайындалған жорығына аттанды. Бірақ оны қалың әскері Қазақ хандығына қарсы соғысқа құлықсыз еді. Олар іштей азаттық аңсаған халықтың қасиеті күресіне жақтас болатын. Өйткені оларда Керей мен Жәнібектің ту астындағы жұрттың қандастары – бір халық өкілдері, бәрі бір алаштың ұлдары еді. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның бұл жорығы діттеген жеріне жете алмады. Күтпеген жерден алапат суық соғып, әскердің жолын бөгейді. Сол жерде Әбілхайыр ханға кенеттен кесел жабысып, қайтыс болды.

Көреген Керей хан мен Жәнібек атамекенді азат ету жолындағы бұл қанкешті соғыстарда Әбілқайырмен ұзақ жылдардан бері билікке таласыпкеле жатқан Жошы ұрпақтары – Ахмет хан мен Махмұд сұлтандардың, батыс Сібірдің билеушісі Ибақ ханның да күшін шебер пайдалана білді. Сондай-ақ, өздеріне іш тартатын Ноғай одағының билеушілерімен де сенімді одақтас болды.

Әбілқайыр ханның 40 жылға созылған езгісінен құтылған көптеген қазақ тайпалары атамекендеріне дербестігін алған Қазақ хандығының туы астында топтасты. Әртүрлі ұлыстарда бытырап жүрген қазақ рулары енді қазақ деген ұлттық атауға ие болып, жеке халық, дербес мемлекет ретінде тарих сахнасына шықты. Қазақ хандығының халқы бір миллионға жетті. Ол заманда мұнай халқы бар мемлекет саусақпен санарлықтай ғана еді.

Халқымыз үшін еңбегі ерен, есімі қасиетті екі тұлға бар. Олар – Қазақ хандығының іргесін қалаған, мызғымас мемлекет құраған, халқымыздың біртуар ұлт болып бірігуіне мұрындық болған – Керей хан мен Жәнібек хан. Қазақ хандығы құрылғанда жасы үлкен Керей хандық тізгінді ұстаса, одан кейін Жәнібек билік жүргізді. Қазақ Ордасының іргеленуі мен іріленуі Жәнібек хан тұсында болған.             

Қазақ мемлекетінің бұдан кейінгі төрт ғасырлық шежіресінде халқымыздың қасиетін арттырып, іргелі елдігін өрістетуге ұйытқы болған ірі тарихи тұлғаларымыз: Қасым хан, Хақ-Назар хан, Тәуекел хан, Еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан, Әз-Тәуке хан, Абылай хан, көкжал Кенесары хан Әз-Жәнібек ханнаң тікелей ұрпақты болып келеді.

Тәуелсіз жас мемлекеттің бітіспес қас дұшпанына айналып, кек қуған Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбанимен жұлқыласқан соғыс отыз жылдан астам уақытқа созылды. Бұл қанкешу шайқастар Керей ханның ұлы Бұрындық ханның (1480-1511) тұсында аса шиеленіскен сипат алды.

Әз-Жәнібек хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығының билігі Керей ханның ұлы Бұрындықтың иелігіне көшеді. Бұл – 1480 жылдың шамасы болды.

Бұрындық хан билік құрған кезеңде Қазақ хандығы ата жауларының үздіксіз жүргізген басқыншылық соғыстарына күйрете соққы бере отырып, ел іргесін де кеңейте түсті. Қазақ хандығы Көк орданың байырғы астанасы Сығанақ қаласымен бірге Сырдарияның жағасындағы стратегиялық маңызы зор Созақ, Сауран, Аркөк, Үзкент, Аққорған сияқты қалалары мен шұрайлы аймақтарын өзіне қаратты. Сонымен бірге, қасиеттң Түркістан, атақты Сайрам, ежелгі Отырар қалалары дұшпандардың көз құртын жеген қазақ мемлекетінің иелігі еді.

1509 жылы Мұхаммед Шайбани мұздай қаруланған 100 мың әскермен қаңтардың қақаған қысында Сырдарияның мұзынан өтіп, Әз-Жәнібектің ұлы Жаныш сұлтанның ұлысына шабуыл жасады. Қапсыз жатқан бейбіт елді қырып жойып, Аркөк, Үзгент, Түркістан (Ясы) қалаларын басып алып, Жаныш сұлтанның қыстаулары Қарабдалға жетеді. Тосын жауға қарсы Жаныш сұлтан бүкіл ұлысын көтерді. Сол кезде Жаныш сұлтан ұлысында барлығы 100 мыңдай халық бар екен, содан 30 мыңдай  азамат атқа қонып қанқұйлы жауға қарсы тұрыпты.

Ұзақ қантөгіс шайқастан кейін қазақ әскері түгелдей майдан даласында қаза тапты. Жаныш сұлтанның жаужүрек баласы Ахмет те осы соғыста мерт болды. Жау қолына түскен мал-мүлік те қисапсыз еді. Шайбани әскерінің құрамында болған, кейіннен «Михманнама и-Бұхара» атты аса құнды тарихшы Фазлаллах ибн Рузбеханның айтуы бойынша, қазақтардың бала-шағалары мен жүктерін артып, көшіп жүре беретін «жылжымалы үйлерінің» өзінен он мыңнан астам үй олжа болған. Үйір-үйір жылқы, табын-табын түйе мен қой қолды болған.

Мұхаммед Шайбани Қазақ хандығы біржолата талқандап, ата кегін қайтару үшін 1510 жылы тағы қыс айында өзінің соңғы, төртінші жойқын жорығына шықты.

Жаужүрек баһадүр Мойынсыз Қасен жау қосындарын Кішітау маңында қарсы алады. Қазақ сарбаздары Мұхаммед Шайбанидің баласы Темір мен немересі Ұбайдолла сұлтандар бастаған басқыншылардың тас-талқанын шығарды. Үрейленген жауды түре қуып, көп шығынға ұшыратты. Әскердің қалдығы Сыр бойындағы Шайбани қосындарына келіп қосылады.

Бас әскерінен айырылған Мұхаммед Шайбани өзі бас сауғалап, зорға қашып құтылады. Мұхаммед Шайбанидің өзі осы соғыста Мерв қаласының түбінде қаза тапты. Мұхаммед Шайбанидің өлген соң, оның ұрпақтары билікке таласып, өзара абройсыз қырқысқа түсті. Бұдан былайғы ширек ғасырға тақау уақытта Орта Азия тақ таласы үшін болған қанкешу соғыстың орталығына айналды.

Қазақтың жеңімпаз әскерінің бас қолбасшысы Қасым сұлтанның атағы бір жағы Мәскеу княздігіне, бір жағы Иран мен Үндістанға жетті. Өзара жауласқан Орта Азия билеушілерінің арасындағы бітіспес кикілжіңді Қасым тиімді пайдаланып, қазақ елінің шырқын бұзатындай бұл жақтан ешқандай қауіптің болмауына қол жеткізді. Қазақ хандығының іргесі нығайып, халқы бейбіт тіршіліктің берекесін көрді.

Қасым сұлтан ақ киізге қондырылып, хан көтерілді. Қазақ хандығының қасиетті шежіресінде «Қасым ханның қасқа жолы» деген атауға ие болған Қазақ ордасының нығайып, дәуірлеу кезеңі басталды. Үндістандағы Ұлы Моғол империясының негізін қалаған ұлы билеуші, ғұлама Бабыр өзінің атақты «Бабырнама» атты кітабында: «Қазақ халқының бұрын-соңғы хан, сұлтандарының ішінде Қасым хандай құдіретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскері бар еді», - деп жазады.

Әлкей Марғұлан өзінің еңбектерінде XV-XVI ғасырларда өмір сүген бірқатар тарихшы-ғұламалардың Қасым хақында айтқан пікірлерін, осы тарихи тұлғаға замандастары берген бағаларын жан-жақты атап көрсеткен.

Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде, Жошы ханның соңғы дәуірлерде Қасым ханға жететін құдіретті әмірші болған емес деп бағаласа, Ғафаридің айтуынша, Қасым хан Дешті Қыпшақтың ең ұлы білімпазы, Хайдар Разидің пікірінше, Жошы ұлысында Қасым ханның тәртібіндей ұлы бірлік жасау бұрын соңды болмаған еді. Ал ғұлама ғалым Хантемір өзінің «Хабиб ассиир» атты еңбегінде: «Қасым хан өзінің ұлы кемеңгерлік және жойқын ерлігімен Дешті Қыпшақты билеушілер арасында бәрінен де ерекше болды.

Қасым хан Қазақ хандығының негізін қалаған қасиетті Әз-Жәнібектің бел баласы. Анасы – Жаған-бегім (Шахан-бикем). Болашақ ұлы хан 1445 жыл шамасында дүниеге келген.

Заманының шебер дипломаты Қасым хан алғашында Моғолстан мемлекетімен достық одақ орнатып, Шайбанилардың Жетісуға төндірген қауіпіне тосқауыл қойды. Ойрат-жоңғар билеушісі Амансанжының Моғолстанға жасаған шабуылдарына қарсы күресті, Ноғай одағы, Сібір хандықтарымен одақтаса отырып, Әбілхайыр ханның мұрагерлерін тізе бүктірді. Қазақ ордасының бітіспес ата жауы – Мұаммед Шайбаниді талқандалғаннан кейінгі кезеңде Қасым хан мемлекетінің төңірегіндегі елдермен түгел тату, бейбіт жағдайда болды. «Қасым хан ұлы князь үшінші Василий билеген Москва князьдігімен дипломатиялық баиланыс орнатты. Қазақ хандығы дербес ел ретінде батыс Еуропаға әйгілі болды.

Кемеңгер Қасым хан ел басқару жүйесінде ата жолын берік ұстап, ескі билерден қалған қазақтың заңдық ғұрыптарын қадірлеп, оларды заманға бейімдеп, жаңа жағдайға сәйкес жаңа низам жүйесін жасады. «Қасым ханның қасқа жолы» аталған бұл көне жарғы сол кездегі қауымының қоғамдық, құқықтық қатынастарын қалыптастырды, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт ережелерін бекітті, адамдар және ру-тайпалар арасындағы барлық қатынас жүйелерін реттеді.

Қазақ хандығы Қасым хан қайтыс болғаннан соң өзінің ішкі-сыртқы саясаттарына біршама тоқырау кезеңін бастан өткерді. Қырсық шалғанда, ұлы таққа отырған Қасым баласы Момыш хан (1522-1523) бір жыл өтпей жатып, қанды соғыстардың бірінде қаза тапты. Енді ұлы таққа Қасым ханның ағасы Әдік сұлтанның ұлы Тайыр (1523-1533) отырды. Тарихишығармалардың айтуынша, Тайыр әскери-саяси істерге шорқақ, дипломатиялық дарыны төмен, мінезі қытымыр адам болса керек. Ол ішкі бақталастық қырқысуларды өршітумен бірге, төңіректегі елдердің бәрімен жауласып үлгерді.

Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегіндегі деректер бойынша: «Алғашқыда Тайыр ханның қол астына қараған 1 миллион халықтан кейін 400 мыңдай  адам ғана қалған, бастапқыда 10 лек болған әскерден 2 лек әскер ғана қалған. Ақыры ол қырғыздарды ғана билеп қалған». 1533 жылдар шамасында Тайыр хан қайтыс болды. Ордасының ұлы ханы болып Әз-Жәнібектің тағы бір немересі, Жәдік Сұлтанның баласы Тоғым (1533-1537 жылдар) ақ киізге көтерілді. Алайда, осы кезеңде Тайыр хан билік құрған он жыл ішіндегі келеңсіз  істер ел ішінде терең іргесі шайқалып, әрбір өңірде жеке хандар билік құра бастады. Тайыр ханның дарынсыз билігі Қазақ хандығының өркендеу дәуірін тежеп, елдің дамуына үлкен нұқсан келтірді.

Қазақ Ордасының күлін көкке ұшыруды кексеп, өзара одақ құрған өзбек ханы Ұбайдолла мен моғол ханы Әбдірәшид 1537 жылдың жазында бірі Мәуеренахр жақтан, бірі Шығыс Түркістаннан лап қойды. Жау хабарын естіген Тоғым қазақ пен қырғыздың біріккен жасағымен шеп құрды. Моғол мен өзбектің жер қайысқан әскері Ыстықкөл маңында қосылды. Тарих бойынша, 944 жылы, 18 сафар, яғни 1537 жылдың 27 шілдесінде Тоғым ханның тас түйін әскері басқыншыларға қарсы шайқасқа шықты. Бірақ күш тең емес еді. Өзбек пен моғолдың біріккен әскері қазақ-қырғыз жасағынан әлденеше есе көп еді.

1537 жылдың 27 шілдесінде таң азаннан, түн қараңғылығына дейін созылған қиян-кескі шайқаста қазақ-қырғыз жасағы түгелге дерлік қырғынға ұшырады. Елдің еркіндігі жердің азаттығы жолында көзсіз ерлікке барған қазақ-қырғыз жасағының барлық әскер басы – Тоғым хан бастаған 37 сұлтан ұрыс даласында мерт болды. Оның ішінде Тоғым ханның тоғыз ұлы бірдей қыршын кетті...

Қазақ хандығының қайтадан нығаюы, Қасым хан заманындағы дәрежесіне көтеріліп, сол замандағы ірі де іргелі мемлекетке айналуы  - Хақназар (Ақназар) ханның есімімен байланысты.

Хақназар – қасқа жолды Қасым ханның бел баласы. Ол билік құрған кезінде (1538-1580) ел іргесін кеңейтіп, мемлекеттің беделін арттырып, халықтың сенімін нығайтып, Қазақ Ордасын берік ұйыстырды. Ол ел басқаруда мемлекеттің әскери-саяси істерін жүргізуде қабілеті мол қайраткерлік танытты. Тіпті сол заманның деректерінде Хақназар хан «Қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атап көрсетілген. Хақназар хан билігіндегі Қазақ хандығының күшеюі және халық тұрмысының жақсаруы Ноғай ордасына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі – қаңлылар, қыпшақтар және басқалар Қазақ хандығына қосылумен тұспа-тұс келді. Хақназар еліне келіп қосылған тайпаларды құшақ жая қабылдады. Хақназар хан Ноғай ордасының бірқатар ұлыстарын өзіне қосып алды.

1569 жылы Ноғай одағы мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Бұрын Ноғай одағына қараған қазақ тайпалары өздерінің этникалық атамекені қазақ хандығына бірікті. Ноғай одағының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығының құзырына өтті.

Қазақ хандығының бітіспес жауы – Мәуреннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Сөйтіп Шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Екі мемлекет арасындағы соғыс қимылдары біраз уақыт тоқтады. Осы кездегі Хақназар ханның жеңісті жорықтарының нәтижесінде бүкіл Шығыс Түркістанды иеленіп отырған, күні кеше Жетісуға ауыз салған Моғолстан мемлекеті күрей жеңілді. Ендң ол Қазақ мемлекеті үшін қатер болудан қалды. Моғол қонысы Тәңіртаудың арғы бетіне ысырылды. Оқтын-оқтын тұтанып жорықтар ұйымдастыруды әдетке айналдырған қалмақтарды ойсырата жеңіп, бетін қайтарды.

Хақназар хан мемлекеттің болашағы үшін үлкен қауіп болып отырған Өзбек-Бұхар хандығына қарсы жүйелі күресін бастады. Бұл кезде, Бұхара ханы Абдолла ІІ-нің тұсында Ташкент маңайын Нұрызахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтан биледі. Ол Бұхараға бағынбай, үнемі Абдолла ханмен соғсты. Хақназар хан өзбек билеушілерінің өзара қырқысына біресе Абдоллаға, біресе Баба сұлтанға жақтас болып, олардың бодандығында болған Түркістан, Сауран сияқты қалаларды қайтарып алды. Абдолла ханға қарсы ұйымдастырылған  шешуші соғыс қимылдары басталған 1580 жылдың көктемінде Қазақ Ордасының одақтасы, Ташкент әміршісі Баба сұлтан опасыздық жасап, бірге аттанған жорық жолында хан шатырына тұтқиылдан шабуыл жасап, Хақназар ханды қапыда өлтіреді. Осы опасыздық салдарынан Қазақ хандығының бірқатар әскер басы, оның ішінде Хақназар ханның екі ұлы, інісі Жалым сұлтан және оның екі ұлы өкінішті қазаға ұшырайды. Жәдік сұлтанның баласы, Әз-Жәнібек ханның немересі Шығай сұлтан ақ киізге салынып, хан сайланады.

Шығай хан (1580-1582) опасыздық жасаған Баба сұлтаннан кек қайтаруды мақсат етті. Шығай хан мен оның ұлы Тәуекел сұлтан Абдолла ханмен бірлесе отырып бірнеше жорық жасады. 1582 жылы қазақ-өзбек әскері Баба сұлтан әскерін ойсырата жеңді. Осы ұрыста Шығай хан мерт болды.

Шығай хан соғыста шейіт болғаннан кейін Қазақ хандығының тағына оның ұлы Тәуекел сұлтан отырды. Тәуекел әкесі Шығайдың тірі кезінде-ақ қол бастаған дарынды баһадүр болды. Тәуекел хан кезеңінде (1582-1598) Қазақ хандығы Ресей патшалығы арасында дипломатиялық қарым-қатынас күшейе түсті. 1595 жылы Тәуекел хан В.Степанов бастаған орыс елшілігін қабылдады. 1598 жылы Тәуекел хан Ташкент қаласының түбінде Абдолла ханның әскерін талқандады. Көп ұзамай Абдолла хан қайтыс болып, орнына баласы Абдылһұмин хан болды. Иран шахы Аббас оған қарсы аттанбақ болды. Бірақ одан бұрын 100 мыңнан астам қазақ әсерімен Тәуекел хан Мауреннахрға басып кірді. Қазақ қосындары қарсыластарын күйрете қуып, Ахсы, Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларынбасып алды. Толықтай жеңіске жету үшін Тәуекел хан Самарқанда Есім сұлтанды қалдырып, өзі 70 мың қолмен Бұхараға аттанды. Бұхара түбіндегі шайқаста Тәуекел хан жараланып Ташкентке қарай шегінуге мәжбүр болды. Ауыр жарақаттан оңала алмаған Тәуекел хан Ташкент қаласында қайтыс болды.

Туған ағасы Тәуекел қайтыс болған соң Қазақ мемлекетінің билігін тарихта «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болған Есім хан (1598-1628) қолына алды. Есім ханның кезінде ел мамражай әрі сенімді тіршілік кешті. «Есім ханның ескі жолы» атты атақты заң желісі мемлекеттің тұғырлы әрі берік ішкі және сыртқы саяасатын қалыптастырды. XVI-XVII ғасырлар тоғысында Моңғолияның батыс аймағында Жоңғар хандығының іргесі қаланды.

1620 жылы жоңғар қонтайшысы Қара Құла Қазақ хандығының иелігіне тұтқиылдан шабуыл жасады. Еліне жау тигенін естіп, Есім хан шұғыл жорыққа аттанды. Қазақ әскері жоңғарларды тас-талқан етіп, Сібірдегі орыс қаласының іргесіне дейін қуып тасатды.

1627 жылғы ұлы жорықта Есім хан жоңғарларға тағы ойсырата соққы беріп, алғашқы Ойрат одағын ыдыратып жіберді. Екі әскер Сайрам қамалының түбінде беттеседі. Есім хан ант бұзған Тұрсын сұлтанның жақтастарын ойсырата жеңіп, Ташкент бекінісіне дейін қысқарады. Тұрсын ханды нөкерлері тұтқындап, жау қолына тапсырады.

Есім хан дүние салған соң Қазақ хандығының тағына оның ұлы Жәңгір хан (1643-1652) ие болды. Жәнгір хан бейлік құрып тұрған кезеңде Қазақ мемлекеті мен Жоңғар хандығы арасында үш ірі соғыс болғаны тарихта мәлім. Оның біріншісі 1635 жылы, екіншісі 1643-1644 жылдары, үшіншісі 1652 жылы болған еді.

1643 жылы жоңғарлар бейбіт жұртты қырып-жойып, Тоқмаққа дейін жетті. Жәнгір қалың әскерін келуін күтпестен, аз ғана жанкешті 600 жасағымен Жоңғарлардың 50мың әскеріне төтеп береді. Салқам Жәнгір көзсіз ерлігі сол заманның соғыс шежіресіне бетбұрыс жасады.

Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығының арасындағы келесі жойқын соғыс 1652жылы болады. Ыза  мен намыс буып, кек қайтару соғысына мұхият дайындалған Батұр қонтайшы 1652 жылы қазақ еліне тағы басқыншылық соғыс ашты.

Екі жүз жылдан астам даңқты тарихы бар ортағасырлық ірі де іргелі мемлекет -  Қазақ хандығының 1652 -1680 жылдар аралығын бұлынғыр уақыт болып есептелді. Бұл жылдары Бөлекей сұлтан ұлы Батыр хан отырды деген дерек бар. Қазақ хандығының ілгері ел екендігін, беделін күшейткен Салқам Жәңгір ханның ұлы – Тәуке хан (1680-1715) тарихтағы халық берген есімі – Әз Тәуке, яғни дана Тәуке болатын. Оның мемлекеттік қайраткер ретінде қалыптасуы да отыз жылдық бейбіт кезеңмен тұспа-тұс келеді.

Мемлекеттің ішкі құрылымын реформалау барысында Әз Тәуке алты алаштың тізгінін алты биге ұстатты. Яғни Ұлы жүзде үйсін Төле би, орта жүзде Қаз дауысты Қазбек би, Кіші биден алшын Әйтеке би, Қырғызда Қараш би, Қарақалпақта Сасық би, Құрамада Мұхамед би тізгін ұстады. Әз Тәуке мемлекеттілігінің тарихындағы ең үлкен еңбегі – «Жеті жарғы» аталатын заң жүйесін жасауы.

1715 жылы Әз Тәуке хан дүние салып, Қазақ хандығының билігіне Хысырау сұлтан ұлы Қайып сұлтан келді. Қартайып қалған Қайып хан халық арасында бедел ала алмады. 1717жылы Қайып хан мен Әбілқайыр сұлтан Қазақ хандығына отыз мың сарбазын бастап, жоңғарға қарсы аттанды. Кешегі Қасым хан кезінде үш жүз мың әскер шығаратын Қазақ хандығы басқыншыларға қарсы елді азат ету жорығын бар болғаны 30 мың жасақ шығара алды.

1718 жылы  жоңғарлармен болған кезекті бір шайқаста Қайып хан қаза табады. Алты алашқа игі жақсылар жиналып, Әз Тәукенің бел баласы Болатты ақ киізге салып хан көтерді. Болат ханның кезінде  орталық хандық билік мүлде әлсіреп, әр жүздің өз ханы дербез билік құрды. Дәл осы Болат ханның тұсында Жоңғар одағы қазақ мемлекетін жаулап алып, қазақ халқы «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшырады. 1730 жылдан 1771жылға дейін билік құрған Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет хан іс жүзінде тек орта жүздің ханы болды. Себебі, Болат ханның тұсында ақ Кіші жүзді бөлектеп, хан атағын Әбілхайыр 1731 жылдың 10 қазанында Ресей патшалығына бодандығын мойындаған болатын. Дегенмен, бұдан кейін де Қазақ хандығының тарихында еретекпен  қан кешкен күйзелген кезеңдер де, ел еңсесін көтеріп, бірлік туын асқақтатқан кезеңдерде өтті. Қалай болғанда да Болат ханның билік құрған жылдары мен бірге төрт ғасыр дәуірлеген Қазақ хандығының «алтын ғасыры» аяқталған еді...  

 

Әдебиет:

1.      Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди

2.      Фазлаллах ибн Рузбехан. Михманнама и-Бухара

3.      Марғұлан Ә. Қасым ханның қасқа жолы. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 1575 6-том

4.      Есмағанбетов К.Л. Елдік белестері // Егемен Қазақстан. – 2015. - 20-24 қаңтар 2015 жыл

5.      Жағыпарұлы Ж. Қазақ хандығы // Егемен Қазақстан. – 2015. - 1-8 қаңтар.

6.      Кәрібаев Б. Қазақ хандығының тарихы. - А, 2015.

Основные термины (генерируются автоматически): хан, мена, Ташкент, хан мен, атта, бас, оса, XV-XVI, XVI-XVII, Азия.


Похожие статьи

Хронология правления казахских ханов в XV — середине XVI века

Касим хан с огромным войском отправился на Ташкент.

Абусеитова, М.Х., Баранова, Ю. Г. Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в XIII-XVIII веках.

Атыгаев Н. А. Хронология правления казахских ханов (15-середина XVI века)...

Казахские ханы в монгольских источниках второй половины XVII...

Но едва ли не вероятнее, что Аскаром монголы именовали Тугум-хана, двоюродного брата Хакк-Назар-хана, ибо, по автору «Сборника летописей», писавшему в XVII веке, Тугум-хан, сын Ядика, сына Джанибек-хана, погиб

Хронология правления казахских ханов в XV — середине XVI века.

Ногайский компонент в этногенезе казахов | Статья в журнале...

Хронология правления казахских ханов в XV — середине XVI века.

Татарская диаспора Восточно-Казахстанской области в XVIII-XIX... Частью переселившихся в XV-XVI вв. из южных ханств Средней Азии, численно.

Путешествие Антония Дженкинсона в Бухару (1558–1559)

Азия, Россия, Бухара, Русское государство, XVI-XVII, Москва, Бухарский хан, бухарский посол, Астрахань, ханская торговля. Бухара и русское востоковедение | Статья в журнале...

Казахские жузы и клановая система Золотой Орды

Хронология правления казахских ханов в XV — середине XVI века. Такие названия в Казахских родах не редкость.

Частью переселившихся в XV-XVI вв. из южных ханств Средней Азии, численно преобладавших поволжских.

Династии кыпчакских ханов | Статья в журнале «Молодой ученый»

Хронология правления казахских ханов в XV — середине XVI века.

Абусеитова, М.Х., Баранова, Ю. Г. Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в XIII-XVIII веках.

Темурийлар даври илмида мусиқанинг санъат турига айланиши

Билмайин мен киби ишимни киши.

Основные термины (генерируются автоматически): XVI-XVII, бор, улар. Похожие статьи.

Хронология правления казахских ханов в XV — середине XVI века.

Дипломатические и торговые связи Бухары с Россией XVI-XVIII вв.

Бухарский хан Абдулла просил Ивана IV о свободном пропуске его купцов в Казань, Астрахань и ряда других городов.

Как выше говорилось, уже в XVI-XVII вв. установились прочные связи Средней Азии с Россией.

Источники по политической истории и руководству государств...

Мухаммад Рахим-Хан II (1864–1910) был последним независимым ханом Хорезма.

Хивинское ханство, Бухарский эмират, Азия, Хазарасп, сведение, традиция.

Ташкент. Из истории государственного управления в Бухарском эмирате... В начале XVI-XX годов в Бухарском...

Похожие статьи

Хронология правления казахских ханов в XV — середине XVI века

Касим хан с огромным войском отправился на Ташкент.

Абусеитова, М.Х., Баранова, Ю. Г. Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в XIII-XVIII веках.

Атыгаев Н. А. Хронология правления казахских ханов (15-середина XVI века)...

Казахские ханы в монгольских источниках второй половины XVII...

Но едва ли не вероятнее, что Аскаром монголы именовали Тугум-хана, двоюродного брата Хакк-Назар-хана, ибо, по автору «Сборника летописей», писавшему в XVII веке, Тугум-хан, сын Ядика, сына Джанибек-хана, погиб

Хронология правления казахских ханов в XV — середине XVI века.

Ногайский компонент в этногенезе казахов | Статья в журнале...

Хронология правления казахских ханов в XV — середине XVI века.

Татарская диаспора Восточно-Казахстанской области в XVIII-XIX... Частью переселившихся в XV-XVI вв. из южных ханств Средней Азии, численно.

Путешествие Антония Дженкинсона в Бухару (1558–1559)

Азия, Россия, Бухара, Русское государство, XVI-XVII, Москва, Бухарский хан, бухарский посол, Астрахань, ханская торговля. Бухара и русское востоковедение | Статья в журнале...

Казахские жузы и клановая система Золотой Орды

Хронология правления казахских ханов в XV — середине XVI века. Такие названия в Казахских родах не редкость.

Частью переселившихся в XV-XVI вв. из южных ханств Средней Азии, численно преобладавших поволжских.

Династии кыпчакских ханов | Статья в журнале «Молодой ученый»

Хронология правления казахских ханов в XV — середине XVI века.

Абусеитова, М.Х., Баранова, Ю. Г. Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в XIII-XVIII веках.

Темурийлар даври илмида мусиқанинг санъат турига айланиши

Билмайин мен киби ишимни киши.

Основные термины (генерируются автоматически): XVI-XVII, бор, улар. Похожие статьи.

Хронология правления казахских ханов в XV — середине XVI века.

Дипломатические и торговые связи Бухары с Россией XVI-XVIII вв.

Бухарский хан Абдулла просил Ивана IV о свободном пропуске его купцов в Казань, Астрахань и ряда других городов.

Как выше говорилось, уже в XVI-XVII вв. установились прочные связи Средней Азии с Россией.

Источники по политической истории и руководству государств...

Мухаммад Рахим-Хан II (1864–1910) был последним независимым ханом Хорезма.

Хивинское ханство, Бухарский эмират, Азия, Хазарасп, сведение, традиция.

Ташкент. Из истории государственного управления в Бухарском эмирате... В начале XVI-XX годов в Бухарском...

Задать вопрос