Жанұя құрамы ерекшеліктеріне байланысты баланың әлеуметтенуі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Абдихайымова, Г. Т. Жанұя құрамы ерекшеліктеріне байланысты баланың әлеуметтенуі / Г. Т. Абдихайымова, А. Т. Тауипбаева, Г. И. Рысбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 6.2 (86.2). — С. 36-39. — URL: https://moluch.ru/archive/86/16524/ (дата обращения: 18.04.2024).

Қазіргі заманда көптеген балалар дүниеге келтірген үлкендерімен емес, басқа адамдармен өмір сүріп дамуда. Яғни ата – аналары ажырасқан, дүние салған, неке құрмаған не белгілі бір себептермен оларды баға алмайтын жанұялар. Бір жынысты оның ішінде әйел адам қарауындағы балалар көбеюде. Мұндай жағдайларда жаңа жанұя құрылса, онда оны асырайды бағады, аралас жанұя деп атайды. Егер жанұяда тек бір ата-анадан тұрса, онда оны толық емес жанұя деп атайды. Толық емес жанұяларға айырықша талаптар қойылды. Мұндай жанұялардың 3 түрін бөліп көрсетуге болады. Оны Вирджиния Сатир былайша бөлді жанұядағы ата – ананың бірі кетіп қалған екіншсі қайта неке құрмаған, екінші тип-жалғыз басты адам бала асырап алды, үшінші-тип әйел баласын не қызын жалғыз тәрбиелейді. Көбіне бір ата-аналы жанұялар әйел-ана мен оның балаларынан ғана құралады. Бір ата-анадан ғана тұратын жанұя баланың тұлғалық дамуына жағдай жасай алады ма” деген мәселе тұрады. Толық емес жанұяның мәселесі балаға әйел адам мен ер адам туралы толық бейне құру қиындығында. Жанұяда қалған ата-ана үшін балада жоқ ата-ана туралы жағымсыз бейне қалыптастыру, әсіресе егер не ажырасу, тастап кету не одан да басқа өте ауыр тиетін жағдайда болса, өте оңай. Жанұяда жарсыз қалған әйел адам баласы барлық ер адамдар жаман, деген ой қалыптасып қалмауына өте қатты тырысуы қажет. Өйткені мұндайды естіген ер болса ер адам баяу жақсы дегенге қиын сенеді. Oның жаман емес екенін сезбеген ер бала, қалайша өзінің жақсы екенін сезе алмақ. Әйел адаммен ғана тәрбиеленген бала толық жанұяда тәрбиеленбеген балаға қарағанда тезірек жетіледі. Егер оның психогенетикалық қажеттіліктері толық қанағаттандырылса, бала үшін шешімін таныған әлеуметтік қажеттілік қана қалады. Бұл жерде де, психологтардың бақылауынша, жалғыз ана үшін бәрі біткен жоқ. Өте жақсы психологиялық тұрғыдан тәрбиеленген бала ел үшін жаңа қыйындықтармен кездессе олардың алдында сасып, шашырап қалмайды, керісінше оны өз бетімен жеңуге тырысып көреді. Жанұяның тағы бір типі – жалғыз әке жанұясы. Егер әке өз балаларының қажеттіліктерінің қаннағаттандыра алмайтындығын сезсе ол үй жұмысы мен бала бағуға көмекші әйел шақыруы мүмкін алайда ол қызметші әйел ана шапағаты қажеттілігін қанағаттандыра алама. Көбісі оның жеке сапалары мен әкенің баласына, олардың әкесіне деген қатынасына байланысты. Мұндай жағдай өте күрделі, ол екі тараптанда үлкен сабырлылық пен түсініспеушілікті қажет етеді. Толық емес жанұяда тәрбиеленгендіктен балалар әйел мен ер адамдар арасындағы қарым-қатынасты бақылай алмайды сондықтан олар бұл қатынастың толықтай моделін білмей өседі. Алайда бұл мәселелер шешімсіз емес әйел анадан ерлерге жағымды ұстанымы болуы мүмкін, сол себепті баласында жағымсыз қалыптаспайды. Әйел ана өзінің таныс құрметтейтін ер адамдарымен жақында жылы қатынас орнатуда баласына көмектеседі. Толық емес жанұядағы ер бала күрделі мәселемен кезігеді. Әйел ана еркелетуінің ортасында болған қоғамды әйелдер басқаратынына көзі жеткен бала енді ерлердің түкке тұрмайтын нақұрыс екен деп сезінеді. Ерлердің жалғыз әйелді қамқорлауға ұмтылуы олардың өздерінің тәуелсіз өмірінен қол үзуіне әкеледі. Нәтижесінде көптеген балалар өз аналарымен қалып, өздерінің өзге жыныстық екенін ұмытуы мүмкін немесе ер балалар анасына қарсы қыз бала әйел мен ер қарым - қатынасы туралы дұрыс емес көзқарас алуы мүмкін. Оның өзінің жыныстық идентификация ауытқымалы болуы мүмкін. Қыз бала не құл роліне дайын–бәрін береді ештеңе қайтарып алмайды, немесе өз бетімен барлығын жеңе аламын деген сезімді болады. Барлық аралас жанұялар бір-біріне бұрында болғанын бөліктерін біріктірумен ұқсайды. Жалпы мұндай жанұяларды 3-ке бөлуге болады [1].

1.   Балалы әйел баласыз ер адамға күйеуге шығады;

2.   Балалы ер адам баласыз әйелге үйленеді;

3.    Әйелде, ер адам да алдыңғы некеден балалары бар.

Бірінші жағдайда аралас жанұя әйелінен, әйелдің балаларының күйеуінен, бұрынғы күйеуінен тұрса, екінші жағдайда аралас жанұя құрамына күйеуі, оның балалары, әйелі және бұрынғы әйелі кіреді. Үшінші жағдайда жанұя әйелінен, оның балаларынан, әйелінің бұрынғы күйеуінен, қазіргі күйеуінен оның балалары мен бұрынғы әйелінен тұрады. Бұл айтылған адамдардың барлығы бір шаңырақта тұра алмаса да олар қандай болса да бір-бірінің өмірінде қатынасы болады. Олардың әрқайсысының өз орны мен ролі бар. Аралас жанұя берекелі өсіп дами алады, егер оның әр мүшесі маңызды, керекті болса. Көп адамдар өздері бұрын байланысқан адамдары жоқ секілді өмір сүруге тырысады. Алайда бұл адамдар жанұяның өміріне кері әсер етеді. Жанжалды мәселе олар бір-біріне уақыт таппаса, үрысса, бір бірін жау санаса туады. Ал бала үшін қиынның қиыны. Егер бала алдына ата-анасы өз талабы мен міндетін қойса, егер олар бұл жағдайдың қаншалықты қиын екенін түсінбесе, егер әр ата-ана бірі-бірімен сөйлеспесе туындайды [2].

Егер ата-аналар бір-біріне деген қатынасын жасырмаса, балада ең болмағанда өз іс-әрекетін таңдау мүмкіндігі болады, мұндай жағдай ажырасқан ата-аналар арасында жиі кездеседі. Олар бір-бірін әлі жау санап, балаларын тыңшы ретінде қолданады. Мұндай жағдай қарапайым жанұяда да кездеседі егер ерлі-зайыптылар бір-біріне қатысты шынайы болмаса олар балаларынан өздері күші жетпейтін мәселенің шешілуін күтеді. Әрине, оның оған күші жетпеуі мүмкін, сондықтан бала бұл жағдайға жиі тіл алмаумен, аурумен, қырсықтықпен жауап қайтаруы мүмкін. Бала үшін оны қоршағандарының шынайлығы мен сезімдері мен сөздеріне деген жауапкершілігі пайдалы. Біреумен ашық болу үшін оны жақсы көру міндетті емес. Бұрынғы ерлі-зайыптылардан бір-біріне деген сүйспеншілікті күтудің керегі жоқ, бірақ олар өз мәселелерінің шешімін балаға артып қоюына болмайды.

Аралас жанұяда пайда болатын негізгі сұрақ – қалайша баланы үлкендер мәселелерінің ауыртпашылығынан арылту болып табылады. Қайта некеге тұрған әйел-ана балаларын өз меншілігінде иеленіп, басқаруға бейім келеді. Бұл оның жаңа жарына қиындық әкеледі. Ол әйел-ана жаңа күйеуіне масыл боғысы келмейді, өйткені оның ойынша күйеуімен оның балалары арасында жақсы қатынас орнауы екі талай. Кей кездері бұрынғы зайыбына кенеттен сүйіспеншілігі оянады. Сонымен қатар жаңа күйеуі көмекші ролін жай меңгереді. Мұндай әрекет жанұяға жаңа келген адамның өзімен бірге жаңа көзқарас пен жаңа өмір стилін әкелуіне мүмкіндігін жоққа шығарады.

Жаңа күйеулер мынадай қиындықтарға кезігуі мүмкін: әйелі күйеуінен “берік қол” мен балалры алдында күші мен беделін көрсетуін күтуі мүмкін. Әрине оны жаңа әке балаларының алдында тез арада құрып алуы қиын. Егер анасы балалары шектен шықты деп ұйғарса жағдай ушығуы мүмкін. Жаңа әкелер әйелінің шығуға тырысады, бірақ ол көбіне тек зиян әкеледі. Егер жаңа әке өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарамаса, ақыр соңында ол балаларымен ұрысып тынады, ал бұл жағдайды болдырмауға болар еді. Көбіне өгей әкелер жасөспірімдермен жанжалдасады. Балалар өзге әйелге үйленіп, соның балаларын тәрбиелеп отырған әкесі мен қатынастарын реттеу үшін көп рухани күшін жұмсау керек. Әке мен бала арасында түсініспеушілік көп болса, балада тойымсыздық комплексі дамып, көп сұрақтар, қызғаныш, т.б өрбиді. Егер бала кішкене болса, қиындықтар көп болмауы мүмкін, ал ересектеу балаларға бұрынғы өмір әсерін тигізеді [3].

Аралас жанұяның тағы бір түрі – бала асырап алған жанұя. Жанұя құрамында бір асыранды бала ғана; бір асыранды және бірнеше өз балаларынан; бір өз баласы мен бірнеше асыранды бала болуы мүмкін. Жанұя құрамы мен құрылысына қарай оған кезігуі мүмкін мәселелер туралы айтуға болады. Көбіне баланы кей себептермен өз ата-анасы бағып тәрбиелей алмаса басқаға асырауға береді. Ол баланың тәртібі нашарлап, өз үйінде тура алмауынан не шаңырақ иесі жанұядағы жағдай балаға кері әсер етеді, басқа жанұяда тұру оған жақсы болады деп шешсе болады. Көбіне ата-ана өз беделдерін шектен тыс пайдаланып баланы ұрады, жазалап ренжітеді, сол себепті өзге біреу ол бейшара балаларды ол үйден алып кетуге мәжбүр болады. Сөйтіп балалар “балалар үйіне ” түседі.

Кейде екі ата-ана да өліп, бала жетім қалады. Туыстары немесе қамқоршылары балалар үйіне тапсырғысы келмей балаға оны асырап алуға келісетін жаңа жанұя іздейді. Үйінде тәртібі нашар баланы асырап алған ата-аналар олар өз мақсаттарын-оған қатан қарап оның жаман тәртібін түзету деп түсінеді. Үйінде ата-анасының қатыгездігі мен зорлық-зомбылығын көрген баланы жаңа ата-ана өздерінің жылулығы мен сүйіспеншілігінің ортасына алады. Осы іс-әрекеттері мен асырап алушы ата-ана балада өз ата-анасына деген жағымсыз ой қалыптастырып, нәтижесінде баланың толық сана-сезімінің дамуы нашарлауы байқалады. Өйткені қылмыскер мен нақұрыс тегінен шыққан баланың өз-өзінің құндылығын бағалауы жоғары болуы мүмкін емес.

Егер баланың туған ата-аналары тірі болмаса, онда асырап алушы ата-ана алдында күрделі мәселе туады: тумаған балаға өздерін толық арнау. Көбіне асырап алушы ата-аналар жиі сақ болып бала өміріне көп араласа бермейді, өйткені ол уақытша тұрып жатуы мүмкін. Алайда ата-аналар баланың көңілінен шығу үшін дегенін жасайды, нәтижесінде балада өз ата-анасы оны шын бақытты қыла алмады деген ой туады.

Бұл “жаман тұқымдаушылық” психологиясы баланың тиянақты дамуына кедергі болу-болмауы асырап алушы ата-аналардың эмоционадық тұрақтылығы мен олардың даму деңгеіне байланысты. Егер ол адамдар балаға тек уақыт кетіріп жүрміз деп есептемей оны сонымен бірге дамытуымыз десе, толық нағыз жанұя құрса, бұл ата-аналарда өзін-өзі жоғары бағалай алатын, сапалы дамыған адам тәрбиелеуіне мүмкіндік бар. Мұндай ата-аналар қатарына ұрылар, бала қорлаушылар, кісі өлтіруші қылмыскерлер, нашақорлар, маскүнемдер, т.б. жатқызуға болады. Неліктен мұндай ата-аналарды әлеуметтік бейімделмеген деп атаймыз. Өйткені бұл тұлғалардың жас даму кезеңдерінде ортамен ата-ана ықпалында қателіктер кетірлуінен, тұқымқуалаушылықтың әсерінен де болуы мүмкін. Алайда уақытында түзетілген, басы қайтарылған дертті алдын алуға болады. Әсіресе жеке тұлғаның қалыптасуында жасөспірімдік кезең маңызды да жауапты кезең. Дәл осы кезеңде кеткен қателік бүкіл өмірге із қалдырады. Балалық шақта қандай ықпал көрсе немесе ата-ана тарапынан жылу сезімін жеткілікті сезбесе, сүйіспеншілігіне жеткілікті бөлінбесе өскенде олардың барлығы өз көріністерін міндетті түрде береді. Ата-ананың әлеуметтік бейімделмегендігі қиын сипатты және бала үшін қиын нәтежелі, өйткені бала жетім қалуы мүмкін, балалар үйіне жіберілуі мүмкін, түзету колониялары мен тіпті ата-анасы оны лақтырып кетуімүмкін. Мұндай жағдайлар міндетті түрде баланың психикасына әсер етеді. Танымдық дамуы тежеледі, өзін-өзі бағалауы шектен тыс төмендеше жоғарлайды, агрессивтілік, болашақтан қорқыныш, тұйықталу. Бұл балалар өз жанұясының кішкене әлемінде өмір сүріп, айналасындағы жағымсыз іс-әрекеттерді көріп басқа да адамдар дәл осылай екен деп ойлайды. Сөйтіп қоршаған орта туралы қате пікір пайда болады [4].

Бай әке немесе шеше барлығына қолы жетеді не жетпейді деген иллюзиямен өздерінің көңілін толтырады. Кей бай ата-аналар өз қаржыларын өте ұқыпты қолданса, кейбір кедей ата-аналар өздерін миллионер сияқты ұстайды. Алайда ата-ананың бұл ұстану әдістерін интеритациялау қиынға түседі, ол баланы тітіркендіреді, ал объективті деңгейде өз шындыққа қарама-қайшылығына байланысты үлкен қиындықтар әкеледі. Бірақ мұндай әке мен шешеге бұл жол-өз сенімдерін жеткізу жолы. Дәл осы қарапайым әдіспен-өз күшінің алыптығын демонстрациялаумен сезімдік қатынас жағынан нашар дамыған ата-ана сүйспеншілікке қажеттілігі мен баласына оны беру тілегін бере алады. Егер бала олардың өмірін түсінбесе, ата-ана өз балаларына қажетсіздігін, жалғыздықты сезінеді. Бала өзінің қалталы әкесінің тікелей түрде көңілін қайтарса, онда әкесінде баласымен жаман қатынас орнап қалуы мүмкін деген қорқыныш пайда болады. Ол әке онда баласын сыйлықтардың астына қалдырады, ал оның бұл әрекеті баласында бір нәрсегеқызығушылығының оянуына немесе қуаныш әкелуіне емес, тек әкенің өз баласына деген махаббатын көрсету үшін екен. Әр осы сыйлық балада қызығушылық тудырмайды, басқа мақсатқа қызмет етеді: алдынғысының ерекшелігін меңгеруге, жаңаның қызығын байқауға кедергі келтіреді. Кедей ата-ана болса өздері кешкен қиындықтары, қорлықтары үшін балалары махаббатпен жауап қайтарса дейді. Сонымен қатар балалары ата-анасының оларға құр тек ақша жұмсағаннан гөрі өз ыстық махаббаттары мен жылу сыйлағанын бағаласа дейді. Кейде ата-ана өз балаларының назарын олардың ата-анасы үшін қымбат екеніне, әлемдегі алтынның барлығы бұл қымбат нәрсенің өмірін қамтамасыз етуге жетпейді дейді [5].

 

Әдебиет:

 

1.    Азоров Ю.П. Семейная педагогика. - М.: Политиздат, 1985.

2.    Анзорг Л. Дети и семейный конфликт. М.: Просвещение, 1987.

3.    Байярд Р.Т., Байярд Д. Ваш беспокойный подросток. М.:Просвещение, 1991.

4.    Блага К., Шебек М. Я - твой ученик, ты - мой учитель. М.: Просвещение, 1991.

5.    Возрастная и педагогическая психология под ред. Гамезо и др. М.: 1984

Основные термины (генерируются автоматически): бал, мена, мена ер, ер бала, мена бала, немес.


Похожие статьи

Ёшларнинг маънавий қиёфасини шакллантиришда мафкуранинг...

“Яшаш қаерда яхши бўлса, шу ер мен учун Ватан” деган ғоя билан яшовчи одамлар ҳақиқий Ватан туйғусини англамайдилар ёки уни англашдан йироқ бўладилар. Зеро, Ватан учун шунчаки, номигагина иш қилиб бўлмайди.

Wiedergabe einiger grammatischer Erscheinungen: deutsche Partizipien

Solche Partizipien in der Funktion des Attributs werden ins Kasachische als adjektives Partizip auf — қан/-ған -кен/ген wiedergeben, z.B.: Da erwachte auch das lange geschlafene Kind — міне ұзақ уақыт ұйықтаған бала да оянды.Und in der Funktion der

und munter, мен ұзақ ұйықтап сергек ояндым.

Development of skills of oral speech at students of Kazakh language

Үстінде судай жаңа ер, жылтырағы мен салпыншақтары көп өмілдірік, құйысқан.

Бала екен ғой әлі.

—Жоқ, аға. Мен шалдың баласымын,-дедім. [4, с. 180]. This dialogue is made up between creative individuals and contains literary words in a mixture with sarcasm, which are immediately...

Комил инсонни тарбиялашни фаоллаштирувчи ахборот...

“Яшаш қаерда яхши бўлса, шу ер мен учун Ватан” деган ғоя билан яшовчи одамлар ҳақиқий Ватан туйғусини англамайдилар ёки уни англашдан йироқ бўладилар. Зеро, Ватан учун шунчаки, номигагина иш қилиб бўлмайди.

Визионотопика эпоса «Манас»: терминологический аспект...

Кырк бала менен Манаска. Бир карышкыр көрүнөт... [12, с.161].

Эл айтат сенин атаң деп, Кылчайып келер болсочу!.. Шолоктоп ыйлап мен турсам, Султан Чубак арбагы. Сөөбөй мени коебу?..

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

а) кермеге тартылу, биікке өрмелеу, аяқты көтеру, еденге немесе гимнастикалық орындыққа екпетімен жатып, қолды бүгіп, жазу жаттығуларын орындау қажет. ә) басқа ауыр салмақтар көтеру (бірнеше бала болып гимнастикалық орындықты және оны үстінде

Жас. Ер балалар.

Выражение поля персональности в русском и каракалпакском языках

Сравните: бизиң баламыз (наш сын), сизиң үйиңиз (ваш дом), анамның сүўрети (портрет моей мамы) (морфолого-синтаксический способ), бизиң бала (наш сын), сизиң үй (ваш дом) (синтаксический способ). В каракалпакском языке поле персональности иногда может...

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Ұлттық идеясы мен арманы бүгінгі Тәуелсіз Қазақ мемлекеті болған Алашорда үкіметі де осыдын жүз жылдай бұрын: «Арғы атам ер түрік, Біз Қазақ еліміз» - деп ұрандаған болатын. «Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар.

Похожие статьи

Ёшларнинг маънавий қиёфасини шакллантиришда мафкуранинг...

“Яшаш қаерда яхши бўлса, шу ер мен учун Ватан” деган ғоя билан яшовчи одамлар ҳақиқий Ватан туйғусини англамайдилар ёки уни англашдан йироқ бўладилар. Зеро, Ватан учун шунчаки, номигагина иш қилиб бўлмайди.

Wiedergabe einiger grammatischer Erscheinungen: deutsche Partizipien

Solche Partizipien in der Funktion des Attributs werden ins Kasachische als adjektives Partizip auf — қан/-ған -кен/ген wiedergeben, z.B.: Da erwachte auch das lange geschlafene Kind — міне ұзақ уақыт ұйықтаған бала да оянды.Und in der Funktion der

und munter, мен ұзақ ұйықтап сергек ояндым.

Development of skills of oral speech at students of Kazakh language

Үстінде судай жаңа ер, жылтырағы мен салпыншақтары көп өмілдірік, құйысқан.

Бала екен ғой әлі.

—Жоқ, аға. Мен шалдың баласымын,-дедім. [4, с. 180]. This dialogue is made up between creative individuals and contains literary words in a mixture with sarcasm, which are immediately...

Комил инсонни тарбиялашни фаоллаштирувчи ахборот...

“Яшаш қаерда яхши бўлса, шу ер мен учун Ватан” деган ғоя билан яшовчи одамлар ҳақиқий Ватан туйғусини англамайдилар ёки уни англашдан йироқ бўладилар. Зеро, Ватан учун шунчаки, номигагина иш қилиб бўлмайди.

Визионотопика эпоса «Манас»: терминологический аспект...

Кырк бала менен Манаска. Бир карышкыр көрүнөт... [12, с.161].

Эл айтат сенин атаң деп, Кылчайып келер болсочу!.. Шолоктоп ыйлап мен турсам, Султан Чубак арбагы. Сөөбөй мени коебу?..

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

а) кермеге тартылу, биікке өрмелеу, аяқты көтеру, еденге немесе гимнастикалық орындыққа екпетімен жатып, қолды бүгіп, жазу жаттығуларын орындау қажет. ә) басқа ауыр салмақтар көтеру (бірнеше бала болып гимнастикалық орындықты және оны үстінде

Жас. Ер балалар.

Выражение поля персональности в русском и каракалпакском языках

Сравните: бизиң баламыз (наш сын), сизиң үйиңиз (ваш дом), анамның сүўрети (портрет моей мамы) (морфолого-синтаксический способ), бизиң бала (наш сын), сизиң үй (ваш дом) (синтаксический способ). В каракалпакском языке поле персональности иногда может...

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Ұлттық идеясы мен арманы бүгінгі Тәуелсіз Қазақ мемлекеті болған Алашорда үкіметі де осыдын жүз жылдай бұрын: «Арғы атам ер түрік, Біз Қазақ еліміз» - деп ұрандаған болатын. «Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар.

Задать вопрос