Қазақстан туризм саласын дамытудағы мемлекеттік реттеудің маңыздылығы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 6 апреля, печатный экземпляр отправим 10 апреля.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №50 (445) декабрь 2022 г.

Дата публикации: 18.12.2022

Статья просмотрена: 250 раз

Библиографическое описание:

Талгатова, А. А. Қазақстан туризм саласын дамытудағы мемлекеттік реттеудің маңыздылығы / А. А. Талгатова, А. М. Ордабаева, А. М. Расулова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 50 (445). — С. 522-527. — URL: https://moluch.ru/archive/445/97851/ (дата обращения: 29.03.2024).



Мақсаты: Мемлекттік реттеу арқылы туризм саласын класификациялаудың маңыздылығын көрсету.

Зерттеу әдісі: Зерттеу барысында Қазақтан туризм саласын дамытудағы мемлекеттік реттеудің орны мен мағыздылығына баға беру мақсатында сандық зерттеу әдісі қолданылды.

Талдау: Сауалнама нәтижесін қоладана отырып, R studio бағдарлармасы арқылы тақырыптың жауаптармен байланысының статусын анықтау, әлсіздігін не мықтылығын анықтау.

Кілтті сөздер: туризм, ЖІӨ, қонақжайлылық индустриясы, мемлекеттік реттеу, заңнама.

Цель: Показать важность классификации индустрии туризма через государственное регулирование.

Метод исследования: В ходе исследования был использован количественный метод исследования с целью оценки места и значения государственного регулирования в развитии казахстанского туризма.

Анализ: По результатам опроса с помощью программного обеспечения R studio определим статус связи темы с ответами, определим ее слабость или силу.

Ключевые слова : туризм, ВВП, индустрия гостеприимства, государственное регулирование, законодательство.

Кіріспе

«ҚР-ның туристік саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» тұжырымдаманы іске асырудың негізгі мақсаты — 2026 жылға қарай елдің ЖІӨ-де туризм саласының 8,2 %-ына қол жеткізу және тұжырымдаманы іске асыру шеңберіндегі міндеттерді шешу осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған.

Осы жағдайда мемлекеттік реттеу — туризмнің табысты жұмыс істеу факторларының біріне айналады. Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі міндеті бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейі бар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін саланың орнықты дамуын қалыптастыру үшін қажетті құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау болып табылады. Басқаша айтқанда, мемлекет туризмнің экожүйесін құруы керек.

Бұл зерттеудің мақсаты Қазақстанның жаңа және дамып келе жатқан саласы ретінде туризмді мемлекеттік реттеу мен экономикалық протекционизмнің негізгі проблемаларын анықтауында жатыр. Бұл жұмыстың жаңалығы туристік саланы рейттейтін заңнамалық құжаттар мен бағдарламалардың кешенді сипаттамалық қараудан ғана емес, мемлекеттік реттеуші актілердің ішкі мазмұнындағы олқылықтарды туристік нарық қызметінің тәжірибесін ала отырып, проблемаларды шешу ұсыныстарын әзірлеуден тұрады.

Түрлі шетелдік елдердегі қонақжайлылық индустриясын мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесін қарастыру барысында ҚР-ның қонақжайлылық саласының деңгейі бұлыңғырлығымен сипатталады. Сала әртүрлі органдарда шашыраңқы болып, белгілі бір басқарушы органның жоқтылығымен белгілі. Мемлекет тарапынан қонақжайлылық индустриясының қызмет көрсету сапасын реттеу шаралары экономиканың ЖІӨ-нің өсуіне, жұмыссыздықтың азаюына ықпал ете алады. Мемлекеттің конақжайлылық индустриясына, жалпы туризмге қатысты басты міндеті — қызмет көрсету сапасын арттыруға қолайлы климат құру.

Әдебиеттік шолу

Мемлекеттік реттеу-белгілі бір қызмет саласының, оның ішінде туризмнің табысты жұмыс істеу факторларының бірі [1].

ҚР-дағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:

1) туристік қызметке жәрдемдесу және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

2) туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;

3) туризм үшін қолайлы ел ретінде ҚР туралы идеяны қалыптастыру;

4) ҚР-ның туристері мен туристік ұйымдары мен олардың бірлестіктерінің қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделері мен мүлкін қорғау [2].

Қазақстанда туризмнің тиімді дамуына көбінесе туризмді дамытуды нақты мемлекеттік реттеудің болмауы, инфрақұрылымның дамымауы, сондай-ақ туризмді ғылыми тұрғыдан зерделеудің жеткіліксіздігі кедергі келтіреді. Отандық әдебиет пен практиканы талдау тұжырымдамалық аппараттың дамымағандығын, туризмді мемлекеттік реттеудің сипаты мен дәрежесін негіздеудің жүйелі тәсілі мен ғылыми әдіснамасының жоқтығын көрсетті.

Туризмді дамытуды мемлекеттік реттеу — бұл нарықтық тетіктің жұмыс істеуінің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ету, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық басымдықтарды іске асыру және туристік саланы дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеу үшін мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне және нарықтық конъюнктураға әсері. Бұл туризмді дамытуды реттеудің мемлекеттік саясатын әзірлеу, оның мақсатын, міндеттерін, негізгі бағыттарын негіздеу, оны жүзеге асырудың құралдары мен әдістерін таңдау рәсімін қамтитын күрделі процесс [3].

Туристік инфрақұрылымның дамымауы, сервистің сапасының төмендігі қазіргі уақытта біздің елге әлемдік туристік ағынның 1 % — дан азы тиесілі екендігіне әкелді. Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі әртүрлі бағаланады. Кейбіреулердің пікірінше, оның республикалық бюджет кірістеріндегі үлесі қазірдің өзінде 10 % — құрайды. Басқалары қазақстандық туристік индустрияда тек 90 мың адам жұмыс істейді деп санайды (көліктегі және кәдесыйлар өндірісіндегі жұмыс орындарын есептемегенде). Тағы біреулері оның бюджетке қосқан үлесі 1 % — дан аспайды, ал туризм саласындағы жұмыс 10 мыңнан астам адамды ғана қамтамасыз етеді деп санайды. Алайда, тіпті ең оптимистік есептеулер ҚР-дағы туристік индустрияның әлемдік көрсеткіштерден айтарлықтай артта қалғанын көрсетеді [4].

Даму деңгейі әртүрлі елдер туризм индустриясының жоғары экономикалық көрсеткіштеріне байланысты туризмге үлкен қызығушылық танытады. Нана мен Иа өз мақаласында Грузия мемлекетін мысалға ала отырып, табиғи және мәдени туристік ресурстары мол, бірақ туристік индустриясы нашар дамыған, экономикасы әлсіз және мемлекеттік реттеудің жетілмеген тетіктері бар елдерде туризмді дамытуды қолдайтын мемлекеттік саясаттың маңыздылығы көрсетілген. Туризм туристік сектордың тікелей бөлігі болып табылмайтын, бірақ оның дамуына айтарлықтай әсер ететін өнімдер мен қызметтерді тұтынады. Сондықтан туризм индустриясын дамыту бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды талап етеді. Туризмдегі барлық мүдделі тараптар — туристер, бизнес, мемлекет, жергілікті қоғамдастықтар — пайда көруі үшін мемлекеттік саясат орнықты даму қағидаттарына негізделуі тиіс [5].

Зерттеу әдісі:

Туризм саласын мемлекет тарапынан қаншалықты қолдау маңызды екенін зерттеу, төменде берілген сауалнама нәтижелеріне сандық әдіс негізінде мемлекеттік реттеудің туризмге тығыз байланысын анықтау үшін гистограммалық талдау жүргізілді.

Зерттеу нәтижесі:

R studio бағдарламасы арқылы Қазақстан туризм саласына мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен қандай бөлігін қонақжайлылықта реттеу керектігін зерттеу керек болды. Жалпы 8 сұрақ негізінде сауалнама жүргізілді. Соның ішінде адамадардың жас категориясын, туризм саласына қатысты тұлға екенін, туризм саласына мемлекеттің араласуы қажеттілі деген сұрақтар қойылды. Осы сұрақтардың жауаптарын кесте түріне айналдырып, 114 адамның жауаптары енгізіліп, мемлекеттік реттеудің туризм саласына қай фактордың көбірек әсер ететінін анықтадық. Төменде көрсетілгендей, әр сұрақ бойынша таңдап алынған факторларымыз берілген:

age Жасыңыз

workman Туризм саласының жұмысшысы болып табыласыз ба?

regulation Қонақжайлылық саласына мемлекеттің араласуы дұрыс па?

help — Қазақстан қонақжайлылық саласына мемлекет тарапынан көмек жеткілікті түрде көрсетіліп жатыр деп ойлайсыздар ма?

program Туризмді мемлекеттің “Қазақстан — 2030” және “Қазақстан — 2050” сияқты бағдарламаларда өзіндік тақырып ретінде алу мәселесіне көзқарасыңыз

control — Қазақстанда туризм саласын басқаратын бір органның болуына келісесіз бе?

grade — Туризмнің қазіргі даму деңгейін 10 баллдық жүйесі бойынша қаншалықты бағалайсыз?

Мақалада зерттеу сұрағына байланысты факторларды және сұрақтардың жауаптарын қолданып, зерттеу жүргіздік. Зерттеу нәтижесінде келесі нәтижелерге қол жеткізе алдық:

Сурет 1. Model1 — control және 6 сұрақтардың жауаптары арасындағы байланыс

Жалпыланған сызықтық модельге салу арқылы регрессиялық коэффициент байланысын анықтау негізінде Қазақстанда туризм саласын басқаратын бір органның болуына сұрастырылған адамдардың жасы мен Туризмді мемлекеттің “Қазақстан — 2030” және “Қазақстан — 2050” сияқты бағдарламаларда өзіндік тақырып ретінде алу мәселесіне көзқарасымен байланыс барын анықтадық. Біздің жағдайда туризм саласына мемлекеттік реттеудің осы сектордың дамуына теріс әсері туралы Н0 нөлдік гипотезаны тексеру үшін қолданылатындықтан және маңыздылық деңгейі (p-value) 0,0229 (2,29 %) болғандықтан, бұл қалыпты үлестірімге жатпайтынын қарастыру үшін 2,29 % тең қате ықтималдылығына жету қажет. Сондықтан біздің гипотезамыз расталды деп есептелді.

Сурет 2. Туризмді мемлекеттің “Қазақстан — 2030” және “Қазақстан — 2050” сияқты бағдарламаларда өзіндік тақырып ретінде алу жауаптары

Нәтижесінде гисторамма 1-де көріп отырғанымыздай сауалнама мен R studio бағдарламасы арқылы сұрастырылған адамдардың 30 % адамдар “0” жоқ деген жауапты беріп, 50 % адамдар “1” ия деген көзқарасты ұстанды, яғни бағдарламаға оң көзқарасын білдірген. Гипотезамыз бойынша туризм саласын мемлекеттік реттеу арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Қазақстан Республикасының туристік базалары мен туристік объектілеріне сертификация, яғни белгілі бір программалық стандарттар жүйесін енгізу шараларын қарастыруға әкеледі. Бұл өз кезегінде салада сервис қызметінің жоғарлауына және нақты сала типіне қаржы бөлінуі арқылы инфрақұрылымның дамуына жол ашады. Осыған байланысты туризм саласын дамыту үшін мемлекет тарапынан белсенді іс әкекеттер жасалынуы керек.

Қорытынды

Қорытындылай келе, сертификациялау және мемлекеттік реттеу жөніндегі зерртеулер мен талдау бізге мынандай тұжырымдамалар жасауға мүмкіндік берді:

  1. Туризм саласындағы бұрынғы стандарттар (қолданыстағы), стандарттаудың жаңа мақсаттары мен қағидаттарына сәйкес қайта өңделеді.
  2. Туризм саласындағы бизнеске, туристік өнімді әзірлеу, оны ілгерілету және іске асыру рәсімдері бар жаңа стандарттар қажет.
  3. Туристік қызметтің сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беруге жекелеген туристік қызметтерді сертификаттау туристерге қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді.
  4. Қазіргі Қазақстанның қонақ үйлері мен мейрамханаларында қолданыстағы Госттар мен ISO стандартторын дамыту және оны енгізу ережесін қатаңдаты қажет.
  5. Туроператорлық қызметті шағын бизнес категориясынан алдыға қарай жылжыту.
  6. Турагенттік қызметті құқықтық реттеудегі кемшіліктер турагенттер арасында алаяқтықтың дамуына әкелді.
  7. Туроператорлардың жауапкершілігін қаржылық қамтамасыз ету тетігі үнемі жетілдіруді және оңтайландыруды талап етеді. Туроператордың қаржылық айналымына байланысты қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін 12 % — ға дейін арттыруға қатысты қолданыстағы заңнамаға түзетулер қабылдау өте уақтылы болып саналады.
  8. Туроператорлық компаниялар үшін олардың компанияның қаржылық айналымына барабар қаржылық кепілдіктерді енгізу қазақ туризмінің қатысуымен туроператорлардың қаржылық есептілігін тексерудің нақты тетігін әзірлеу қажеттілігі туралы мәселе туғызады.
  9. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін жандандыру.
  10. Туризм саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызмет үшін жауапкершілікті күшейту.

Қосымша

Диаграмма ответов в Формах. Вопрос: 5. Туризмді мемлекеттің “Қазақстан - 2030” және “Қазақстан - 2050” сияқты бағдарламаларда өзіндік тақырып ретінде алу мәселесіне көзқарасыңыз. Количество ответов: 110 ответов.

Сурет 3. Қатысушылардың ірі мемлекеттік бағдарламаларда туризмнің өзіндік тақырып ретінде қабылдануына ойларын анықтау бойынша сұрақтың жауаптары

Ескерту: автормен құрастырылған

Диаграмма ответов в Формах. Вопрос: 6. Қазақстанда туризм саласын басқаратын бір органның болуына келісесіз бе?. Количество ответов: 111 ответов.

Сурет 4. Қатысушылардың туризм саласын басқаратын бір органның болуына көзқарасын анықтау бойынша сұрақтың жауаптары

Ескерту: автормен құрастырылған

Диаграмма ответов в Формах. Вопрос: 7. Туризмнің қазіргі даму деңгейін 10 баллдық жүйесі бойынша қаншалықты бағалайсыз?. Количество ответов: 111 ответов.

Сурет 5. Қатысушылардың туризмнің даму деңгейін бағалауы

Ескерту: автормен құрастырылған

Әдебиет:

  1. Петренко Е. С., Даулетова А. М., Мажитова С. К., Шабалтина Л. В. Анализ мер государственной поддержки по развитию туризма в Республике Казахстан/ Петренко Е. С.// Экономические отношения журнал. — 2019. — № 4. — С. 2679.
  2. А. А. Фомин. Государственное регулирование в сфере туризма в Казахстане/ А. А. Фомин //Материалы международной научной конференции. Под общей редакцией С. Г. Еремеева. Санкт-Петербург. –2021. — С.193–196.
  3. В. А. Спицина. Государственное регулирование туристской деятельности: понятие и принципы/ В. А. Спицина// Вестник КарГУ. — 2021. — № 1. — 56–57.
  4. Бейсенбаева А. К., Мырзаева У. А. ҚР-да туристік қызметті мемлекеттік реттеу: мақсаты, әдісі, қағидалары/ Бейсенбаева А. К.// Вестник КазНУ. Серия экономическая. No1/2 (113). — 2016. — C.72–76.

5. Nana Katsitadze,Ia Natsvlishvili. The Role of State Regulation and Policy in Tourism Development: The Case of Georgia/Nana Katsitadze// Eurasian Studies in Business and Economics book series (EBES,volume 13/1). — 2020.

  1. Зерттеу жұмысы боынша сауалнама сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfb3t0tm57-zfiC_LuZvJveMLZj-BLZ_T96FkzYi5jAR8iD8w/viewform?usp=sf_link
Основные термины (генерируются автоматически): туризм, мена, государственное регулирование, EBES, ISO, Казахстан.


Ключевые слова

туризм, заңнама, ЖІӨ, қонақжайлылық индустриясы, мемлекеттік реттеу

Похожие статьи

Туризмді дамытудың негізгі бағыттары мен туризмнің...

Доля туризма в ВВП Казахстана составляет 1 % [1]. В 2017 году внутренний туризм показал прирост посетителей на 9 %, более того, количество гостиниц, отелей и других размещения для туристов увеличилось на 16 %. 1) оценить уровень развития туризма в Казахстане.

Государственное регулирование развития регионов Республики...

Ключевые слова: государственное регулирование, государственная программа региона, государственное регулирование региона. Государственное регулирование является неотъемлемой частью эффективного механизма реализации региональной политики.

Туристские перевозки — важный элемент инновационного...

В статье рассмотрены проблемы туристских перевозок Республики Казахстан, роль туристских перевозок в инновационном развитии туризма. Ключевые слова: индустрия туризма, туристские перевозки, инновационное развитие.

Модель государственного регулирования экономики...

В статье рассматривается модель государственного регулирования экономики Республики Казахстан для экономического роста на основе открытой рыночной экономики с высоким уровнем иностранных инвестиций и внутренних сбережений, а также поддержание и...

Зарубежный опыт государственного регулирования экономики...

В статье рассматриваются опыт государственного вмешательства в социально-экономические процессы Республики Казахстан, которое применяется практически во всех развитых странах с рыночной экономикой, и мировой опыт по изучению вопросов государственного управления...

Государственные программы развития туризма в Южных...

Библиографическое описание: Саркужаева, А. Б. Государственные программы развития туризма в Южных регионах Казахстана / А. Б. Саркужаева.

2. Программа по развитию перспективных направлений туристской индустрии Республики Казахстан на 2010–2014 годы.

Қазақстанда туристік қызметті дамыту саясатына талдау

Туризм экономикасының маңыздысы — табыс факторларына талдау жасау: жұмыс ақысы меп еңбектiң бағасы; капиталдың бағасы мен пайызы; туристiк рента (пайыз түрiнде түсетiн табыс). Туристiк рента мәселесi мен өнiмдер шегiне ерекше көңiл аудару керек.

Шағын бизнесті дамытудың шетелдік тәжірибесі | Статья в журнале...

В статье проанализировано развитие малого бизнеса в зарубежных странах.

Нормативно-правовое регулирование спорта и физической...

С обретением суверенитета Казахстан стал самостоятельным и в таком важном аспекте жизнедеятельности, как физическая культура и спорт.

Государственная политика в области физической культуры и спорта в Республике Казахстан проводится на основе принципов

Похожие статьи

Туризмді дамытудың негізгі бағыттары мен туризмнің...

Доля туризма в ВВП Казахстана составляет 1 % [1]. В 2017 году внутренний туризм показал прирост посетителей на 9 %, более того, количество гостиниц, отелей и других размещения для туристов увеличилось на 16 %. 1) оценить уровень развития туризма в Казахстане.

Государственное регулирование развития регионов Республики...

Ключевые слова: государственное регулирование, государственная программа региона, государственное регулирование региона. Государственное регулирование является неотъемлемой частью эффективного механизма реализации региональной политики.

Туристские перевозки — важный элемент инновационного...

В статье рассмотрены проблемы туристских перевозок Республики Казахстан, роль туристских перевозок в инновационном развитии туризма. Ключевые слова: индустрия туризма, туристские перевозки, инновационное развитие.

Модель государственного регулирования экономики...

В статье рассматривается модель государственного регулирования экономики Республики Казахстан для экономического роста на основе открытой рыночной экономики с высоким уровнем иностранных инвестиций и внутренних сбережений, а также поддержание и...

Зарубежный опыт государственного регулирования экономики...

В статье рассматриваются опыт государственного вмешательства в социально-экономические процессы Республики Казахстан, которое применяется практически во всех развитых странах с рыночной экономикой, и мировой опыт по изучению вопросов государственного управления...

Государственные программы развития туризма в Южных...

Библиографическое описание: Саркужаева, А. Б. Государственные программы развития туризма в Южных регионах Казахстана / А. Б. Саркужаева.

2. Программа по развитию перспективных направлений туристской индустрии Республики Казахстан на 2010–2014 годы.

Қазақстанда туристік қызметті дамыту саясатына талдау

Туризм экономикасының маңыздысы — табыс факторларына талдау жасау: жұмыс ақысы меп еңбектiң бағасы; капиталдың бағасы мен пайызы; туристiк рента (пайыз түрiнде түсетiн табыс). Туристiк рента мәселесi мен өнiмдер шегiне ерекше көңiл аудару керек.

Шағын бизнесті дамытудың шетелдік тәжірибесі | Статья в журнале...

В статье проанализировано развитие малого бизнеса в зарубежных странах.

Нормативно-правовое регулирование спорта и физической...

С обретением суверенитета Казахстан стал самостоятельным и в таком важном аспекте жизнедеятельности, как физическая культура и спорт.

Государственная политика в области физической культуры и спорта в Республике Казахстан проводится на основе принципов

Задать вопрос