Марк Твен шығармаларының сюжеттік ерекшеліктері және қазақ тіліне аударылу жолдары («Том Сойердің басынан кешкен оқиғалары мен Гекльберри Финн» шығармалары негізінде) | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Марк Твен шығармаларының сюжеттік ерекшеліктері және қазақ тіліне аударылу жолдары («Том Сойердің басынан кешкен оқиғалары мен Гекльберри Финн» шығармалары негізінде) / З. О. Сахитжанова, М. А. Шеримбетова, Н. У. Кадырхан [и др.]. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 18 (413). — С. 579-585. — URL: https://moluch.ru/archive/413/91295/ (дата обращения: 19.04.2024).



Мақалада Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» және «Гекльберри Финнің басынан кешкендері» шығармаларының жалпы сипаттамасы, қазақ тіліне аудару жолдары — жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін екі шығармаға шолу жасалып, образдар жүйесіне кеңінен тоқталып, екі шығармадағы кездесетін мотивтік көрсеткішін анықталып, және олардың қазақ тіліне аудару жолдары туралы қарастырылды. Марк Твеннің екі туындысы да оқырмандардың ыстық ықыласына бөленіп, назарын аударып, алғаш жарық көрген күннен бастап әдебиеттанушылардың зерттеу нысанына айналды.

Кілттік сөздер : шығарма, мотив, образдар жүйесі, аудару, сюжет.

Статья представляет собой общее описание произведений Марка Твена «Приключения Тома Сойера» и «Приключения Гекльберри Финна», основной целью работы является их перевод на казахский язык. Для достижения поставленной цели были проанализированы две работы, подробно рассмотрена система образов, выявлены мотивационные показатели, встречающиеся в двух работах, рассмотрены пути их перевода на казахский язык. Оба произведения Марка Твена привлекли внимание читателей и стали предметом литературной критики с момента их первой публикации.

Ключевые слова: произведение, мотив, система образов, перевод, сюжет.

Марк Твен — әйгілі жазушы, гуманист, қоғам қайраткері. Автор балалық шақтағы естеліктеріне негізделе отырып, 1876 жылы «Том Сойердің басынан кешкендері» атты туындысын жазып шығарады. Ал 1884 жылы «Гекльберри Финнің басынан кешкендері» шығармасы, «Том Сойердің басынан кешкендері» шығармасының бір сюжеттік желісінің жалғасы ретінде жарық көрді. Марк Твен нәсілшілдік пен құлдыққа қарсы болды. Өз ойын кітап бетіне жазу, кейіпкерлерінің ауызымен сөйлету арқылы жеткізген болатын. Марк Твеннің екі туындысы да оқырмандардың ыстық ықыласына бөленіп, назарын аударып, алғаш жарық көрген күннен бастап әдебиеттанушылардың зерттеу нысанына айналды.

Сатқындық мотиві . Сатқындық мотиві Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» шығармасында осылай берілген: Том мектепке барғанды ұнатпайды, оның орнына өзенге шомылғанды жақсы көреді. Ал Полли тәте оны бақылауда ұстау үшін Томның көйлегінің жағасын ағытпайтындай етіп, жіппен тігіп беретін еді. Кешкі ас үстінде Полли тәте Томның тігілген жағасына қарап, оның өзенге шомылмай, мектепке барғанына қуанады.Ал шындығында, Том сол күні сабаққа емес шомылуға барған еді. Мұны Томның інісі Сид байқап қояды. Себебі, таңертең Полли тәтей Томның жағасын ақ жіппен тігіп берген еді, ал мұнда қара жіппен тігіліп тұрды. Сид мұны бірден Полли тәтейге айтып, Томды ұстап беріп, сатқындық жасайды. Том ашуланып, келесіде Сидтің жазасын беретінін айтады.

Сатқындық мотивінің түпнұсқада берілуі: «While Tom was eating his supper, and stealing sugar as opportunity offered, Aunt Polly asked him questions that were full of guile, and very deep—for she wanted to trap him into damaging revealments. Like many other simple–hearted souls, it was her pet vanity to believe she was endowed with a talent for dark and mysterious diplomacy, and she loved to contemplate her most transparent devices as marvels of low cunning. Said she:

«Tom, it was middling warm in school, warn't it?»

«Yes'm [1, 1 б.]».

Бұл мотивтің қазақ тіліне аударылуы: «Том кешкі асын жеп, қантты ұрлайын деп жатқанында, Полли тәте оған қулыққа толы және өте терең сұрақтар қойды,өйткені ол оны ашуландырғысы келді. Полли тәте өзін адамның тілін тапқышпын деп есептейтін және осындай қу ойларын бір керемет ой шығарамын деп ойлайтын.Ол:

«Том, мектепте өте ыстық болған шығар?»

«Иә»

«Қатты ыстық, солай ма?»

«Иә»

«Сен суға барғың келмедіме, Том?»

Қулық мотиві . Қулық мотиві Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» шығармасында осылай берілген: Сенбі күні Том өзіне берілген жазаны орындау үшін шарбақты сырлауға шығады. Шарбаққа көз жүгіртіп еді, көңілі түсіп кетті. Себебі, шарбақтың ұзындығы үш метрдей болатын. Басқа жігіттердің мысқылынан қорыққан Том, бұл жұмыс оған ләззат беретіндей кейіп танытуды ойлайды. Бірінші көрші бала Бен оны мазақ ете бастап еді, бірақ Томның бұл жұмысты рахаттанып жасап жатқанын көріп, олда бұл жұмысқа қызығып кетеді. Сүйтіп шарбақты сырлап көруге рұқсат сұрайды.Ал Том шарбақты сырлау әркімге сеніп тапсырыла бермейтін жұмыс екендігін айтады. Ал Бен алған бетінен қайтпай, Томнан қолындағы алмасының орнына сыр жаққышын алмастыруды өтіне бастайды. Том бергісі келмегендей кейіп танытқанымен, бірақ ішінен қунана-қуана сыр жаққышын ұсынады. Ал Том демалып, алмасын кеміріп, басқа аңғал балаларды да торына түсіруді ойлайды. Ашық ауыз балалар шарбақ жанына мазақ етуге келеді де, ақырында өздері сырлай бастайды. Осылайша, бірнеше сағаттың ішінде Том бай болып шыға келді. Енді онда анқау балалардан айырбастаған өлі тышқан, қағаздан жасалған жылан, есіктің тұтқасы, бордың түйірі, пышақтың сабы — бәрі бар. Нәтижесінде Том қулығының арқасында, ештеңе істемей-ақ, уақытын көнілді өткізді. Ал шарбақ үш қабатпен сырланды, бояу таусылмағанда Том барлық балаларды кедей қылушы еді. Осы мотив Томның ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілетін көрсетеді.

Бала махаббат мотиві . Бала махаббат мотиві Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» шығармасында осылай берілген: Бұл мотив Бекки отбасымен Том тұратын Санк-Петербург қаласына көшіп келгеннен басталады. Бекки — қалалық сот Тэтчер мырзаның қызы, Томның сыныптасы. Том Беккиді бірінші рет көрген сәтте ғашық болады. Ол тіпті сол сәтте бұрынғы «ғашығы» –Эмми Лоуренсті ұмытып кетті. Олар сыныптас және партада көршілес болады. Том сүйіспеншілігенің белгісі ретінде қызға шабдалы беріп еді, бірақ ол алмады. Сосын Том қыздың назарын өзіне аудару үшін сурет салады. Бұл Беккиге ұнап, оған сурет салуды үйретуін өтінеді. Осылайша, Том оған өз сезімін білдіреді, Бекки де сезімін қабыл алады. Бірақ Том кездейсоқ бұрынғы сүйген қызы болғанын айтқан кезде, ол өзінің Томның алғашқы махаббаты болмағанына ренжіп, жылап кетіп қалады. Алайда, олар Томның Беккиді жазадан құтқарып қалғанынан кейін татуласады. Бір күні, Бекки үзіліс кезінде, мұғалімнің анда-санда оқитын жұмбақ кітабында не жазылғанын білу үшін, оның тартпасынан кітапты алады. Сол сәтте кенеттен сыныпқа Том кіріп қалады, ал Бекки қорқып кетіп, кітаптың бетін байқаусызда жыртып алады. Содан кейін мұғалім кітаптың жыртылғанын біліп, ашуланып, бұны кім жасағанын әр оқушыдан кезек-кезек сұрай бастайды. Кезек Беккиге келген кезде, ол үнсіз қалады. Бірақ кенеттен Том бұны өзі жасағанын айтып, кінәні өз мойнына алады. Содан кейін Бекки Томның батырлығына тамсанып, татуласады.

Түпнұсқада берілуі: «Presently the boy began to steal furtive glances at the girl. She observed it, 'made a mouth' at him and gave him the back of her head for the space of a minute. When she cautiously faced around again, a peach lay before her. She thrust it away. Tom gently put it back. She thrust it away again, but with less animosity. Tom patiently returned it to its place. Then she let it remain. Tom scrawled on his slate, 'Please take it—I got more.' The girl glanced at the words, but made no sign. Now the boy began to draw something on the slate, hiding his work with his left hand. For a time the girl refused to notice; but her human curiosity presently began to manifest itself by hardly perceptible signs [1, 11 б.]».

Мотивтің қазақ тіліне аударылуы: «Басқалар оған көңіл аудармай сыныптың іші ызыңдаған жағымсыз дыбысқа толды. Ол көзінің астымен жанындағы қызға қарап-қарап қояды.

Ал ол ернін түртитіп теріс қарады. Қыз байқатпай көршісіне қарап еді, сол бойда оның алдында шабдалы жатты. Том оны жәйменен алдына қарай жылжытып қойды. Қыз шабдалыны қайтадан жәй кері итерді, бірақ жүзінде реніш байқалмады. Том шабдалыны қаттырақ итеріп қыздың алдына қойды, қызда кері итермеді. Том кішкентай тақтаға «өтінемін алыңыз менде тағы бар» деп жазды. Қыз тақтаға қарадыда еш жауап қатпады. ОЛ енді тақтаға сурет салып бастады, бірақ сол қолымен жауып тұрды. Қыз алғашқыда көңіл бөлмегенімен кейінірек қызығушылық таныта бастады. Ақырында қыз сыбырлап; -Көруге беріңізші! –деді [2]».

Кек алу мотиві . Кек алу мотиві Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» шығармасында осылай берілген: Том мен Гек келісілгендей зиратқа келген еді. Онда олар үш адамның даусын естиді. Байқап қараса олар: Үнділік Джо, Мефф Поттер және жас дәрігер Робинсон екен. Дәрігер оларға мәйітті қазып алуды бұйырады. Алайда, кейінірек олардың арасында жанжал туындайды. Себебі маскүнем Поттер қосымша тағы ақы сұрайды. Дәрігер келісілген ақшаны алдын ала төлеп қойғанын айтып, қарсылығын білдіреді. Осы кезде Үнділік Джо онымен айырысатын басқа есебі бар екенін айтады. Осыдан бес жыл бұрын дәрігердің әкесінен тамақ сұрап барғанда қуып жібергені үшін және қаңғыбастығы үшін түрмеге отырғызғанына кек қайтаратын уақыттың келгенін айтады. Солай ұрыс басталып кетіп, Үнділік Джо дәрігер Робинсонға пышақ сұғып алады. Ал осы кезде Поттер мас еді, осыны пайдаланған Джо пышақты Поттердің қолына ұстатып, дәрігерді өлтіргеніне сендіреді. Пышақ Поттерге тиесілі болғанықтан, тұрғындардың барлығы оның қылмыскер екеніне сенеді. Осылайша Үнділік Джо дәрігер Робинсоннан кегін қайтарды. Үнділік Джо өте кекшіл адам болғаны соншалық, оның жесір Дугласта да қайтарылмаған кегі бар еді. Қуанышқа орай оның Дугласты өлтіру жоспарын Гекльберри Финн біліп қойып, оны құтқарып қалады. Ал Үнділік Джо тағы да қашып үлгереді [3, 38 б.].

Кітапта берілуі: «'Here it is,' said the third voice; and the owner of it held the lantern up and revealed the face of young Doctor Robinson.

Potter and Injun Joe were carrying a handbarrow with a rope and a couple of shovels on it. They cast down their load and began to open the grave. The doctor put the lantern at the head of the grave and came and sat down with his back against one of the elm trees [1, 14 б.]».

Мотивтің қазақ тіліне аударылуы: «-Осы жерде, -деген үшінші адам шамды көтергенде шам жас дәрігер Робинсонның бетіне түсті.

Поттер мен үнділік Джо зембіл, арқан, күрек алып моланы қаза бастады. Дәрігер шамды моланың басына қойдыда өзі ағашқа сүйеніп отырды.Олар балаларға жақын отырғаны соншалық, сәл қолдарын созса жететіндей еді».

Өтірік өлім мотиві. Өтірік өлім жасау мотиві Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері», «Гекльберри Финнің басынан кешкендері» туындыларында да кездеседі. Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» шығармасында осылай берілген: Томның басында мәселелері көбейіп кетті: тәтесімен түсініспеушлік, Беккидің одан бас тартуы, солай ол үйден қашуды ұйғарады. Оның жанына өзі сияқты шытырман оқиғаларды жақсы көретін Джо Гаппер мен Гекльберри Финн қосылады. Солай олар Санк-Петербургтан Джексон аралына жол тартады. Аралдағы өмір мінсіз болып көрінсе де, жігіттер үйлеріне қайтқысы келмесе де, ескі күндердің елесі маза бермеді. Бірақ Том оларды аралда қалуға көндіреді. Олар отбасыларының оларды іздеп жатқанын біледі. Том Полли тәтейді аяп, түнде жігеттер ұйықтап жатқанда, жасырынып оның жағдайын жағдайын білуге барады. Ауыл тұрғындардың барлығы балаларды өлді деп ойлайды. Үйіне барғанда Джоның анасы мен Полли тәтей қайғырып, олардың жерлеу рәсімін жоспарлап жатады. Бұны естіген Том жоспарын өзгертуге мәжбүр болады. Достарына оралған Том оларға жаңа жоспарын айтады. Томның жоспары күтпеген жерден өздерінің жерлеу рәсіміне барып, жиналғандардың бәрін таң қалдыру болды. Джо мен Гек Томның бұл ойына қуана-қуана келісті. Солай Томның жоспары сәтті болып, туыстарын сөзсіз қуантты.

Құтқару мотиві. Құтқару мотиві Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» шығармасында осылай берілген: Зиратта болған сұмдық оқиғадан кейін Мефф Поттерді кінәлі деп тауып, оның үстінен сот болды. Ал шындығында кінәлі қылмыскер Үнділік Джо еді. Бұл оқиғаның куәсі болған Том мен Гек ешкімге ештеңе айтпаймыз деп серттескен. Сотталушы Мефф Поттердің соңғы сөзі оның мас болғаны және бәрі кездейсоқ болғаны. Ал Томға ар азабы маза бермеді. Солай ол барлық болған жағдайды сотқа айтып беруге шешім қабылдайды және барлық шындықты жайып салады. Барлығына Үнділік Джо кінәлі болып, Мефф Поттер ақталады. Осылайша Том маскүнем Поттерді өлімнен аман алып қалды. Соттан кейін қаладағылардың барлығы Томды нағыз батыр деп санады.

Бұл мотивтің ағылшын тілінде берілуі: «Tom began—hesitatingly at first, but as he warmed to his subject his words flowed more and more easily; in a little while every sound ceased but his own voice; every eye fixed itself upon him; with parted lips and bated breath the audience hung upon his words, taking no note of time, rapt in the ghastly fascinations of the tale. The strain upon pent emotion reached its climax when the boy said: «—and as the doctor fetched the board around and Muff Potter fell, Injun Joe jumped with the knife [1, 32 б.]!»

Мотивтің қазақ тіліне аударылуы: «Біз өлген мысықтың денесін мұнда әкеліп көрсетеміз. Ал енді ештеңені қорықпай, жасырмай не көргеніңіздің бәрін айтып беріңіз. Том алғашында қорыққанымен, сөзі бірінен кейін бірі шыға берді, кешікпей сот залында тыныштық орнады, тек Томның ғана дауысы естілді, тыңдаушылардың барлығы оны ұйып тыңдағандары соншалық, тіпті уақыттың қалай өткенін білмеді, оның әңгімесі оларды түгел баурап алды.

Том кісі өлімі туралы айтқанда зал есеңгіреп қалды.

—Дәрігер Мефф Поттердің басынан тақтаймен ұрғанда ол құлады, ал үнділік Джо дәрігерге пышақ алып жүгірді...

Дәл сол сәтте үнділік Джо терезеден қашып кетті, оны ұстамақ болғандарды итеріп тастады, ол сондай! [4]».

Қазына іздеу мотиві . Қазына іздеу мотиві Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» шығармасында осылай берілген: Кез-келген жас баланың өмірінде басқа бір жаққа кетіп қалғысы келетін, жер астынан қазына тауып алғысы келетін кез болады. Сол ой Томның басына да келеді. Жанына нағыз лайықты жолдас — Геккльберри Финнді ертеді. Том мен Гек қазынаны ескі үйден іздеуге шешім қабылдайды. Онда олар Үнділік Джо мен оның серіктесінің қазынаны тауып алғанын көреді. Жігіттер олардың соңынан еріп, оның қазынаны қайда жасырғанын білуге шешім қабылдайды. Олар қонақ үйдегі бос бөлме туралы білді, оған түнде ғана баратын болып шешеді. Достарың айтуы бойынша ұрланған қазына осында жатыр. Жігіттер бөлменің кілтін алып, оны қарап шығуды ұйғарады. Том бөлмеге кірген кезде мас болып жатқан Үнділік Джоны көреді және оны оятып ала жаздайды. Содан бөлмеден шығып, келесі жолы қазынаға оралуды шешеді. Осы кезде Томның ғашығы Бекки қалаға оралып, достарына пикникке жиналуды ұсынады. Солай Том Беккимен үңгірге кетеді. Ал Гек Үнділік Джо мен оның серіктесінің соңынан жүре береді. Гек олардың Жесір Дугласты өлтіруге жоспар құрып жатқанын біліп қояды. Гек бірден фермердің үйіне жүгіріп барып, оған және оның ұлдарына алда болатын қастандық туралы айтады. Солай барлығы бірге Дуглас ханымды құтқарып қалады. Бірақ Үнділік Джо қазынаны алып қашып үлгереді. Осы кезде Том мен Бекки үңгірде адасып қалып, шығар жолды іздеуді шешеді. Іздеп жүріп жолда Том Үнділік Джоға тап болады. Бірақ ол қайтадан қашып кетеді, ал Том шығар жолды табады. Том мен Бекки аман-есен оралған соң, сот мырза болашақта осындай жағдайлар болмас үшін үңгірді жабуды бұйырады. Кейінірек белгілі болғандай, үндіс дуалдан өте алмай, үңгірде аштан өлген. Мұны білген Том мен Гек үңгірге барып, қазынаны тауып алып, барлық алтын тиындарды өздеріне алады. Жігіттер бірден бай болып шыға келді, бірақ олар үшін байлық ештеңені білдірмейді.

Келесі, Марк Твеннің «Гекльберри Финнің басынан кешкендері» шығармасындағы мотивтік көрсеткіштердің қазақша аударылу жолдарына назар аударайық.

Қарақшылық мотиві . Қарақшылар тобына қосылу мотивіжайында «Гекльберри Финнің басынан кешкендері»романының басында сипатталады. Том Сойер бір күн адасып кеткен бұрынғы үңгірге Гекльберри, достарымен бірге қайта барады. Осы жерде Том «қарақшылар компаниясын» жасағысы келетіндігін айтады. Қарақшылар тобына қосылу үшін барлығы ант айтып, қанмен қол қою қажеттілігіне бәрі келісуі керек.Антта: «Әрқашан бір-бірлерін қорғау және топтың құпиясын сақтау». Топтың негізгі мақсаты: ұрлау, тонау, өлтіру. Осындай оқиғаларды Том кітаптан оқығандығын айтады. Бірақ екі ай көлемінде «қарақшылар тобы» еш жұмыс атқармағаннан кейін Гек және тағы басқа достары топтан шығып кетеді.

Қарақшылық мотивтің түпнұсқада берілуі: «We went tiptoeing along a path amongst the trees back towards the end of the widow’s garden, stooping down so as the branches wouldn’t scrape our heads. When we was passing by the kitchen I fell over a root and made a noise. We scrouched down and laid still. Miss Watson’s big nigger, named Jim, was setting in the kitchen door; we could see him pretty clear, because there was a light behind him. He got up and stretched his neck out about a minute, listening. Then he says: «Who dah?» [5, 5 б.]».

Қарақшылық мотивінің қазақ тіліне аударылуы: «Аяқтың ұшымен ағаштардың арасынан өтіп, жесір әйелдің бағының соңына дейін бұтақтар басымызды тырнап алмас үшін үйректей жүрдік. Асхананың жанынан өтіп бара жатып, мен тамырға құлап, шу шығардым. Біз шалқалап қатып қалдық. Мисс Уотсонның Джим есімді ірі негрі ас үйдің есігінің алдында отыр еді; Біз оны анық көрдік, өйткені оның артында жарық бар еді. Ол орнынан тұрып, бір минуттай құлақ түрді. Сонда ол: «Кім?»

Гекльберри әкесімен бірге өмір сүру мотиві. «Гекльберри Финнің басынан кешкендері»романында Гекльберри әкесімен бірге өмір сүру мотиві осылайша суреттеледі:Бір күні көктем мезгілі кезінде, Гекльберриді әкесі ұстап алып, аралдың арғы жағындағы ормандағы үйге алып қашып кетеді. Ол жерден Гекке құтылу мүмкін емес еді. Әкесінің алып қашып кеткен себебі, Финн мырза баласының ақшасы көп, бай болғандығын білгді. Олар аң, балық аулап уақыт өткізді. Финн мырзаның ішімдігі таусылған кезде, Гекті сыртынан құлттап, үйден кетіп, аулаған балықтарын сатып, ақша тауып, жаңа ішімдік сатып алатын. Үйге келгендегі жасайтын іс-әрекеті: ішімдікке тойып алып, мас болып, баласын әрдайым ұрып-соғатын.Әкесінің ішімдікке салынғанынан басқа: орманда жасайтын іс-әрекеттері, әкесімен өткізілетін уақыт, бірге өмір сүру Гекке қатты ұнайтын. Себебі, ол мектепке бармайтын, ұқыпты киінбейтін, оған ешкім тиіспейтін еді. Осы ормандағы үйде Гек әкесімен бірге екі айдай өмір сүреді. Кейде Финн мырза, Гекльберриді қамап кеткендігін ұмытып, үш күнге дейін жоқ болып кеткен кездері де болған. Осындай жайлардың біраз қайталанғандықтан, Гекльберри бұған шыдай алмай, әкесі келесі кеткенінде, үйден қашып кету жоспарларын ойластырып, өз өлімін жасады [6].

Өтірік өлім мотиві. Өтірік өлім жасау мотиві Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері», «Гекльберри Финнің басынан кешкендері» туындыларында да кездеседі.«Гекльберри Финнің басынан кешкендері» шығармасында өтірік өлу мотиві былайша суреттеледі.Гекльберри өзінің әкесінен қашып кетуді жоспарлайды, тіпті Дуглас жесірдің үйіне де қайтып оралғысы келмейді. Үйінен сыртқа шыққанда, өзен жанымен жүзіп бара жатырған қайықты көреді, оны тығып қойып, қашып кетпекші болады. Алайда Гек өзінің өлімі секілді етіп жоспарлап, мұқият ойластырады.Финн мырза үйден кетіп қалған кезде, Гекльберри ойлаған жоспарын жүзеге асыра бастайды. Алдымен ең маңызды: қару-жарақ, тамақ, қант, жейтін, қоректенетін заттарды қайыққа апарып, тығып қояды. Балта алып сыртқы есікті сындыра бастайды, кішкентай жабайы торайды тауып алып, үйге әкеліп, өлтіріп, қанын жан-жаққа төгеді. Көп тасты қапшыққа салып, өзенге батырады. Шашын кішкене қырқып, балтаның бір жеріне жабыстырады. Ал өзі осы тірліктердің барлығын ойластырып, жасап болғаннан кейін, тығып қойған қайығымен Джексон аралына қашып кетеді. Келесі күні, жаман хабарды естіген қала тұрғындарының барлығы Гекльберриді іздей бастайды, 3–4 күн өткеннен кейін, оның денесін еш жерден таппағандықтан, Гекті өлді санап, барлығы қайғырады.

Кездесу мотиві. «Гекльберри Финнің басынан кешкендері» шығармасынада «Кездесу мотиві» екі рет суреттеледі. Біріншісі, Гекльберридің Джим негрмен кездесу мотиві және екіншісі досы Том Сойермен кездесу мотиві.Маскүнем әкесінен қашып кеткеннен кейін, аралда жалғыз өзі күн көре бастайды. Үш күн өткенненде, жаяу бара жатып, сөнген отты байқайды. Қашып кетіп, кешке қаруымен бірге қайтып оралғанда, Джим екендігін біліп, онымен кездеседі. Джим Гекльберриді көріп, таң қалып, оған алғашында сенбейді, себебі Джим Гектің қаза болғандығын білетін, оның әруағы деп ойлайтын. Алайда соңында Гекльберри шындықты айтып беріп, түсіндіреді. Дәл осындай жағдай, Гектің досы Томмен кездесекен кезде, Том Сойерді вагоннан күтіп алған кезінде болады. Себебі, досы Том Гекльберриді көргенде қатты шошып, қорыққан болатын.

Мотив түпнұсқада осылай берілген: «By the time it was night I was pretty hungry. So when it was good and dark I slid out from shore before moonrise and paddled over to the Illinois bank — about a quarter of a mile. I went out in the woods and cooked a supper, and I had about made up my mind I would stay there all night when I hear a plunkety — plunk, plunkety — plunk, and said to myself, horses coming; and next I hear people’s voices. I got everything into the canoe as quick as I could, and then went creeping through the woods to see what I could find out. I hadn’t got far when I hear a man say:

«We better camp here if we can find a good place; the horses is about beat out. Let’s look around [5, 42 б.]».

Мотивтің қазақ тіліне аударылуы: «Кеш кіре бастады, асқазаным мазамды алып қоймады. Қараңғы түскенде, жайлап өзенге бардым, ай туғанша Иллинойс жағасына — ол аралдан төрт миль жердей, бардым. Арманыма жетіп өзіме кешкі тамақ пісірдім, енді бүгін түнде осында қонып шығайын деп едім, кенет «цок — цок, цок — цок» деген дыбыс естідім, жылқы шығар деп ойладым, сосын басұа дауыстарды естідім. Мен тез — тез бәрін қайыққа салып, өзім жасырынып орман ішін аралауға кеттім. Көп ұзамай, дауыс шықты:

— Егер ыңғайлы жер тапсақ, осы жерге тоқтағанымыз дұрыс; аттардың жүруге шамасы қалмады. Қане, қарайық.

Алаяқтық жасау мотиві . Алаяқтық жасау мотиві «Гекльберри Финнің басынан кешкендері» шығармасында ғана бейнеленеді. Король мен Герцог көптеген алаяқтық жасайды және олар былайша суреттеледі: Король Гекльберримен қайыққа бірге пароходқа дейін барады, жолда бір баланы көріп, өздерімен ала кетеді. Жас жігіт өздерінің қаласындағы ауқатты Питер Уилкс атты кісі қайтыс болғандығын, оның отбасы, туыстары туралы айтып береді.Питер Уилкстің Гарви және Уильям есімді екі ағалары болатын, олар Англияда тұратындығын және әлі келмегендігін немесе мүмкін хатты алмағандығын түгелімен айтып жібереді. Осы кезде, жігітті пароходқа жеткізіп салып, өздері Герцогқа қарай жүзіп, барлығын айтады, екеуі осыған байланысты жоспар құрады.Король мен Герцог қалаға келіп, бай кісінің екі ағасымыз деп пайда көреді. Олардың інісінің қаза тапқандығын естігенде екеуіде қатты жылап, рөлге кіре бастайды. Король — Гарвиннің рөлін алды, Герцог — мылқау, сөйлей алмайтын Уильямды сомдады. Питер Уилкстің хатында: ағаларына — өз атынан фабрика, қазынасынан 3000 алтын долларды мұра ретінде қалдырғандығын жазған, ағасының қыздарына, яғни Мери Джейн, Джоанна, Сюзанна жиендеріне — үйді және ақшалай сыйлық қалдырғандығы хатта жазылған. Ағасының қыздары ақшаның барлығын екі алаяқтың қолына ұстатады және бірақ кейін олар ақшаны жоғалтып алады. Себебі, Гек олардың жақсы адамдарды алдап, пайда көріп жатқандығына шыдай алмай, табыттыңішіне жасырады, ақша сонда қалады, кейін табытты жерге көмеді. Король мен Герцогтың осындай рөліне, өтірік сөйлеп жатқандарына Дәрігер Робинсон ғана сенбеді, осы уақытта шын Гарви мен Уильям келіп қалады. Бірақ оларға еш бір жан мән бермей,сенімсіздікпен қарайды. Қайсысы шындықты, қайсысы өтірік айтып жатқандығын тексеру үшін Питер Уилскке байланысты сұрақтар қойып, табытты аштырады. Король мен Герцог бұрын қашып кетпегендіктеріне өкінеді. Табыты ашқаннан кейін, жұрттар қалта толы алтын ақшаны көргенде, барлығын дерлік ұмытып, екі көздері ойнақтап, тесіле қарайды. Ал екі алаяқ сәтті керемет пайдаланып, қаша жөнеледі. Бұлардың шындықтарын Гекльберри Мери Джейн — Питердің жиеніне айтып береді [7].

Құтқару мотиві. Құтқару мотиві Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері», «Гекльберри Финнің басынан кешкендері» романдарында кездеседі. Құтқару мотиві Марк Твеннің «Гекльберри Финнің басынан кешкендері» шығармасының соңында басты кейіпкерлердің Джимді құтқару осылайша суреттеледі. Король мен Герцог Джим негрді құлдыққа Фелпс мырзаға сатып жібереді. Фелпс мырза, Салли тәте — Том Сойердің туыстары. Гекльберри Фелпс мырза мен Салли тәтенің үйіне барғанда, олар Гекльберриді Том Сойер ретінде қарсы алады. Себебі, Том жақын уақыттарда Фелпс мырзаның үйіне келуі керек еді, және оны Гек күтіп алып, барлығын айтып түсіндіреді. Ал Том Сойер өзін Сид Сойер, оның өзінің інісі ретінде таныстырады. Гекльберри Джимге байланысты барлығын Томға айтып береді. Джимді Гекльберри және Том құтқару үшін жоспар құрады. Гектің жоспары: «Фелпс мырзадан кілтті ұрлап, Джимді босатып, қайықпен басы ауған жаққа қашып кету». Бұл өте оңай, тез бітетін жұмыс болғандықтан Том ұнатпады, ол Джимді тұтқын секілді құтқару, қиын әрі шытырман, қызықты болатындай етіп жоспар құруды бұйырды. Томның идеялары: тұтқынды шынжырдан босату үшін аяғын кесу, жерді қазу үшін пышақты пайдалану, киімдерден баспалдық жасау, оны нанға тығу, гүл өсіріп оны тұтқынның көз жасымен суғару. Бұл айтқан іс-әрекетінің біразы жүзеге аспаса да, Том жолынан таймай, өз ойын іске асырудан таңбады. Ақыры соңында қашып, Джимді бірге құтқарған кезде көп қаруланған адамдар арттарынан еріп, іздеп, Томды жарақаттайды.Шығарманың соңында, Том жазылады және екі ай бұрын Уотсон ханым қайтыс болғандығын, қаза таппай тұрып, Джимді азат, бостандықтағы адам екендігі туралы хат жазып кеткендігін айтады.

Құтқару мотивінің түпнұсқада берілуі: «They swarmed up towards Sherburn’s house, a — whooping and raging like Injuns, and everything had to clear the way or get run over and tromped to much, and it was awful to see. Children was heeling it ahead of the mob, screaming and trying to get out of the way; and every window along the road was full of women’s heads, and there was nigger boys in every tree, and bucks and wenches looking over every fence; and as soon as the mob would get break and skaddle back out of reach. Lots of the women and girls was crying and taking on, scared most to death [5, 148 б.]».

Мотивтің қазақ тіліне аударылуы: «Олар жабайы үндістерге ұқсап айқаймен жолда кенеттен кездескен біреулер болса, аяқтарымен таптап, нан қылып илейтіндей екпінмен Шерборнның үйіне келді. Бала біткеннің бәрі бірдеңке болса қайрылып кету үшін үлкендердің алдыңғы шебінде зымырап барады, терезелердің бәрінен әйелдердің бастары көрінді, ағаштардың басына негр балалар отырып алыпты: шарбақтардың арғы жағыанан қарап тұрған жігіттер мен қыздар тобырлар жақындағанда әрқайсысы әр жаққа бастарын ала қашты. Әйелдер мен қыздардың басым көпшілігі зәрелері ұшқаннан қалтырап — дірілдеп жылай береді».

Жоба жұмысы бойынша, екінші тарауда «Том Сойердің басынан кешкендері», «Гекльберри Финнің басынан кешкендері» шығармаларында 11 мотивтік көрсеткіштерін жаздық. Бұл тараудың қорытындысы ретінде, мотвтердің бір-бірімен айырмашылығын және ұқсастықтарын анықтадық.

Мотивтер

«Том Сойердің басынан кешкендері»

«Гекльберри Финнің басынан кешкендері»

Сатқындық мотиві

+

-

Құлық мотиві

+

-

Бала махаббат мотиві

+

-

Кездесу мотиві

-

+

Алаяқтық жасау мотиві

-

+

Кек алу мотиві

+

-

Құтқару мотиві

+

+

Қазына іздеу мотиві

+

-

Қарақшылық мотиві

-

+

Әкесімен бірге өмір сүру мотиві

-

+

Өтірік өлім мотиві

+

+

Әдебиет:

  1. Mark Twain. The Adventures of Tom Sawyer. — United States,1876–48p.
  2. Большой англо-русский и русско-английский словарь / Big English-Russian Russian-English Dictionary
  3. Марк Твен. Том Сойердің бастан кешкендері. Хикаят./- Астана: Аударма, 2011–240 бет.
  4. Активный англо-русский словарь-минимум / ActiveEnglish-RussianMini-Dictionary
  5. Mark Twain. The Adventures of Huckleberry Finn. — United States, 1893–303p.
  6. 3500 английских фразеологизмов и устойчивых словосочетаний
  7. Mark Deming. The Adventures of Tom Sawyer and Huckleberry Finn (1981) — Stanislav Govorukhin (англ.).http://allmovie.com/
Основные термины (генерируются автоматически): том, король мен, мена, ала Том, оса, бар, бал, казахский язык, мотив, система образов.


Ключевые слова

мотив, сюжет, шығарма, образдар жүйесі, аудару

Похожие статьи

Айтыс - халық өмірінің жарқын көрінісі | Статья в журнале...

Мен – қылыш, ал сен болсаң қын секілді, Мен өтірік, ал сен болсаң шын секілді.

Әлеуметтік саладағы осы келеңсіздік екі ақынға да ортақ. Шорабек те «Жау шаппай-ақ азып-тозған Жаңатастың халін, Ресей бомбылаған Грозный қаласымен» салыстырады.

Казахские жузы и клановая система Золотой Орды

Библиографическое описание: Сабитов, Ж. М. Казахские жузы и клановая система Золотой Орды / Ж. М. Сабитов.

Поняв, как возникла Классическая жузовая система времен Тауке-хана у казахов

Есть две версии интерпретации данного названия: ала ту (пестрое знамя) и Алатау...

Мотивы нравственно-правового воспитания в творчестве...

История свидетельствует о том, что кочевые племена казахской степи были не только воинами и скотоводами, но и

Активная жизненная позиция Бухар-жырау свидетельствует о том, что уже в молодом возрасте он был бием. Вместе с Толе би, Казыбек би и Айтеке би он участвовал в...

Семантическая структура фразеологических единиц...

В то же время, писатель, по необходимости целесообразно используя фразеологические сочетания с фразеологического фонда

Видо-цветовые наименования составляют самую древнюю группу лексики всех языков, входит в состав многих фразеологических сочетаний.

Жамбыл Жабаев – выдающийся поэт, акын-импровизатор

Величие Жамбыла заключается в том, что он сумел стать как бы сознанием самого народа, на

После того Байдыбек со своим аулом, перекочевал на землю Орта жуз и Киши жуз.

Сильная нужда иметь ребенка как традиционный сюжетный мотив характерен казахскому.

Историзм эпопеи Мухтара Ауэзова «Путь Абая» | Статья в журнале...

Образ Абая — один из сложнейших образов в казахской литературе. Великий поэт изображен в многосторонней связи с эпохой, с народом, со всеми слоями общества. Он находится в сильнейшем водовороте проблем того времени.

Конфуций мен әл-Фарабидің рухани мұрасы | Статья в журнале...

Осы заман ислам дәуірінде болуға тиіс табиғи, ғылыми, тарихы бар жетістіктер, оқиғалар, апаттар – бәрі де исламның кітабында «Құран-Кәрімде» бар, оларды алдын ала ескерткен.

1. Аристотель. Сочинения в четырех томах. Том 4. - Москва 1983.

Билингвистический текст: конгломерат лексических единиц

Для того чтобы понять важнейшие аспекты современного явления, без которых

В таких произведениях текст опирается на казахскую культуру.

Высокая употребительность таких слов приводит к тому, что носитель русского языка не...

О переходе казахской письменности на латинскую графику

Алфавит любого языка условен в передаче на письме звуков речевого потока живой речи.

При составлении казахского алфавита на основе латинской графики, безусловно, следует учитывать орфографические и фонологические законы.

Похожие статьи

Айтыс - халық өмірінің жарқын көрінісі | Статья в журнале...

Мен – қылыш, ал сен болсаң қын секілді, Мен өтірік, ал сен болсаң шын секілді.

Әлеуметтік саладағы осы келеңсіздік екі ақынға да ортақ. Шорабек те «Жау шаппай-ақ азып-тозған Жаңатастың халін, Ресей бомбылаған Грозный қаласымен» салыстырады.

Казахские жузы и клановая система Золотой Орды

Библиографическое описание: Сабитов, Ж. М. Казахские жузы и клановая система Золотой Орды / Ж. М. Сабитов.

Поняв, как возникла Классическая жузовая система времен Тауке-хана у казахов

Есть две версии интерпретации данного названия: ала ту (пестрое знамя) и Алатау...

Мотивы нравственно-правового воспитания в творчестве...

История свидетельствует о том, что кочевые племена казахской степи были не только воинами и скотоводами, но и

Активная жизненная позиция Бухар-жырау свидетельствует о том, что уже в молодом возрасте он был бием. Вместе с Толе би, Казыбек би и Айтеке би он участвовал в...

Семантическая структура фразеологических единиц...

В то же время, писатель, по необходимости целесообразно используя фразеологические сочетания с фразеологического фонда

Видо-цветовые наименования составляют самую древнюю группу лексики всех языков, входит в состав многих фразеологических сочетаний.

Жамбыл Жабаев – выдающийся поэт, акын-импровизатор

Величие Жамбыла заключается в том, что он сумел стать как бы сознанием самого народа, на

После того Байдыбек со своим аулом, перекочевал на землю Орта жуз и Киши жуз.

Сильная нужда иметь ребенка как традиционный сюжетный мотив характерен казахскому.

Историзм эпопеи Мухтара Ауэзова «Путь Абая» | Статья в журнале...

Образ Абая — один из сложнейших образов в казахской литературе. Великий поэт изображен в многосторонней связи с эпохой, с народом, со всеми слоями общества. Он находится в сильнейшем водовороте проблем того времени.

Конфуций мен әл-Фарабидің рухани мұрасы | Статья в журнале...

Осы заман ислам дәуірінде болуға тиіс табиғи, ғылыми, тарихы бар жетістіктер, оқиғалар, апаттар – бәрі де исламның кітабында «Құран-Кәрімде» бар, оларды алдын ала ескерткен.

1. Аристотель. Сочинения в четырех томах. Том 4. - Москва 1983.

Билингвистический текст: конгломерат лексических единиц

Для того чтобы понять важнейшие аспекты современного явления, без которых

В таких произведениях текст опирается на казахскую культуру.

Высокая употребительность таких слов приводит к тому, что носитель русского языка не...

О переходе казахской письменности на латинскую графику

Алфавит любого языка условен в передаче на письме звуков речевого потока живой речи.

При составлении казахского алфавита на основе латинской графики, безусловно, следует учитывать орфографические и фонологические законы.

Задать вопрос