Бастауыш сыныпта «Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралын пайдаланудың маңызы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №14 (409) апрель 2022 г.

Дата публикации: 07.04.2022

Статья просмотрена: 678 раз

Библиографическое описание:

Омарова, Г. Ж. Бастауыш сыныпта «Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралын пайдаланудың маңызы / Г. Ж. Омарова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 14 (409). — С. 349-351. — URL: https://moluch.ru/archive/409/90138/ (дата обращения: 20.04.2024).

Берілген мақалада бастауыш сыныпта «Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралын пайдаланудың маңыздылығы қарастырылады.

Кілт сөздер: білім, бастауыш сынып, сөздік.

В данной статье рассматриваются значение использования вспомогательного пособия «Мой первый словарь» в начальном классе.

Ключевые слова: образование, начальный класс, словарь.

Бүгiнгi күнi бiлiмдi дайын күйiнде қабылдамай, оны өздiгiмен iздеп, құрастыру қажеттiгi, өздiгiмен құрастырылған бiлiмнiң есте ұзақ уақытқа сақталатындығы дәлелденiп отыр. Бiлiмдiк парадигмадан таным үдерiсiне қатысушылардың белсендi әрекеттерiн талап ететiн әрекеттiк парадигмаға көшу — бiлiм берудегi жаңа бағыт. Оқушылардың өзіндік ізденісіне, өз бетінше білім алуына мән берілген жаңа білім беру стандартының «Тіл мен әдебиет» білім беру саласында бастауыш мектептің 4-сыныбын бітіргенде «оқушы түрлі дереккөздерінен қалай ақпарат табуды біледі» — деп, күтілетін оқыту нәтижелерінде атап көрсетеді [1, 9 б.]. Бұл өз кезегінде бастауыш мектептегі қазақ тілі сабақтарында оқушылардың әртүрлі анықтамалық-энциклопедиялық дереккөздермен (сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар) жұмыс істеуіне жағдай жасауды талап етеді. Мұндай дереккөздермен жұмысты дұрыс ұйымдастыру оқушының жаңа ақпарат алуымен қатар оның сөйлеу әрекетін белсендендіреді.

Осы стандарт талаптарына сәйкес әзірленген бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламаларында: «Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін білім алушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады» [2], — деп, бiлiм алушылардың белсендi әрекеттерiн ұйымдастыруға аса мән берілген. Белсендi әрекет арқылы шәкiрттер бiлiмдi өздiгiнен меңгередi. Сондықтан да дереккөздерден өз бетінше ақпарат ала білу — бастауыш сынып оқушыларының танымдық әмбебап оқу әрекетінің ең маңыздыларының бірі. Қазіргі оқулықтардағы тапсырмалар мен жаттығулар дайын білімді механикалық жаттаудан ақпаратты дереккөздерден іздеп табуға берілген, алайда ол тапсырмаларды орындау әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілмеген. Бұны бастауыш сыныптарға арналған сөздіктердің жоқтығымен және оқушыларды сөздік пайдалануға үйрету әдістемесінің тіпті зерттелмегендігімен түсіндіруге болады.

Оқулықтa оқушылaрдың өз бетімен дереккөздермен жұмыс істеуіне берілген тaпсырмaлaр, көбіне, «мәтіннен түсінбеген сөздеріңді белгілеп, олaрдың мaғынaлaрын түсіндірме сөздіктен біліп aл» деп беріледі. Мұндaй тaпсырмaны орындaу үшін, оқушы aлдымен түсіндірме сөздік деген не, одaн қaжет сөздерді қaлaй тaбуғa болaтынын білуі керек.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды сөздікпен жұмысқа баулу, біздің ойымызша, сөздік пайдалану алгоритмін әзірлеу арқылы 1-сыныптан бастау алу керек. Бұл әрі қарай «Қазақ тілі» оқулықтарындағы дереккөздермен жұмыстың іске асуына мүмкіндік туғызады.

1-сыныптың сауат ашу кезеңінде оқушы үшін түсініксіз сөздер көптеп кездеседі. Сауат ашу кезеңінде оқу мен жазу дағдысын қалыптастырып, жетілдірумен қатар оқушылардың ана тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру басты міндеттердің қатарында. Осыған сәйкес оқулықта ұлттық салт-дәстүрге қатысты көнерген сөздер, тарихи, кәсіби лексика, ғылым мен техникаға қатысты термин сөздер де кездеседі. Сөз мағынасын түсінгенде ғана бала мәтіндегі ойды түсінетіні белгілі. Сондықтан сөздік жұмысы түсіндірмелі оқумен тікелей байланыста қарастырылады.

Бұл мәселені шешуде бала өзінің сенімді көмекшісі бар екенін, ол — сөздік екенін сезіну керек. Бүгінгі күні сөздік әрбір баланы өз бетінше білім іздеуге үйрететін досы және көмекшісі бола алады.

И. И. Срезневский «Об изучении родного языка вообще и особенно в детском возрасте» атты кітабында оқушыларды «сөзді дұрыс қолдануға үйрету» міндетін орыс тілін оқытудағы күрделі мәселелердің қатарына жатқызады [3, 34 б.]. Сондай-ақ ол мұғалімге балалардың назарын мағынасы түсініксіз сөздерге аударуды, оның мағынасына терең бойлап әрі оны нақтылап, сөздердің байланысуы туралы ойланып, олардың мағынасын сөздік және анықтамалықтардың көмегімен өз беттерімен ашуға үйретуді ұсынады. Ғалым «оқушылар синоним сөздердің байлығын меңгеру, сондай-ақ оларды сөйлеу қателерін жібермеудің алдын алып, тура мағынасында қолдану білігін» меңгеру қажет деп санайды.

Сауат ашу кезеңінде оқылым бөлімі бойынша оқушының сөздердің мағынасын (мағынасы жуық сөздер, қарама-қарсы мағыналы, көп мағыналы) ажырата алу және әліпби ретімен құрылған дереккөздерден яғни суретті кітаптар, сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялардан қажетті ақпараттарды (мұғалімнің жетекшілігімен) табу міндеті қойылған [4]. Оның шешімін табу үшін алдымен осы кезеңнің мақсат, міндеттері мен оқушының жас ерекшелігіне сай суретті кешенді оқу сөздігінің қажеттігі байқалады. Бұл сөздік бастауыш сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешеннің құрамына кіретін көмекші құрал болмақ. Ол оқушыларға тілдің арнайы таңдалған фактілерімен бетпе-бет келіп, оны өз бетінше салыстыруға, талдауға, өз болжамдары мен шешімдерін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Сөздік материалын құрастырудағы негізгі ұстаным — сөздіктің кешенділік сипаты. Мұнда сөз мағыналары әржақты сипатталып, синоним, антоним, омонимдік құбылыстармен материалдар іріктеледі. Сөздіктің алғашқы беттерінде оқушыға арналған алғысөзбен қатар әліпби ретімен орналасқан суретті әріптер оқушының әліпби ретімен орналасқан сөздерді оңай табуына жәрдемдеседі.

Биылғы оқу жылында «Әліппе» оқулығына қосымша «Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы ұсынылды. 1-сыныпқа арналған алғашқы сөздік оқушыға «Әліппедегі» оқу материалдарын меңгеруде кездескен жаңа сөздердің мағынасын түсініп, оларды ажырата білуде көмекке келеді. Суретті сөздікте «Әліппе» оқулығындағы оқушының түсінуіне қиындық тудыратын сөздерге қысқаша түсініктеме беріліп, кей сөздердің синонимдік қатары немесе антоним болатын сөздері іріктеліп түсіндірілген. Осыған сәйкес сөздік 3 бөлімнен тұрады [5].

  1. «Сөзді түсініп үйренемін».
  2. «Мағынасы жақын сөздер».
  3. «Мағынасы қарама-қарсы сөздер».

Бұл бөлімдер оқушыларда түсіндірме сөздік, синонимдер сөздігі және антонимдер сөздігі туралы түсінік қалыптастыра отырып, алдағы уақытта әртүрлі лингвистикалық сөздіктермен жұмыс істеу білігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 1-сынып оқушысы әліпби ретімен құрылған суретті сөздіктен сынып мұғалімі мен үйдегі ересектердің қолдауымен қажетті ақпараттарды табады.

Сөздікте берілген сөздердің лексикалық мағынасын қысқа және кіші мектеп жасындағы оқушының ұғымына түсінікті түрде ашуға тырыстық. Сонымен бірге, сөздік мақала оқушыға сөз мағынасының жүйелі сипатын сезінуге мүмкіндік береді, яғни сөздің тура мағынасымен қатар ауыспалы мағынада да қолданылуын, айтылуы мен жазылуы бірдей сөздердің әртүрлі мағына беретінін бақылай алады. Осыған сәйкес олардың сөз тіркесі мен сөйлем ішіндегі қолданысы беріледі.

Бүгінгі күні лексикографиялық дереккөздермен жұмыс жасаудың маңызы арта түсуде, өйткені білімнің барлық салаларында ақпараттың өте жылдам жинақталуы жағдайында лексикалық бірліктер туралы сенімді ақпаратты жедел алу үшін сөздіктердің маңызы ерекше. Сондықтан да жаңа оқу-әдістемелік кешендер 1-сыныптан бастап оқушылардың белсенді, өз бетінше білімді меңгеру формалары мен ақпаратпен жұмысына негізделген.

Әдебиет:

  1. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. -Астана, 2018. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/v1800016989
  2. Бaстaуыш білім беру деңгейінің 2–4 сыныптaрынa aрнaлғaн «Қaзaқ тiлi» пәнінен үлгілік бaғдaрлaмaсы (oқыту қaзaқ тiлiнде). — Aстaнa, 2018. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424
  3. Срезневский И. И. Об изучении родного языкa вообще и особенно в детском возрaсте. — М.: Книгa по Требовaнию, 2012. — 95 с.
  4. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022409
  5. Жұмабаева Ә.Е., Омарова Г. Ж. Менің алғашқы сөздігім. Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған. — Алматы: Атамұра, 2021. — 72 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, начальный класс, родной язык.

Ключевые слова

білім, бастауыш сынып, сөздік

Похожие статьи

Взгляд на преподавание родного языка в начальных классах...

Методы обучения родному языку в начальных классах средней... родной язык, ученик, мозговой штурм, учебный материал, класс, общеобразовательная школа, урок, ребенок, творческая. Взгляд на преподавание родного...

Особенности изучения местоимений в начальной школе

Методика обучения русскому языку в начальных классах.- М., 1987. Г.Ю. Колычева.

Львов М. Р., Горецких В. Г., Сосновская О. В. Методика преподавания русского языка в начальных классах – М.: Изд.

Методы обучения родному языку в начальных классах средней...

В начальных классах, в основном, преподаются несколько предметов, знание которых может пригодиться человеку в течении всей его последующей жизни. Это чтение, математика, родной язык, труд и рисование. Уроки чтения призваны улучшить методику речи ученика...

Раннее обучение иностранному языку: плюсы и минусы

иностранный язык, раннее обучение, язык, детский сад, родной язык, дошкольный возраст, обучение, ребенок.

Дошкольный период считается благоприятным для изучения иностранного языка. Нагрузка на детей в начальных классах велика, как интеллектуальная, так и...

Роль народной сказки в обучении учащихся начальной школы...

 Стандарт начального общего образования по иностранному языку указывает, что изучение иностранного языка в начальной школе направлено на: 1) приобретение начальных умений говорения и письма с представителями иносоциума с соблюдением правил речевого и...

Формирование личностных результатов школьников в процессе...

Язык — основное доступное всем средство самопознания, самовыражения и развития творческих способностей. Овладение системой языка, навыками речевой деятельности помогает лучше понять себя и других, овладеть системой нравственных и эстетических...

Методика преподавания русского языка в начальных классах...

Учителя начальной школы, не владея методикой преподавания русского языка как иностранного, вынуждены самостоятельно искать выход из затруднительного положения.

Методы обучения родному языку в начальных классах средней общеобразовательной...

Формирование читательской компетентности у учащихся...

Через уроки родного языка в начальных классах хотелось бы посмотреть на родную Туву, свой родной край, свою Родину глазами детских

Формирование читательской компетентности учащихся начальной школы на основе принципа опоры на родной язык и привитие интереса к...

Развитие речи как средство обучения младших школьников...

Развитие речи — важная задача обучения родному языку.

сочинение, умение, картина, начальная школа, русский язык, развитие речи, класс, учащийся, примерная тематика сочинений-описаний, устное описание.

Задать вопрос