Қазақстан Республикасындағы спорт саласының даму мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №14 (409) апрель 2022 г.

Дата публикации: 11.04.2022

Статья просмотрена: 489 раз

Библиографическое описание:

Сатканова, Р. Г. Қазақстан Республикасындағы спорт саласының даму мәселелері / Р. Г. Сатканова, З. К. Доскенова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 14 (409). — С. 351-353. — URL: https://moluch.ru/archive/409/90075/ (дата обращения: 24.04.2024).

Бұл мақалада автор Қазақстандағы спорт саласының дамуында бүгінде туындап жатқан мәселелері мен олардың салдарын айқындайды.

Кілтті сөздер: спорт, инфрақұрылым, жаттықтырушы, спорттық резерв, даярлау, жаттығу процесі.

В этой статье автор описывает проблемы развития сферы спорта в Казахстане, причины и следствия их возникнованения.

Ключевые слова: спорт, инфраструктура, тренер, спортивный, даярлау, тренировочный процесс.

Спорт индустриясын басқару жүйесі мемлекеттік қатысу деңгейі жоғары кеңес моделі мен өзін-өзі реттеу үлесі басым нарықтық моделін қамтитын өтпелі кезеңді кешуде. Бұл ретте посткеңестік мемлекеттердің көпшілігінде тиімді іске асырылатын механизмдер (мысалы спортшыларды дайындаудың орталықтандырылған моделі) қажетті эффект бере алмайды, ал өз кезегіндегі квазинарықтық механизмдер (кәсіби федерациялар, клубтар және т. б.) іс жүзінде мемлекеттік демеуқаржыға деген тәуелділігін сақтай отыра, өздерінің стратегиялық міндеттерін орындамайды.

Қазіргі таңда спорт индустриясы даму қарқынының төмен болуы спортты басқару институттарының тиімді жұмыс істеу және өзара әрекеттесуінің болмауымен айқындалады. Сонымен қатар, респбуликалық, жергілігікті, мемлекеттік емес (федерациялар, клубтар және т. б.) ұйымдар және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен іске асырылатын саясаттарының бір бағытты ұстанбауы спорт саласынының біртұтастығына кері әсер етеді.

Бүгінде мемлекетімізде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (әрі қарай — Министрлік) спорт саласының барлық аспектілерін заңды түрде реттеуші мемлекеттік орган болып табылады. Алайда, іс жүзінде ол спорт индустриясының субъектілеріне тікелей әсер ету механизмдеріне ие бола алмайды және мемлекеттік спорт саясатын іске асыру мақсатында қолданылатын ресурс көздерін үлестіруге қатыса алмайды. Мысалы, Министрлікте территориялардың қажетті спорт инфраструктурасымен қамтамасыз етілу қажеттіліктерінің нормаларын анықтау құзыреттілігі жоқ. Бұл ретте жергілікті территория әкімшіліктері генералды архитектура жоспары мен демеуқаржы көлемін өздігінен айқындайды. Нәтижесінде өңірлер арасында спорттық инфраструктурамен қамтылу диспропорциясы байқалады. Спорттың дамуы мен ағымдағы жағдайы тегін қалалық спорттық, мектеп алаңдарын қамтитын қажетті инфраструктураның болуынан міндетті түрде тәуелді. Бүгінде еліміздегі бар спорттық объектілер спортпен айналысуға ынтасы бар азаматтар үшін қолжетімді емес. Мектеп спорты бұқаралық спорттың ең маңызды құраушысы болып табылады. Осы ретте оның спорттық залдармен қамтамасыз етілуі — негізгі фактор. Елімізде мектептердің 20 % қажетті спорттық залдармен және құрал-жабдықпен қамтамасыз етілмеген. Мұндай көрініс мектеп оқушыларына мектеп бағдарламасының аясында толыққанды спортпен айналысуға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, қаржының балалар мен жасөспірімдер инфраструктурасынан гөрі жоғары жетістіктер спортына бөліну тенденциясы бар.

Спорт индустриясының ең маңызды мәселелерінің бірі — бұл спорттық резервті даярлау. Бұл мәселе дене шынықтыру мен спортты басқару органдарының алдында тұрған маңызды мемлекеттік тапсырма болып табылады. Әр спорт түрлері бойынша ұлттық құраманы жүйелі түрде талантты спортшылармен толықтырмай, халықаралық аренада үлкен жетістіктерге жету мүмкін емес. Жас спортсмендерді даярлаудың негізгі сатыларының бірі — спорттық мектептер. Жалпы бүгін елімізде спорттық мектептерді оңтайландыру жүйесін тоқтату қажет. Керісінше өңірлердегі спорттық мектептерді қаржыландыру мөлшерін ұлғайту приоритетті мәселеге айналуда. Әсіресе материалдық-техникалық база (спорт объектілері, құрал-жабдық, инвентарь), сапарлық спорттық іс-шаралар (оқыту-жаттығу жиындары, республикалық және халықаралық турнирлер) бағыттарына көп көңіл бөлу керек. Мысалы, өңірде мұз айдынымен байланысты спорт түрлерін дамытуға маман, потенциалды спортшылар болғанымен бір ғана мұз алаңында барлығын шоғырландыру физикалық түрде мүмкін емес. Сондықтан мультифункционалды спорт объектілерін қаржыландыру өзекті мәселе болып табылады. Сапарлық спорттық іс-шараларды маңыздылығы жайлы айтатын болсақ, жарыс практикасының болмауы тұрақты нәтижелерге, жетістіктерге әкелмейді. Сол себепті спортшылар жарыстарда өз мүмкіндіктерін тексеру және тәжірибе алу мақсатында өздігінен қаржы іздей бастайды. Бұл, әсіресе, дарынды, ешбір қолдаусыз өзін көрсетіп жақтан спортшыларға қатысты мәселе.

Спортшыларды даярлау процесінің негізгі базасы — бұл кәсіби мамандар, яғни жаттықтырушылар. Бүгінде кәсіби жаттықтырушылардың жеткіліксіз дейгейде (жылына орташа есеппен 1000 адам) болуы олардың тиісті әлеуметтік қамтамасыз етілмеуінде жатыр. Мысалы, қазіргі таңда категориясы жоқ тренердің еңбекақысы 65447 теңгені құрайды [1]. Бұл жас мамандардың басқа салаларға, көбінесе шет елдерге кетуіне әкеліп соқтырады. Сол себепті ең алдымен жаттықтырушылардың жалақысын көтеру мәселесін шешу қажет. Сонымен қатар, өңірде қандай да бір спорт түрін инфраструктураның болғанына қарамастан дамыту мүмкіншілігі болмайды. Өйткені өңірге жаттықтырушыны шақыру үшін оның әлеуметтік қажеттіліктерін (үй мәселесі, еңбекақы және т. б.) қамтамасыз ету мүмкіндігінің болуы аса маңызды. Осы ретте, мысалы Норвегия мемлекетінің тәжірибесін назарға алуға болады. Оларда халықаралық жаттықтырушылар саны аса көп емес. Өмірінің барлық уақытын отбасыларына алыста жарыстар мне оқу-жаттығу жиындарында өткізу аса оңтайлы шешім емес. Бұл елдің жоғары спорттық дәрежедегі жаттықтырушылары контракт шарттарына сай арнайы ақпараттық жүйеде жаттығуларының күнделігін жүргізеді. Бұл деректерді статистикалық және сапалы талдау үшін, жаттығу мәліметтерінде заңдылықтарды іздеуге және ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру үшін айтарлықтай жеңіл тәсіл болып табылады. Басқа жаттықтырушылар кәсіби мамандардың жаттығу жоспарымен таныса отыра өздерінің жұмыстарын сапалы атқара алады [2].

Дене шынықтыру және спорт — жастардың денсаулығымен, олардың бос уақытты өткізу тәртібімен, бейәлеуметтік әрекеттерімен тікелей байланысты жастар саясатының маңызды бөлігі. Жастар спорты — жоғары жетістіктер спортының фундаменті. Осы ретте балалар мен жасөспірімдерді спорттық даярлау жүйесін жетілдіру, сонымен қатар мектеп және студенттік спортты дамыту жағдайын жақсарту қажет. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінде мектеп және студенттік лигалар өте жақсы дамыған. Спортпен айналысу және атақты спортшы болу мектепте аса беделді статус болып табылады. Бұл колледжге немесе университетке тегін оқу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ал біздің елімізде мектеп және студенттік лигалар аса дамымаған. Осындай жүйенің ойдағыдай дамуының нәтижесінде мемлекетіміз ұлттық құрамалардың қатарына кіретін мықты спорт резервіне және дені сау, спорттық қауымға қол жеткізеді. Сондықтан, спортшыларға арнайы грант бөлу мәселесі және жоғары оқу орындарының басшыларын оқу үрдісіндегі спорт үлесін кеңейту мақстында ынталандыру төңірегінде жұмыс атқару қажет.

Жоғарыда аталып кеткен мәселелердің оң шешілуі еліміздің спорт саласындағы даму нәтижелерін бірнеше сатыға көтеруге тиісті.

Әдебиет:

  1. О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий// URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1500001193
  2. Жирухин А. О доступности спорта в Норвегии// URL: https://bepowerback.livejournal.com/64717.html. (Дата обращения:02.04.2022)
Основные термины (генерируются автоматически): спорт, URL, мена, Норвегия.

Ключевые слова

спорт, инфрақұрылым, жаттықтырушы, спорттық резерв, даярлау, жаттығу процесі

Похожие статьи

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

Дене шынықтыру және спорт жаттығулары адам организімінің өзара үйлесімді әрекетте болуын қамтамасыз етеді.

Дене шынықтыру және спорт жаттығулары организімді нығайтуға мақсатында орындалады. Соның нәтижесінде денеге мынандай сапалық өзгерістер іске асады.

Влияние пандемии COVID-19 на спорт | Статья в журнале...

Ключевые слова: спорт, спортивные мероприятия, пандемия, коронавирус, меры профилактики, развитие спорта в

Пандемия COVID-19 оказала существенное влияние на мировой спортивный календарь 2020–2021 годов: были отложены или отменены многие...

Современное состояние и перспективы ветроэнергетики в мире

Помимо Китая и США, пятью крупнейшими странами по установке наземных ВЭУ стали Бразилия (2,3 ГВт), Норвегия (1,53 ГВт) и Германия (1,43ГВт). Также показал рост офшорный или морской ветроэнергетический рынок, установив более 6 ГВт установленной мощности (Рисунок 4).

Цифровая трансформация в индустрии спорта | Статья в сборнике...

Ключевые слова: спорт, физическая культура, цифровизация, цифровая трансформация. Неотъемлемой частью развития современного мира является внедрение цифровых технологий. На данном этапе в мире активно взят курс на цифровизацию экономики и информатизацию...

Различные способы получения лецитина из продуктов...

В настоящий момент российская пищевая промышленность испытывает потребность в качественных натуральных эмульгаторах, в частности в лецитинах. Создание современных масложировых, кондитерских и хлебопекарных продуктов подразумевает использование...

Сюжеттік–рөлді ойындар және оны ұйымдастыру әдістемесі

Спорт, ойындар, серуен, мектептен тыс кездесулер кезіндегі пікірталастар, әсерлі әңгімелер, мұражайға, театрға немесе классикалық музыка концертіне бірге бару, үйірмелер, театрланған сабақтар – осының бәрі рухани-адамгершілік тәрбие үшін тамаша құралдар.

Соғыс жылдары Қазақстан майдан арсеналына айналды

оса, мена. Қазақстан мен астананың тәуелсіздігі. Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім. оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Школьный обмен как разновидность проектной деятельности при...

Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың...

мена, маман. Похожие статьи. Биология мамандығы студенттері үшін «Эмбриология» курсының...

Задать вопрос