Қазақстандық қоғамды саяси жаңғыртудағы Қазақстан халық партиясының рөлі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №52 (394) декабрь 2021 г.

Дата публикации: 23.12.2021

Статья просмотрена: 13 раз

Библиографическое описание:

Уалихан, Ж. Ш. Қазақстандық қоғамды саяси жаңғыртудағы Қазақстан халық партиясының рөлі / Ж. Ш. Уалихан. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 52 (394). — С. 442-446. — URL: https://moluch.ru/archive/394/87237/ (дата обращения: 20.04.2024).



Бұл ғылыми мақалада парламентте он жылдық тарихы бар солшыл партия — Қазақстан Халық партиясының қоғамдық-саяси қызметі қарастырылады. Зерттеудің аталған тақырыбының өзектілігі, ең алдымен, біз бәріміз саяси процесстің қатысушысы екенімізден туындайды.

Кілтті сөздер: саяси партия, парламентаризм, сайлау, саяси модернизация.

В данной научной статье рассматривается общественно-политическая деятельность левой партии — Народной партии Казахстана, которая имеет десятилетнюю историю в парламенте. Актуальность данной темы исследования обусловлена, прежде всего, тем, что все мы являемся участниками политического процесса.

Ключевые слова: политическая партия, парламентаризм,выборы, политическая модернизация.

1991 жылы Кеңес Одағынынан ең соңғы болып шығып, тәуелсіздігін кештеу жариялаған Қазақстан үшін солшыл идеологияның орны әрдайым маңызды болды. Тәуелсіздік алған жас елде көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. Десе де, елдің жаңа басшыларының дерлік барлығы бұрынғы Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы мүшелері еді.

Бүгінгі таңда саяси партиялар елдің саяси өмірінде зор рөлге ие. Өзін-өзі ұсыну институты жойылған соң елдегі Президент сайлауына кандидатты саяси партиялар немесе барлық облыс пен үш маңызы бар қаланы қамтитын қоғамдық ұйымдар ғана ұсына алатын болды. Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымы — Мәслихатқа да, заң шығарушы төменгі парламент палатасы — Мәжіліске де кандидаттарды саяси партиялар ұсынады. Парламенттің жоғарғы палатасы — Сенат депутаттарын да партиялық Мәслихат депуттары сайлайды. Бұл еліміздегі тіркелген 6 партияның аса жоғары жауапкершілігін талап етеді [1, с. 25].

Жұмыстың ғылыми өзектілігі осы тақырыпты дамытудың өте төмен деңгейімен байланысты. Айта кету керек, осы тақырыпқа арналған жұмыстардың негізгі бөлігі ғылыми емес, журналистік сипатқа ие. Бұл өз кезегінде авторлардың қорытындыларында өзінің субъективті ізін қалдырады. Бұл жағдай зерттеушіге ғылыми ақпараттың пайда болған вакуумын толтыру сияқты практикалық, қолданбалы мақсат қояды.

Кәмелетке толған азаматтар түрлі деңгейдегі сайлауларға қатысады. Еліміздегі парламенттік үш партияның бірі — ҚХП елімізді саяси модернизациялауға заң шығару өкілдігі арқылы араласады. Неліктен ҚХП саяси жаңғыруды жүзеге асыратын елдегі көшбасшы партиялардың бірі болып табылатынын анықтайық:

Партияның көпжылдық тарихы

2004 жылы сәуір айында Қазақстанның коммунистік партиясының ыдырауы нәтижесінде елде жаңа саяси партия пайда болды. ҚКП төрағасы Серікболсын Әбділдиннің күтпеген шешімі партия мүшелері арасында түсінбеушілік тудырды. Мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасыновтың ҚКП хатшысы болып тағайындалуы солшыл партияның көптеген мүшелерінің наразылығына себеп еді. Партия төрағасының бұл шешімі — партияның өзін-өзі басқару принципіне қайшы болды. Көп ұзамай ҚКП құрамынан 15 мың мүше бөлініп шығып, жаңа партия құратынын мәлімдеді.

Партия жарғысында: «Партия Қазақстан Республикасы азаматтарының — социалистік идеология мен солшыл идеяны жақтаушыларының ерікті бірлестігі болып табылады, мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында олардың мүдделерін білдіруге, қалыптастыруға қатысу, олардың жұмысына атсалысу мақсатында әлеуметтік әділдік пен саяси теңдікке ұмтылатын азаматтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың саяси ерік-жігерін білдіреді. Партия әлеуметтік әділетті қоғам құрудың стратегиялық бағытына адалдық танытады» — деп көрсетілген. Сол жылы 21 маусымда тіркелген жаңа партияның он жылдан кейін Парламентте орын алатын мықты саяси күш болатынын болжау қиын еді. Бастапқыда партия Қазақстанның Халықтың Коммунистік Партиясы ҚХКП деп аталды. 2020 жылы партия тек қана коммунистік идеология ғана емес, барлық солшыл идеяларды біріктіретін партия ретінде атауын Қазақстан Халық Партиясы (ҚХП) деп өзгертті. Партияның ендігі мақсаты — өзін-өзі басқару жүйесі мықты дамыған көшбасшы партияға айналу болып табылады [2, c. 2].

Сайлауға қатысудың кәсіби тәжірибелілігі

2004 жылы партия парламенттік сайлауға қатысып бақ сынады. Сол кезде 90 мыңнан астам мүшесі болған партия сайлау нәтижесінде 1,98 % дауыс жинап, парламентке өтпей қалды. Электоратты көптеп тарту үшін, елдегі солшыл күштерді біріктіретін жаңа стратегиялық әдіс қажет-ақ еді.

Коммунистік партия ыдыраған соң бірер жыл өткеннен кейін ҚХКП мүшелері бірігудің маңызын түсінді. Коммунистерге дауыс беретін электоратты екіге бөлмей, күш біріктіргенде билік партиясына мықты бәсекелес саяси партия пайда болатыны белгілі еді. 2007 жылы наурыз айында ҚХКП мен ҚКП арасында алдағы уақытта бірігу туралы пресс-конференция өтті. Алайда ҚКП бірігуден аз уақыттан кейін бас тартты. Партиялар 2007 жылғы парламенттік сайлауға жеке дара қатысты. ҚХП бұл жолы бұрынғыға қарағанда да аз дауыс алды. Небәрі 1,29 % дауыс алып, парламентке тағы өтпеді. Дегенмен партия әрбір сайлауда партия үнпарақтары мен солшыл бағыттағы газеттерді тарату арқылы электораттың белгілі бір қызығушылығын оята алды [4, c. 1].

2011 жылы қарашада Қазақстан Коммунистік Халық партиясының кезектен тыс VI съезі өтті. Съезде 2012 жылғы Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға партиядан 23 кандидат бекітілді. Партиялық тізімде 2011 жылғы Президенттік сайлауға түскен Жамбыл Ахметбеков, ҚХКП жетекшісі Владислав Косарев болды. Съезге Куба Коммунистік партиясы атынан Қазақстандағы Куба елшілігінің бірінші хатшысы Мигель Санчес Ордонестің өзі қолдауын білдіру үшін қатысты. Парламенттік сайлауға ҚКП қатыстырылмағандықтан, халықтық коммунистер партиясы бұл жолы көбірек дауыс алды. 7,19 % дауыс алған ҚХП-ның 7 мүшесі ҚР Парлменті Мәжілісінің депутаты атанды. Партия тұңғыш рет парламентке өтіп, тәжірибе жинауды бастады. Парламенттік партияға айналған ҚХП кейінгі сайлауларға жаңаша идеялармен қатысып, жаңа серпін алды. Атап айтқанда сайлауға қатысу барысында дебаттарға қатысу, автошерулер жасау, телевизиялық бағдарламаларға қатысып сұхбат беру секілді тың әдістер қолданыла бастады [3, c. 27].

Партияның парламенттегі қызметі

Парламент Мәжілісінің 5 шақырылымы депутаты болған Ж. Ахметбеков, А.Қоңыров «Төлемдердiң тәртiбi мен мөлшерiн қайта қарау, бала күтiмi бойынша жәрдемақы мөлшерiн орташа жалақы мөлшерiне дейiн ұлғайту және жәрдемақы төлеу мерзiмiн 3 жылға дейiн ұлғайту туралы», "ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына тиісті өзгерістер енгізу туралы, «Чернобыль ардагерлерін моралдық және рухани қолдау ретінде және ерліктерін марапаттау үшін орден тағайындау туралы» депутаттық сауал жолдады. Осылайша Қазақстан Халық Партиясы парламенттегі алғашқы жылдың өзінде бірнеше әлеуметтік сұрақтың шешілуіне мүдделі болып, әлеуметтік мемлекет құруға партияны жұмылдырды. Партия мүгедектігі бар не табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін ұдайы қорғап келген. 2012 жылы партияның белді мүшесі Ж. Ахметбеков ОҚО елді мекендердің тұрғындарына табиғи апаттың тигізген көлеміне қарай өтемақы алуы үшін заңнамаға сәйкес ықпал ету туралы депутаттық сауал жолдаған.

Бір қарағанда ҚХП электораты тек қала тұрғындары деген тұжырым болғанмен, ҚХП депутаттары ауыл тұрғындарының да мүддесін қорғап, үкіметке депутаттық сауалдар жолдаған. Партияның бұрынғы төрағасы В.Косарев 2012 жылдың өзінде «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бойынша ұсыныстарды фракцияның қатысуымен талқылау туралы» депутаттық сауал жолдаған. Ауылдағы агрошаруашылықты дамыту үшін «Отандастардың аграрлық жобасы туралы» депутатық сауал жолданған. Сонымен қоса, партияның қазіргі төрағасы А.Қоңыров 2012 ж. Премьер-министр К. Мәсімовке «Астық егетін өңірлерге ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға көмек көрсету туралы» депутаттық сауалын жолдаған.

ҚХП депутаттары елді индустрияландыру тақырыбында да өзекті мәселелерді парламент мінберінен көтеріп отырды. 2013 ж. Премьер министрге бір топ ҚХП депутаттары «Батыс-Солтүстік-Орталық» газ құбырының құрылысын одан әрі жүзеге асыру туралы; Қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз ететін «Көкшетау жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметіндегі проблемалық мәселелерді қарау туралы; «Ақ бұлақ» бағдарламасының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау туралы депутаттық сауал жолдаған.

Партияның бағдарламасындағы ерекше бөлім — жұмыссыздықпен күрес тақырыбы болып табылады. ҚХП депутаттары 2013 ж. мамырында билік партиясы жасаған «Жұмыспен қамту жол картасына» сыни шолу туралы депутаттық сауал жолдап, бағдарламаны сынға алды. Кәсіпкерлердің мүддесін қорғау ниетінде Үкіметке «Өндіріс пен сауданың өсу қарқыны арасындағы теңгерімсіздікті түзету жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы» сауал жолданды.

Қала тұрғындарының мүддесін қорғау негізінде 2013 ж. Премьер-министрге ҚХП депутаттары «Коммуналдық қызметтердің құны туралы» депутаттық сауал жолдаған. 2014 жылы партия депутаттары «Коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне мораторий туралы» сауал жолдап, үкіметтің арнайы бағдарлама жасауына себепкер болды.

Қазақстан Халық Партиясының бағдарламасы ел азаматтарының салауатты өмір салтын ұстануын, мықты денсаулық сақтау жүйсін құруды ұсынады. Осы мәселе төңірегінде ҚХП саяси бюросының мүшесі Ж.Ахметбеков Мәжілістің 5 шақырылымы 2 сессиясында «Дене шынықтыру және спорт саласын реттейтін заңнамаларға салауатты өмір салтын насихаттайтын, спорттық объектілер мен спорт ғимараттарын тек спорттық дене шынықтыру мақсатында ғана пайдалану, өзге мақсаттарға басымдығын шектеу туралы» сауал жолдаған. Партияның әлеметтік ұстанымының тағы бір көрінісі мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғауы. 2016 ж. қыркүйек айында 6 шақырылымдағы ҚХП депутаттары «Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға қатысушыларды әлеуметтік қорғау туралы», «Есту бойынша мүгедектердің проблемалары туралы» сауалдарын үкіметке жолдады. Партия бағдарламасында жастарды қолдау, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру мәселесі ерекше қарастырылған. Жастар саясатымен кеңінен айналысу үшін партия өзге де парламенттік партия депутаттарымен бірлескен түрде депутаттық сауалдар жолдаған. 2014 жылы ҚХП тарапынан Үкімет басшысына, ҚР БЖҒ министріне «Жастарды жұмыспен қамту, еңбекке және мектеп, колледж және жоғары оқу орындары түлектерін кәсіптік бейімдеуге арналған арнайы мемлекеттік бағдарлама құру туралы» өзге партиялармен бірлескен сауалы жолданды.

Сондай-ақ елдегі өзекті тақырыптардың бірі кедейлікпен күресу жолында ҚХП тарапынан үкіметке бірнеше сауал жолданған. Партия 2014 ж. үкіметке «Кедейшілік шегін анықтау ережесін жою туралы» сауал жолдады. Сонымен қоса, көпбалалы аналарды қолдау ретінде «Әйел-аналарға қосымша жеңілдіктер мен материалдық қолдау көрсету туралы» сауал жолданған.

Партияның кейінгі кезеңдегі өзекті мәселелерді қозғауы

2016 жылы 20 наурызда ел тарихында жетінші рет парламенттік сайлау өтті. Бұл жолғы сайлауда партия 7,14 % дауыс алып, парламентке өте алды.

Қазақстан Халық партиясының екі бастапқы ұстанымының бірі — сапалы білім беру жүйесі. Партия педагогтардың жалақысын көтеру, ЖОО-дағы білім беру сапасын арттыру секілді мәселелерге көңіл бөледі. 2016 ж. партия үкіметке «Білім беру жүйесін қаржыландыруды қайта қарау қажеттілігі туралы» мәселені көтеріп, тиісті сауалды жолдады. 2017 ж. ақпанда ҚХП депутаттары Үкімет басшысының орынбасарына «Педагог мекемелердің мұғалімдеріне, тәрбиешілеріне, қызметкерлеріне жалақыны арттыру қажеттілігі туралы» сауал жолдады. Сол жылы оқушылар арасында таралған «Синий кит» ойыны елде дүрбелең туғызды. Депутаттар бұл оқиғаға да бей жәй қарамай Үкімет басшысына «Синий кит окигасына байланысты мемлекеттік органдардың жауапкершілігі туралы» сауал жолдаған болатын. Ел азаматтарының білімді болуына қалалық, аудандық кітапханалардың қосар үлесі жоғары екені белгілі. Кітапхана қызметін жетілдіру мақсатында 2016 ж. қарашада партия депутаттары «Кітапханашылардың және кітапхана қорлары құрамының еңбек жағдайы туралы» сауал жолдады.

ҚХП Қазақстандағы экологияға алаңдаушылық білдіретін партиялардың бірі. Депутаттар парламенттің 6 шақырылымың 2 сессиясында «Қазақстандағы киіктердің қырылуы туралы» сауал жолдап, көпшіліктің жанын түршіктірген мәселеге нүкте қоюға үлес қосты. 2017 ж. «Алматы облысы Текелі қаласындағы экологиялық қауіпсіздік туралы» сауал жолдады.

Ребрендинг

Қазақстан Халық Партиясының парламенттегі тарихына зер салсақ партия әр сессияда әлеуметтік мәселелерді көптеп қозғағанын байқаймыз. Партияның әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды қорғау міндеті бүгінгі таңда жеткілікті деңгейде орындалып отырғаны белгілі болды. Дегенмен, мықты орта тап қалыптастыру үшін партия өкілдері партия бағдарламасы бойынша атқарушы билікте қызмет етуі шарт. Соңғы 5 жылда жұмысшылардың ереуілдері, көпбалалы аналардың наразылығы артты. Елде әлеуметтік мемлекет құру идеясы кеңінен таралды. Алайда барлық наразы топ ультрасолшыл коммунистік партияға қосыла қойған жоқ. Осыған орай ҚХП барлық солшыл көзқарасты біріктіруші партияға айналуды көздеп, атауы мен идеологиясын өзгертті.

2020 жылы қарашада Казинформ агенттігіне берген сұхбатында «Біз биыл партиямыздың атауын өзгертіп, ребрендинг жасауды жөн көрдік. Бүгінгі партияның кезектен тыс XV съезінің басты жаңалығы, біздің партиямыздың атауының «Қазақстанның халық партиясы» болып өзгеруі. Бұл дегеніміз коммунистік идеологиядан түгелдей кету деген сөз емес, біздің еліміздегі әлеуметтік мәселелерге көп мән беруімізбен байланысты. Еліміздегі шешілуі тиіс мәселелердің көбі әлеуметтік саламен байланысты. Тағы бір себебі партия мүшелерінің қатарын кеңейту, бағдарламамыздың аясын кеңейтуді көздейміз. Сондай-ақ, біз партиялардың қатарында жоқ, бірақ өзіндік идеялары бар азаматтарды өз партиямызға шақырамыз», — деді ҚХП-ның хатшысы Жамбыл Ахметбеков. Партияның басшылық тізгіні депутат Айқын Қоңыровқа тиді. Партия жарғысы мен бағдарламасынан коммунистік ұрандар алып тасталынды. Партия солшыл көзқарастағы жалпыұлттық патриоттық сипаттағы жаңа ұйымға айналды. Партия атауын өзгертіп, ребрендинг жасау табысты нәтиже берді. 2021 жылы өткен парламент сайлауы қортындысы бойынша ҚХП 9,10 % дауыс жинап, парламенттің төменгі палатасында 10 орынға ие болды.

Парламенттік азшылық

2020 ж. Ұлттық Сенім Кеңесінің отырысында президент Қ.К. Тоқаев: «Біз азшылықты қамтитын көзқарастарды, қоғамдық пікірді ескеруіміз керек. Осыған байланысты біз бұл мәселелерді — парламенттегі саяси азшылықтарды заңнамалық тұрғыдан бекітуіміз керек. Мысалы, басқа партиялардың өкілдері Парламенттегі комитеттердің төрағалары болуы үшін біз заң шығарушы биліктің баламалылығын дамытуымыз керек» — деген болатын. Бүгінгі таңда ҚХП парламенттегі жастардың, жұмыссыздардың, зейнеткерлер мен жұмысшылардың, орта тап өкілдерінің құқығын қорғайтын көшбасшы солшыл партияға айналып үлгерді. Партия мүшелері сайлау аралығында өтетін дебаттарға қатысып, билік партиясына ашық бәсекелестік тудыруда. Партия 2021 жылы Үкімет басшысы қызметіне өз кандидаты — депутат Айбек Паяевты ұсынды. Билік партиясының үміткері Асқар Мәминнің кандидатурасына қолдау білдірмей, қалыс қалды. Парламентте 2011 жылдан бері тұңғыш рет қалыс қалу таңдауы бар түймелер басылды. 2021 жылы алғашқы жарты жылдықта ҚХП ауыл әкімдерін сайлауға белсенді дайындық жүргізді. Қызыл автобус жобасы іске қосылып, ҚХП депутаттары шалғайда жатқан өңірлерге барды. Аймақтардағы ауыз су мәселесі кеңінен талқыланды. Ауылдағы азаматтардың бастапқы қажеттіліктерге қол жеткізе алмай жүргені ҚХП медиаресурстарында көрсетіліп, үкіметке тиісті сауалдар жолданды.

Қортындылай келгенде, ҚХП бүгінгі таңда орта таптың мүддесін білдіретін көшбасшы солшыл партияға айналды деуге болады. Партияның басты идеясы — толыққанды әлеуметтік мемлекет құру бүгінгі таңда Қазақстандағы барлық оппозициялық көңіл-күйдегі азаматтардың мүддесімен сәйкес келеді. Қазақстандағы орта жастың 30 жасқа дейін түскенін ескерсек, жастар құқығын қорғауды өз міндетіне алған ҚХП келесі өтетін сайлауда жоғары дауыс алады деуге толық негіз бар. Барлық солшыл саяси күштердің назары ҚХП партиясына бірте-бірте ауып, осы партия төңірегінде біріге алады деген өз саяси болжамымды қоса аламын.

Әдебиет:

  1. ҚР Конституциясы IV бөлім.
  2. Қазақстан Халық Партиясы жарғысы, 2020.
  3. Anthony Clive Bowyer. «Parliament and Political Parties in Kazakhstan» SILK ROAD PAPER, May 2008.
  4. Жамбыл Ахметбеков: «Бойкот — это бегство от борьбы…» Свобода слова. — 24 февраля 2011
Основные термины (генерируются автоматически): партия, мена, PAPER, ROAD, SILK, бар, депутат, орт тап, парламент.


Ключевые слова

парламентаризм, саяси партия, сайлау, саяси модернизация

Похожие статьи

Типология партии и партийных систем | Статья в журнале...

Выделяют кадровые и массовые партии с сильной и слабой структурой. В партиях со слабой структурой не прослеживается жесткой зависимости деятельности парламентариев от требований партийной программы.

О некоторых особенностях политического дискурса

В семиотическом же пространстве политического дискурса выделяются знаки ориентации, интеграции и агональности». [11, c. 151–152]. В узком смысле политический дискурс — это дискурс политиков, образованный партийными программами, дебатами в парламенте...

ҚР шағын және орта бизнесі даму тенденциялары

Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев...

Роль партии Арменакан в освободительной борьбе армянского...

 В статье рассматривается роль партии Арменакан в борьбе армян против Османской империи, приведено краткое изложение событий, предшествовавших геноциду армян, и основных этапов геноцида, выделены особенности партии Арменакан, отличающие её от...

Интернет-мемы как средство современной коммуникации

В работе описываются интернет-мемы, обширно используемые в сети Интернет. Также рассматриваются важные демонстративные характеристики интернет-мемов и их разделы.

История тайм-менеджмента | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание: Матвиевский, А. А. История тайм-менеджмента / А. А. Матвиевский. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 32 (374). — С. 34-35. — URL: https://moluch.ru/archive/374/83537/ (дата обращения: 16.05.2022). 

К вопросу моделирования политического будущего в программе...

Ключевые слова:Консервативная партия Великобритании, моделирование политического будущего, программное заявление партии, концепт

Консервативная партия Великобритании (англ. The Conservative Party) – одна из двух ведущих британских политических партий, ведет...

Молодежный сленг как один из видов современного жаргона

Первая — это Великая российская революция (свержение монархии в феврале 1917 года и приход к власти партии большевиков в октябре 1917 года) и последовавшая за ней гражданская война. Данные события вызвали рост числа беспризорников, которые сформировали свой язык.

Похожие статьи

Типология партии и партийных систем | Статья в журнале...

Выделяют кадровые и массовые партии с сильной и слабой структурой. В партиях со слабой структурой не прослеживается жесткой зависимости деятельности парламентариев от требований партийной программы.

О некоторых особенностях политического дискурса

В семиотическом же пространстве политического дискурса выделяются знаки ориентации, интеграции и агональности». [11, c. 151–152]. В узком смысле политический дискурс — это дискурс политиков, образованный партийными программами, дебатами в парламенте...

ҚР шағын және орта бизнесі даму тенденциялары

Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев...

Роль партии Арменакан в освободительной борьбе армянского...

 В статье рассматривается роль партии Арменакан в борьбе армян против Османской империи, приведено краткое изложение событий, предшествовавших геноциду армян, и основных этапов геноцида, выделены особенности партии Арменакан, отличающие её от...

Интернет-мемы как средство современной коммуникации

В работе описываются интернет-мемы, обширно используемые в сети Интернет. Также рассматриваются важные демонстративные характеристики интернет-мемов и их разделы.

История тайм-менеджмента | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание: Матвиевский, А. А. История тайм-менеджмента / А. А. Матвиевский. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 32 (374). — С. 34-35. — URL: https://moluch.ru/archive/374/83537/ (дата обращения: 16.05.2022). 

К вопросу моделирования политического будущего в программе...

Ключевые слова:Консервативная партия Великобритании, моделирование политического будущего, программное заявление партии, концепт

Консервативная партия Великобритании (англ. The Conservative Party) – одна из двух ведущих британских политических партий, ведет...

Молодежный сленг как один из видов современного жаргона

Первая — это Великая российская революция (свержение монархии в феврале 1917 года и приход к власти партии большевиков в октябре 1917 года) и последовавшая за ней гражданская война. Данные события вызвали рост числа беспризорников, которые сформировали свой язык.

Задать вопрос