Мектепке дейінгі ұйымдардағы жаңартылған білім беру мазмұны негізіндегі STEM технологиясы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Манкеш, А. Е. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жаңартылған білім беру мазмұны негізіндегі STEM технологиясы / А. Е. Манкеш, А. А. Ауезова, М. М. Изат, А. Т. Туздыбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 50 (392). — С. 639-642. — URL: https://moluch.ru/archive/392/86568/ (дата обращения: 19.04.2024).



Бұл мақалада қазіргі таңдағы білім мазмұнының жаңаруына байланысты мектепке дейінгі тәрбиелеу-білім беру процесінің трансформациялануы жағдайында жаңартылған білім беру мазмұнының түйінді идеяларын іске асыру мен STEM білім беру жүйесін қолданудың тиімділігі баяндалған.

Кілт сөздер: 4K моделі, белсенді әрекет, STEM білім беру технологиясы.

В данной статье изложена эффективность реализации ключевых идей обновленного содержания образования и применения системы образования STEM в условиях трансформации воспитательно-образовательного процесса в ДОУ в связи с обновлением содержания образования.

Ключевые слова: 4К-модель, активная деятельность, STEM-технология.

Қазіргі таңда білім беру саласында болып жатқан өзгерістердің барлығы Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталуы — білім мазмұнының жаңаруын талап етуде. Осы мақсатқа сәйкес білім беру саласындағы бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа бағдарламалар жарық көріп, білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағыттары айқындалды. Балаларды дамыту мен оқытудың талаптарының өзгеруіне байланысты мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту трансформациялануда. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны балалардың бойында «креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға» бағытталғандығы көрсетілген [1]. Бұл жаңартылған білім беру мазмұнының түйінді идеяларының бірі — мектеп жасына дейінгі балалардың бойында 4К моделінің дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінде» мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде шешуді талап ететін өзекті мәселелер анықталған. Соның ішінде:

– балалармен жұмыста қолданылатын әдістер мен нысандардың заманауи талаптарға сәйкес келмеуі;

– балалардың танымдық қызығушылықтары мен білуге құмарлығы, дербестігі жеткілікті ескерілмеуі;

– білім берудің әртүрлі деңгейлерінде алынатын негізгі дағдылар жиынтығындағы сәйкессіздіктің өмір бойы оқыту жүйесін (lifelong learning) құруға кедергі жасауы. Сондай-ақ Қазақстанда ECERS-R сапаны бағалаудың халықаралық шкаласы бойынша өткізілген зерттеу нәтижелерінің бірі «Текшелер, математика, ойын, табиғат/ғылым, музыка/қимыл, өнер, ұсақ моторика және т. б. көрсеткіштер бойынша «Белсенділік түрлері» кіші шкаласы бойынша балдар ең төмен» екені анықталған [2]. Сонымен қатар МДҰ-да жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыруда ұйымдастырылған оқу қызметтерін білім беру салалары бойынша кіріктіріп өткізудің маңызы зор. Аталған мәселелерді шешу үшін мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың жеке қажеттіліктері ескеріліп, тәрбиелеу-білім беру процесінде жаңа заманауи әдістерді енгізу қажет.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру жүйесінің бірінші деңгейі ретінде балаларды ерте жастан толыққанды дамытудың заманауи теорияларын негізге ала отырып балалардың бойында ұлттық құндылықты сіңіруде маңызды кезең болып табылады. «Бала өзінің әлем жайлы жеке түсінігін қалыптастыру құқығы мен мүмкіндігі бар оқуға белсенді қатысушы ретінде қабылдануы тиіс»,- деп «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінде» берілуі — баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субьект) деп тану қажеттігінің маңызын аша түсті. Бұл жаңартылған білім беру мазмұнының «Бала үні» атты түйінді идеясының негізі болып табылады. Баланың ойынға, жаңа нәрсе жасауға, зерттеуге, эксперименттерге, танымдық белсенділікке деген қажеттіліктерін ескеріп, педагогтың сапалы маңызды өзара іс-қимыл орнатуы — баланы білім беру процесінің субьектісі ретінде орын алуына мүмкіндік береді. Бала өз қажеттілігі бойынша өз іс-әрекетін өзі жоспарлап, жұмыс алгоритмін құрып, сол алгоритм бойынша нәтижеге бағытталған әрекеттерді орындауды игерсе, өмірдің дамуына тез бейімделіп, балалардың бойында болашақта еңбек етуге қажетті кешенді тапсырмаларды шеше алу, шығармашылықпен ойлау, өз ой пікірін айту және пайымдау, шешімдер шығара алу, бір тапсырмадан екіншісіне тез ауыса алу сияқты дағдылары қалыптасады.

Балалардың танымдық белсенділікке қажеттілігін ескеріп, дербестігін ынталандыруда белсенді әрекетке түсірудің маңызы зор. Себебі бала белсенді әрекетке түскенде ғана ақпаратты толық (визуалды, аудиалды, кинестетикалық) қабылдайды. Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды белсенді әрекетке түсіруде заттық-кеңістік дамытушы ортаны ұйымдастыру маңызды және оның өз талаптары бар. Топтың заттық-кеңістіктік дамытушы ортасы мазмұны толық, өзгермелі, түрлі қызмет атқаратын, вариативті, қолжетімді және қауіпсіз болуы керек:

– балалардың ойын, танымдық, шығармашылық, қимыл белсенділігі мен жағымды әлеуметтенуін қамтамасыз ететін материал мен жабдықтардың болуын және әртүрлілігін қамтамасыз ету;

– білім беру жағдайына сәйкес заттық дамытушы ортаның өзгеруін қамтамасыз ету (қызық емес ойыншықтарды уақытша алып қою және қажетілігіне қарай ойын аймағына қайтадан әкелу);

– балалардың еркін таңдауына мүмкіндік беретін түрлі кеңістіктердің (ойынға, құрастыруға арналған аймақтар) болуын қамтамсыз ету;

– балалардың ойынға, ойыншықтарға, материалдарға, құралдарға еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету;

– баланы дамыту, тәрбиелеу, коммуникативтік, танымдық, жеке-әлеуметтік, қимылдық әрекетін ынталандыру;

– балалардың қызығушылықтарына қарай жабдықтарды аймақтарға бөлу;

– әрбір топта балалардың экспериментті әрекеті үшін орын қарастыру [3]. Мектепке дейінгі ұйымда заттық дамытушы орталар балалардың жас ерекшелігіне сәйкес ұйымдастырылады және балалардың өз қажеттілігі бойынша әрекетке түсуіне мүмкіндік береді. Педагог баланың әрбір әрекетін бақылап, қажеттілігіне қарай бағыт бере отырып, жаңартылған білім беру мазмұнының «Бала үні» идеясын жүзеге асырады.

Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу-білім беру процесін модернизациялауда STEM білім беру технологиясын қолдану өзекті мәселеге айналды. STEM-білім беру балаларға мәселені шешу, өзара қарым-қатынас жасау, шығармашылық амал-тәсілдерді қолдану мен сын тұрғысында ойлау сияқты ХХІ ғасырдың жасампаз дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Бұл-стандартта көрсетілген мектеп жасына дейінгі балалардың бойында 4К моделінің дағдыларын қалыптастыру міндетін жүзеге асырудың тиімді жолдарының бірі.

STEM аббревиатурасы:

– S — science (жаратылыстану ғылымы)

– T –technology (технология)

– Е — engineering (инженерлік)

– М-mathematics (математика)

Яғни осы салалардың біріккен жиынтығын қамтитды. STEM білім беру технологиясы мектепке дейінгі ұйымдарда ұймдастырылған оқу қызметтерін интегралды түрде өткізуге мүмкіндік береді. STEM оқыту бойынша педагог оқу қызметтерін интегралды ұйымдастыруға көп көңіл бөлуі керек. Интегралды оқыту — бұл бір тақырып төңірегінде білім беру салалар мазмұндарының тоғысуы, бір-бірімен байланысуы. Интегралды бағытта ұйымдастырылған оқу қызметтері тақырыпты жан-жақты талдауды, зерттеуді, толық меңгеруді қамтамасыз етеді. STEM білім беру технологиясы бойынша балаларға берілетін ақпараттар қарапайым, жеңіл болмауы керек. Керісінше күрделі, ғылыми тұрғыда балалардың жас ерекшелігіне орай тереңірек түсіндірілуі қажет. Мәселен, «Көліктер» тақырыбы бойынша педагог:

– S — көлік туралы ғылыми ақпарат береді. Яғни көліктердің үш түрі болатыны ғана емес, көлікті алғаш рет кім және қашан, не үшін, қалай ойлап тапқаны туралы, басқа дамыған елдерде көліктің қандай түрлері бар екені туралы мағлұматтар береді. Ол үшін педагог міндетті түрде тақырыпты алдымен өзі терең зерттеп, қажетті ақпараттарды тауып, табылған ақпараттарды балалардың жас ерекшелігіне орай ықшамдап, арнайы бейнероликтер дайындап алуы қажет.

– T — балалардың технологиялық сауаттылығын қалыптастыру бойынша тапсырмалар әзірлейді. АКТ бойынша интербелсенді тақтада дамытушы тапсырмалар құрастыруға болады.

– E-көліктің макетін әртүрлі әдіспен құрастырады. Лего конструкторлармен жұмыс жасау мектеп жасына дейінгі балаларға өте қызықты. Лего конструкторлармен жұмыс барысында балалардың ұсақ қол моторикалары дамиды. Балалар құрылыс әрекетін жоспарлап, жұмыс алгоитмін құрып, сол алогритм бойынша әрекет жасауды үйренеді. Топта ұжымдасып жұмыс жасауға дағдыланады.

– M — көліктерді санайды, түстерін атайды, көлемдерін салыстырады, кеңістікте орналасу ретін анықтайды, қандай пішіндерден тұратынын айтады.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда бұл технологияның жаңа нұсқалары қолданылуда. Оның ішінде кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика). STEM білім беру технологиясының құрылымына А (Аrt) қосылды. А (Аrt) — өнер, яғни балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қолданылады. Мәселен, көлік тақырыбында бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістерін қолдана отырып көліктің суретін салуға, жапсыруға немесе мүсіндеуге болады.

STEM оқытуда балалардың топтық, жұптық жұмыс жасауы маңызды. Топпен ұжымдасып жұмыс жасау ұйымдастырылған оқу қызметінің уақытын үнемдеп, тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Топпен жұмыс барысында балалар бір мақсатқа жету үшін бірігіп, мәмілеге келіп әрекет етуге дағдыланады. Бір-бірінің ойын тыңдап, толықтырып, ортақ түйін шығарады және де өз жұмыстарын ортаға шығып таныстыруды үйренеді. Осындай жұмыстардың жүйелі жүргізілуі балалардың бойында 4K моделі дағдыларының қалптасуына әсер етеді.

STEM білім беру технологиясының ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатуға септігі мол. Педагогтың шеберлігіне қарай ата-аналармен бірлесіп түрлі жобалар ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар ұйымдастырылған оқу қызметінде S бағыты бойынша тақырыптың ғылымилығын ашуда балаларға ата-аналармен бірігіп орындауы үшін алдын ала үй тапсырмасын беруге болады. Мәселен, көлік тақырыбының ғылымилығын ата-ана баласымен бірге іздеп, тауып, постер әзірлеп, баланы сол постерді таныстыруға дайындайды. Aта-аналармен үнемі қарым-қатынаста болып, оларды тәрбиелеу-білім беру процестеріне тарту мектепке дейінгі ұйымның басты міндеттерінің бірі болуға тиіс. Осындай бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша «Тұтас бала бейнесі» идеясын іске асыруға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін модернизациялауда жаңартылған білім беру мазмұнының түйінді идеяларын іске асыру және STEM білім беру технологиясын қолдану педагогикалық білім мазмұнының жаңаруы мен жоғарылауына септігін тигізеді.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы).
  2. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысы).
  3. «Ерте жастағы балаларға арналған заттық дамытушы орта» стандарты — Астана, 2019ж. — 9 бет.
Основные термины (генерируются автоматически): STEM, мена, ECERS-R, STEAM, бал.


Ключевые слова

4K моделі, белсенді әрекет, STEM білім беру технологиясы

Похожие статьи

Использование шкал ECERS-R при оценке качества...

Шкалы ECERS-R, представляют собой шкалы наблюдений, которые позволяют оценивать одну конкретную образовательную группу

Шкалы ECERS-R могут быть использованы на разных уровнях: – Дошкольным образовательным учреждением для рефлексии и постановки...

Требования к разработке специализированных меток для...

Данная статья посвящена теме разработки и корректуры маркеров для AR-приложений. В настоящей работе отображается процесс взаимодействия с алгоритмом анализа маркеров Vuforia, демонстрируется перечень требований к разработке, а также реализация...

Оценка предметно-пространственной среды в дошкольной...

ECERS-R и ECERS-3 имеют много общих черт. Оба инструмента охватывают широкий спектр потребностей развития детей, в том числе когнитивных, социально-эмоциональных, физических, здоровья и безопасности, и они имеют общую стратегию и структуру оценки.

Два поколения слуг в пьесе А. П. Чехова «Вишнёвый сад»...

Во время бала мы видим, как Яша прямо обращается к Раневской с просьбой взять его в Париж: «Если опять поедете в Париж, то возьмите меня с собой, сделайте милость.

Фирс в этой пьесе является хранителем памяти о прошлом. Он помнит, какие балы раньше давались в имении...

Применение облачных технологий в образовании

«Облако» — это не всегда продукт конденсации водяного пара, плывущего по небу. Наверняка все слышали это современное словосочетание — «облачные технологии». Облачные технологии стали возможны благодаря бурному развитию аппаратного обеспечения: мощность...

Виды электронных образовательных ресурсов | Статья в журнале...

Библиографическое описание: Миняева, А. Г. Виды электронных образовательных ресурсов / А. Г. Миняева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 27 (369). — С. 258-261. — URL: https://moluch.ru/archive/369/83083/ (дата обращения: 18.05.2022). 

Когнитивные нарушения у детей с расстройствами аутистического...

В статье исследуются и анализируются когнитивные нарушения у детей с аутизмом.

Методы организации и управления обеспечением экономической...

Библиографическое описание: Глеков, Э. Я. Методы организации и управления обеспечением экономической безопасности коммерческого предприятия / Э. Я. Глеков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 3 (398). — С. 158-159.

Похожие статьи

Использование шкал ECERS-R при оценке качества...

Шкалы ECERS-R, представляют собой шкалы наблюдений, которые позволяют оценивать одну конкретную образовательную группу

Шкалы ECERS-R могут быть использованы на разных уровнях: – Дошкольным образовательным учреждением для рефлексии и постановки...

Требования к разработке специализированных меток для...

Данная статья посвящена теме разработки и корректуры маркеров для AR-приложений. В настоящей работе отображается процесс взаимодействия с алгоритмом анализа маркеров Vuforia, демонстрируется перечень требований к разработке, а также реализация...

Оценка предметно-пространственной среды в дошкольной...

ECERS-R и ECERS-3 имеют много общих черт. Оба инструмента охватывают широкий спектр потребностей развития детей, в том числе когнитивных, социально-эмоциональных, физических, здоровья и безопасности, и они имеют общую стратегию и структуру оценки.

Два поколения слуг в пьесе А. П. Чехова «Вишнёвый сад»...

Во время бала мы видим, как Яша прямо обращается к Раневской с просьбой взять его в Париж: «Если опять поедете в Париж, то возьмите меня с собой, сделайте милость.

Фирс в этой пьесе является хранителем памяти о прошлом. Он помнит, какие балы раньше давались в имении...

Применение облачных технологий в образовании

«Облако» — это не всегда продукт конденсации водяного пара, плывущего по небу. Наверняка все слышали это современное словосочетание — «облачные технологии». Облачные технологии стали возможны благодаря бурному развитию аппаратного обеспечения: мощность...

Виды электронных образовательных ресурсов | Статья в журнале...

Библиографическое описание: Миняева, А. Г. Виды электронных образовательных ресурсов / А. Г. Миняева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 27 (369). — С. 258-261. — URL: https://moluch.ru/archive/369/83083/ (дата обращения: 18.05.2022). 

Когнитивные нарушения у детей с расстройствами аутистического...

В статье исследуются и анализируются когнитивные нарушения у детей с аутизмом.

Методы организации и управления обеспечением экономической...

Библиографическое описание: Глеков, Э. Я. Методы организации и управления обеспечением экономической безопасности коммерческого предприятия / Э. Я. Глеков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 3 (398). — С. 158-159.

Задать вопрос