Күйзеліс жағдайындағы психологиялық көмектің ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Турашов, Батыржан Аскарулы. Күйзеліс жағдайындағы психологиялық көмектің ерекшеліктері / Батыржан Аскарулы Турашов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 25 (367). — С. Т.1. 22. — URL: https://moluch.ru/archive/367/82747/ (дата обращения: 25.04.2024).



«Күйзеліс» адам баласының торығу, күйзелу, жабығу секілді психиканың ауытқуы. Негізінен, адам баласының депрессияға ұшырауын психологиялық ауытқулардан туындайтын процесс ретінде санайды. Күйзеліс бірнеше уақытқа адам баласының қатты күйзеліске түсуін, одан әрі адамның эмоционалды тепе-теңдіктен шығуына әсерін тигізеді.

Күйзеліс дерті қоғам үшін ауқымды мәселе. Бірақ, бұл ұғым өткен ғасырдың емес, қазіргі ғасырдың жиі қолданыстағы сөзіне айналды. Себебі, бүгінгі заманда күйзеліске түспеген жан кемде-кем. Әлемдік зерттеулер бойынша жүрек қан-тамырлары ауруынан кейінгі орында тұрған осыкүйзеліс. Әрбір адам баласы белгілі бір кезеңде психологиялық күйзелісті бастан кешіру үстінде екені белгілі. «Күйзеліске түсіп жүрмін» деген сөзді бес адамның төртеуі жиі айтатын болды. Бұрын-соңды мұндай сөзді көп естімеуші едік. Ал қазір бұл біздің жиі қолданыстағы сөзіміздің біріне айналды. Әлем халқының 30 % өмір бойы депрессиялық күйзелісте жүреді [1].

Денсаулық сақтау ұйымының 2018 жылғы көрсеткіші бойынша күйзеліске ұшырағандар саны әлем бойынша 300 миллионнан асқан. Ал, Қазақстандағы көрсеткіш 4,4 %-ды көрсетеді, бұл шамамен 800 000 адам. Бұл осыдан 4 жыл бұрынғы көрсеткіш, бүгінде саны көбеймесе, кеміді деп айта алмаймыз.

Күйзеліс «адам миының қара сөлге толуы» деп Гиппократ анықтама берген. Сондай-ақ, психологтар күйзелісті ХХ ғасырға тән дерт деп есептегенімен, ХХІ ғасырды да бей жай қалдырмады. «Осы алдағы он жылда күйзеліс ең үлкен қоғам дерті болуы әбден мүмкін», — деп дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пайымдады. Менің түсінігім бойынша, адамның психологиялық күйзелісі күн сайын артып келетін сияқты. Гарвард университеті мен Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы зерттеулері бойынша, әлемде 120 миллиондаған адамның бойынан күйзеліс дерті табылған. Ең қиыны, жыл сайын 800 мың адам күйзелістің кері әсерінен өз-өзіне қол салған.

Психолог мамандары күйзелісті үш кезеңге бөлді:

  1. Адамзаттың жүрек қан тамыр ауруларына жиі ұшырауы немесе белгілі апаттар арқылы пайда болған психикалық ауытқу немесе күйзеліс;
  2. Психогендік депрессия — тұлғаның психикалық ауытқуы салдарынан пайда болатын депрессияның түрі өте қайғылы жағдайға итермелеуі мүмкін. Бірақ, бұндай күйзеліс ұзаққа созылмайды. Қарапайым халықтың тілімен айтқанда, бұл депрессия «ұмытшақтық ауруы» сияқты.
  3. Эндогендік депрессия — адамның ішкі жан дүниесінде пайда болатын дерт. Бұл депрессия адамға кері әсерін береді. Эндогендік депрессиялық күйге түскен адам көз алдында орын алған құбылыстарға баға бере алмай, белгілі бір сезімдерді бастан кешіре алмай, өзін-өзі түсінбей дал болады [2].

Күйзеліс жағдайында көмек көрсету:

  • Әрдайым оның жанынан табыла алатыныңызды,қолдайтыныңызды дәлелдеңіз! Себебі, уайымға салынған адамдар өздерін жалғыз сезінуі мүмкін, олар өздерінің сезімдері мен эмоциялары үшін ұялады, әрі сол үшін өздерін кінәлайды. Сіз қандай жағдай болмасын, оның қасынан табылатыныңызды, оның кез келген жағдайы сіз үшін қалыпты жағдай екенін ұқтырыңыз және көмектесуге дайын екеніңізді түсіндіріңіз. Сол кезде адам сізге ойын ашық айта бастайды.
  • Күйзелістегі адамның сөзі мен әрекетіне мән беріңіз! Күйзеліске түскен адамға «өз-өзіңді қолға ал» немесе «жақсы ойла» деген әңгімелер ешқашан көмектеспейді. Тіпті, ол адамға өзіңіздің шын ниетіңізді білдіргіңіз келсе де, оның жағдайында түсіну қиынға соғады. Бұл сөздер оның жағдайының шынымен мүшкіл екенін түсінбегеніңізді көрсетеді. Себебі, бұндай әңгімелер оның айналасындағы адамдардың айтатын сөзі деп біледі. Осы жағдайға тап болсаңыз, жәй ғана құшақтап «Сенің не сезімде отырғаныңды білмесем де, саған қиын болып жүргенін көріп жүрмін», — деп, адамға сезімін сізге көрсете алатындай мүмкіндік жасаңыз!
  • Көмек көрсетумен қатар, шыдамдылық көрсетіңіз: Күйзелісті емдеу ұзақ уақытқа созылады, әрі өте ауыр өтеді. Өйткені, депрессиядағы адам көп жағдайда өзгерістен қорқады. Сол себепті оның емделу шарасы уақытылы өтуін қадағалап, шыдамдылық танытыңыз!
  • Өзіңіздің де сол жағдайға түсіп кетпеуіңізді қадағалаңыз: күйзелістегі адаммен бірге жүру — қиын. Әсіресе, ол сіз үшін жақын адамыңыз болса, бұндай жағдайда өзіңізді естен шығаруға болмайды. Жақыныңыз үшін күресу сіздің энергияңызды жеп қоюы мүмкүн. Сол себепті, өзіңізге уақыт бөліп, өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысуды ұмытпаңыз! [3].

Қорытындылай келе, әрбір адам баласы күйзеліске кез келген сәтте, кез келген жаста ұшырауы мүмкін. Сондықтан тек қана білім алу ғана емес, әлеуметтік ортада өз орнын тауып, толыққанды тұлға болып қалыптасу қажет. Егер бұл жағдайды сізде бастан өткеріп жүрген болсаңыз, психологқа жүгінген жөн. Бірақ біздің қоғамда психологтың көмегіне жүгінген, кеңес сұраған адам рухани әлсіз немесе есуас, нақұрыс адам ретінде саналады.

Әдебиет:

  1. Кузьмина Н. В. Очерки психологии труда учителя. — С. 36, 37.
  2. Нурматова Ю. А. Свободное время в жизни студента. — С. 105, 108.
  3. Азаров Ю. П. Чувство, техника, мастерство. — С. 32, 33.
Основные термины (генерируются автоматически): кредит, бонус, займ.


Похожие статьи

Задать вопрос