Қазіргі студенттердің уақыт бюджеті мәселесінің ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Отегенов, Балгынбек Нурдинулы. Қазіргі студенттердің уақыт бюджеті мәселесінің ерекшеліктері / Балгынбек Нурдинулы Отегенов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 25 (367). — С. Т.1. 1. — URL: https://moluch.ru/archive/367/82735/ (дата обращения: 24.04.2024).

Бос уақытты зерттеу-әлеуметтік проблема болып табылады, әсіресе қазіргі жағдайда жастардың болашағы үшін бұл өмір саласы маңызды болып келеді. Бос уақыт — бұл адам өмірінің көптеген аспектілерін сипаттайтын көпқырлы ұғым. Бұл бағалы ресурстарды кері қайтарып ала алмаймыз және қалпына келеді деп те айта алмаймыз. Мәселен, біз ақшамызды жоғалқан болсақ, оны күндердің бір күнінде қайтадан тауып алуға болады. Ал, уақыт бір орнында тұрмайды, өз ағымымен жүріп жатады. Көп жағдайда адамдар өткен өмірлеріне кері бұрылып қарайтын болса, қаншама жылдарының бос өтіп кеткенін енді ғана аңғарып жатады.

Уакыт-менеджменті ұғымына тоқталайық, бұл дегеніміз — уақытты орналастырып, тиімділігін арттыру және пайдаланудеген сөз. Сонымен қатар, бұл біздің қажет емес дүниелерге кеткен уақытымызды анықтауға көмек береді. Оны қолданудың өз мақсаты бар яғни, жасаған іс-әрекеттеріңізді басқарып, бақылап, нәтижелікпен, тиімділікпен жоспарлау процесін алу болып табылады [1].

XXI ғасырда компьютерлік технологиялар мен нано-дамудың кезеңі жаһандық өзгерістермен сипатталды. «Заманына қарай адамы» демекші, халықтың күнкөрісінің сипаты да өзгеріске түсіп жатты. Осы кезеңнің өткір және өзекті тақырыптарының бірі студенттерінің бос уақыттарын тиімді пайдалану болып отыр [2]. Себебі, кез келген сау қоғамды құру үшін рухани мәдениеті жоғары және шығармашылық ұмтылысы бар үйлесімді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру қажет деп есептеймін.

Атап айтатын болсам, қазіргі кезде әлемдегі жағдайға байланысты сабақтардың барлығы онлайн форматында өтіп жатқандықтан студенттердің көпшілігі үйден тыс жерлерде уақыттарын көп өткізбейді. Осы кезеңдегі болып жатқан пандемияға байланысты уақыт-менеджментін студенттермен қоса оқушылардың өзі пайдалану керек деп ойлаймын.

Студенттердің бос уақыт мөлшері менің пайымдауымша: 30 % «толық жеткілікті», — деп есептейді. 35 % «Бос уақыт жеткілікті, бірақ көбірек болса қоғамға пайдалы дүниелермен айналысар едік», — деп жауап берді. 44 % бос уақыттың мөлшері жеткіліксіз деп санайды. Бірақ барлығын тиімді пайдалану өзіміздің қолымызда!

Студенттердің үй тапсырмасына кететін уақыты орташа есеппен алғанда: 33 % студенттер үй тапсырмасына орташа есеппен 1 сағат уақыт бөледі; 37 % студенттер үй тапсырмасына орташа есеппен 2–3 сағат уақыт бөлінеді; 20 % студенттер үй тапсырмасына орташа есеппен 3–4 сағат уақыт бөлінеді.

Орта есеппен студенттер сабаққа, үй тапсырмаларын орындауға 10 сағатқа дейін уақыт жұмсайды.

Студенттердің оқудан бөлек маңызды уақыт алушы факторлар бар:

1) Қосымша табыс табумен айналысатын студенттерде жоқ емес, яғни барлық студенттердің ішінде 40–45 %-ы аптасына орта есеппен 36 сағатын табыс табуға жұмсайды екен.

2) Өздерінің қызығушылықтарына арналған курстарға қатысатын (музыка, спорт және т. б.) студенттер шамамен 30 %-ын құрайды. Олар орта есеппен аптасына 6 сағатын жұмсайды.

3) Көп университеттер белсенді студенттерді де бос қалдырмайды. Яғни, студенттердің көпшілігі университет ішінде түрлі ұйымдастыру топтарымен сабақтардан тыс уақытын жұмсайды. Ол аптасына 9–10 сағатты құрайды.

4) 15 %- уақыт алатын өзге істермен айналаспайды.

Студенттер бос уақытының көп бөлігін қалай жұмсайды?

1) уақыттарының көп бөлігі әлеуметтік желімен өтеді (бұл қазіргі қоғамдағы ең үлкен мәселе); 2) өзін-өзі дамыту (курстарға қатысу, кітап оқу, тілдер үйрену және т. б.) (30 %); 3) бос уақытын демалыс орындарында өткізу және т. б. (40 %); 4) спорт (15 %).

Зерттеу жүргізгенде студенттер арасында орта есеппен 5–10 сағат осы әлеуметтік желілерге кетеді, яғни осы студенттердің 60 % әлеуметтік желіге уақытын жұмсайды екен. Оқу орнынан тыс, мұғалімнің бақылауынан тыс болғандықтан студенттер білімді интернеттен іздеуге мәжбүр, сол себептен уақыттың біраз бөлігі осы әлеуметтік желімен жұмсалады.

Қорытындылай келе, студенттерге бос уақытты тиімді пайдалануға кеңес бере отырып, оны дұрыс қолдану керектігін түсіндіруіміз керек. Жұмыстың бастапқы бөлімінде алға қойылған міндеттері орындалады және мақсатқа қол жеткізіледі. Жұмыс барысында, уақыттың құндылығын түсінуге, тайм-менеджмент ұғымымен танысуға, дұрыс күнтізбе құра білу маңызын түсіндіре алдым деп ойлаймын. Студенттердің оқу процесіне жұмсалатын айтарлықтай уақыт, қысқа мерзімде көптеген пәндерді оқып үйрену қажеттілігі, уақытылы тамақтанудың болмауы, бұл айқын нейро-эмоционалды стресстің пайда болуына және денсаулық резервінің төмендеуіне әкеледі. Міне сондықтан, жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып студенттердің уақыт менеджментін өздеріне ыңғайлы етіп игеруі керек деп ойлаймын. «Осы күнге дейін қандай мақсаттарым болды? Сол мақсаттарымның қаншасына жеттім?» деп өздеріне сұрақ қойып, «Қайран бос өткен уақытым-ай!» деп өкініп жатамыз. Сондықтан да, әркім өз уақытын барынша тиімді әрі пайдалы істерге жұмсау керек деп нақты айта аламын.

Әдебиет:

1. Нурматова Ю. А. Свободное время в жизни студента // Молодой ученый. — 2012. — № 2 (37). — С. 227–231.

2. Беккер Е. И. Свободное время студента колледжа культуры как часть профессионального развития.

Основные термины (генерируются автоматически): оса.

Похожие статьи

Совершенствование организационной структуры предприятия

В статье рассматриваются основные виды организационных структур предприятия. Организационная структура управления рассмотрена как целостная система (цепь).

оса, мена.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Ұлтаралық тұрақтылық, татулық және келісім-Қазақстанның...

оса, мена. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

оса, бола, мена. Алайда, байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды.

Анализ показателей движения основных средств на предприятии...

В данной статье рассмотрены показатели движения основных средств сельскохозяйственного предприятия ООО «Восток». Приведена методика расчета показателей движения...

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғамдағы рөлі

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Театрландырылған қойылымдардағы көркем-мәнерлеу...

Мақала театрландырылған қойылымдардың көрермендерге идеялық-эстетикалық ықпалын жетілдіру проблемасына арналған. Көркем-мәдени құралдарын қолдану әдістері сахналық және...

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

оса, мена. Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері | Статья в журнале... Егер вербена бал аштыру мақсатында қажет болса...

Классификация ядов и их влияние на организм | Статья в журнале...

В статье рассмотрено огромное значение ядов в истории человечества. За многие столетия люди открыли и изучили достаточное количество отравляющих веществ, распределили их в...

Бастауыш мектеп оқушыларының сабақтағы зерттеушілік...

Мақалада оқушылардың зерттеушілік оқу әрекетін қалыптастыруға бағытталған мұғалімнің білім беру қызметі қарастырылады.

Задать вопрос