Драматургиядағы эпикалық дәстүрді игеру проблемасы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №16 (358) апрель 2021 г.

Дата публикации: 17.04.2021

Статья просмотрена: 35 раз

Библиографическое описание:

Кобланов, Ж. Т. Драматургиядағы эпикалық дәстүрді игеру проблемасы / Ж. Т. Кобланов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 16 (358). — С. 379-381. — URL: https://moluch.ru/archive/358/80000/ (дата обращения: 19.04.2024).

Мақалада туысқан халықтар драматургиясының қалыптасуындағы фольклорлық негіздердің мәнін көрсету, тарихи жырлар мен аңыз-әпсаналар тақырыбына жазылған пьесалардың табиғатын ашу мәселелері қарастырылады. Жеке қаламгерлердің суреткерлік шеберлігі, өзіндік ерекшеліктері талданып, шығармаларына ғылыми тұрғыдан баға беріледі.

Түйін сөздер: ұлттық драматургия, фольклор, эпос, конфликт, поэтика, сюжет.

В статье рассматриваются вопросы отражения сущности фольклорных основ в становлении драматургии родственных народов, раскрытия природы пьес, написанных на тему исторических псалмов и легенд. Анализируются художественные навыки, особенности отдельных авторов, дается научная оценка их произведений.

Ключевые слова: национальная драматургия, фолькор, эпос, конфликт, поэтика, сюжет.

Қарақалпақ драматургиясы өзінің тарихи даму жолында осы халықтық мол қазынадан озық және үздік дәстүрлерді өз бойына сіңіріп, пайдаланып келді. «Фольклордың ерекше түрлеріне халықтық жанрлар мен эпостық шығармалар жататындығы даусыз. Ал енді драма жанрында оның дәстүрлерін игеру өте қиын шаруа» [1.94 б.]. Мұның күрделілігі сонда, ауыз әдебиеті жанры тек қана тыңдауға арналған дүние. Оны сахна тіліне аудару көп тәжірибені қажет етеді. Эпикалық материалдарды жаңа драма жанрында игерудегі әдеби талпыныстар қарақалпақ әдебиетінде 1938 жылдары басталды. Бұл игілікті істің негізін салушылар біз жоғарыда әңгімелеген Н. Дәуқараев, мұнан басқа М. Дәрібаев, Ә. Шамуратов, А. Бегимов т. б. болды.

Эпикалық материалдарды игеру үдерісі қарақалпақ әдебиетінде әлі күнге дейін жалғасып келеді. Бұған мысал ретінде Ә.Шамуратов пен И.Юсуповтың «Қырық қыз» пьесасын, С.Хожаниязовтың «Ақымақ патша» пьесасын атасақ болады. «Қырық қыз» — халық дастаны, ал «Ақымақ патша» — Бердахтың поэмасы.

Эпос құрамында драмалық элементтері болғанымен, ол драмалық шығарма емес. Өзінің табиғаты жағынан эпос драмадан өзіндік белгілерімен ерекшеленеді. Біріншіден, эпостың көлемі кең, уақыт кеңістігі мен оқиғаны қамтуда аялы, кейіпкерлер саны шексіз. Сонымен бірге бір оқиғадан екінші оқиғаға ауысуы өте шапшаң, жедел болады. Драма сахналық жанр болғандықтан, бұл әдістердің ешқайсысынан пайдалана алмайды. Өйткені мұндағы кеңістік пен уақыт шектеулі. Драманың тағы бір ерекшелігі, автор елеспесіз қалып, қимыл-әрекетті кейіпкерлеріне табыстайды.

Драманың осы ерекшеліктері драмашылардың оқиғаға материал таңдап, талдауында үлкен жауапкершілікті болуын талап етеді. «Көптеген дастандарда мазмұнның халықтығы батырлардың әрекеттері арқылы беріліп, тарихты жасаушы халықтың өзі көлеңкеде қалады. Мұнан біз өте ертедегі дәуір саясатын, эстетикалық, қоғамдық тұрмыс тынысының ізін сезінеміз» [2.38 б.]. Ескі әдеби әдістер бұл күнде өзінің маңыздылығын, тазалығын жойып отыр. Бүгінгі оқырманға ол қызықсыз. Анау немесе мынау дастанды сахналастырғанда жазушыдан үлкен тәжірибе, көп білімділік және жоғары көркемдік мәдениет қажет етіледі. Осылардың бірінсіз дастанның сахналасуы мүмкін емес. Сонымен бірге шығармашылық, даралық және жаңашылдық қатынас та керек.

Мысалы, Ә. Шамуратов пен И. Юсуповтың «Қырық қыз», С. Хожаниязовтың «Ақымақ патша» пьесаларын талдап көрейік. Егер бұл пьесаларды алдыңғы талдаған пьесалармен салыстырсақ, айтарлықтай шығармашылық әдістер, жаңалық дәстүрлер, идеялық-тақырыптық, сюжеттік-композициялық қырларынан еш нәрсе байқалмайды. Тек қана дастанның оқиғасына жаңаша өң беруге тырысу, кейбір кейіпкерлердің характерлерін өзгерту сияқтыларды атауға болар еді. Мысалы, «Ақымақ патша» драмасында жазушы поэма жанрын өзгертеді. Егер поэманың түпнұсқасы сатиралық түрде жазылып, Хиуа ханының ақымақтығы өткір күлкімен әшкереленсе, пьесада жазушы барлық оқиғаны қаһармандық түрде суреттеп, осы арқылы назарымызды Хиуа үкіметіне қарсы бағытталған халық күресіне аударғысы келген. Осы мақсатта драмашы пьесаға жаңа кейіпкерлерді әкеліп қосып, оларды осы көтерілістің бел ортасында көрсетеді. Бұл кейіпкерлер — Балташ, Айдар, Нарым, Сайым. Олар еңбекші халықтың мүддесін қорғап, халық атынан қолдарына қару алып, барлық абыройдан жұрдай болған Хиуа ханына қарсы күреседі. Дастандағы мотив шындыққа өте жақын. Хиуа ханы өз қызына ғашық болады. Өйткені, хан өз қызын әлдеқашан өлді деп ойлайды. Бердах оның ақымақтығын өте тапқыр жолмен келеке қылады. С.Хожаниязов бұл оқиғаны сахналастырғанда бояуды қалыңдата түседі. Пьесада хан бұл іске біле тұра қол ұрады. Гүлзардың өз қызы екенін білсе де, оны ойнас болуға зорлап көндіреді. Осы себепті де жазушы бұл мотивтің нанымдылығын жоғалтып, адамдардың жеккөрушілік сезімін оятады.

Пьесада драмашы Анар мен Гүлзар образдарына ерекше көңіл бөледі. Олар Хиуа ханына қарсы көтерілген халық жауынгерлеріне айналады. Пьесадағы басты мақсат әлеуметтік және таптық мәселелерді шешу болғанымен, өте қарапайым түрде орындалған.

«Қырық қыз» пьесасы да дәл осындай сюжеттік-композициялық өзгеріске түскен. Мұнда қосылған кейіпкерлер Жиен жырау мен Жорға дәруіш. Жиен жырау — аңызшы, ол автор ретінде пьесаның өн бойында оқиға барысына түсінік беріп отырады. Оның әңгімесі халықтың келбеті іспетті.

Жорға дәруіш — елші. Қалмақ ханы Сұртайшының елші-уәзірі. Жорға дәруіш қырық қыз еліне елші болып емес, ал жансыз ретінде келеді. Дастанды сахналастыруда жазушылар Аллияр бай, Ақсұлу, Отбасқан, Жұрынтаз бейнелерін жаңалауда біраз жақсы қадамдар жасаған. Сонымен бірге, қырық қыз характерлерін де жаңалауға ұмтылушылық байқалады. Мысалы, Гүлайым, Сарбиназ, Гүлсім т. б. бейнелері.

Дастаннан гөрі пьесада хорезм батыры Арыслан бейнесі толық ашылған. Ол тек Гүлайымды ғана сүйіп қоймай, оның елін де сүйеді. Гүлайым елінің қайғысына ортақ болып, Иран шахы Надирдің әрқилы азабына төзеді. Пьесада отанға деген махаббат, достық, туысқандық, адалдық, ерлік, азаматтық борыш мәселелері өте өткір қойылады. Бұл қасиеттердің барлығы да жеке бас қамынан жоғары тұрады.

Осы тұрғыдан алғанда «Қырық қыз» пьесасының соңғы жылдардағы басқа пьесалардан сапалы шыққаны бізді қуантады. Айта кететін бір нәрсе, пьесада қолданылған әдістерде жаңалық жоқ. Аты аталған екі пьесада да оқырман үшін рухани азық өте аз.

Мұнан келіп шығатын қорытынды, бұл драмашыларда әлі де болса шеберлік жетіспейді. Фольклорлық материал негізінде жаңа көркем шығарма жасаушы жазушының шығармашылық қиялы да өте қажет нәрсе. Демек, олай болса талданып отырған шығармалардағы қиял байлығы мен мәдени дәреже дастандардағыдан жоғары емес. Көбінше мұны С.Хожаниязовтың «Ақымақ патша» пьесасынан сезінеміз. Бердах дастан негізін Хиуа ханының тұрпайы әрекеттерін кекесінмен әжуалауға құрады. Хан мерез ауруымен ауырса да, оның гаремінде қырық сұлу әйел қамаулы тұрады. Қандай да бір емші «осы аурудан жазылу үшін жас қызға үйленуіңіз керек» дейді. Сол себепті де ол «халық ішінен ең жас сұлуды менің гареміме алып келің» деп бұйырады. Дастан оқиғасы осылай басталады. Бердах сюжеттің осылай дамуын саналы түрде таңдап алады. Дастан оқиғасының дамуында Бердах ханның келеңсіз әрекеттерін дәлелді суреттеп отырады. Бұл істің соңы ханның өз қызына ғашық болуына алып келеді. Оқырмандар мен тыңдаушыларда ешқандай күман қалмайды.

Дастанды сахналастырғанда мұның барлығы астын-үстін болып кетеді. «С.Хожаниязов болса зорлыққа қарсы халық наразылығына баса назар аударады. Қаһармандық, қарулы қарсылық пьеса сюжетінде басты орынға шығады. Соңында түпнұсқаның тарихи және көркемдік мазмұнын бұрмалап жібереді» [3.75 б.]. Сондықтан пьесаның сюжеті өмірден алыс, нанымсыз, әрі жасанды болып шыққан.

Сонымен, халықтық жырларды драмаға айналдырудағы жағдай соңғы жылдары «Алпамыс», «Ғаріп ғашық» пьесалары дәрежесінде қалып отырғанын көреміз Бірақ айта кететін бір жағдай — қарақалпақ ұлттық драматургиясында «Қырық қыз», «Ақымақ патша» пьесаларының пайда болуы үлкен маңызға ие деп білеміз.

Әдебиет:

  1. Нурмухамедов М. Краткий очерк каракалпакской советской литературы.– Ташкент: «Фан». 1959. — 148 б.
  2. Сагитов И. Каракалпакский героический эпос. — Ташкент: «Фан». 1962. — 179 б.
  3. Айымбетов Қ. Қарақалпақ совет драматургиясының тарихынан. — Нукус: ККГИЗ. 1956. — 186 б.
Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена, Ташкент, хан.

Похожие статьи

Основные термины (генерируются автоматически): хан, мена...

Осы опасыздық салдарынан Қазақ хандығының бірқатар әскер басы, оның ішінде Хақназар ханның екі ұлы

1598 жылы Тәуекел хан Ташкент қаласының түбінде Абдолла ханның әскерін талқандады. Көп ұзамай Абдолла хан қайтыс болып, орнына баласы Абдылһұмин хан болды.

Адам болмысының руханилық бастаулары: адами рух пен діннің...

оса, бола, мена. Осы құндылықтар бізге қуатты қару, асқақ рух болады деп шүбәсіз сенемін. Өйткені Елбасымыз айтпақшы, «Мәңгілік Ел - ата

В статье рассматриваются цели и задачи создания сети SWIFT, основные системы организации межбанковских расчетов, современное...

Происхождение Кутлук-Тимура, эмира хана Узбека

Библиографическое описание: Сабитов, Ж. М. Происхождение Кутлук-Тимура, эмира хана Узбека / Ж. М. Сабитов.

Ее двоюродная сестра Булуган-хатун, дочь Утмана была также женой Газан-хана [5, 93]. Как мы знаем, данный Кутлук-Тимур погиб в 1297 году [7, 178].

Мавзолей Шейха ходжы Нуриддина Басира (Кутби — Чахар...)

Эта статья и проект направлены на то, чтобы показать насколько велика была личность Шейха Нуриддина Басира, а также дать возможность всем современникам, — как местным жителям, так и гостям города, – прикоснуться к истории, узнав о памятниках, вспомнив исторические факты.

Авторская интонация в фильме М. Ромма «Обыкновенный фашизм»

Библиографическое описание: Самойленко, А. А. Авторская интонация в фильме М. Ромма «Обыкновенный фашизм» / А. А. Самойленко. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 4 (399). — С. 396-399. — URL: https://moluch.ru/archive/399/87985/ (дата обращения...

Казахские ханы в монгольских источниках второй половины XVII...

 Сообщения о казахских ханах и Казахском ханстве в монгольских источниках скудны. Можно встретить всего несколько сообщений в различных источниках. Такими источниками являются Алтан Тобчи Лувсанданзана, Эрдинийн Тобчи Саган-сэцэна и Шара-туджи.

Истоки, причины и последствия декабрьских событий 1986 года...

Библиографическое описание: Ибраев, Г. М. Истоки, причины и последствия декабрьских событий 1986 года в Казахстане / Г. М. Ибраев, Ш. Ш. Бейсембаева, М. А. Ыдырысова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 17 (359). — С. 319-321.

Задать вопрос