Кіші мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу көздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 декабря, печатный экземпляр отправим 15 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №51 (341) декабрь 2020 г.

Дата публикации: 21.12.2020

Статья просмотрена: 25 раз

Библиографическое описание:

Алсеитова, М. Д. Кіші мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу көздері / М. Д. Алсеитова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 51 (341). — С. 477-480. — URL: https://moluch.ru/archive/341/76851/ (дата обращения: 29.11.2021).



Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу көздері келтіріліп, олардың бала өмірінде қандай маңызға ие екендігі айтылған. Бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық мұраларымызды бала бойына ерте жастан сіңіртіп, оның өмірінде өшпес із қалдырары сөзсіз.

Тірек сөздер: Отан, отансүйгіштік, тәрбие, ұлттық құндылықтар, дамыту.

Встатье представлены источники патриотического воспитания младших школьников и их значение в жизни ребенка. Несомненно, работа в этом направлении с малых лет впитает в себя наше национальное наследие и оставит неизгладимый след в жизни ребенка.

Ключевые слова: Родина, патриотизм, воспитание, национальные ценности, развитие.

Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында: «Қазақстандық патриотизм — әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну. Туған жерге деген махаббаты, Қазақстанды барлық азаматтардың бірыңғай Отаны ретінде түсінуі», — нақты көрсетілген. Бұл құжаттың негізгі идеясы Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің өзінің еліне, жеріне, салт-дәстүрі, мәдениетіне құрметпен бірге, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін құрметтеуге басымдық берілуімен сипатталады.

Егемендік алғаннан бастап жаңа идеология қалыптастыру негізінде «париотизм», «қазақстандық патриотизм», «ұлттық патриотизм» деген ұғым туындады. Яғни, бірінші кезекте осы ұғымдардың мәнін аша отырып, негізгі идеяға жол ашамыз.

Патриотизм грек сөзі («patris» — отан, «patriotes» — отандас, жерлес) — отанға, туған жерге, халқына деген шынайы махаббат ұғымын білдіреді. Адамзаттың даму тарихында көптеген жағдайларға байланысты сан алуан сипат пен мағынаға ие болған. Бұл сөз алғаш рет Ұлы француз революиясында 1789–1793 жылдары қолданылды. «Патриот» деп сол кезеңде өз елі, халқы мен мемлекеті игілігі үшін күрескен тұлғаларды атаған.

Қазақстан Энциклопедиясында: «Патриотизм (грек сөзі Patriotes — отандас, Patris — отан, туған жер) — Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жер, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды», [1, с. 82]- деп көрсетілген өзінің ізгілікті мәнін сақтайды. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі — Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың оқушы көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы отансүйгіштікке тәрбиелеудің арқауы.

Жоғарыда аталып өткен анықтамаларға сүйене келіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу тал бесіктен басталатындығы айқындалады. Бала тілі былдырлап шыққан сәттен бастап рухани тұрғысынан отансүйгіштікке баулу негізгі тәрбие көзі болып табылады. Қaй елдiң болмaсын өсiп — өркендеуi, өркениеттi дүниеде өзiндiк орын aлуы оның бiлiм беру жүйесiне, дaму бaғытынa тiкелей бaйлaнысты екенi белгiлi. Осы тұрғыдaн aлып қaрaғaндa жеке тұлғaны дaмытуғa қызмет ететiн бiлiм мен тәрбие негiзi — бaстaуыштa, бaршa бiлiмнiң iргетaсы дa осындa қaлaнaды .

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында «Туған жер» бағдарламасын ұсына отырып, бұл идея «жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады» — деді. Бағдарламада мектептің алатын орны туралы «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі» [2] — дей отырып, мектептерге үлкен үміт артатындығын жеткізді.

Бүгiнгi қоғам талаптарына байланысты жас ұрпақ еліміздің ерен батрларының ұл есімдерінің орнына заманауи қиял — ғажайып кейіпкерлерге еліктеп бара жатқандығында айдан анық. Ұлттық құндылықтарымыз арқылы мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеуде халық даналығының берері тәлім- тәрбие екені бесенеден белгілі. Елдің елдігін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыратын құндылықтарына деген жан — ашырлық танытуда отансүйгіштің рөлі ерекше. Айтылған ойларды негізге ала отырып, бастауыш сыныптары үшін отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірнеше көздерін ұсынуға болады.

Бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің негізгі көздерінің бірі мақал — мәтелдер. Мақал — мәтелдер дегеніміз айналада болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды ықшамдап, қысқа түрде бірақ үлкен мағынаға ие ой ұсынатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Бала ес білгеннен бастап мақал — мәтелдерді біліп, оларды естіп өссе, бүлдіршін бойына мақал — мәтелдердің терең мағынасы сіңіп тәрбиеленеді. Қазақ халқының мұраларының бірі мақал — мәтелдердің тәрбиелік мәні терең, әр түрлі тақырыптарға бағытталған. Соның ішінде отансүйгіштікке арналған мақалдар терең мағынаға ие. Мысалы: «Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды», «Отан — отбасынан басталады», «Отан оттан да ыстық», «Отансыз адам — ормансыз бұлбұл». Әрбір айтылған мақал — мәтелдердің түпкі мағыасында Отанның қаншалықты қымбат екені жеткізіліп тұр. Осылайша, мақал — мәтелдеріміздің қаншалықты маңызды екенін біле отырып, оның құндылықтарын әрқашан естен шығармай, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырудың алғашқы шарттары жас ұрпақтан бастау алады.

Бала бойындағы отанға деген махаббатын оятудың тағы бір жолы қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы. Отансүйгіштік тәрбиенің озық үлгісі сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк есімдерінен бастау алып, елі- халқы үшін жанын беруге әзер Жәнібек, Керей, Қасым, Тәуекел, Есім, Тәуке, Абылай сынды қазақ хандарының ерліктерімен жалғасын табады. XVI –XVIII ғасырларда найзаның ұшымен, білектің күшімен елін, жерін сақтап қалу мақсатында күрескен Қарасай, Қабанбай, Райымбек, Бөгенбай, Наурызбай, т.б. батырлар ісінен отансүйгіштік тәрбиенің лебі сезілді. Ұрпақ бойындағы ерлік сезімін оятып, туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда жеңімпаз сарбаздарымыздың қайсарлықтары айтарлықтай үлес қоса алады. Осы батырларымыз ұмыт болмас үшін қазақ халқы бесік жырына қосып кішкентай сәби кезінен бойына сіңірткен:

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің? — дей отырып, батырларымызды әндетіп отырған. Сонымен қатар, батырларымздың ұлы істерінің негізінде пайда болған ертегілерді бастауыш сынып оқулықтарынан міндетті түрде кездестіре аламыз.

Кіші мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің тағы бір көзі — ұлы тұлғаларымыздың еңбектері арқылы. Бірінші кезекте ұлы тұлғалар дегеніміз кімдер деген сұрақ туындайды. Қазақ халқының ұлы тұлғаларына Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, С.Сейфуллин,І.Жансүгіров, Б.Майлин т. б. жатқыза аламыз. Қазақтың бір туар азаматтары өмір жолдарында бос қалдырмай, үлкен еңбектерін келешек ұрпаққа тәррбие, үлгі ретінде тастап кеткендей. Жоғары айтылған ел азаматтарының кез- келгенінің еңбектерінің кішкентай бөлігі болсын Отанын сүюге, қастерлеуге арналған. Келер ұрпаққа берер тәлім — тәрбиесі көп екені шексіз. Мысалы, А.Байтұрсынов көптеген мақалалар жазған, бірақта сол кезеңдердің кедергілеріне байланысты, мақалаларының көбі дер кезінде жарық көрмей қалған. Солардың бірі — «Баулу мектебі». Бұл мақалада көрсетілгендей, мектептің міндеті — берген баланы ата-анасының үміті мен мемлекеттің мақсатындағы көздеген түрде адам қылып шығару [3, с. 17]. Аталған міндет негізінде түбінде мемлекетінің мүддесін ойлайтын, нағыз отаншыл ұрпақ тәрбиеленіп шығатыны айдан анық. Қазақ азаматтарының, жастарының, тіптен кішкене балаларының бойында Отанына, ұлтына деген патриотық сезімін оята білген М.Дулатовтың:

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты — деп, ішіндегі күйзелісінен туындаған өлеңі ұйықтап жатқан қара қазақтың ішкі жан-дүниесін оятқандай. Осындай артынан өшпес із — қалдырған тұлғаларымыздың еңбектерін мәңгі ұмыт қылмай, білім мен тәрбиенің көзі бастауышта екенін ескере отырып, бүлдіршіндеріміз мектеп табалдырығынан аттаған сәттен бастап Отанның қаншалықты құнды екенін бойларына сіңіртіп тәрбиелегенде ғана, жасалған жұмыстар өз жемісін көрсетеді. Бастауыш сыныпта Отан туралы ұғым тілі, діні туралы, қазақ тарихы, мәдениеті, елдің жырын жырлайтын жыршылары мен сазгерлері, әдет — ғұрып, салт — дәстүрін туған — туыстарын сыйлау қазақ батырлары, сөзге шешен, ел ішіндегі көсем адамдардарды білу арқылы қалыптасқан. Жоғарыда айтылған ойларды құр айтылған жерде қалдырмай сенімді түрде қолға алып қарастырар болсақ, білімнің бастауы бастауыш сынып оқушылары елін, жерін сүйетін, қастерлейтін нағыз азамат болып өсері сөзсіз.

Әдебиет:

  1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. — 5-т. — Алматы: Қазақ энцикл. — 1998.
  2. stud.kz/prezentatsiya/id/24176
  3. Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. Алматы: «Ел-шежіре», — 2013. 17-б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, бал, жизнь ребенка, патриотизм.


Ключевые слова

тәрбие, отан, отансүйгіштік, ұлттық құндылықтар, дамыту
Задать вопрос