Тәрбие жұмыстарының психологиялық мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Жаримбет, А. О. Тәрбие жұмыстарының психологиялық мәселелері / А. О. Жаримбет. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 17.1 (307.1). — С. 6-7. — URL: https://moluch.ru/archive/307/69126/ (дата обращения: 20.04.2024).

Тәрбие — бұл арнайы ұйымдастырылған қоғамдық нормаға сәйкес қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыратын үздіксіз және ықпал ету процессі. Бұл процесті адамзат өзінің даму тарихы барысында қалыптастырған және әліде қалыптастыруда. Көзге көрінбейтін процесс болғанымен қай заманда болмасын актуалдылығын жойған емес.

Тәрбиенің ең алғашқы институты — отбасы екені белгілі. Осы тұрғыда баланың қажеттіліктері мен өмірдегі мақсат, міндеттері, өз-өзіне сенімділігі, мінез-құлқы, танымдық дүниесі және өмірлік тәжірибиесі ана құрсағында жатқанда-ақ қалыптаса бастайды. Бұл кезеңде әкеніңде рөлі де үлкен.

Отбасынан басқа бала тәрбиесіне мектеп, қоғам, достары және ақпарат құралдары (интернет, телевидение, радио және т.б) өз ықпалын тигізеді.

Психоаналитиктер адам өміріне бала кезіндегі қалыптасқан көзқарастар немесе оқиғалар бейсаналық тұрғыдан үлкен әсер етеді дейді. Әрине, ол көзқарастарды ата-ана қалыптастырады. Мысалы, қанымызға сіңіп кеткен қазақ халқының ментелиттерін айтсақ болады.

Кез келген білім ошақтарында арнайы тәрбие сағаттары жоспарлы түрде бекітілген. Алайда, көп педагогтардың және психологтардың кателігінен бұл процесс шет қалып жатыр. Әрине, тәрбие үздіксіз жүретін процесс. Бірақ, тәрбие сағаттарының білім алшылардың дүниетанымын, өзіндік көзқарасын қалыптастыруда маңызы зор. Себебі, жоспар тәрбиенің 12 бағытына сай құрылады.

Оқу процессі білім алушының танымдық дамуымен практикалық іс-әрекетімен байланысты болса. Ал, тәрбие — адамдар арасындағы қарым-қатынастан көрінеді. Қарым-қатынас барысында бала қоршаған ортадағы статусын, орнын, мінез-құлқын және өзіндік менін қалыптастырады.

Тәрбие процессінде адам түйсігінің (инстинкт) орны ерекше. Психологиялық тұрғыдан инстинк ең күрделі органикалық қажеттіліктерді оятатын үлкен күш ретінде қарастырылады. Бұл белсенділік пен ынталандырудың ең күшті импульсі.

Тәрбие барысында бұл қуатты күшті толық пайдалану керек. Себебі, адам шығармашылығының барлық күші инстинктердің жоғары деңгейінде көрінеді. Алайда, тәрбие жүйесі инстинктердің мәселелерін шешпейді. Инстинкттің тәрбие процессінде дамуы мен қолданылуы әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, зиянсыз және қолайлы болуы тиіс. Себебі, белсенділік процессінде инстинктер оңай ауысып отырады. Мысалы, билікке ұмытылу ақшаға деген құмарлықты тудыруы мүмкін. Ал, ақшаға деген құмарлық ашкөздікке әкеліуі мүмкін. Осылайша, педагогика және психологияның негізгі механизмі инстинкті тәрбиелеудің қарапайым түрін емес, жоғары қызмет түріне ауысуымен байланысты.

Әрине, бұл көзқарас өте күрделі, көп қырлы және көп аспектілі болып табылатын жалпы көзқарас. Бұл тәсілдің мәні — адам ағзасының табиғи даму қажеттіліктерін және мақсаты мен міндеттерің ескерілуі тиіс. Яғни, қыз баласы мен ер бала организмінің даму ерекшелігі және қажеттілікттері түрліше болып келеді. Осы тұрғыда, қарым-қатынас кезінде, ер бала мен қыз баласының тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиені жоспарлы түрде жүзеге асыру керек.

Енді тәрбие сағаттарынан бөлек тәрбиелеу формалары жоқ емес. Олар тренинг, дөңгелек үстел, пікірталас, суггестия (көндіру) және т. б. Барлық тәрбиелеудің формалары мен әдістері ұжым мен ұжымдағы қарым-қатынасқа негізделеді.

Тренинг — топтағы адамдардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, өмірлік көзқарастарына, дүниетанымына ықпал ету әдісі. Процесс барысында қатысушы өз шығармашылығын және ашылмаған жеке қабілеттерін шыңдай алады.

Дөңгелек үстел — объективтіден субъектіге емес, субъектіден субъектіге бағытталатын процесс. Яғни, қатысушылар кез келген мәселені көтеріп, пікір алмасып дүниетанымын кеңейте алады. Сонымен қатар, ортада өзін-өзі ұстау әдебін, өз ойын ашық әрі нақты жеткізуге дағдыланады.

Пікір талас — әр түрлі көзқарастарды тыңдай отырып, салыстып және саралап өз пікірін ортаға салу.

Суггестия — сендіру, иландыру немесе ұйып тыңдауға ықпал ету. Қазақ халқының балаларын бесік жыры, ертегілер мен халық ауыз әдебиетін бойына сіңіру және бата беру арқылы болашағына сендірген. Психология ғылымында суггестияны мотивациямен теңдестірсек болады.

Қорыта айтқанда, тәрбие бұл педагогика ғылымына ғана тән ұғым емес. Психология, социология, философия, әдебиет және т.б ғылымдар бұл мәселені зерттеп, зерделеуде.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығының «ЖОО-дағы білім беру және тәрбие жұмыстарының психологиялық мәселелері» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Иманғалиев Е. Н. Жеке тұлғаны әлеуметтік-психологиялық болжау әдістері. — Астана, 2008. — 128 б.
  2. Құдиярова А. М. Қарым-қатынас психологиясы (Ортақтасу). — Алматы, 2006. — 40 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, процесс.

Похожие статьи

Жаңғыру ұғымының қысқаша сипаттамасы | Статья в журнале...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Менеджменттің даму тарихы және оның қоғамдағы рөлі

Мақалада басқару ғылымының пәні мен әдісі, даму тарихы, сәйкес жүйенің реттілігі туралы айқын жазылған. Автор менеджменттің әдістерін, функцияларын...

Жасөспірім балалардың дамуының сипаттамасы

Жасөспірімдік кезеңде адамның жетілуі мен дамуының белгілі кезеңдері болады және ол балалық кезең мен ересектік кезең арасында жатыр.

Басқарушылық шешімдерді қабылдау процестерін дескриптивті...

Аталмыш процесс барлық зерттелген тұтынушылар кооперациясында топтарға бөлінгенде де

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать...

Бастауыш сынып жасындағы балалардың когнитивтік дамуы

Когнитивтік процесс дегеніміз қандай да бір материалмен абстрактілі айла шарғы жасауға мүмкіндік беретін ақылды «мінез-құлық» аспектілері болып табылады [1].

Инвестициялардың құрылымын және оның... | Молодой ученый

Бұл процесс барысында сала мен кәсіпорын экономикасына тән өсудегі немесе өшудегі қозғалыстарды есепке алған жөн. Бұған техникалық прогресс барысындағы анықталған...

Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері

Похожие статьи. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Не все процессы требуют платежных систем, обмена между участниками, децентрализации или публичного хранения записей.

Пішенді престеп жинаудың тиімділігін негіздеу | Статья в журнале...

Малға берілетін ең жақсы шөп – жайлау мен даланың түрлі шөптері. Шөп – қысқы мерзімде малдың сапалы тамақтандыруын қамтамасыз ету үшін рационның ең маңызды компоненті...

Қайта Өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар | Статья в журнале...

Ойшыл саяси теориясының өзегі ретінде қоғамдық және саяси өзгерістердің қозғаушы күші болып табылатын әлеуметтік күреске негізделген тарихи процесс тұжырымы болып табылады.

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Ұлтымыздың сүйікті перзенті, қазақ тарихының жанашыры, ұлы тұлға Е. Бекмахановтың қоғамдағы орны, оның өмірлік жолы ерекше.

Задать вопрос