Еңбек нарығын қалыптастырудағы әйелдер жұмыс күші | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Сегизбаева, Д. У. Еңбек нарығын қалыптастырудағы әйелдер жұмыс күші / Д. У. Сегизбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 17.1 (307.1). — С. 15-16. — URL: https://moluch.ru/archive/307/69123/ (дата обращения: 23.04.2024).

Экономиканың қаншалықты деңгейде тиімді қызмет етуі, экономикалық циклдің қандай фазасында болуы, нарықтың негізгі субъектілері - жұмысшы мен жұмыс берушінің орнына байланысты жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, яғни жұмыссыздық деңгейі анықталады.

Жұмыссыздық – жалпы біздің елімізде ғана емес, қаржылық дағдарысы кезіндегі барлық елді де есеңгіретіп отырған қауіпті дерт.

Қазіргі таңда Қазақстан мемлекетінің алдындағы ең басты міндет – инновациялық экономиканы қалыптастыру. Осы мақсатта еңбек нарығын қалыптастырушы фактор ретіндегі әйел жұмыс күшінің бүгінгі мәселелері мен аймақтардағы әйел жұмыс күші мен жұмыссыздығының себептері, ахуалы, гендерлік теңдік пен әйел жұмысшы күшінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолдары, әйелдер жұмыссыздығын төмендету шараларын жетілдіру механизмдері бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Бүгiнгi күнi еңбек экономикасының ғылыми-тәжiрибелiк аппаратына «бәсекеге қабiлеттiлiк деңгейi» деген термин енгiзiлдi. Аталмыш терминдi елiмiздiң еңбек рыногындағы кадрлық жағдайды кешендi талдау көрсеткiштерiнiң бiрi ретiнде (макродеңгейде), сондай-ақ, ұйым немесе кәсiпорын дәрежесiнде (микродеңгей) қолдануға болады. Қызметкердiң бәсекеге қабiлеттiлiк деңгейi нақты және мүмкiн боларлық талапкерлер тарапынан өзiнiң жұмыс орны үшiн туындаған бәсекеге қызметкердiң төтеп бере алу қабiлетi немесе басқа тиiмдi орынға қол жеткiзу мүмкiндiгi арқылы анықталады [1, 14 б.].

Әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін көтеру, олардың кәсіпкерлігін дамытуда, экономикадағы гендерлік теңдікке жетуіне қазіргі кезде басты назар аударылып отыр.

Әйелдердiң жұмыспен қамтылуы, елдiң еңбек ресурстары бөлiнiсiнiң жалпы жүйесiнiң ерекше элементi ретiнде көптеген факторлардың әсерiнен қалыптасады [3, 36 б.].

Қазақстандағы әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың бірнеше себептері бар:

– біріншіден, еліміздегі әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың екi деңгейлi құрылымы бар деп айтуға болады. бiрiншi деңгей – ашық (статустық) және жасырын жұмыссыздық;

– екiншiден, мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатының әйелдерге қатысты дискриминациялық сипатта жүзеге асырылуы;

– үшiншiден, көптеген қазақстандық жұмыссыз әйелдер үшiн «үй шаруасындағы бақытты әйел» статусының, iс жүзiнде, шындыққа сәйкес келмейтiндiгi. Әйелдер мәселесiн реттеуде нақты осы мазмұндағы шешiм түрi бұқаралық ақпарат құралдары, саясаткерлер арқылы белсендi насихатталып келедi және жұмыссыздықпен күресте мемлекет тарапынан жасырын түрде қолдау тауып отыр.

Әйелдерді жұмыспен қамтуға әсер етуші факторлар:

– үй шаруашылығы құрылымы: демографиялық сипаттамалар, әлеуметтік-экономикалық жағдайы;

– шешім қабылдау және қарым-қатынас: үй шаруашылығындағы билік, психологиялық, әлеуметтік, материалдық;

– өндірістік: өнім өндіруде еңбектің жыныс бойынша бөлінуі;

– табыстық: жалпы табыс деңгейі, табыстар мен түсімдерді бөлу, үй шаруашылығының әр мүшесінің жалақы үлесін бағалауы;

– репродуктивті: от басындағы бала саны, бала жасының арақашықтығы, бала тәрбиесіне қатысты міндеттерді бөлу [2, 25-26 бб.].

Статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда барлық педагогтардың 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 87 пайызы әйелдер болып табылады. Барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің 60 пайызы әйелдердің үлесінде. Дегенмен, қазiргi қоғамда жоғары жалақы төленетiн және беделді жұмыспен ерлер айналысады. Статистика, Қазақстанда ғана емес, дүние жүзінің басқа да елдерінің көпшiлiгiнде осындай жағдайдың қалыптасқанын растап отыр.

Әйелдердің ірі бизнеске енуі жаппай сипатқа ие бола қойған жоқ: оң үрдіске қарамастан, әйел кәсiпкерлiгi әлеуметтiк-экономикалық факторларға байланысты нақты қиындықтардан өтуде. Әйелдердің бизнеске жаппай келуіне экономикалық және заң кедергілері ғана емес, мәңгi екiншi рөлде болу дағдысы, ескілікті менталитет кедергі келтіреді.

Қорыта келе, әйелдерге қатысты жұмысбастылық мәселелері, оларды кәсіптік даярлау, денсаулықтарын сақтау, зорлық-зомбылықтан қорғау төңірегіндегі мәселелерді жетілдіру кезек күттірмес шаралар қатарында. Осы мәселелерге байланысты әйелдер жағдайын нығайтып жақсарту бойынша үкіметтік іс-шаралар жетілдіріліп, нығайтылуды қажет етеді.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығының «Қазақстанның экономикасына жаhандық қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. Жұмамбаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы. – A., 2003. 140 б.
  2. Ильин В.И. Социальное неравенство: деятельностно-конструктивистский подход. - М., 2000. - 228 с.
  3. Рынок труда / Под общей редакцией В.С. Буланова, Н.А. Волгина Москва, 2000. – 448 с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Жаңғыру ұғымының қысқаша сипаттамасы | Статья в журнале...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Мемлекет және дін: арақатынас мәселелері | Статья в журнале...

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале... Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты.

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Ұлтымыздың сүйікті перзенті, қазақ тарихының жанашыры, ұлы тұлға Е. Бекмахановтың қоғамдағы орны, оның өмірлік жолы ерекше.

оса, мена.

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Конфуций мен әл-Фарабидің рухани мұрасы | Статья в журнале...

Конфуций – Кун – Фу – цзы (« Кун Ұстаз ») – біздің дәуірімізге дейінгі 551 – 479 жылдары өмір сүрген, көне Қытай философиясының ең көрнекті өкілі...

Ұлттық менталитеттегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың...

Еліміз іргелі ел болып ата дәстүріндегі салт-сананы қайта жаңғыртып жатқанда, оның тұғырлылығы мен орнықты өркендеуін қамтамасыз ету бағдарын қолға алған мемлекетіміздің...

Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері

Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі.

Әл-Фарабидің эстетикалық көзқарастары | Статья в журнале...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма.

Метафоралық модельдердің ұлттық сипаты | Статья в журнале...

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Адам болмысының руханилық бастаулары: адами рух пен діннің...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Похожие статьи. оса, бола, мена. Осы құндылықтар бізге қуатты қару, асқақ рух болады деп шүбәсіз сенемін.

Задать вопрос