Қазақстан халқы Ассамблеясының өткен күні мен бүгінгі жағдайы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №16 (306) апрель 2020 г.

Дата публикации: 13.04.2020

Статья просмотрена: 52 раза

Библиографическое описание:

Шаганбекулы, Олжас. Қазақстан халқы Ассамблеясының өткен күні мен бүгінгі жағдайы / Олжас Шаганбекулы. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 16 (306). — С. 372-374. — URL: https://moluch.ru/archive/306/68902/ (дата обращения: 20.04.2024).

Берілген мақалада автор Қазақстан халқы Ассамблеясының өткені мен бүгінін қарастырады.

Кілт сөздер: Ассамблея, жарлық, бірлестік, этнос, халық.

В данной статье автор рассматривает прошлое и настоящее Ассамблеи народа Казахстана.

Ключевые слова: Ассамблея, указ, объединение, этнос, народ.

Ассамблея сөзі қандай да бір түйіндердің шешімін табу немесе талқылау үшін бірнеше адамдардың жиналыс ұйымдастыруын, бірлесуі деген мағынаны білдіреді. Демек, еліміздегі Қазақстан халқы ассамблеясына қатысты айтар болсақ — Қазақстан Республикасын мекен еткен түрлі этнос өкілерінің құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету құрылған ұйым деп атауға болады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен қоғамдағы тұрақтылық және ұлттар арасындағы татулық жағдайын қамтамасыз ету үшін Қазақстан халқы ассамблеясы секілді кеңесші органды құрған болатын. Өзінің сан жылдық тарихында Ассамблея көрсетілген мәртебеден құқықтық мәртебесі конституциямен белгіленген органга дейін өсіп отыр.

Сондай-ақ, көрсетілген Президент Жарлығында Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қояр мақсаттары, міндеті және жұмысының бастапқы бағыттары көрсетілген ережесі бекітілген болатын. Ережеде көрсетілгендей, Қазақстан халқы ассамблеясының басты мақсаты болып Қазақстан Республикасы болып жатқан жағдайларға бағасын беру мен қоғамдағы саяси ахуалға болжам беру арқылы қоғам бірігуін қамтамасыз ететiндей практика тұрғысынан ұсыныс әзiрлей отырып, сонымен қатар нәсiл, ұлт, әлеуметтiк тегi, дiни сенiм мен наным жағдайына қарамай азаматтар құқықтарының бұзылмауына кепiлдік бере отырып Қазақстан Республикасы Президентiнiң жұмысына көмек жасау болып табылады.

Бірінші болып аталған институтты енгізу жөнінде ұсынысын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің алғашқы жылына арналған Қазақстан Республикасының халқы қатыстқан алғашқы форумда айтқан болатын.

Аталған институт құру қажет екендігі саяси жағдайдан, сонымен қатар енді тәуелсіздікке аяқ басқан көптеген ұлттардан тұратын елдің тұрақты түрде дамуды қамтамасыз етуден туындаған еді. Осы ұсыныс мәдениеттер арасындағы қарым-қатынасты берік етудің жаңа уақытына аяқ басуының белгісі бола отырып, ұлттар арасындағы байланыстарды жетілдіру шараларын уақытылы қабылдауға мүмкіндік беретін әлемдік тәжірибесіндегі жаңа бағыт ретінде қабылданды.

Қазақстан Республикасының Конституциясының баптарына 2017 жылғы 21 мамырда тиісті өзгертулер енгізілген болатын, осыған байланысты Ассамблеяға конституция деңгейінде мәртебе беріле отырып, Парламенті Мәжілісіне жалпы саны тоғыз депутат сайлану құқығына ие болған еді. Осы тұста Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы саяси ролінің артқандығының көрсеткіші болды.

2008 жылдың 20 қазанында Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойып, бұл Заңда Қазақстан халқы Ассамблеясының заңды мәртебесі, Ассамблеяның қалыптастырылу тәртібі және халықтар арасындағы келісімді және бірлікті сақтау бойынша саясатты жүргізуге, атқарушы және мемлекет атынан әрекет ететін органдардың, ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының этностар арасындағы қарым-қатынастардағы іс-қимыл тиімділігін көтеру бойынша шараларды жүргізу тәртібін белгілейді. Қабылданған актілер негізінде құрылған уақытта тек қоғамдағы тіл мен мәдениет саласындағы іс-шараларды жүргізуі тиіс Қазақстан халқы ассамблея, қызметінде Заңдық негіздері белгіленіп, қоғамның саяси өміріне де араласу бойынша жұмыстар жүргізе бастады.

Сондай-ақ, Президенттің 2011 жылдың 7 қыркүйегіндегі Жарлығы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының Ережесі бекітілді, 2014 жылдың 17 маусымындағы Жарлыққа сәйкес Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысын қамтамасыз етуші орган ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Қоғамдық келісім» РМК-ы құрылған болатын. Осыған сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және облыстардың әкімдерінің аппараттарының жанында «Қоғамдық келісім» КММ-ы құрылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеттері болып мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын органдар, ұйымдар мен азаматтық қоғам институттары тарапынан ұлттар арасындағы қарым-қатынас бойынша тиімді іс-қимыл тәртібін белгілеу, қоғамда келісімді және жалпы ұлттардың бірлігін берік ету мақсатында қажетті шаралар қабылдау, елдің бірліктігін нығайту мен республика аумағында тұратын халықтардың өз дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтай отырып, одан әрі дамыту болып табылады. Сонымен қатар, Ассамблея тиісті органдарға экстремизм және радикализм белгілеріне қарсы жұмыс жасауға, демократия қағидаларына негізделген құқықтық мәдениет қалыптастыру үшін қажетті жәрдем беру.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiнің аталған бірлестікте өмiр бойына басшы болуы, «Құрметті төраға» мәртебесін алуы- Ассамблея басшылығына қатысты ерекше жағдай болып табылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстарын жүргізу оның орынбасарлары жүктелген, олардың бір-бірін алмастыру тәртібі Кеңестiң ұсынысы бойынша Президенттің өкiмi негізінде іске асырылыр отырады. Қазақстан халқы Ассамблеясының cеccияcы, оның кеңеci, aппараты (xатшылығы), aссамблеяның атқарушылық органы, облыстар, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының ассамблеялары, aссамблеяның этно-мәдени бірлестіктері Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымына жатады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясы республика Президенті белгілеген жағдайда және қажеттілік бойынша әрбір жылы кем дегенде бір рет шақырылып отырады. Алда өтетін сессияны шақыру бойынша өкімде сессияның болатын уақыты, жері және көтерілетін мәселелер көрсетіле отырып, өткізілетін уақытқа дейін отыз күн бұрын қабылдануы тиіс, аталған өкім ресми БАҚ-та жариялануға жатады. Жоспарлы емес сессияны Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы, кеңестің ұсынысы негізінде болмаған жағдайда Қазақстан халқы Ассамблеясының мүше тұлғаларының барлық санының ең кем дегенде 1/3 өтініші негізінде шақырылуға жатады, сондай-ақ өткізудің қажеттілігі бойынша шешімді қабылданған күнінен 1 ай уақытта өткізілуі қажет.

Сессиялардың аралықтарындағы уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясын басқарушылықты Қазақстан Республикасы Президенті шешімі негізде құрылуға жататын Ассамблеяның Кеңесі іске асырады. Кеңес құрамы Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен бекітіліп отырады. Ассамблеяның жұмысшы органы болып Хатшылық табылады және Президент Әкімшілігінде құрылымдық бөлімше ретінде қызмет атқарады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының және облыстар (қалалардың) ассамблеялары құрамдары — этно-мәдени немесе өзге бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттен қаржыландырылатын органдардың өкілдері және республика азаматтарынан құралады.

Бүгінге таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына 394-тен аса азаматтар кіреді. Мүше болуға кандидаттар облыстардағы этно-мәдени және өзге бірлестіктердің бастамалары бойынша облыстар (қалалардың) ассамблея сессиялары шешімі негізінде, сонымен қатар республика деңгейіндегі, аумақтық этно-мәдени және өзге бірлестіктері органдарының шешімі негізінде ұсынылуға мүмкіндіктері бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ғылым тұрғысынан сүйемелдеу шараларын қабылдау мақсатында ғылыми және сарапшы кеңестері құрыла отыра, бірлескен жағдайда жұмыс жүргізуде. Ғылыми-сарапшы кеңестердің құрамы Парламенттің депутаттары, этно-мәдени бірлестіктер, ғылыми қызметкерлер және білім беруші ұйымдар өкілдері, сонымен қатар ғалым азаматтар, тәуелсіз болып табылатын сарапшылар мен мамандардан тұрады. Ұлттар арасында туындайтын түрлі проблемалық мәселелерді жария етудің ерекше жағдайларын ескере отырып, Ассамблея жанынан журналист пен сарапшы мамандар құрамында мүше болып табылатын арнайы клуб жасақталған. Аталған клубтың қызметінің негізгі бағыты болып журналист пен сарапшы азаматтарға түрлі ұлттарға қатысты мәселелер бойынша мақалалар жариялау дәстүрін тәжірибеге енгізу, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен бұқаралық ақпарат құралдар арасындағы байланысты тереңдету екені белгілі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі көрсеткіші ретінде мемлекетімізде ұлттар және конфессиялар арасындағы орныққан келісімінің ерекше үлгісін, азаматтардың этникалық немесе діни жағынан ерекшеліктеріне қарамай Конституциямызда кепілдендірілген құқықтарын іске асыра алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктіктегі ахуалының қалыптасқандығын айтуға болады.

Әдебиет:

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1100000149

2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Ә. Нысанбаев. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 1998.

3. Тоғжанов Е., Кан Г., Коробков В., Шаяхметов Н. Қазақстан халқы Ассамблеясы. Тарихи очерк. — Алматы: Раритет, 2010. — 328 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Ассамблея, журналист пен.

Ключевые слова

этнос, Ассамблея, жарлық, бірлестік, халық

Похожие статьи

Международно-правовое положение журналистов...

В статье анализируется содержание международно-правового положения журналистов в период вооруженных конфликтов. Автор пришел к выводу, что с точки зрения международного гуманитарного права все сотрудники средств массовой информации подразделяются на...

Ұлтаралық тұрақтылық, татулық және келісім-Қазақстанның...

Ұлттар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын жалпы мемлекеттік этникалық мінез-құлық нормасы – әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы күнделікті аралас-құралас өмірдегі татулық, адал достық қатынас, өзара түсіністік пен сыйластық, жоғары...

Мемлекет және дін: арақатынас мәселелері | Статья в журнале...

Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет: - ҚР азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге

- дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ...

Менеджмент пен маркетинг философиясы | Статья в журнале...

Менеджмент пен маркетинг философиясы. Автор: Кенжебаев Жомарт Талгатович. Рубрика: Спецвыпуск.

ХХІ ғасырдың бас кезінде қоғамдық санада қоршаған ортада орын алып жатқан өзгерістерге байланысты сан түрлі үрейлер мен үміт отын тудыратын жағдайлар қалыптасты.

Тарихи тақырыпқа түсірілген фильмдердің көркемдік ерекшеліктері

Бұл мақалада тарихи тақырыпқа түсірілген ұлттық фильмдердің көркемдік ерекшеліктері талданған. Кино режиссерлердің шығармашылық ізденістері қарастырылған.

2015 жылғы кезектен тыс Президенттік сайлауында қолданылған...

Ассамблея бастамасын алғаш болып «Нұр Отан» партиясымен қатар, парламенттің төменгі

Басылымдар мен телеарналардағы сайлауалды жарнаманың дәстүрлі түрлерін барлық

Ә. Құсайынов «Экологиялық біліктілік пен өнеркәсіптік қауіпсіздік – біздің басты мақсатымыз» атты...

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық ат салысуы.

Әл-Фараби мен Абай хакім | Статья в журнале «Молодой ученый»

Араб мәдениеті, арабтық-мұсылмандық Шығыс — бұл Әл-Фараби мен Абай үшін бірдей рухани бастау, олардың арасын жалғастырар арқау, үндестік, кейбір идеяларының бір-біріне тіл қатып тұрғандығы, байланыстылық болғандығын растайды.

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен...

Основные термины (генерируются автоматически): мена, пена... Мемлекет пен бизнес тиісті құқығына сай ресурстар мен мүдделерді бөліскенде

Халықшылдығымыз мен Елдігіміздің сұраныстары да мемлекет пен тұлғаларымыздың. Пеногаситель вводили в пену через одну...

Задать вопрос