Оқыту сапасын арттыруда білімді бақылау мен бағалаудың маңызы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №7 (297) февраль 2020 г.

Дата публикации: 17.02.2020

Статья просмотрена: 4632 раза

Библиографическое описание:

Ильясова, Г. О. Оқыту сапасын арттыруда білімді бақылау мен бағалаудың маңызы / Г. О. Ильясова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 7 (297). — С. 335-337. — URL: https://moluch.ru/archive/297/67421/ (дата обращения: 20.04.2024).

Бұл мақалада оқышылардың білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалаудың маңызы, оның мақсаты мен негізгі қолданылатын әдістері қарастырылған. Ауызша жәннне жазбаша тексеру әдістерінің маңызы, орны мен бөлімдері, жайлы мәселер қарастырылған.

Түйінді сөздер: бақылау, бағалау, оқыту, ауызша және жазбаша тексеру.

В этой статье обсуждается важность мониторинга и оценки знаний, навыков и целей учащихся, а также их основных применений. Рассматриваются вопросы значимости, места и разделов устных и письменных методов проверки.

Ключевые слова: контроль, оценка, обучение, устная и письменная проверка.

Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек» деп, айтқандай, оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі-білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан, оқушылардың білім нәтижелерін бағалау оқыту үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады, яғни, оқыту үдерісін басқарудың түйінді кілті бағалауда деп те айтуға болады. Деңгейлік бағдарламалар мазмұнындағы «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі — оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну, оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілмен байланысты.

Жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін әділ, шынайы, ашық түрде бағалау жүйесін қолдану.

Білімді бақылаудың негізгі мақсаты — оқушылардың білім алудағы жетістіктерін анықтау, білімін тереңдету және болашақта оқушыларды қоғамдық іс-әрекетке қосылудың алғышарттарын жасау. Бұл мақсат ең алдымен оқушылардың оқу материалын меңгеру сапасын анықтаумен тығыз байланысты. Екіншіден басты мақсаттың айқындылығы өзін-өзі бақылау мен өзара бақылауды қабылдауды үйренумен және өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау қажеттілігін қалыптастырумен байланысты. Үшіншіден, бұл мақсат оқушылардың орындалған жұмысқа деген жауапкершілігін, ынтасын арттыру тәрізді жеке тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуді жоспарлайды [1].

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдыны қалыптасу дәрежесі анықталады.

Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі «есепке алу», «бақылау», «бағалауды» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған [2].

Бақылаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар, олардың ішінен ең негізгілері: ауызша мен жазбаша тексеру.

Ауызша тексеру. Бақылаудың мақсаты мен тексерілетін материалдың мазмұнына байланысты ауызша тексеру әр түрлі ұйымдастырылады. Тексеруге қойылған мақсаттар арасынан мыналарды бөліп алуға болады: үй жұмысының орындалуын тексеру, жаңа материалды игеруге дайындықтарын анықтау, түсініктілік және жаңа материалды игеру дәрежесін тексеру. Мазмұнына байланысты тексеру алдынғы өткен сабақ бойынша немесе бөлек бөлімдер және тақырыптар бойынша жүргізіледі.

Ауызша тексеру әдісінің екі негізгі бөлімі бар:

– тексеру сұрақтарын және олардың тапсырмаларын құрастыру;

– қойылған сұрақтарға оқушының жауабы.

Тексеру сұрақтары мен тапсырмаларды құрастыру — ауызша тексерудің басты элементі болып табылады. Сұрақтардың сапасы олардың мазмұнымен, оқушының жауап беру кезінде ақыл-ой әрекетімен немесе сөйлеу мәнерімен анықталады.

Сұрақтардың сапасы оқушылардың жауап беру кезіндегі ақыл-ой әрекетінің мінезімен анықталады. Сол үшін тексеру сұрақтарының ішінен есте сақтау қабілетін (оқылғанды бейнелеу), ойлануын (жалпыландыру, салыстыру үшін), тіл байлығын белсендендіретін сұрақтарды ерекшелеп алады. Алған білімдерін тәжірибеде қолдануда проблемалық сұрақтардың мәні зор.

Дидактикалық әдебиеттерде оқушылардың білім сапасын анықтаудың екі шарты ерекшеленген.

– оқушыға ешкім кедергі келтірмейді (көпшілік және мұғалім жауаптарды кейін талқылайды)

– оқушылардың интеллектуальды күшінің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін орта құру.

Оқушыны бағалау кезінде жауаптардың дұрыстығына, толықтығына, сөйлеу мәнеріне және мазмұндық жүйелілігіне мән беріледі.

Сабақтың кез-келген кезеңінде ауызша тексерудің түрлері қолданылады. Қай түрін қолдану сабақтың маңыздылығы мен логикасына байланысты таңдалады.

Екінші кең қолданатын бақылау әдісі жазбаша-графикалық жұмыстарды тексеру болып табылады. Бұл әдістің өзінің сапалық ерекшеліктері бар: ауызша тексеруге қарағанда мынадай ерекшеліктері бар: уақыттың үнемделуі, тексерілетіндердің барлығын қамтиды.

Жазбаша жұмыстар:

– теориялық материалдар бойынша білімдерді тексеру;

– оны есеп шығаруда қолдана білу;

– қалыптасқан біліктерді бақылау үшін қолданады.

Жазбаша — графикалық әдістердің негізгі 4 кезеңі бар: дайындық, ұйымдастыру, өткізу, нәтижелерді талдау. Дайындық кезеңінде: бақылаудың мақсатын бөліп алу, бақылау объектісінің мазмұнын бөліп алу, бақылау тапсырмаларын құру. Бұл кезеңде оқу-әдістемелік құралдар мен журналдағы тексеру жұмыстарының үлгілері көмектеседі [3].

Жалпы алғанда, жаңа критериалды бағалау жүйесі үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіреді және білім беру сапасын арттырудағы нақты артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дұрыс қойылған басымдық пен анық критериалды бағалау жүйесінің әдістемесі:

– оқушылардың оқу жетістіктерін объективті және анық бағалауға жетуіге;

– оқу, оқыту және бағалауды жетілдіру мен интеграциялауға бағытталған бағалау жүйесін жүзеге асыру механизмдерінің реттілігін қалыптастыруға;

– бағалау құралдарын құрастыруға, оның ішінде жоғары деңгей дағдыларының қалыптасқанын тексеру үшін;

– оқудың жеке траекториясын бақылау арқылы оқушылардың тұлғалық дамуына оң әсер етуге (оқуға деген ынтасын, өзін-өзі реттеуін, жауапкершілігін, бірлесе жұмыс жасауын арттыру);

– тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпараттық негізді ұсынуға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны, яғни, тыңдалым, айтылым, жазылым және оқылымды қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазіргі таңда ауызша және жазбаша әдістерінен басқа оқыту сапасын арттыруда әртүрлі ойын әдістері қолданылады. Оларға: «Бір сөйлеммен түйіндеу»,«Графикалық органайзерлер», «Дарабоз», «Динамикалық шеңбер», «Домино», «Еркін жазу», «Жаңалық ашамыз», «Күтіңіз және түйіндеңіз»,«Қатені тап», «Құпиясы жоқ қабырға»,«Минуттық шешім», «Ой күмбезі», «Парасатты диалог», «Пікірлер базары» «Маңыздылық аймағы»,«Хикая картасы», «Стоп кадр», «Сиқырлы ұяшық», «Кейс-стади» және тағы басқаларын жатқызуымызға болады [4].

Қорыта айтатын болсам, осы жоғарыда айтылған әдістерді пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға үйретеді, оқушыларға мүмкіндік жасалынады және мұғалімнің сәтті таңдалған бірнеше бақылау әдістері арқылы оқушылардың білімдерін объективті бағалауға, белгілі бір уақыт аралығындағы атқарылған іс пен алған білімдерді бақылауға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер:

  1. Өстеміров К Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.-А.: 2007.
  2. Білім мен ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы; Астана, 2016ж.
  3. «Оқушылардың оқу жетістіктерін критералды бағалау жүйесінің әдіснамасы» «НЗМ»; Педагогикалық өлшеулер орталығы; Оқу-әдістемелік құрал Астана, 2017ж
  4. Мұхамбетжанова С. Т., Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, бар.

Ключевые слова

оқыту, бақылау, бағалау, ауызша және жазбаша тексеру

Похожие статьи

мена , Секта, бар , немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы...

мена , Кино, бар , дар, немес. Похожие статьи. Бұл орайда жалпы жеткіншектер мен ересек адамдардың күрделі психоэмоциялық жүйесін қарапайым өнер жолымен реттеу — яғни...

мена , Кино, бар , дар, немес. Похожие статьи.

Қоғалары сыбдырлап, балықтары асаудай аспанға секірген Қоғалыкөл көлі мен көңілдері

Ауыл маңында ежелгі Қыштөбе, Жент, Жетімасар, Асанас т. б. қалалардың орындары бар.

Әл-Фараби мен Абай хакім | Статья в журнале «Молодой ученый»

Әл-Фараби мен Абайдың жердің жаратылуы туралы ойлары

Әл-Фараби: «Әрбір адамның әлемде (дүниеде) өз орны бар», десе Абай оны жаңғыртады: «Сенде бір кірпіш дүниеге».

Хариджиттік ағымының дүниеге келуі | Статья в журнале...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы...

Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері ретінде қарастырылады.Олар бір – біріне қарама – қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің...

Қайта Өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар | Статья в журнале...

мена , Секта, бар, немес , христианин. Лингводидактические основы обучения студентов...

« Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы...

Тұрақтылық пен өзін-өзі бағалаудың ұтқырлығы бар. Сыртқы көріністерді, қабілеттер мен дағдыларды бағалауға қатысты жоғары сезімталдық артық көнбеумен біріктіріледі.

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады.

Талап бар, енді мақсатқа жету үшін еңбек, жай еңбек емес, терең оймен ұштасқан еңбек керек.

мена , Секта, бар , немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы...

...білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.

Қазақта мынадай сөз бар — қанына тартқан, қанында бар қасиет — дегенді атам қазақ бекер айтпаған.

мена , Секта, бар , немес, христианин. Лингводидактические...

оса , мена . Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале... мена , Секта, бар , немес, христианин.

Задать вопрос