Қазақстан Республикасы аймағындағы жауын-шашын құрамындағы иондар ластануының таралуы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 6 апреля, печатный экземпляр отправим 10 апреля.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №20 (258) май 2019 г.

Дата публикации: 20.05.2019

Статья просмотрена: 820 раз

Библиографическое описание:

Козыке, Тауке Асылбекулы. Қазақстан Республикасы аймағындағы жауын-шашын құрамындағы иондар ластануының таралуы / Тауке Асылбекулы Козыке. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 20 (258). — С. 594-598. — URL: https://moluch.ru/archive/258/59307/ (дата обращения: 29.03.2024).

Жұмыстың мақсаты — Қазақстан территориясында жауын-шашын құрамындағы иондар таралуын зерттеу. Жауын-шашын мөлшері көп немесе аз болуы оның ластану дәрежесіне байланысын анықтау, тікелей зерттеліп отырған аймақ байланысын қарастыру, жауын- шашынның ластануы еліміздің территориясы бойынша таралу ерекшеліктері, таулы биік аудандағы жауын- шашынның ластануына талдау жасау, себебі таулы аудандарда жауын — шашын мөлшері жоғары болады.

Кілтті сөздер: жауын-шашын, микроэлементтер, атмосфераны зерттеу, ластану, иондар.

Цель работы — изучить распределение ионов в составе атмосферных осадков на территории республики Казахстан. Определить связь между значениями атмосферных осадков и уровню загрязнения, рассмотреть связь с территорией исследования, особенности распределения загрязнения атмосферных осадков по территории страны, поскольку в горных районах значения осадков обычно бывает высокое сделать анализ загрязнения осадков в этих районах.

Ключевые слова: атмосферные осадки, микроэлементы, исследование атмосферы, загрязнение, ионы.

Кіріспе.

Жер бетін қоршап жатқан атмосфера мен су айналымы бір-бірімен өте тығыз байланысты. Осы себепті атмосфера құрамындағы заттар жауын-шашын құрамында болуы мүмкін. Жауын-шашын құрамын анализдеуде ең негізгі мән берілетін құраушылар: иондар (аниондар: SO4 сульфат, Cl — хлорид, NO3 — нитрат, HCO3 гидрокарбонат, катиондар: Na — натрий, K — калий, Mg — магний, Ca — кальций), микроэлементтер (қорғасын (Pb), мыс (Cu), күшәла (As), кадмий (Cd)), pH қышқылдығы. Жауын-шашын жауған кезде анализдеуші құрылғылар арқылы сынамалар алынып зерттеледеі, осы құраушылардың мөлшері анықталып шектік мүмкіндік концентрация деңгейімен салыстыру жүргізіледі.

Жауын- шашын климат құраушы негізгі факторлардың бірі болып табылады. Ал оның ластануы қазіргі таңда жоғарғы дәрежеде белең алуда. Ал соның салдарынан атмосерадан түсетін атмосералық жауын- шашындар да ластануда. Бұл өз кезегінде бір- бірімен тығыз байланысты биосфераға, гидросфераға, атмосфераға өзінің кері әсерін тигізуде.

Осы орайда Қазақстан Республикасы территориясында жауын-шашын ластануының кеңістіктік өзгерістерін қарастыру өзекті болып отыр.

Атмосфералық жауын-шашынның қоспа көздерінің шамасын бағалау қоспалардың атмосфераға түсу шарттарының әртүрлі болуынан, сондай-ақ әртүрлі табиғат жағдайларындағы олардың өзара үйлесуінен қиынға соғады. Бұндай шарттардың ішінен ауа массаларының орын ауыстыру траекториясын, жел режимін және атмосфераның төменгі қабатының турболизациялануы, ауа массаларының үстіңгі қабатының төсеме түрін бөліп алып қарауға болады. Сонымен қатар, қоспаның атмосферадағы болу уақыты да маңызды. Бұл параметр атмосфера қоспаларының шығу жылдамдығына байланысты. Қоспаларының шығуы әртүрлі жолдармен жүзеге асады (ылғалды, құрғақ және т.б)

Сондықтан, атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамы ауа массаларынң орын ауыстыру кезінде болатын күрделі жинақталған процесс нәтижесі болып табылады [1].

Геохимияда атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамын зерттеу, біріншіден, атмосфера мен Жер беткейі және мұхит арасындағы тұздық алмасуды, екіншіден, құрлық пен мұхит арасындағы алмасуды сипаттауға мүмкіндік береді. Aтмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамын зерттеу санитарлы-гигиеналық мақсаттар үшін, жеке өндірістік аудандардың ауа ластануын бағалау үшін және тағы басқа қажет. Cоңғы екі онжылдықта атмосфералық жауын-шашын құрамына және атмсофера химиясына қызығушылық өсті, ол атмосфераға радиоактивті заттардың түсуімен байланысты [2].

Негізгі бөлім.

Жауын- шашын ластануының қарастыру үшін Астана, Алматы, Петропавл, Ақтөбе, Семей, Шымкент, Мыңжылқы станцияларындағы сынамалардан алынған ластаушы заттар мөлшері қарастырылды. Олар: иондар (аниондар: SO4 сульфат, Cl — хлорид, NO3 — нитрат, HCO3 гидрокарбонат, катиондар: Na — натрий, K — калий, Mg — магний, Ca — кальций), pH мәндері және жауын-шашын мөлшері мәндері алынды. Және сол мәліметтермен жауын- шашын мөлшері көп немесе аз болуы оның ластану дәрежесіне байланысын анықтау; қарастырып отқан өңірлерде ластаушы- тасталым көздерімен жауын-шашынның ластану дәрежісінің байланысын анықтау; жауын-шашынның ластануы еліміздің территориясы бойынша таралу ерекшеліктері; әрбір облыс бойынша жауын-шашынның ластануының ерекшеліктері, таулы биік аудандағы жауын-шашынның ластануына талдау жасау жұмыстары жүргізілді. Және әрбір бөлек жағдайға гистограммалар тұрғызылды (1–6 суреттер).

1-сурет. Cтанциялар бойынша жауын-шашынның жылдық мәндері

1–суретте көрсетілгендей, қарастырып отқан станциялар бойынша жауын-шашынның жылдық орташа мәндері. Ең жоғарғы мән Алматы мен Шымкент станцияларына тиесілі. Ал төмен мән Семей мен станциясынада тіркелген. Ақтөбе, Петропавл, Астана станциясында мәндері шамалас. Енді жауын-шашын мәндері мен солардың құрамындағы ластаушы элементтерін қарастыратын болсақ, осы екі құраушы арасындағы байланысты анықтауға болады.

2-сурет. Ластаушы заттардың станциялар бойынша таралуы

2–суретте көрсетілгендей, әрбір қарастырылып отқан станцияларда ластаушы заттардың таралуы қарастырылған. Әрбір элемент бойынша ШМК-дан аспайтынын көрсек болады. ШМК мәндері жоғары ал ластаушы заттар мөлшері төмен болғандықтан бұл заттардың таралуы айқын көрінбейді. Тек қана pH мәндері ШМК деңгейінен асқан.

3-сурет. Ластаушы заттардың станциялар бойынша таралуы (ШМК мәні иондар үшін көрсетілмеген)

3–суретте көрсетілгендей, иондар үшін ШМК мәндерін алып тастағаннан кейін, әрбір элемент үшін қала бойынша таралуы көрсетілген. Ластаушы заттар мөлшері бойынша Ақтөбе қаласы ең жоғарғы мәндерге ие екенін көреміз. Одан кейін Семей және Астана қалалары. Келесі элементтер бойынша: гидрокарбонат, кальций, pH мәні бойынша Ақтөбе қаласынан кейін Шымкент қаласының мәні жоғары. Бұл суреттерден көріп отқанымыздай жауын-шашын мәні жоғары болған сайын ластаушы заттар мәні көп болады деген сөз емес.

4–сурет. pH мәнінің таралуы

4–суретте көрсетілгендей, барлық қаладағы pH мәндері 4 тен жоғары, яғни бейтарап болады. Себебі, санитарлы ережелер бойынша 4 пен 8 аралығында бейтарап болып табылады. Жоғарғы мәндер Ақтөбе мен Шымкент қалаларына тиесілі, Астана мен Алматы қалалары мәндері шамалас және басқа қалалармен салыстырғанда орташа, ең төменгі мән Семей қаласына тиесілі.

5-сурет. Алматы мен Мыңжылқы станцияларындағы жауын-шашын мәндері

5–суретте көрсетілгендей, Алматы облысының таулы аудандарындағы станциялары: Алматы және Мыңжылқы және сол станциядағы жауын-шашын мәндері көрсетілген. Екі станция арасында 150 мм шамасында айырмашылық бар. Мыңжылқы станциясы тауда биік орналасуына байланысты мәні жоғары. Ал бұл станциялар биіктігі, Алматы — 847 м болса Мыңжылқы станциясы — 3017 м теңіз деңгейінен жоғары орналасқан. Биіктік бойынша айырмашылық — 2017 м құрайды. Әр 100 м сайын 13 мм жоғарылап отырады.

6-сурет. Станциялардағы ластаушы заттардың таралуы

6–суретте көрсетілгендей, биіктеген сайын жауын-шашын мәндері өскенімен қатар ластаушы заттар мөлшері де өсіп отыр. Осы таулы аудандағы станцияларда тек магний, сульфат, pH мәндері ғана Мыңжылқы станциясында төмен болса. Басқа элементтердің барлығы бойынша Мынжылқы станциясындағы мәндері жоғары. Демек таулы ауданда жауын- шашын мәні көп болған сайын ластаушы заттар мөлшері де көбейеді.

Қорытынды

Жауын- шашын ластануының қарастыру үшін Қазақстан Республикасы территориясы бойынша солтүстік, шығыс, оңтүстік, батыс өңірлерде және орталықта орналасқан Астана, Алматы, Петропавл, Ақтөбе, Семей, Шымкент, Мыңжылқы станциялары алынды. Станциялардағы сынамалардан алынған ластаушы заттар мөлшері қарастырылды. Олар: иондар (аниондар: SO4 сульфат, Cl — хлорид, NO3 — нитрат, HCO3 гидрокарбонат, катиондар: Na — натрий, K — калий, Mg — магний, Ca — кальций), pH мәндері және жауын-шашын мөлшері мәндері алынды. 2002–2009 жылғы мәліметтермен жұмыс істелді. Келесідей қортындылар жасалды:

1) жауын — шашын мөлшеріне қарастырылған элементтер және станциялар бойынша тәуелділігі жоқ. Яғни жауын- шашын мөлшернінің көп немесе аз болуынан қарастырылған элементтер мөлшері тікелей өзгермейтінін атап өту керек;

2) еліміздің террияториясы бойынша элементтердің таралуы қарастырған мәліметтер ішінде Батыс, Шығыс бөліктері және Астана қаласы аймағында жоғары мәндер. Ал солтүстік, оңтүстік өңірлерде және Алматыда салыстырмалы түрде мөлшері аз;

3) станцияларда жауын-шашын мәні көп болғанымен ластаушы заттар мөлшері басқа станциялармен салыстырғанда аз. Тек қана Алматы облысының таулы аудандарында орналасқан Алматы және Мыңжылқы станцияларында ғана жауын-шашын мәні көп болған сайын ластаушы заттар мәні жоғары болған.

Әдебиет:

  1. Алекин О. А. Основы гидрохимии. — Л.: Гидрометеоиздат, 1970.- 442 б.
  2. Никаноров А. М., Посохов Е. В. Гидрохимия Гидрометеоиздат, 1985. — 232 б.
Основные термины (генерируются автоматически): немес аз, Алматы, алматы мен, Астана, оса.

Ключевые слова

жауын-шашын, микроэлементтер, атмосфераны зерттеу, ластану, иондар

Похожие статьи

ҚР Жұмыссыздық мәселелері және оны шешу жолдары

Облыстық және Алматы, Астана қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарма-ларынан алынған мәліметтер бойынша 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында еңбек делдалдымен 510 мың адам хабарласқан. Осы санның 48,8 пайызы немесе...

Алматы, "Алматы кітап" баспасы, 2005. оса, бола, мена.

Қызылорда, Алматы қалаларының астана болып қалыптасуына тікелей басшылық жасап, астананың Қызылордадан Алматыға ауысуына байланысты комиссияның төрағасы

оса, бола, мена. Похожие статьи. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Қазақстан Республикасында халық санының өсуіне әсер етуші...

Республиканың Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстарында Астана және Алматы қалаларында халық саны көші-қон және табиғи өсім есебінен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында - тек табиғи өсім...

Мемлекет және дін: арақатынас мәселелері | Статья в журнале...

Алматы, 2013. – 135б. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы ҚР Заңы, 1992 ж.

Айталы А. Ұлт пен дін – тәуелсіздіктің арқауы (мақалалар мен сұхбаттар). Астана, 2012ж.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, немес, ислам, III, оса, пена.

Алматы, "Алматы кітап" баспасы, 2005. оса, бола, мена.

Алматы қаласында көше, Павлодар мен Жамбыл облысында екі мектеп Е. Бекмаханов атымен аталады. Қорыта айтқанда, Е. Бекмахановтың ғылым жолындағы тұлғалық қасиеті, шығармашылығы, ұлт тарихын зерттеудегі шыншылдығы мен тарихтың ақиқатын батылдықпен...

Қазақ ұлттық киімінің рәміздік қызметтерінің тарихи қалыптасуы

Қазақ ұлттық киіміндегі рәміздік мәндердің алуан түрлі болып келетіндігі айқын. Сондықтан осы алуан түрлі болып келетін мәндерді бірізді ретке келтіру қажеттілігі туындайды, ол үшін костюмнің рәміздік мән беруші қызметтерінің типтеріне жіктеме жасау керек. Киімнің рәміздік мәндеріне...

Біздің рухани байлығымыз | Статья в журнале «Молодой ученый»

Аударған Ж. Қонаева. — Алматы: Атамұра, 2013.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Лингводидактические основы обучения студентов...

Қазіргі таңдағы жеңіл өнеркәсіптердің жағдайы мен оның мәселелері

Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады. Былғары, аяқ киім және тері өңдеу

Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр қуатына жақын орналасады.

Осы жуырда Астана қаласында дөңгелек үстелде өткен мәжілісте жеңіл өнеркәсіпті дамыту туралы...

Бас бостандығынан айырылған азаматтарды қайта тәрбиелеу...

- Алматы, 2012. оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Қорлар есебінің теориялық мағынасының алғы шарттары

Алматы, 2012, 428 с. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары. http

Основные термины (генерируются автоматически): немес, таз, IAS, мена.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де...

Задать вопрос