Бас бостандығынан айырылған азаматтарды қайта тәрбиелеу мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №50 (236) декабрь 2018 г.

Дата публикации: 21.12.2018

Статья просмотрена: 689 раз

Библиографическое описание:

Шанжарханова, А. Н. Бас бостандығынан айырылған азаматтарды қайта тәрбиелеу мәселелері / А. Н. Шанжарханова, А. Ж. Аяганова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 50.1 (236.1). — С. 19-21. — URL: https://moluch.ru/archive/236/54998/ (дата обращения: 25.04.2024).



Қоғамдағы демократия үдерісінде түзету мекемелеріндегі бас бостандығынан айырылған азаматтардың құқығын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қайта тәрбиелеу жүйесін жаңа сипатта ұйымдастыруды талап етеді. Түзету мекемелеріндегі тәрбие жұмысында әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық әдіспен бас бостандығынан айырылған азаматтарға ықпал етуге және әлеуметтік мәселелерін шешуде көмек көрсетуге басымдылық беріледі. Осы орайда, бас бостандығынан айырылған азаматтарды қайта тәрбиелеу жүйелі, әрі кешенді жұмыстарды талап етеді.

Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлығындағы ауытқуларды зерттеу маңызды және күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл бір жағынан алдын алу әрекетін негіздейді, екінші жағынан - түзету мен қайта тәрбиелеуді (оның салдарын жеңу) талап етеді.

Қайта тәрбиелеу - адам тәрбиесінің өткен тәжірибесін түзетуге бағытталған, олардың бойында тұлға кемшіліктерін өтемдейтін мінез-құлық сипаттары мен ерекшеліктерін тәрбиелеу, әдеттерін, мінез-құлық және қарым-қатынас нормалары мен ережелерін өзгерту болып табылады [1]. Қайта тәрбиелеудің негізгі функциялары төмендегідей ажыратылады:

- қалпына келтіру - тұлға өзін жағымды көрсете алатын жағдай құруға бағытталады;

- ынталандырушы - жағымсыз қасиеттерді тежеу және позитивті әрекетті белсендіру;

- түзетуші - тұлға әлеуетінің ашылуына және өзін-өзі тәрбиелеу жұмысына қатысуына көмектеседі. Түзету нәтижеге жету салдарын анықтайтын және оны сипаттайтын ерекше үдерісті ұсынады.

Бүгінде бас бостандығынан айырылған азаматтарды қайта тәрбиелеу мен түзетудің әртүрлі тәсілдері бар. Сондықтан педагогикалық үдеріс және педагогикалық іс-әрекет тәсілдерін ажырата білу маңызды.

Педагогикалық үдеріс тәсілі - қайта тәрбиелеудің құрамдас бөлігі ретінде алға шығады. Оның функциялануы бас бостандығынан айырылған азаматтарды түзету мүддесін қамтамасыз етеді. Бұл еңбек, күн тәртібі, мәдени және демалыс, қоғамдық жұмыс және т.б. екені белгілі.

Педагогикалық іс-әрекет тәсілі - бұл тәрбиелеу үдерісінде тәрбиеленушіге ықпал ету үшін қолданады - сөз, үлгі, кітаптар, техникалық құралдар және т.б.

Педагогикалық үдерістің негізгі тәсілдерінің бірнешеуіне тоқталып көрелік. Ең бірінші еңбек әрекетіне тоқталамыз. Еңбек әрекетін төмендегідей сипатта тұжырымдауға болады:

- еңбек қоғамдық пайдалы сипатты қамтамасыз етуі тиіс;

- еңбекті индивидтің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру тәсілі ретінде пайдалану;

- еңбек үдерісінде физикалық және адамгершілік дамуды қамтамасыз ету;

- еңбек үдерісінде бәсекеге қабілеттілікке, ауызбіршілікке мүмкіндік беру;

- еңбекті ұйымдастыру мен мәдениеттің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Келесі тәсіл күн тәртібі болып табылады. Күн тәртібі мынадай тәрбиелейтін мағынаға ие: ескі ыңғайлануларды бұзу, қызығушылықтарды қайта бағдарлау; мінез-құлық пен қарым-қатынастың ескі стереотиптерін бұзу; тұлғаның кемшіліктерін өтемдейтін адамгершілік мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру.

Педагогикалық үдеріс тәсілдерінің бірі мәдени және демалыс әрекеті болып табылады. Мұнда өзін-өзі басқару элементі жүзеге асырылады, көркем-өнерпаз үйірмесін ұйымдастыру, кітап оқу және т.б. Бұл тәсіл негізінде бас бостандығынан айырылған азаматтардың шығармашылық қабілеттері, олардың өзіндік санасы, танымдық белсенділігі дамиды.

Негізінен бас бостандығынан айырылған азаматтарды қайта тәрбиелеу жүйесін пенитенциарлы бағыт қарастырады. Пенитенциарлы бағыттағы зерттеулерде түзету-еңбек мекемесіне алғаш түскен адам психологиялық жайсыздықты сезінетіні көрсетілген [2, 3].

Бас бостандығынан айырылған азаматтарды қайта тәрбиелеу негізінде тәрбиенің жалпы қағидаларының әдіснамалық базасы жатыр. Мұнда қоғамда тұлғаның қалыптасуына тән объективті байланыстар мен қатынастар бейнеленеді. Дегенмен бұл толық сәйкестікті білдірмейді.

Бас бостандығынан айырылған азаматтарды қайта тәрбиелеуде қылмыстық жазаны өтеу жағдайын ескере отырып, тәрбиенің кейбір қағидалары толығымен жүзеге асырылмайтындығын айта кету қажет. Ал кейбірі белгілі бір өзгертулерге ұшырайды. Пенитенциарлы педагогикада қайта тәрбиелеу қағидаларында қызметкерлердің, тәрбиешінің педагогикалық іс-әрекетін, үдерістің мазмұны мен бағыттылығын анықтайтын әдіснамалық тұжырымдар, яғни жетекші идея түсініледі. Айта кететін жайт, жоғарыдағы мәселе қайта тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыратын қызметкерлердің іс-әрекетіне жетекшілік жасайды.

Бас бостандығынан айырылған азаматтарды қайта тәрбиелеуде мақсат дәл және нақты анықталуы тиіс. Кез-келген іс-әрекеттің мақсатында субъективтілік сипат орын алады. Бас бостандығынан айырылған азаматтарды қайта тәрбиелеу мақсаты ең алдымен, оларды түзетуге бағытталады. Мұнда адамға, қоғамға, еңбекке, ережелер мен дәстүрлерге жағымды қатынас және заңға бағынушылық мінез-құлық түсініледі. Түзету мекемелеріндегі тәрбие үдерісі адамгершілік категория ретінде алға шығады. Себебі, қоғамдағы жалпы қабылдаған моральдік нормалар позициясында бас бостандығынан айырылған азаматтардың әрекеттері мен мінез-құлқының бағыттарын анықтайды. Әрине, бұл мақсатты бас бостандығынан айырылған азаматтардың қылмысты қайталауының алдын алу ретінде қарастырған жөн. Мақсаттарды айқындауда бас бостандығынан айырыған азаматтардың алдағы өмірлік жоспарларының түзету мекемесінде анықталуы маңызды болып табылады. Бұл әрине бұрынғы қылмыскерді қоғамның саналы азаматы ретінде қайта тәрбиелеу міндетін алға тартады. Мақсаттың көрінісі бостандыққа шыққаннан кейін жүзеге асырылады.

Қайта тәрбиелеу жұмыстарында болашаққа бағдарларын дайындау маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Жазасын өтеу барысында бас бостандығынан айырылған азаматтың сезімдерін, ерік-жігерін, мінез бітістерін, әдеттерін, қызығушылықтары мен ыңғайлануларын, тұтастай алғанда тұлғаның бағыттылығын қайта құрып, алдағы өмірінің бейнесін жасауға көмектесу қажет.

Жалпы алғанда қайта тәрбиелеу үдерісіндегі тәрбиелік ықпал ету әдістері мен формаларының жүйесі, өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, кез-келген тәрбие жүйесінде қолданылатын сипатқа сәйкес келеді. Ең басты мәселе қоғамға пайдалы азамат қайтару болып табылады. Бұл аталмыш қағиданың негізгі идеясы екені сөзсіз.

Бас бостандығынан айырылған азаматтарды қайта тәрбиелеу үдерісін елдің тыныс-тіршілігімен байланыстыру маңызды қағидалардың бірі болып табылады. Себебі, оларды әлеуметтік пайдалы байланыстармен және қатынастармен хабардар ету, қоғамдық-саяси көзқарастар шеңберін кеңейту, жағымды әлеуметтік ыңғайлануларын қалыптастыру, қоғамдық іс-шараларға тарту әлеуметтік оқшауланудың алдын алады. Тәжірибе көрсеткендей, бас бостандығынан айырылған азаматтардың кейбірінде өзіндік психологиялық-педагогикалық «жатып ішерлік» қасиет қалыптасады. Олар бас бостандығынан айырылу жағдайында жеке міндеттемелерін мекеме қызметкерлеріне, туған-туыстарына, қоғамға артып қояды да, өздері өзгелердің күшін тұтынушы ретінде сезінеді. Сондықтан қайта тәрбиелеуде бас бостандығынан айырылған азаматтың белсенділікке бағыттылығы құнды тұстардың бірі болып табылады. Қоғам оған «қызмет» жасамай, өзі де туысқандарына, отбасына тұтастай қоғамға шынайы пайда келтіруге деген ықыласын дамыту маңызды.

Бас бостандығынан айырылған азаматтардың жеке басын құрметтеу, олармен адамгершілік сипатта қарым-қатынас жасау қайта тәрбиелеудің маңызды компоненттерінің бірі болып табылады.

Түзету мекемелеріндегі қызметкерлердің педагогикалық іс-әрекетін анықтайтын қағидаларға тоқталып көреміз. Қайта тәрбиелеу мәселесінде бас бостандығынан айырылған азаматтарды белсенді қоғамдық пайдалы еңбекке тарту үдерісін тұлғаны іс-әрекетке бағыттау ретінде анықтауға болады. Біріншіден, қылмыстық жазасын өтеу кезінде тұлғаны түзету, өзгерту мүмкіндігі ретінде алға шығады. Екіншіден, өзгертудің қажетті жағдайы тұлғаны басып-жаншу емес, қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділігін арттыру, рухани–адамгершілік аймағын дамыту, интеллектік, білім және кәсіби деңгейін жоғарылату.

Қайта тәрбиелеуді тәрбиелеушілердің бас бостандығынан айырылған азаматтарға біржақты ықпал етуімен түйістіруге болмайды. Мұның құрамдас бөлігіне жазасын өтеушілердің іс-әрекеті, рухани күші кіреді. Аталмыш жағдайда бас бостандығынан айырылған азаматтардың қатынастар жүйесін, өмірлік бағыттылығын өзгертуге болады. Ескі сенімдер мен жаңа құндылықтар, мінез-құлықтың ескі әдеттері мен жаңа талаптары арасындағы ішкі қарама-қайшылықтарды шешуге болады [4]. Бұл қағиданың іске асуы бас бостандығынан айырылған азаматтардың танымдық іс-әрекетке, мәдени көпшілік және спорттық шараларға, тәрбиелік және көркем өнерпаздық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді. Бас бостандығынан айырылған азаматтардың белсенді бағыттылығы позитивті іс-әрекеттің кез-келген түрінде маңызды болып табылады [5].

Келесі қағида бас бостандығынан айырылған азаматтарға қойылатын талаптың адамгершілік және әділ қатынаспен үйлесуі. Мұнда қайта тәрбиелеудің диалектикалық үдерісі суреттеледі. Адамгершілік қасиеттер тұлғаның рухани құндылықтарының негізі болып табылады. Кез-келген адам жазатайым немесе белгілі бір өмірлік жағдайларға байланысты қателіктер жасап жатады. Сондықтан қылмыстық әрекет-құлыққа итермелеген жағдайларды назарға ала отырып, олармен тәрбиелік жұмыстарды жүйелі жүргізгенде ғана адамгершілік сипат көрініс алады. Бас бостандығынан айырылған азаматтарға әділ қатынас танытып, оның түзелуіне барынша мүмкіндік жасау қажет. Дегенмен, адамгершілік адамдарға қойылатын талаптардан тыс қарастырылатын болса, жігерсіздік, тәртіпсіздік қасиет қалыптасады. Бұл жағдай бір жағынан сыртқы ортаның зиянды ықпалына тез түсетін болса, екінші жағынан қалыптан тыс қажеттіліктері мен ниеттерін жүгендей алмайды. Бас бостандығынан айырылған азаматтарға адамгершілік қатынас таныту - бұл олардың позитивті бағытта өзгеретініне сенім білдіру мүмкіндігі, ақылды және әділ талап қоя білуге үйрету, өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттау.

Қорытындыла келе, бас бостандығынан айырылған азаматтарды қайта тәрбиелеу мәселесі өзінің өзектілігін жоғалтпайтын, қазіргі саясаттың және өмір салтының сипатына негізделіп жүзеге асырылатын күрделі үдеріс болып тбылады.

Әдебиет:

  1. Пишелко А.В., Сочивко Д.В. Реадаптация и ресоциализация. - М.: ПЕРСЭ, 2003. - С. 208.
  2. Тюгаева Н.А. Образовательные программы исправления осужденных. - Рязань, 1997. - С. 107.
  3. Багреева Е.Г. Культура наказания или Социокультурные аспекты. - РИОР, 2014. -С. 224.
  4. Поздняков В.М. Отечественная пенитенциарная психология: История и современность. – М., 2000. - С. 269.
  5. Пенитенциарная психология и педагогика в Поволжье: Сборник передового опыта и методических разработок. Вып.1. - Саратов: УИН Минюста России по Саратовской области, 2004. - С. 242.
Основные термины (генерируются автоматически): бас, мена.


Похожие статьи

Основные термины (генерируются автоматически): бас, мена, Орт...

2 бас. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен...

Ұлттық менталитеттегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың... – 127 б. 4. Қазақтардағы шамандықтың қалдығы...

Музыкальность Лермонтова | Статья в журнале «Молодой ученый»

Канн Е., М. Ю. Л. и музыка, М., 1939; Канн Е., Новиков А., Музыка в жизни и творчестве Л., «СМ», 1939, № 9–10, с. 85–94; Равинова-Бас Л., Музыку он любил с детства..., “Музыкальная жизнь”...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын» | Статья в журнале...

Биыл еліміздің тәуелсіздігіне жиырма төрт жыл болды. Осы уақытта күрделі жұмыстар жасалып жатыр:дүние жүзінің жүзден астам елі Қазақстанды тәуелсіз ел деп таныды.Қырықтан астам...

Моделирование и расчет частотных характеристик барабанов...

Массив сплайновых коэффициентов. Интерполяционная функция. , Аналогичные математические описания проводились для бас барабана, малого среднего и напольного тома.

Ян Ладислав Дюссек и лондонская фортепианная школа: аспекты...

Все реже встречаются архаичные приемы изложения вроде альбертиевых басов, «мурок»[2] или аккордов в тесном расположении. Их сменяют полновесные аккордовые дублирования в...

Хариджиттік ағымының дүниеге келуі | Статья в журнале...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, бас...

Тарихта Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс — шын мәнісінде

Патшаменен қас болып, Қырна жігітке бас болып, Інісі Шабай қасында, Досан шықты алдынан.

Мемлекет және дін: арақатынас мәселелері | Статья в журнале...

БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III)

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Бас редактор Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999.

- Алматы, 2012. оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Ұлттық менталитеттегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың...

2 бас. – Алматы: Жазушы, 1985.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, ас, оса, пена, сан. Похожие статьи.

Похожие статьи

Основные термины (генерируются автоматически): бас, мена, Орт...

2 бас. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен...

Ұлттық менталитеттегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың... – 127 б. 4. Қазақтардағы шамандықтың қалдығы...

Музыкальность Лермонтова | Статья в журнале «Молодой ученый»

Канн Е., М. Ю. Л. и музыка, М., 1939; Канн Е., Новиков А., Музыка в жизни и творчестве Л., «СМ», 1939, № 9–10, с. 85–94; Равинова-Бас Л., Музыку он любил с детства..., “Музыкальная жизнь”...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын» | Статья в журнале...

Биыл еліміздің тәуелсіздігіне жиырма төрт жыл болды. Осы уақытта күрделі жұмыстар жасалып жатыр:дүние жүзінің жүзден астам елі Қазақстанды тәуелсіз ел деп таныды.Қырықтан астам...

Моделирование и расчет частотных характеристик барабанов...

Массив сплайновых коэффициентов. Интерполяционная функция. , Аналогичные математические описания проводились для бас барабана, малого среднего и напольного тома.

Ян Ладислав Дюссек и лондонская фортепианная школа: аспекты...

Все реже встречаются архаичные приемы изложения вроде альбертиевых басов, «мурок»[2] или аккордов в тесном расположении. Их сменяют полновесные аккордовые дублирования в...

Хариджиттік ағымының дүниеге келуі | Статья в журнале...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, бас...

Тарихта Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс — шын мәнісінде

Патшаменен қас болып, Қырна жігітке бас болып, Інісі Шабай қасында, Досан шықты алдынан.

Мемлекет және дін: арақатынас мәселелері | Статья в журнале...

БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III)

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Бас редактор Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999.

- Алматы, 2012. оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Ұлттық менталитеттегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың...

2 бас. – Алматы: Жазушы, 1985.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, ас, оса, пена, сан. Похожие статьи.

Задать вопрос